Гендер дрейфі теориясын ХХ ғасырдың 40-шы жылдары американдық генетик ғалым С.Райт құрастырған болатын. С.Райт тәжірибе жүзінде шағын популяцияларда мутант аллельдің жиілілігі тез және кездейсоқ өзгеретіндігін дәлелдеді. Оның жасаған тәжірибесі өте қарапайым болды: жем салынған пробиркаларға ол дрозофил шыбындарының екі аналығы мен екі аталығын салды, олар гендері А гені бойынша гетерозиготалы болды (олардың генотиптерін Аа деп белгілеуге болады). Осындай жасанды популяцияда Stud.kz қалыпты (А) және мутациялық (а) аллельдердің концентрациясы 50% құрады. Бірнеше ұрпақтан кейін бір популяцияларда барлық дарақтар мутациялық аллель (а) бойынша гомозиготалы болып шықты, басқа популяцияларда ол мүлдем жойылып кетті, тағы біреулерінде гендердің қалыптысы да мутациялық гені де сақталып қалды.
Мутациялық дарақтардың өміршеңдігі төмендегенмен, табиғи сұрыптауға қарамастан, кейбір популяцияларда мутациялық аллель толықтай қалыпты аллельді ығыстырып шығарды. Бұл кездейсоқ үдеріс гендер дрейфінің нәтижесі болып табылады. Гендер дрейфінің баска да мысалдары бар. Аллельдері қатаң белгілі таралатын,ірі көбейетін популяцияны қарастырайық. Осы популяцияның бір бөлігі, белгілі бір себептерге байланысты бөлініп, өзінің қауымдастығын құрады деп елестетейік. Субпопуляцияда гендердің таралуы, үлкен топқа тән емес болуы мүмкін. Дегенмен, осы кезден бастап субпопуляцияда дал осындай тән емес таралу байқалатын болады. Бұл құбылыс Майр ұсынған «аллельді гендер жиілігінің «саден сок озгеру әсері» деп аталады.