аспаптармен(потенциометрлер) өлешенеді. Табиғи сулардың құрамын
зерттегенде pH пен Eh-тың нақты шамасын білудің маңызы зор.
Құрамына байланысты минералды сулардың əсері əртүрлі,
сондықтан оларды тағайындау кезінде оны ескеру қажет. Осылайша,
кальций мен магний тұздары ағзаның өмірлік күшін жəне оның зиянды
əсерлерге төзімділігін арттырады, қабыну жағдайларын болдырмайды
жəне жояды, қан жасушаларының қорғаныс белсенділігін арттырады,
жараның жазылуын тездетеді. Кальций, калий жəне магний тұздары зəр
шығаруды арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: