География пәні бойынша олимпиадада кездесетін сапалық тапсырмаларды талдау



Pdf көрінісі
бет13/18
Дата07.02.2023
өлшемі0,66 Mb.
#65824
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
ГЕОГРАФИЯ ОЛИМП ЖАУАППЕН (2)

Тапсырма: – 13 ұпай 
 
Суретте үш құрлықтың кең жазықтықты алып жатқан ӛсімдік түрлері сәйкес 
ареалдардың контуры бейнеленген. Ӛсімдік түрін, ареалдардың орналасқан 
жерін және әрбір ареалда кӛп кездесетін ландшафттардың (табиғи кешендер) 
атауын анықтаңыз. Ареал пішіндерінің ерекшеліктері неге байланысты 
екендігін түсіндіріңіз және оның шаруашылықта қолдануына қысқаша 
сипаттама беріңіздер. 


18 
Ӛсімдік түрін анықтағаны үшін – 1ұпай 
Ареалдардың орнын анықтағаны үшін – 1 ұпайдан – 3 ұпайға дейін 
Әрбір ареалда жиі кездесетін ландшафттардың (табиғи кешен) атауын 
анықтағаны үшін - 1 ұпайдан – 3 ұпайға дейін. 
Түсініктемеге және ареалдарға сипаттама бергені үшін –2 ұпайдан – 6 ұпайға 
дейін. 
Тапсырма: – 12 ұпай 
 
Тӛмендегі кӛрсетілген сипаттамаларга сәйкес Қазақстан Республикасының 
қандай кен орны туралы айтылып жатқанын анықтаңыздар: 
1) 
Бұл кен орны үш пайдалы қазба кендерінің қабатталынып 
меридианальды жазық бағытта 45-60 градус құламамен орналасқан,
ұзындығы 1550-2000 м және қалыңдығы 100-180 м. Зерттелген кен 
шоғырларының тӛмен құлдилау тереңдігі 500-1000 м. Мұндағы кен 
орнынан барланған пайдалы қазба қоры бастапқыда 709 млн.т. құрады, 
руданың орташы құрамы 45,6 %. Пайдалы қазба құрамында кобальт 
(сульфидтарда), никель, мыс және т.б. элементтер кӛп мӛлшерде 
кездеседі. Қостанай қаласынан оңтүстік-шығысқа дейін 45 км 
қашықтықта орналасқан. Кен орны 1948 жылы ашылған, 1949-1955 жж. 
аралығында барлау жұмыстары жүргізілді.
2) 
Сипатталып отырған кен орын облыс орталығы Кӛкшетау қаласынан 
солтүстік-батысқа қарай 25 км. қашықтықта жыл бойы ӛту қабілеті бар 
автокӛлік торабымен тоғысқан. Кен орны 1968 ж. ашылған, ол 
солтүстік және батыс Доңғышлақ торабының тоғысқан жерінде 
орналасқан. Пайдалы қазба алаңының құрылуына метаморфтық, 
кембрийге дейінгі және палезой эрасының интрузивті кешендері негіз 
болды. Ӛндірістік мақсатта қолданылатын пайдалы қазбаның таралу 
тереңдігі 1300-1550 м, кен орнының эрозиялық жарылым тереңдігі 420-
450 м. Кен орнының пайдалы қазбаларына арсенопирит, пирит, 
пирротин, марказит, халькопирит, сфалерит, галенит, күңгірт пайдалы 
қазба (теннантит), висмутин, саф висмут, леллингит, молибденит, 
кубанит, борнит, антимонит, реликті минералдар, кварц, карбонаты
флюорит, барит жатады.
3) 
Бұл кен орын Қазақтың ұсақ шоқысы аумағында орналасқан. Аумағы 
3,6 мың. км

құрайды. Барланған кен қоры - 7,84 млрд. т, есептелген 
тереңдігі 600 м, жекеленген аудандарда 800 метрден 900 метрге дейін. 
Кен ӛндіру 1854 жылдан басталды, А.А.Гапеев жетекшілігінде 1920 
жылы кең кӛлемді геологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілсе, ал кен 
орны алабын жоспарлы игеру 1930 жылдан басталды. Геоқұрылымдық 
негізде 30-60 км ендікте құрамына аттас енді синклинорий 120 км 
дейін жетеді. Оңтүстігі мен батысында опырылмалы (жарылмалы) 
зоналармен шектелген. 


19 
4) 
Бұл кен орнының атауы 19 ғасырдағы қазақ ақынының құрметіне 
қойылған, соңғы 40 жылдағы ең ірі дүние жүзілік ашылулардың бірі 
болып табылады. Бұл жоғары амплитудалы, тұзды палезой кешенінде 
рифттік кӛтерілімдері 1988-1991 жылдарда Кеңес геофизиктерімен 
сейсмикалық іздестіру жұмыстарының нәтижесінде анықталды. 
Соңында кен орын Қазақстан үкіметінің тапсырысы бойынша қызмет 
еткен батыс геофизикалық бірлестіктерінің зерттеулерімен бекітілді. 
Кен орны қатпарлы жоғары 850 атмосфералық қысыммен
сипатталады. Енді аумақтарда қордағы кеннің ауытқуы 1,5 млрд 
тоннадан 10,5 млрд тоннаға дейінгі кӛрсеткішке ие болады. 
Қазақстандық геологтардың мәліметтері бойынша кеннің геологиялық 
қоры - 4,8 млрд тонна мұнаймен бағаланып отыр.
5) 
Бұл кен орны Балқаш маңы аумағының солтүстігінде орналасқан. Кен 
орны 1932 жылы ашылған, барлау жұмыстары 1941 жылдан жүргізілсе, 
ал қолданысқа 1942 жылдан бастап енгізілді. Кен орны грейзендік желі 
типіне жатады. Негізгі желілердің ұзындығы орташа 0,5-1,0 м, 
қалыңдығы 1000-2000 м-ге тең, ал кен желілері тік тӛмен (88-90°) 
құлдилайды. Желілер қара шақпақ тасының жиектеуімен, кварцты-қара 
шақпақ тас және грейзенді кварцты типке ие. Кенді желілердің 
құрылуынан үш белдеуше пайда болады: кен үсті, кенді және кен асты. 
Вертикальді кен белдеушесінің ұзындығы 200-250 м. Кенді желілердің 
батыс және солтүстік-батысқа еңістеу бұрышы 5°. 
6) 
Бұл кен орны солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа 120 км, ал ені 15 
км-ден 25-30 км дейін созылып жатқан дүние жүзіндегі ең ірі 
алаптардың бірі. Кеннің жалпы қоры және алап ресурсының қоры 3,5 
млрд. т. бағаланады. Ол кембрийге дейінгі және тӛменгі полезой 
эрасында құрылған антиклинді таулы сілемнің солтүстік-шығыс 
қанатында орналасқан. Олар параллелді қабат және параллелді 
құламалы опырмалылардан қабыршақты құрылымдарын құрайды. 
Кендер жоғары бетке кӛтеріліп, ашық ӛндіруге қолайлы, рудалар 20-30-
дан 70-80°-қа дейінгі құлама бұрышпен орналасқан. Алайда кен 
қорының ең үлкен бӛлігі мен ресурстары (80%) тереңдігі 150-200 м-ден 
жоғары тереңдікте жатыр және оларды тек жер асты ӛндіру әдісімен 
ғана алуға болады, бірақ одан ӛндірілген кеннің сапасы тӛмендейді 
және оны міндетті түрде байытуды қажет етеді. 
Әрбір кен орнындарының дұрыс атауларына 2 ұпайдан – 12 ұпайға дейін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет