Фашистік партия - жеке мүддеден мемлекеттік мүдденің басым болғанын, адамның бостандықтарын шектеуді қалайтын партия.
Лобби - белгілі бір заң жобаларына, қабылданатын шешімдерге ықпал ету мақсатында әрекет ететін ерекше саяси ұйым.
Коалиция - жалпы мақсатқа жету үшін партиялардың жасаған бірлігі.
Партиялық жүйе - мемлекеттік мекемелерді қалыптастыруға шынымен мүмкіндігі бар, елдің ішкі және сыртқы саясатына ықпал ете алатын саяси партиялар жиынтығы.
Кәсіподақ - бір мамандықтың немесе өндірістің бір саласында еңбек ететін адамдарды біріктіретін қоғамдық ұйым.
6-апта Саяси мәдениет - қоғамның саяси өміріне лайықты, типті саяси сана мен саяси мінез құлықтың жиынтығы.
Саяси сана - өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығы.
Саяси психология - саяси өмір жағдайының ортақтығы негізінде әлеуметтік топтарда, таптарда, ұжымдарда, жеке адамдарда туындайтын сезімдердің, көңіл-күйдің, әдет-ғұрыптардың, мінездің ерекше белгілерінің жиынтығы.
Саяси идеология - шындықты саналы түрде бейнелеп, ұғымдар мен принциптер негізінде жүйелі түрде құрылатын саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі.
Социализм - (латын. socialis - қоғамдық) әлеуметтік әділеттілік пен теңдікке негізделген, мақсаттары мен мұраттары социалистік қоғам орнатумен байланысты ілім.
Консерватизм - қоғамда тарихи қалыптасқан саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани құндылықтарды сақтау мен дамыту идеологиясы.
Неоконсерватизм - қоғамдағы саяси плюрализмді дамыту және саяси процестерді реттеу үшін мемлекеттің рөлін күшейту мақсатындағы идеология.
Плюрализм - өздерінің мүдделері, көзқарастары мен пікірлерін білдіру еркіндігін заңмен қамтамасыз ететін, қоғамда түрліше саяси партиялар мен басқа қоғамдық ұйымдардың (кәсіподақ, діни, коммерциялық және т.б.) қатар өмір сүруі мен өзара әрекеттестігі.
Марксизм - қарулы төңкеріс арқылы қанаушы таптарды, жеке меншікті жойып, социализм және коммунизм құрып, қоғамдағы әлеуметтік теңдік орнату мақсатындағы идеология.
Капитализм - жеке меншік пен нарықтық экономикаға негізделген қоғам тұрпаты.
Неолиберализм - азаматтар мен қоғамның экономикалық және әлеуметтік өмірін мемлекеттік реттеуге бағытталған идеялар жиынтығы.
Фашизм - бұл басқарудың толық түрі болатын, бір адам немесе бір партияның билікті жоғарыдан төмен басқаратын түрі.