Гистология 2-аралық бақылау ескерту аманатқА Қиянат жасамаңыз материалды таратуғА ӨҢдеуге қатаң тыйым салынады


Клиникасы:Лимфогранулематоз В- лимфоциттердің дұрыс дамуымауынан лимфа жүйесінің ісігі ретінде пайда болады. Қызметі



бет5/18
Дата26.12.2023
өлшемі45,49 Mb.
#143400
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Гистология рк 2 аралық бақылау

Клиникасы:Лимфогранулематоз В- лимфоциттердің дұрыс дамуымауынан лимфа жүйесінің ісігі ретінде пайда болады.
Қызметі: қан түзуге қатысып, лимфоциттерді түзеді. Қорғаныс, барьерлік, қанның қозып зат алмасуға қатысады. Гемотикалық, эндокриндік қызмет.
7 -апта. Жүрек-қан тамырлар жүйесі. Тамырлардың жалпы сипаттамасы. Артерия мен вена. Микроайналмалы арна. Жас ерекшеліктері.

Ет типті артериялар негізінен диаметрі жағынан алғанда, орташа және ұсақ тамырларға жіктеледі. Ағзадағы артериялардың көпшілігі (дене, қол- аяк және ішкі мүшелердегі) осы типке жатады. Бұл тамырлардың қабырғасында көптеген ет жасушалары орналасып, тамырға едәуір жиырылғыштық қасиет береді, ал бұл болса қанның мүшеге келуін реттеп отырады.
Ішкі қабығының құрамында эндотелий мен базальді мембрана, эндотелий асты және ішкі эластинді мембрана болады. Жүрек, бүйрек, аналық жыныс безінде, жатыр, өкпе артерияларының ішкі қабығында миоциттер де баршылық.
Ортаңғы қабығында өте көптеген ет жасушалары мен коллаген талшықтары бар. Коллаген талшықтары тамырдың каркасын түзеді. Бұл тамырдың құрамында эластин талшықтары да кездеседі, бұлар тамыр қуысының жабыспауы үшін маңызды роль атқарады. Ет жасушаларының қан қысымының бірқалыпты болуына, қан ағысын майда қан айналымдарға қалыпты өткізіп отырудағы маңызы өте зор. Ортаңғы қабық пен сырткы кабық арасында сыртқы эластинді мембрана орналасады.
Сыртқы қабығы борпылдақ талшықты дәнекер тіні, құрамында "vasa vasorum" нерв талшықтары болатындығымен ерекшеленеді.
Клиникасы: Перифериялық артерия ауруы – аяқ-қолға қан тасымалдайтын қан тасымалдаушы тамырларда болатын ауру.
Қ ызметі: тасымалдаушы, трофикалық, экскреторлық, тыныс алу, реттеуші.

Эластинді артерияға қан жоғары қысыммен (120-130 сынап бағ.) және үлкен жылдамдықпен жылжитын (0,5-1,3 м/сек) ірі қолқа мен өкпе артериясы сияқты тамырлар жатады. Бұл тамырларға қан тікелей ж үректен, не соған жақын қолқа доғасынан келеді. Ірі калибрлі артериялар ең алдымен транспортты кызмет атқарады. Қабырғасында эластинді элементтердің көп болуы (талшықтар мен мембраналар) бұл тамырларға жүректің систоласы кезінде созылуға, диастола сәтінде бастапқы қалпына келуге жағдай жасайды. Эластинді тамырларға мысал ретінде аорта-қолқа құрылысы алынған.


Қолқаның ішкі қабығында эндотелий, эндотелий асты және эластин талшықтарының өрімі бар. Адам қолқасының эндотелиі базальді мембранада орын алған, пішіні мен мөлшері әр түрлі жасушалардан тұрады. Мұндай жасушалардың (эндотелиоциттердің) ұзындығы 500 мкм, ені 150 мкм болады. Эндотелий асты қабатының қалындығы жалпы қабықтың 15-20% қалындығындай, жіңішке фибриллярлы жұлдыз тәрізді жасушалар мен миоциттерден тұрады. Эндотелий астындағы ішкі қабықтың құрамында эластин талшықтарының өрімі бар. Қолқаның ішкі қабығының жасуша аралық аймағында гликозамингликандар мен фосфолипидтердің көп мөлшеріде болатындығы анықталған. Олардың тамырдын трофикасында аткаратын рөлі зор. Бұлардың физика-химиялық жағдайы тамыр қабырғасының өткізгіштік дәрежесін анықтайды. Орта жастағы және қарт адамдардың жасуша аралық затында холестерин мен май қышқылдары болады. Қолқаның ішкі қабығы жүректің ныға берісінде үш қалта тәріздес қақпақша құрайды ("жарты ай" тәріздес клапан қақпашасы болады).
Қолқаның ортаңғы қабығының- құрамында көп мөлшердегі эластинді элементтері бар, бұл оның негізгі каркасын құрайтын қабығы. Эластинді мембраналар арасында ет жасушалары мен аздаған фибробласттар да болады. Ортаңғы қабығындағы мұндай құрылымдары қолқаға созылғыштық қасиет береді. Электронды микроскопиялық зерттеулерде эластин мембраларының үш түрі; гомогенді, талшықты және аралас түрі байқалады. Адамда осылардың екі түрі бар екені (гомогенді және аралас) анықталған. Ортаңғы қабықтағы миоциттердің секреторлық қызмет атқаратындығы да анықталған (гликозамингликандар мен эластин коллагендерді синтездейді).
Қолқаның сыртқы қабығы борпылдақ талшықты дәнекер тіннен, сонымен қатар көптеген эластин және коллаген талшықтарынан тұрады. Қолқаның ортаңғы және сыртқы қабықтарында басқа ірі тамырлардағыдай қоректік жолдар (vasa vasorum) мен нерв бағаналары өтеді. Сонымен қоса, сыртқы қабық тамырларды созылып кетуден және жыртылудан сақтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет