Ұлт - тіл, тарих, қандастық, мінез секілді орталықтар негізінде қалыптасқан адамдар қауымдастығы.
Инагурация - мемлекет басшысының өз қызметіне салтанатты түрде кірісуі.
Автократия - бір адамға жоғары үкімет билігін шексіз беру басқаруды немесе осындай басқарушылық орган мемлекетті айтады. Сонымен қатар, қазіргі саясаттануда ол саяси билікті бөліспей, тұтас басқаруға тырысқан адам, не адам тобын атау үшін де пайдаланылады.
Маргиналдар - белгілі бір себептерге байланысты қоғамның негізгі әлеуметтік тобына, табына кірмей қалған аралық жағдайдағы адамдар.
Муниципалитет - кейбір елдерде өзін-өзі басқаратын аумақтық қоғамдастық, жергілікті өзін-өзі басқару органы.
Интеграция - мемлекетаралық саяси, экономикалық, әскери және т.б. одақтардың құрылуы. Оның негізінде ортақ мүдде, саяси қатынастардың жақындасу, бірлесуге тырысу үрдісі жатыр.
Құқықтық мемлекет - демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқықтары жан-жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылыс.
4-апта Саяси режим -мемлекеттің, қоғамның және жеке адамның арасындағы қарым-қатынастардың сипатын анықтайтын, мемлекеттік билік органдарының қызмет-әдістерінің жиынтығы.
Меморандум -дипломатиялық хат жазысудың бір түрі. Ол жүргізілетін келіссөз мәселелерінің заңдылық жақтарын дамытады, негіздейді.
Тоталитаризм - көсемнің билігіне бас ұрып, ресми бір идеологияға бағынатын, қоғам мен жеке адамға билік тарапынан толық және қатаң бақылау орнатылған мемлекеттік құрылыс.
Авторитаризм - жеке адамның билігіне негізделген, басқаруда күшке сүйенетін мемлекеттік саяси тәртіп. Мұнда атқарушы билік үстемдік етеді. Ол көбінесе саяси жағдайға белсене араласатын әскер күшіне сүйенеді. Мемлекеттің сайлау органдары шектеледі.