Геометриялық оптика түсініктері. Жарықтың таралу заңы



бет13/40
Дата07.01.2022
өлшемі2,53 Mb.
#20448
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   40
Жарық шамаларын өлшеу. Жарық энергиясын, оған байланысты шамаларды өлшеу әдістері мен тәсілдері қарастырылатын оптика тарауы фотометрия деп аталады. Жарық шамаларын тікелей көзбен бақылап (визуальдық әдістер қолданып) немесе басқа жарық қабылдағыштарды пайдаланып (объективті әдістер қолданып) өлшеуге болады. Жарық шамаларын өлшеуге арналған аспаптар фотометрлер деп аталады. Олар қолданылатын әдістерге сәйкес визуальдық және объективтік фотометрлер деп екі түрге бөлінеді.

Визуальдық әдістер жапсарлас екі беттің жарықтылығын, демек олардың жарықталынуын көзбен бақылап салыстыруға негізделеді, адамның көзі бір түсті жарық түскен ондай екі беттің жарықтылығы тең екендігін дәл айыра алады. Бірқатар фотометрлердің қызмет істеуі осы принципке негізделген.

Объективтік әдістер қолданып жарық шамаларын өлшегенде көмекші жарық қабылдағыш, мысалы, фотоэлемент орнатылған фотометрлер пайдалынылады. Осындай фотоэлектрлік фотометрлердің қызмет істеу принципі фотоэлектрлік токтың фотоэлементке түскен жарық ағынына пропорционал болатындығына негізделген. Фотоэлементпен жалғастырылған гальванометрдің шкаласы жарық бірліктерін, мысалы, люкс санын, көрсетерлік етіп градуирленеді. Осындай аспап люксметр деп аталады. Люксметрдің фотографияға түсірілетін нәрсенің жарықталынуын білу үшін, демек экспозиция уақытын анықтау үшін пайдалынылатын бір түрі фотоэлектрлік экспонометр деп аталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет