Геометриялық оптика түсініктері. Жарықтың таралу заңы



бет22/40
Дата07.01.2022
өлшемі2,53 Mb.
#20448
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40
Байланысты:
оптика лекция

Дискідегі дифракция. S нүктелік жарық көзінен таралатын монохроматты сфералық толқынды қарастырайық. Оның жолында дөңгелек, мөлдір емес диск орналасқан. Дифракциялық кескін S пен дисктің центрінен өтетін түзудің бойында жатқан Э экранның B нүктесінде бақыланады. Берілген жағдайда дискпен жабылған толқындық беттің бөлігін қарастырмаймыз, 6-суретте көрсеткендей ашық Френель зоналары дисктің шетінен бастап құрылады.

6-сурет
Барлық ашық Френель зоналары қоздырған қорытқы тербелістің амплитудасын B нүктесіндегі бірінші ашық зона қоздырған амплитуданың жартысына тең деп аламыз. Сондықтан B нүктесінде бірінші ашық Френель зонасының әсерінің жартысына сәйкесті әрқашанда максимум бақыланады (жарық дағы Пуассон дағы деп аталады). Максимумды жарық немесе қара сақиналар қоршап тұрады.

Максимумдардың интенсивтілігі B нүктесінен қашықтаған сайын кеми береді. Егер дискке ақ сәуле түсетін болса, онда центрлік ақ дақты центрлес түрлі түсті сақиналар қоршап тұрады.

Дисктің диаметрін үлкейткенде, B нүктесінен бірінші ашық Френель зонасы алыстайды және зона бетіне түсірген нормаль мен B нүктесіне бағыты арасындағы m бұрышы. Сондықтан Пуассон дағының жарқырауы дисктің өлшемдерін үлкейткенде кемиді. Дисктің өлшемі үлкен болғанда, оның артында көлеңке бақыланады. Көлеңке шекарасы маңайында әлсіз дифракция кескіні бақыланады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет