Эпителийдің жіктелуі Эпителий ұлпаларға көптеген клетка типтері жатады. Эпителийді бірнеше тұрғыда жіктеуге болады: құрылысына қарай, қызметіне, тегіне, орналасқан жеріне қарай, жаңару қабілетіне қарай.
Морфологиялық жіктеу
бірқатарлы көп қатарлы мүйізденетін мүйізделмейтін ауыспалы
призма тәрізді
жалпақ кубтәрізді призматәрізді
Жабынды эпителий Омыртқасыздарда жабынды эпителий әдетте бір қабатты болады, ал омыртқалыларда әрқашан көп қабатты.
Көбқабатты эпителий терінің сыртқы қабатын эпидермисін жасайды, ауыз қуысын, өңеш, тік ішекті астарлайды. Тек қана тері эпидермисі мүйізденеді, ал басқа жердегі көпқабатты эпителиймүйізленбейді немесе аз мүйізденеді.
Мүйізденетін көп қабатты эпителийде базальды мембранада жатады. Ең бірінші базальді мембрананың үстіндегі қабатын базальді қабат деп атайды. Ол бір қатарда жатқан цилиндр тәрізді клеткалардан тұрады. Олардың цитоплазмасында көптеген бос рибосомалар орналасады және жіңішке диаметрлі 6-7 нм жіпшілер – прототонофибрилдер (тонофиламенттер) митохондриялар көп емес, және Гольджи аппараты ядроның үстіңгі жағында жатады. Клеткалардың астыңғы базалді жағында плазмалық мембрана саусақ тәрізді өсінділер болады. Сол өсінділер арқылы клетка қабаттары базалды мембранаға бекінеді. Кейбір өсінділер ұшында гемидесмосомдар орналасады. Базальді клеткалар арасында клеткааралық қуыстар болады. Базальді клеткалардың бүйір жағындағы микротүтікшелер сол қуысқа қарап тұрады. Базальді клеткалар базалді мембрана арқылы қорек заттарды астында жатқан дәнекер ұлпадан сорып алып отырады. Базальді қабаттың клеткалары қарқынды бөлініп, жаңа клеткалар эпителийдің үстіңгі қабаттарына жылжып тұрады. Бірақ клеткалардың шағын бөлігі сол базалді қабатта қалады. Бұл камибиалды клеткалар эпителийдің жаңаруын қамтамасыз етіп тұрады. Көбқабатты эпителийдің клеткалары бір-бірімен десмосом арқылы байланысып тұрады. Десмосом екі тығыз түйме секілді дисктер тұрады. Цитоплазма жағынан дисктерге прототонофибрилдер бекінеді. Екі дисктің арасында клеткааралық зат жатады. Екі көршілес клеткалардың плазмалеммалары сол десмосом арқылы берік қосылып тұрады. Базальді клеткалар базальді мембранаға жартылай десмосом, немесе гемидесмосом арқылы бекінеді. Гемидосмосом бір дисктен тұрады. Цитоплазма жағынан сол дискке протонофибрилдерде қосылып тұрады. Базальді қабаттың үстіңгі жағында тікенекті қабат орналасады. Ол қабатта 4-8 қатар клеткалар бар. Әр клеткада қанат тәрізді өсінділері болады. Бір клетканың өсінділері басқа клетканың өсінділерінің арасында орналасады. Тікенекті клеткаларда барлық кәдімгі органоидтар кездеседі, және көптеген прототонофибрилдер бар. Базальді мен тікенекті қабатты - өсуші қабат деп атайды. Себебі тікенекті клеткаларда митоз жолымен бөліне алады, бірақ қарқынды емес. Тікенекті қабаттың үстінде түйіршікті қабат орналасады. Ол 3-4 қатар жалпақ клеткалардан тұрады. Клеткалар десмосом арқылы байланысып тұрады. Ядролар тығыз, пикнозға ұшыраған. Цитоплазмада прототонофибрилдер шоқтары клетка ұзынынан жатады және көптеген кератогиолин түйіршіктері орналасады. Кератогиалин күрделі зат, құрамында белок, РНҚ, фосфолигидтер мукополисахаридтер бар.
Түйіршікті қабаттың үстінде жылтыр қабат ораналасады. Жылтыр қабат 1-2 қатар өте жалпақ клеткалардан тұрады. Клетканың ішінде элендин деген зат болады. Бұл қабаттың клеткаларында органоидтар кездеспейді.
Ең үстіңгі қабат мұйізді қабат деп атайды. Ол қабат көптеген мүйізденген қабыршақтардан немесе өлген клеткалардан тұрады. Қабыршақтардың іші α-кератин фибрилдері болады. Фибрил арасында аморфты γ-кератин орналасады. Бірақ гистологиялық препарат жасаған кезде кератиндер еріп кетеді, сонда мүйізді клеткалар ішінде тек бос қуыс қалады.