Лақтыру желісіндегі мұнайдың құрамында күкірт болса құбырларды арнайы эпоксидті шайырмен жабу керек. Кен орын объектілеріндегі жабдықтар оларға қауіпсіз және ыңғайлы қызмет ету мен жөндеу мүмкіндігі болатындай етіп орналастырылған. Сорапты станция ғимараттарында сораптар мен қабырға арасындағы қашықтық 1 м, жұмыс өткелдерінің ені 0,75 м. Құбырлардың және траншеялардың үстінде адам көп жүретін жерлерде ені 0,6 м көпірлер қойылады. Жылжымалы механизмдердің жанында тұйық торлы қоршаулар орнатылады.
Айырғыштарға қызмет көрсету жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін келесі талаптарды орындау қажет: айырғыштарда қызмет етуге және бақылауға ыңғайлы етіп сақтандыру клапаны орнатылуы тиіс, сұйықты жіберу үшін автоматты құрылғылар қарастырылады. Айырғышта орнатылған манометрмен үш жүрісті кранмен және деңгей көрсеткішпен жабдықталған. Айырғыштың төбесінде қызмет етуге және жөндеу жүргізуге арналған алаң мен саты орнатылады. Айырғыштардың және ысырмалардың саңылаусыздығына ерекше назар аудару керек, себебі олардың корпусындағы немесе сальнигіндегі кішкене саңылаудың өзі өртке қауіпті және бөлінген газ денсаулыққа зиянды. Ішкі қарау және жөндеу үшін айырғыш тығындар арқылы құбырлардан бөлінеді. Отпен жұмыс істеу алдында аталғандардан бөлек айырғыш жуылып, булануы тиіс. Ал жұмыс жүргізу реті өрт қауіпсіздігі қызметімен келісілуі тиіс.
Резервуарға қарай өздігінен ағатын құбырларда резервуарлар паркінен немесе жеке тұрған резервуардан 100-500 м қашықтықта ысырмалар орнатылған. Резервуардың шатыры механикалық(тыныс алу) және гидравликалық (сақтандыру) клапандармен жабдықталып, саңылаусыз болуы қажет. Гидравликалық клапан механикалық клапан істен шыққан кезде резервуарды зақымданудан сақтауға арналған.
Өндірістік шу
Зерттеулер нәтижелері көрсеткендей шу мен діріл еңбек шартарын нашарлатып, адам ағзасына кері әсерін тигізеді. Шудың адам ағзасына ұзақ әсері көру және есту қабілетінің төмендеуі, қан қысымының артуы, жұмысқа ынтаның төмендеуі сияқты жағымсыз құбылыстарға әкеледі. Қатты және ұзақ уақытты шу жүрек-қан тамыр жүйесі мен жүйке жүйесінің функционалды өзгерістерінің себебі болуы мүмкін. Шудың қарқындылығы 80-90 ДБ кезінде 6-7 сағат жұмыс істеу вегетативті жүйке жүйесінің функцияларын және мидың қызметін бұзады.
Шу- өндірістік ортаның ең қауіпті және зиянды факторларының бірі. Шу мен дірілді жою немесе әсерін төмендету үшін келесі шаралар қолданылады: шу мен діріл көздеріне қоршаулар қою, дыбыс және дірілжұтқыш жабдықтар қолдану, қашықтықтан басқару, автоматтық басқару және сигнализация жабдықтарын қолдану, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану.
Электрқауіпсіздігі
Электрленудің жоғары дәрежесі және жабдықтарға қызмет көрсетудің қиын шарттары жұмысшылардың электр қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлкен назарды талап етеді. Электр қауіпсіздігі үшін металл бөлшектерді жерлендіру жүргізіледі. Мұнайды дайындау цехінде газ компрессоры, мұнайды және суды аудау сораптары, мұнайды қыздыру пештері ПУЭ-96 талаптарына сәйкес қорғаушы жерлендіруге ие. Сорапты қондырғылармен жабдықталған ұңғыларда жерлендіруші ретінде тербелмелі станок рамасымен кем дегенде екі болат өткізгішпен жалғанған бағыттаушы құбыр қолданылады. Тербелмелі станоктың электр жетегіне және іске қосу қондырғысына қызмет көрсетуге арналған металл еденді алаң болу тиіс. Ол кем дегенде төрт жерден тербелмелі станоктың жерлендірілген рамасына пісіріледі. Брондалған кабель ұңғы сағасына арнайы негіздер арқылы жүргізіледі және әр 50 м сайын сақтандыру белгілері қойылады.
Өрт қауіпсіздігі
Мұнай мен газ өндіру үрдісінің өрт қауіптілігін төмендетуде ұңғыларды, топтық өлшеу және айыру қондырғыларын, сорапты станциялар мен басқа да объектілерді автоматтандыру және телемеханизациялау үлкен мәнге ие.
Мұнайды жинау, дайындау және тасымалдау объектілерінде өртті болдырмау үшін аппараттарда,сыйымдылықтарда,құбырларда орнатылған сақтандыру, реттеу және тығындаушы арматураларды жүйелі түрде бақылайды.
Оттық қыздыру қондырғыларында мұнай төгілуінің алдын алу шаралары қабылданады. Қыздыруға қолданылатын газды тасымалдауға арналған газ құбырлары саңылаусыздыққа тексеріледі. Қондырғылар апатты жағдайда мұнайды төгу құрылғыларына ие.
Мұнай және мұнай өнімдерін жер үсті және жартылай жер асты резервуарларында сақтаған кезде оның айналасы қазылады. Бұл мұнай төгілген жағдайда және өрт кезінде оның қозғалысына жол бермейді.
Өрт сөндіру үшін ОХП-10 типті химиялық көбікті өрт сөндіргіш ОВП-5 типті ауалы-көбікті өрт сөндіргіштертер қолданылады. Көбікті сөндіру қондырғысы резервуарлар үшін қолданылады. Одан басқа түрлі жабдықтары бар өрт қалқаны және құмы бар жәшік орнатылған. Кәсіпшілік СНиП 21-01-97 нормативіне сәйкес өрт қауіптілігінің А класына жатады.
Өндірістік ортаның метеошарттары
Микроклимат факторларының адам ағзасына әсері оның жұмыс қабілеттілігінен және еңбек өнімділіктен көрініс табады. Өндірістік объектілерді жобалаудың санитарлы нормаларына сәйкес температура, ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы реттеледі. Ол нормаларға сәйкес жылдың салқын мезгілдерінде 17-19 0С, жылы мезгілдерінде 20-22 0С температура тиімді деп саналады. Ауа ылғалдылығы бұл кезде 40-60 пайызды, оның қозғалыс жылдамдығы 0,3-0,4 м/с құрау керек. Жабық объектілер мен ғимараттарда уақытша жұмыс істеудің рұқсат етілген максимал температурасы 33 0С. Өндірістік желдетуге қойылатын негізгі талаптар СНиП 2.04.05-91 «Жылыту, желдету және ауаны кондиционерлеу» құжатында келтірілген.
Жарықтандыру
Жұмыс орны мен өндірістік ғимараттарды жарықтандыру үлкен маңызға ие. Жарықтандыру жұмыс істеуші адамның қимылдарын сенімдірек етеді, еңбекті жеңілдетеді және жарақат алу қауіпін төмендетеді. Жұмыс объектілерінде табиғи жарықтану және СНиП 23.05-95 нормасына сәйкес жасанды жарықтану бар. Ұңғы сағасындағы минимал жарықтану 13 лк, айырғыштарда 20 лк болу керек.
Мұнай кәсіпшілігінде жарықтандыру үшін қыздыру шамдары кеңінен қолданылады. Бұл олардың жарылыс қауіпсіздігіне байланысты. Топтық қондырғыларда прожекторлы жарықтандыру қолданылады. Өндірістік объектілерде қолданылатын апатты жарықтандыру 12 В кернеуге есептелген.
Өрт қауіпсіздігі есебі
Ішкі өртке қарсы сумен қамтамасыз ету параметрлерін таңдау керек. Ғимараттың өртке тұрақтылық дәрежесі А, өлшемдері 60x45x10 м. Көлемі 27000м3-ке тең ғимараттарда 3 сағаттық бір өртті сөндіру үшін судың шығыны Q=20м3/сағ болады.
Өртке қарсы құбырдың ішкі диаметрі:
м Мұндағы V= 2м/с – жұмыс қысымы P=6 кгс/м3 құбырдағы судың қозғалыс жылдамдығы. D-ның алынған мәні ең жақын стандарт мәнге дейін дөңгелектенеді, яғни D=0,1 м
Құбыр қабырғасының қалыңдығы:
B = (5*D*p*K) / (R+K*p) = (5*100*6*1,4) / (1730+1,4*6) =2,5 мм
Құбырдың қызмет ету уақыты 10 жылға есептелген, коррозияға түзету 2 мм екенін ескерсек құбыр қабырғасының қажетті қалыңдығы 4,5 мм. Өртті тиімді сөндіру үшін ғимарат периметрі бойынша сақиналы құбыр желісі жүргізіліп, әр 50 м сайын гидранттар орнатылуы тиіс.
Шу изоляциясы есебі
Войлокпен қапталған болат қабықшаның дыбыс изоляциялау қасиетін есептеу керек. Войлоктың қалыңдығы 3 cм, 1м2 қабықшаның массасы Q= 3,2 кг, қондырғының дыбыс тербелісінің жиілігі φ= 500 Гц.
Болат беттің дыбыс изоляциялау қасиетін келесі формуламен анықтаймыз:
R=20lg(Qφ)-60=20lg(3,2∙500)-60=4,08 дБ
500Гц жиілік шуда 3 см войлок үшін дыбыс жұту коэффициенті Войлок қапталған қабықшаның шуды төмендету деңгейі келесі формуламен анықталады:
дБ
Қабықшаның конструкциясы мен материалға байланысты шуды төмендету деңгейі 10-20 дБ болуы мүмкін.