Генетика пәні, міндеттері және әдістері. Тұқым қуалау, анықтамасы. Г. Мендель ашқан тұқым қуалау заңдылықтары, оның цитологиялық негіздері


Т. Морган ашқан тұқым қуалау заңдылықтары. Тіркес тұқым қуалау және оның цитологиялық негізі



бет3/14
Дата04.09.2022
өлшемі133,88 Kb.
#38426
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Генетика пәні

Т. Морган ашқан тұқым қуалау заңдылықтары. Тіркес тұқым қуалау және оның цитологиялық негізі.

Бір хромосомада орналасқан гендердің тұқым қуалау заңдылықтарын Т.Морган және оның мектебі дрозофилада зерттеді. Олар белгілердің 2 жұбын зерттеді: денелерінің түсі мен қанаттарының ұзындығын. Сұр денелі қалыпты қанатты гомозиготалы дарларды қара денелі қысқа қанаттылармен шағылыстырғанда бірінші ұрпақ гибридтері біркелкі доминантты белгілермен – сұр денелі қалыпты қанатты болды (Сызба – 1, Сурет-1а ).


Белгі Ген Р: ♀ААВВ х ♂аавв
Сұр денелі А Г: АВ ав
Қара денелі а F1: АаВв
Қалыпты қанатты В
Қысқа қанатты в 100% - сұр денелі, қалынты қанатты
Сурет – 1. Бірінші ұрпақтың біркелкілігі. Сызба – 1а. Бірінші ұрпақтың біркелкілігі.


Сурет-2а. Талдаушы шағылыстыру№1.

F1: ♂АаВв х ♀ аавв


Г: АВ ав ав
F2 АаВв аавв
50% 50%


Сызба – 2. Талдаушы шағылыстыру №1.
Бірінші ұрпақтың белгісіз генотипін анықтау үшін талдаушы шағылыстыру жүргізілді. Ол үшін бірінші ұрпақтағы еркек гибридті – қара денелі қысқа қанатты ұрғашымен шағылыстырғанда бастапқы ата-аналарына ұқсайтын 2 түрлі сан жағынан теңдей даралар пайда болды. Шағылыстырлулардан алынған мәліметтерді тәуелсіз тұқым қуалаумен түсіндіруге болмайды. Екі шағылыстырудан алынған нәтижелерлі бірге қарастырғанда,талданған белгілердің дамуы түрлі гендермен бақыланатынын және белгілердің тұқым уалауы гендердің бір хромосомада орналасатынын дәлелдейді. Бұл жағдайда тіркесу толық болады (Сызба – 2,Сурет– 2).
Гендердің ара қашықтығы кроссоверлік гаметалар процентіне немесе рекомбинанттар процентіне сәйкес келетін шартты бірліктермен — морганидтермен өлшенеді. Мысалы, дененің сұр түсі мен қанаттың ұзындығын ( сондай ақ, дененің қара түсі мен шала қанатты) анықтайтын дрозофиланың гендерінің қашықтығы 17%, немесе 17 морганидаларға тең (Сызба– 3,Сурет– 3а).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет