Геграфиялық есептер Ұбт-ға дайындалуға арналған кітапша


Географиялық ендік пен бойлыққа салыстырмалы сипаттама



бет5/22
Дата15.11.2023
өлшемі0,92 Mb.
#122784
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Географиялық ендік пен бойлыққа салыстырмалы сипаттама

Сипаттама беру

Ендік

Бойлық

Бағыты

Батыс-шығыс

Солтүстік-оңтүстік

O0- дік сызық

Экватор

Гринвич (Лондон)

Ұзындығы, KM

40 000-нан 0-ге дейін

20 000 км

1° ұзындығы, KM

111 -ден 0- ге дейін

111 км

Глобустағы пішіні

Шеңбер

Жартылай шеңбер


ҰБТ-да бойлықтар мен ендіктер арқылы жер бетіндегі арақашықтықты
табуға байланысты есептер жиі кездеседі.
Мысалы, Экватор бойында 15° б.б пен 110 ш.б. аралығының жер
бетіндегі арақашықтығын табу керек.
Шешу жолы:

  1. ші қадам: Экватордың ұзындығы 40 000 км, ол бойлықтар арқылы 360°
    -қа бөлінеді, сол кезде әрбір градус бойлық доғасына 111 км-ден келеді.

  2. ші қадам: 15° б.б пен 110 ш.б. нүктелерінің градус бойынша
    арақашықтығы 26 градусты құрайды, себебі, екі нүкте нөлдік меридианының екі
    жағында (біреуі 15°батыс бойлықта, екіншісі 110 шығыс бойлықта) орналасқан.

  3. ші қадам: 26 градусты 111 км-ге көбейтеміз, сол кезде екі нүктенің жер
    бетіндегі арақашықтығы шығады.

Жауабы: 2886 км


2-мысал: 80c.e. (солтүстік ендік) пен 190c.e. нүктелері аралығының жер
бетіндегі арақашықтығын тап.
Шешу жолы:

  1. қадам: Берілген екі нүктенің градус бойынша айырмашылығын тауып
    алу керек. Екі нүкте де солтүстік ендікте орналасқандықтан, 19 градустан 8
    градусты азайтамыз, сол кезде екі нүктенің градус бойынша арақашықтығы
    шығады, ол 11 градусқа тең.

  2. ші қадам: Енді осы градустық арақашықтықты жер бетіндегі ара
    қашықтыққа айналдыру үшін, 11 градусты 111 км-ге көбейтеміз. Осылайша, екі
    нүктенің жер бетіндегі ара қашықтығы белгілі болады.

Жауабы: 1221 км




  1. Ұзындығы 900 км болатын газ құбырының картада бейнеленген
    ұзындығы 45 см. Картаның масштабын тап.


  1. 1:2 000

  2. 1:20 000

  3. 1:200 000

  4. 1:2 000 000

  5. 1:20 000 000


  1. Экватор бойында 12° б.б пен 4° ш.б. аралығының жер бетіндегі


арақашықтығын тап.

  1. 888 км

  2. 1221 км

  3. 999 км

Д)1776 км
Е)2109 км


  1. Екі ауылдың карта бетіндегі арақашықтығы 5 см, карта масштабы
    1:500 000. Eгep жаяу жүргіншінің жылдамдығы 5 км/сағ болса, бір ауылдан
    екінші ауылға қанша уақытта жетеді?



  1. 3 сағат

  2. 4 сағат

  3. 2 сағат

  4. 5 сағат

  5. 1 сағат





4) Нөлдік меридиан бойында 32° с.е. пен 14° с.е. аралығының жер


бетіндегі арақашықтығы:

  1. 5106 км

  2. 1998 км

  3. 3552 км

Д)2265 км
Е)1221 км






§2. Атмосфера қабаты бойынша есептер
§2.1. Атмосфералық қысымды анықтау


Ауаның жер бетіне түсірген салмағы атмосфералық қысым деп аталады.
Aya жер бетінің әр шаршы см-не 1 кг 33 г салмақ түсіреді.
Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал - барометр деп аталады.
Қалыпты атмосфералық қысым 760 мм сынап бағанасына (1013
миллибар) тең.

Әрбір 10 м-ге көтерілген сайын қысым 1 мм-ге төмендейді.
Мысал: Теңіз деңгейінде қалыпты атмосфералық қысым 760 мм сынап
бағанасына тең болса, абсолюттік биіктігі 1200 м болатын тау шыңындағы
қысымды тап.
Шешу жолы:

  1. ші қадам: əp 10 м биіктеген сайын, 1 мм-ге қысым төмендесе, 1200 м
    биікке көтерілгенде, қысым 120 мм-ге төмендейді.

  2. ші қадам: 760 мм сынап бағанасынан 120 мм-ді азайтамыз. Сол кезде,
    тау шыңындағы атмосфералық қысым белгілі болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет