Антрепренерлық - басқарушы қызметке үміткердің ерекше қасиеттері, көпшілік жұртқа ұнай білуі қабілеті басты орын алады.
Гильдия - бұл жүйеде үміткер билік сатысы бойынша баяу болсада, анық көтеріліп отырады.
Харизматикалық легитимдік - ерекше батырлығымен, адалдығымен немесе басқа үлгі қабілет-қасиеттерімен көзге түскен адам.
Олигархия - саяси және экономикалық билік азғантай топтың қолында тұрған биліктің түрі немесе сол үстем топтың өзі.
Прагматизм - алға қойылған мақсатқа іс жүзінде жету үшін ұстаған бағыт.
Саяси көшбасшы - қоғамдық-саяси ұйымға, қозғалысқа, мемлекетке әрдайым және шешуші ықпал ететін тұлға.
3-апта Азаматтық қоғам - жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз ететін қоғамның түрі. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына шек қойылады. Онда адамның халықаралық дәрежеде танылған ережелерге сай құқықтары сақталады.
Абсентеизм - халықтың саяси өмірге селқос қарауы, азаматтық міндетті орындаудан бас тартуы.
Идеология - белгілі бір әлеуметтік топтар, таптар, партиялар және т.б. мақсаттары мен мүдделерін бейнелейтін, үстемдік етіп отырған қоғамдық қатынастарды орнықтыруға немесе оларды өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамалардың, пікірлердің, идеалдардың жүйесі.
Саяси нормалар -адамдардың іс-әрекетін реттейтін ереже.
Либерализм (лат. liberalis - «еркін») - ең жоғарғы құндылық әрі басымдық ретінде жеке еркіндікті ұстанатын идеология.
Оппозиция -1)саясатқа, саяси іс-әрекетке, қайраткерге қарсылық көрсету; 2) партияның не оның бір бөлігінің билік етуші элитаға, көпшіліктің немесе үстемдік етуші пікірге қарсы тұруы. Демократиялық елдерге парламенттік оппозицияны әдеттегі, дұрыс жағдай деп санамайды.
Мемлекет - белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементі.