3,5 м/с болса, өзеннің су шығынын тап.
А) 2695 м3c
3135 м3c
2125 м3c
Д) 4380 м3c
Е) 5740 м3c
Өзеннің көлденең қимасының ауданы 562 м2 , ал су шығыны 1450
м3/с болса, өзен ағысының жылдамдығын тап.
3,5 м/с
3,1 м/с
2,6 м/с
Д) 2,2 м/с
Е) 3,9 м/с
«Р» өзенінің жалпы ұзындығы 3980 км, ал түсу биіктігі 260 м. «Р»
өзенінің еңістік деңгейін анықта.
0,08 м/км
0,06 м/км
0,04 м/км
Д) 0,2 м/км
Е) 0,1 м/км
«Д» мемлекетінің жер ауданы 1 560 000 км2, ал мемлекет
аумағындағы өзендердің жалпы ұзындығы 36 000 км-ді құрайды. «Д»
мемлекеті аумағындағы өзен торының жиілігін анықта.
0,06 км/км2
0,1 км/км2
0,02 км/км2
Д) 0,09 км/км2
Е) 0,16 км/км2
§4. Демографиялық көрсеткіштерді есептеу
Демография - халықтың ұдайы өсу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Бұл
терминді ғылымға 1855 жылы француз ғалымы А.Гийяр енгізген.
Кез-келген мемлекет үшін демографиялық көрсеткіштерді анықтап отыру
өте маңызды. Демографиялық көрсеткіштерге мыналар жатады: халық саны, туу
және өлім көрсеткіштері, табиғи және механикалык өсім коэффициенттері,
халықтың ұлттық және діни құрамы, халықтың жастық-жыныстық құрамы
т.б.
Халықтың орташа тығыздығын анықтау
Халықтың орташа тығыздығы дегеніміз - халық санының, сол халық
өмір сүретін жер ауданына қатынасы (адам/км2).
Мысалы, 2020 жылдың 1 тамызына сйкес мәлімет бойынша, Қазақстан
Республикасының халық саны 18 767 000 адам. Ал, Қазақстан Республикасының
жер ауданы - 2 724 900 км2.
Халықтың орташа тығыздығы =6,88 немесе жуықтап
алғанда, ≈7 адам/км2
Яғни, Қазақстан Республикасының әрбір шаршы шақырым жеріне шамамен
7 адамнан келеді.
§4.1. Халықтың ұлттық құрамын анықтау
Ел халқының ұлттық құрамы белгілі бір ұлт өкілдерінің саны және
пайыздық үлесі түрінде беріледі. Осы ақпараттар арқылы мемлекеттің бірұлтты
немесе көпұлтты екендігі туралы мәліметтер алуға болады.
Егер, мемлекет аумағындағы бір ұлттың пайыздық үлесі 90%-дан асса,
онда ол елді бірұлтты ел деп атайды. Мысалы, Жапония мемлекетіндегі
жапондардың үлесі 99%-ға жуық, сол себепті, Жапония бірұлтты мемлекет
болып есептеледі.
Егер, мемлекет аумағындағы ешқандай ұлттың пайыздық үлесі 90%-ға
жетпесе, онда ол елді көпұлтты ел деп атайды. Мысалы, Қазақстан
аумағындағы қазақ ұлтының пайыздық үлесі 68,5%-ды құрайды (2020 ж), яғни
90%-ға жетпейді. Сол себепті, Қазақстан көпұлтты мемлекет болып
есептеледі.
мысал: 2010 жылғы мәлімет бойынша, Ресей Федерациясының халық
саны 137,2 млн адам. Оның 80,9%-ын орыс ұлтының өкілдері құрайды. Ресей
Федерациясындағы орыс ұлтының санын тап.
Illeшy жолы:
Ресей Федерациясының жалпы халық санын 100%-ға теңестіріп, 80,9%-ды
Х-қа теңестіріп, пропорция құрастырамыз:
137,2 млн - 100 %
137.2 ×80.9
X - 80,9 % X = ≈ 111 млн;
100
|
Достарыңызбен бөлісу: |