Геометриялық оптика түсініктері. Жарықтың таралу заңы



бет12/40
Дата07.01.2022
өлшемі2,53 Mb.
#20448
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40
Жарық бірліктері

Жарық күшінің бірлігі ─ Кандела (қысқаша кд). Өлшеуіштер мен таразылар жайындағы XIII Бас конференциясының ұйғаруы бойынша:”Кандела дегеніміз платинаның қату температурасында толық сәуле шығарғыштың жарықтылығы оның әрбір квадрат сантиметр бетіне 60 канделадан келген жағдайдағы жарық күші”. Басқаша айтқанда, кандела дегеніміз платинаның қату температурасында, 2046,6 К-да, абсолют қара дененің 1квадрат сантиметр бетінің оған жүргізілген нормаль бағыты бойынша шығаратын жарық күшінің үлесі болады.

Жарық ағынының бірлігі-люмен (қысқаша лм). Люмен дегеніміз жарық күші 1кд-ға тең жарық көзінен шығып 1 стерадианға тең денелік бұрыш ішінде таралатын жарық ағыны. Сонда (4) формула бойынша:

1лм=1кд 1стер.

Жарықталыну бірлігі- люкс (қысқаша лк.). Люкс дегеніміз 1 квадрат метр бетке 1 люмен жарық ағыны келген беттің жарықталынуы.(6) формула бойынша :

1лк=.

Жарқырау бірлігі ретінде әрбір квадрат метр бетінен 2стерадианға тең денелік бұрыш ішінде барлық жаққа 1 люмен жарық ағыны таралатын беттің жарқырауы қолданылады (8) формулаға сәйкес жарқырау бірлігінің атауы 1 болады.

Жарықтылық бірлігі ретінде 1 квадрат метр ауданы нормаль бағыт бойынша күші 1кд-ға тең жарық беретін беттің жарықтылығы алынады;ол (11) формула бойынша мынаған тең:

.

Жарықтылық стильб (қысқаша сб) деп аталатын бірлікпен де өлшенеді. Әр түрлі жарқырауық денелердің жарықтылықтары түрліше болады.

Жарық ағынының орнына сәулелік энергия ағыны деген ұғымды пайдаланып, осы айтылған жарық шамаларына сәйкес энергетикалық жарық күші (Iэ), энергетикалық жарықталыну (Еэ), энергетикалық жарқырау (Rэ), энергетикалық жарықтылық (Вэ) деп аталатын шамалар да қалданылады. Бұлар механикалық бірліктермен өлшенеді. Мысалы, сәулелік энергия ағыны Вт-пен, энергетикалық жарық күші пен, энергетикалық жарықталыну -пен өлшенеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет