2. Мидың басқа бөліктеріндегі ісіктер.
3. Жарақат:- бас миының жарақаты; - гипофиз аяғының хирургиялық зақымдануы
4. Инфекциялар: - вирустық, бактериялық энцефалит және менингит; - спецификалық емес гипофизит.
5. Супраселлярлы арахноидты кисталар, гидроцефалия, "бос түрік ершігі"симптомы
6. Тамырлық патология:- гипофиз тамырларының аневризмалары; - гипофиз инфарктісі.
7. Бас пен мойынның сәулеленуі: лейкемия, медуллобластома, ретинобластома; бас пен мойынның басқа ісіктері; бүкіл дененің жалпы сәулеленуі (мысалы, сүйек кемігін трансплантациялау кезінде).
8. Химиотерапияның уытты әсері
9. Инфильтративті аурулар-Гистиоцитоз; - Саркоидоз.
Патогенез
Өсу гормоны жеткіліксіздігі Инсулинге ұқсас өсу факторы 1 синтезінің төмендеуі (IFR 1) Қаңқа, бұлшықет, ішкі ағзалардың өсуінің тежелуі Глюкозаның жойылуы, липолиз, глюконеогенез төмендейді Қалқанша безінің, бүйрек үсті безінің, жыныс бездерінің жұмысының төмендеуі
Клиникалық белгілері.
Соматотропты жеткіліксіздіктің негізгі клиникалық белгілері:
босанғаннан кейінгі өсудің артта қалуы (тиісті хронологиялық жас пен жыныс үшін популяция ортасынан 3-ші перцентильден төмен немесе 2 стандартты ауытқудан (<-2.0 SDS) төмен);
өсу қарқынының үдемелі баяулауы.
SDS (Standard Deviation Score)
Стандартты ауытқу коэффициенті-баланың жеке бойының тиісті жастағы және жыныстағы анықтамалық мәліметтерге сәйкестігін бағалау үшін қолданылатын интегралды көрсеткіш.