Клетка – организмнің қарапайым құрылымдық-қызметтік және генетиалық бірлігі.
Клетка – тірі ағзаның ең кіші бірлігі. Организмде клеткадан басқа клеткалық құрылымы жоқ оның туындылары кездеседі (симпласт, синцитий, клеткааралық зат).
Клетка құрамы сыртқы ортадан немесе көршілес клеткалардан плазмалық мембранамен бөлініп тұрады. Барлық эукариотикалық клеткалар екі негізгі компоненттерден тұрады: ядро және цитоплзама. Ядрода хроматин, ядрошық, ядролық қабық, нуклеоплазма және ядролық белокты қалдықтар кездеседі. Цитоплазмада органелла кездесетін гиалоплазмадан тұрады. Органелла бөлігі мембраналық құрылымнан тұрады: эндоплазматикалық ретикулум, Гольджи аппараты, лизосомалар, пероксисомалар, митохондриялар. Мембраналы емес органеллалар рибосомалар, клеткалық орталықтар, кірпікшелер, цитоқаңқа болып табылады. Сонымен қатар, гиалоплазмада клеткалық кірінділер кездеседі (май тамшылары, пигментті гранулалар және т.б.). Барлық компоненттер жеке клеткаішілк қызметтер атқарады. Клетканың құрылысы мен қызметін қарастырытын ғылым цитология болып табылады. Ол: жеке клеткалық құрылымды, оның қызметін, осы қызметті реттеу жолдарын, клетканың қоршаған ортаға бейімделуін, түрлі факторларға жауап беруін, патологиялық өзгерістерін зерттейді.
Цитоплазма. Цитоплазма – қоршаған ортадан плазмолеммамен бөлінген, клеткалық компоненттер – органеллалардан тұратын гиалоплазмадан, сонымен қатар түрлі тұрақты емес кірінділерден тұрады.
Гиалоплазма. Гиалоплазма - цитоплазма матриксі. Гомогенді немесе электронды тығыздығы төмен түйіршікті зат түрінде кездеседі. Гиалоплазма түрлі биополимерлерден: белоктар, нуклеин қышқылдары, полисахаридтер және т.б. тұратын күрделі коллоидті жүйе болып табылады.
Клетканың мембранды және мембранды емес органеллалары туралы түсінік. Органеллалар – маңызды қызмет атқаратын, барлық клетканың микроқұрылымдары үшін міндетті компонент.
Мембранды және мембранды емес органеллалар түрін ажыратамыз. Мембранды органеллаларға эндоплазматикалық тор, митохондрия, лизосома, пероксисома жатады. Мембранды емес органеллаларға рибосома, клеткалық орталық, цитоқаңқа және олардың элементтері жатады.