Клиникасы:Атеросклероз артериялық ішкі қабығында холестерин қалдықтарынан құралған түйіндердің тұрып қалуынан пайда болатын артериялық созылмалы ауруы.
Қызметі:Тасымалдаушы, серпімділік, қорғаныс.
Ет типті веналар қабырғасында етті элементтер жақсы дамыған, диаметрі әртүрлі. Ортаңғы қабығының құрамындағы ет жасушаларының дамуына байланысты бұл веналар үш топқа бөлінеді: нашар етті, орташа және етті элементтер күшті дамыған болып. Етті элементтер әлсіз нашар дамыған веналарға (ірі) жоғарғы қуысты вена, кеуде, қол веналары жатады. Адамның тік жүруіне байланысты бұл веналардағы қан өзінің салмағымен және кеуде (көкірек) жасушасының дем алу қимылдарының арқасында канды жүрекке алып келеді.
Етті элементтері орташа дамыган иық венасы. Етті жасушалары күшті дамыған венаға дененің төменгі бөлігіндегі ірі веналар жатады. Ет жасушалары бұл веналардың үш қабығында да болады. Оның ішінде ең негізгі жамбас венасы. Жамбас венасының ішкі қабығының құрамында қатпарлар тәрізді клапандары (қақпақшалары) болады. Клапандар венаның саңылауына қараған эндотелиальді жасушалардан түзілген (қақпақшалар).
Тамырдың саңылуына қараған жақтауында эндотелий астында эластинді талшықтар басым, ал қарама-қарсы жағында коллаген талшықтары көп. Мұндай клапандар венозды канды кері ағуына кедергі келтіріп, оны жүрекке бағыттайды. Сонымен бірге клапандар венада әртүрлі сыртқы әсерлердін арқасында болатын (атмосфера қысымының өзгеруі, бұлшық еттің қысылуы т.б) өзгерістерден де сақтайды.
(Веналардың құрылысын практикалық сабақтарда талдау) Төменгі қуысты венада етті элементтері жақсы дамыған.
Клиникасы:Жүрек қан тамырларының жарылуы – жүректегі бұлшық еттерге қан тасымалдайтын тамырлардың зақымдануы.
Қызметі: трофикалық, тасымалдаушы.
А ртериолалар тым ұсақ, көбінесе ет типті, диаметрі 50-100 мкм-ден аспайтын, бір ұны артериялармен байланысқан, ал екінші ұшы біртіндеп капиллярларға ауысып отыратын тамырлар жүйесі. Артериоларда жалпы артерияға тән үш қабық сақталады, ішкі қабығы базальді мембранаға бекінген эндотелийден, жұқа эндотелий асты қабаттан, ішкі эластинді мембранадан тұрады. Капилярларға дейінгі артериолада ет жасушалары жеке-жеке орналасады. Ет жасушаларының көп болуы жиырылғыштығын үдетеді. Сыртқы қабығы борпылдақ талшықты дәнекер тіннен тұрады. Функциональдық жағынан алғанда И.М. Сеченовтың айтуынша, артериолалар эфферентті нерв талшықтарымен нервтелетін, спиральді бағытталған ет жасушаларының жиырылу арқасында, ағзада қан ағысын реттеп отыратын "қан тамырлар жүйесінің крандары" болып табылады.
Капиллярлар диаметрі әр түрлі, ағзада ең көп кездесетін жіңішке тамырлар жүйесі. Капиллярлардың мүшедегі ерекшеліктері, олардың функциональдық жағдайларымен анықталады. Ең жіңішке диаметрі 4,5-ден 6-7 мкм көлденең жолақ ет тінінде, нервтерде, өкпеде, ал одан кеңірек 8-11 мкм теріде, көптеген мүшелердің кілегейлі қабықтарында болады. Қан жасайтын мүшелерде, ішкі секреция бездерінде, бауырда диаметрі 20-30 мкм болатын капиллярлар кездеседі. Мұндай капиллярлар синусоидты деп аталады. Көптеген жағдайларда капиллярлар жүйесі, тұзақ (терінің емізікті қабатында, ішекте т.б) және шумақтар да түзеді (бүйректе). Түрлі мүшелердегі капиллярлардың саны әр түрлі. Жалпы капиллярлардың қабырғасында өте жұқа үш қабаты бар. Ішкі қабатты базальді мембранаға бекінген эндотелий, ортаңғы қабаты перициттер (бұл да базальді мембранаға енгізілген), ал сыртқы қабаты аморфты затпен қоршалған адвентициальды жасушадан тұрады. Капиллярлар мүшелердің ерекшеліктеріне байланысты, бірнеше топқа бөлінеді; 1. фенестрлі түрі - (бүйректегі капиллярларыдың шумақтары, эндокринді бездерде) эндотелийдің цитоплазмасында жұқарған жерлері болса, 2. синусоидты капиллярлар немесе саңылаулы капиллярлар, бұлардың қабырғасында тесік, саңылаулары болады (бауырда, көкбауырда). Үшінші түрі. Ең көп кездесетін соматикалық капиллярлар. Бұлардың қабырғасы тұтас эндотелийден базальді мембранадан, перициттерден, адвентициальды жасушалардан тұрады.
Капиллярлардың эндотелиі, базальді мембранасы курделі қызмет атқарады, олардың қалыңдығы 30-35 нм. Капиллярлардың куысы әр түрлі физиологиялық және патологиялык жағдайларда өзгеруі-капиллярлардағы канның қысымына, артериолалар мен ұсақ веналардың, капиллярға дейінгі сфинктердің ет жасушаларының тонусына, артериоловентрикулярлық анастомоздар мен перициттердің жағдайына байланысты өзгеріп отырады.