Глоссарий 1 апта Саясат



бет2/8
Дата15.11.2023
өлшемі28,23 Kb.
#122401
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Глоссарий политология

Әлеуметтік саясат – қоғамның ең жақсы дамуын қамтамасыз етуге, әлеуметтік мүдделер мен қажеттіліктерді қанағаттандыруға, лайықты өмір салтын орнатуға бағытталған саяси шешімдер мен іс-әрекеттер жиынтығы.

  • Парадигма – жасалатын өзгерістердің нәтижесінде туатын болашақтағы қоғамдық құбылыстың үлгісі, бейнесі.

  • Танымдық қызмет - қоғам мен саясаттың, дамуын айқындайтын заңдылықтар мен принциптерді танып білуге, саяси сатыда жұмыс істеуге керекті біліммен қаруландырады.

  • Саяси институттар – құрылысы жағынан қалыптасқан, бір орталыққа бағынатын, ерекше өкілдіктерге ие,атқарушы аппараты бар саяси мекеме.

    2-апта

    1. Билік - 1)адамдардың іс-әрекетіне, қызметіне, тағдырына белгілі бір адамдардың (бедел, жігер, құқық, зорлық) көмегімен әсер ету мүмкіншілігі; 2)адамдарға саяси билік жүргізу; 3)мемлекеттік органдардың жүйесі; 4)мемлекеттік және әкімшілік өкілеттілігі бар адамдары, органдары.

    2. Биліктің тармақталуы - демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқару үшін және биліктің, субъектілеріне қарай мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі етіп үш тармаққа бөлу.

    3. Атқарушы билік - биліктің тармақталуы негізінде істейтін мемлекеттік басқару орындарының жүйесі. Оған үкімет пен әкімшілік жатады. Парламенттік республикаларда оларды заң шығарушы өкілдік органдар қалыптастырады. Сондықтан атқарушы билік олардың алдында есеп береді.

    4. Заң шығарушы билік - заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту немесе жоюмен айналысатын билік, парламент. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, үкіметті тағайындайды, бюджетті бекітеді, әскерді қамтамасыз етеді, сауданы реттейді, сотты ұйымдастырады, халықаралық келісім шарттарды қабылдайды, саясаттың маңызды ішкі және сыртқы бағытын айқындайды.

    5. Соттық билік – адамдардың құқығын қорғайды, заңды бұрмалаушылықтан сақтайды, парламент не президент қабылдаған заңдардың, конституциялық жарғылардың сәйкестігін анықтайды.



    6. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет