Саяси билік - таптық, топтық, жеке адамның саясатта түжырымдалған өз еркін жүргізуге мүмкіндігін білдіреді.
Саяси жүйе - құндылықтарды бөлуге бағытталған саяси қатынастар субьектілерінің өзара әрекеті.
Мемлекеттік билік - барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке-дара құқығы бар, заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі.
Легитимділік - халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы.
Монархия - мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрі.
Абсолюттік монархия - жоғарғы өкімет билігі бүтіндей тұтас, формальды түрде де шектелместен бір адамның қолында тұрған қоғамдық құрлыс.
Конституциялық монархия - монархтың билігі белгілі дәрежеде заң шығаратын билік парламентпен шектеледі.
Республика - деп мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын мемлекеттік басқару түрі.
Президент -1) республикалық басқару орын алған елдердегі белгілі бір мерзімге сайланған мемлекет басшысы; 2)сайлап қойылатын басшы, қоғамдық, ғылыми мекемелердің, корпорация, компания және т.б. төрағасы.
Унитарлық - (латынның біртұтас, біріккен деген сөзінен шыққан) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекеттің ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді.
Федерация -белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп, одақтың жаңа бір мемлекетті құруы.
Конфедерация - өздерінің кейбір амал-әрекеттерін үйлестіріп, белгілі бір мақсаттарды жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдер одағы.
Элита - саясатта, экономикада, рухани өмірде өздерінің білімділігімен, іскерлігімен, асқан шеберлігімен көзге түскен, ерекше жағдайға ие болған адамдар тобы.
Саяси элита -қазына байлықты, қаржы-қаражатты бөлуге және т. б. саяси маңызды шешімдер қабылдауға қатысты жоғары мәртебесі мен ықпалы бар ұйымдасқан топ.