Геометриялық оптика түсініктері. Жарықтың таралу заңы



бет31/40
Дата07.01.2022
өлшемі2,53 Mb.
#20448
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40
Жарықтың поляризациясы.

Жарық электромагниттік толқындарының көлденеңдігі көрінетін толқындық оптикадағы құбылыстардың жиынтығы жарықтың үйектелуі (поляризациясы) деп аталады. Жарық дегеніміз атомдар жиынтығының қосынды электромагниттік сәулеленуі. Атомдар жарық толқындарын өзара тәуелсіз шығарады. Сондықтан электромагниттік жарық толқыны электр векторы тербелісінің бірдей ықтималдылық бағыттарымен сипатталады.

Егер тербелісі тәртіпсіз, кез келген бағытта өзгеріп, ал амплитудасы барлық бағытта да тұрақты болып қалса, онда оны табиғи жарық деп атайды. Яғни Е және Н векторлар тербелістерінің бірдей ықтималдылық бағыттарымен сипатталатын жарық.

Егер тербеліс тек бір бағытта жүретін болса, онда ондай жарықты поляризацияланған (үйектелген) жарық дейді. Яғни электр векторының тербелістері бірдей бағытталған жарық.

Ал егер тербеліс әр түрлі бағытта болып, соның ішінде белгілі бір бағыттағы амплитуда үлкен болса, онда оны жартылай поляризацияланған жарық дейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет