Геграфиялық есептер Ұбт-ға дайындалуға арналған кітапша


Жауабы: Ресей Федерациясындағы орыс ұлтының саны 111 млн



бет12/22
Дата15.11.2023
өлшемі0,92 Mb.
#122784
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22
Жауабы: Ресей Федерациясындағы орыс ұлтының саны 111 млн адам.

  1. мысал: 2009 жылғы млімет бойынша Қазақстанның халық саны 16,4 млн
    адам, оның 203,3 мыңын татар ұлтының өкілдері құрайды. Татар ұлтының
    Қазақстандағы пайыздық үлесін тап.


Шешу жолы:
Қазақстанның жалпы халық саны 16,4 млн-ды 100%-ға теңестіріп, 203,3
мыңды Х-қа теңестіріп, пропорция құрастырамыз:


16,4 млн -100%

203,3 мың - X

203 300 ×100
X = ≈ 1,23 %;
16 400 000


Жауабы: Қазақстандағы татар ұлтының пайыздық үлесі 1,23%-ға тең.


§4.2. Халықтың табиғи өсімін және табиғи өсу коэффициентін
анықтау

Халықтың табиғи өсімі дегеніміз - туылған бала саны мен қайтыс болған
адамдар санының айырмасы.
Кез-келген мемлекет халқының табиғи өсім деңгейінің айлық, жылдық
көрсеткіштерін анықтап отырады. Егер, мемлекет аумағында бір жыл ішінде
қайтыс болған адам саны туылған бала санынан көп болса, демек, мемлекеттің
табиғи өсімі кері көрсеткішке ие. Мұндай жағдайды реттеу үшін мемлекет
аумағында демографиялық саясат жүргізіледі. Мысалы, табиғи өсімді арттыру
үшін отбасыларға бала санына қарай әлеуметтік көмектер қарастырады, жас




отбасыларға түрлі жеңілдіктер жасайды. Осы секілді іс-шаралар арқылы
халықты туу көрсеткішін арттыруға ынталандырады.
Ал, егер мемлекет аумағында табиғи өсімнің өте жоғары болуынан, халық
саны шектен тыс көбейіп кетсе, мемлекет аумағында табиғи өсімді азайтуға
бағытталған демографиялық саясат жүргізіледі. Бүл бағыттағы
демографиялық саясат, халық саны өте көп мемлекеттерге тән (Қытай,
Үндістан).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет