Әлеуметтік ақпарат – қоғамдық, сондай-ақ, адам, қоғам және табиғат арасындағы қатынастардың өзара әсерін реттеп отыру үшін қолданылатын, қалыптасқан, үнемі жаңарып отыратын білімдердің, мәліметтердің жиынтығы.
Әлеуметтік мониторинг –қайталанатын социологиялық зерттеулер сәйкес келетін ұйымдық жұмыста әлеуметтік ақпар алудың жаңа түрі
Аналитикалық зерттеу – зерттелетін құбылыстың құрылымдық элементтерін бейнелеуді ғана мақсат қоймайды, сондай–ақ тәжірибелік құндылығы жоғары болып келетін негізінің себептерін айқындауға бағытталған, социологиялық зерттеудің тереңдетілген түрі болып табылады. Аналитикалық зерттеу дайындығы біршама уақыт талап ететін, мұқият құрастырылған бағдарлама мен инстументарийды талап етеді. Зерттеу объекті жөнінде көрініс алу үшін, барлау және бейнелеу зерттеу түрлерін қолданады.
Барлау зерттеу – социологиялық зертеулердің ең қарапайым түрі. Ол шағын зерттеу жиынтығын қамтиды және қарапайым бағдарлама мен көлемі қысылған инструментарийге негізделеді. Барлау зерттеу терең және көлемді зерттеудің алдын ала сатысы ретінде қолданылуы мүмкін (егер қиындық аз немесе мүлде зерттелмеген жағдайда). Бастапқы ақпарат жинаудың ең қарапайым әдісі қолданылады (әдейі әдебиеттің анализі, эксперттерді сұрау).
Валидтілік – зерттеудің құралдары мен әдістерінің, ұғымдардың және эксперименттердің мақсатының негізділігі мен барабарлығы.
Гипотеза (гр. ὑπόθεσις — негізгі, жорамал) — белгілі бір құбылысты түсіндіру үшін алға тартылатын және тәжірибе түрінде тексеруді және сенімді ғылымитеория болып қалыптасу үшін теориялық негізді талап ететін ғылыми болжам, дәлелденбеген тұжырымдама, жорамал. Қолданбалы социология – социология ғылымының бір саласы. Ол ғылыми теорияға сүйене отырып, әр түрлі тарихи жағдайлардағы әлеум. заңдардың өмір сүру түрлері мен механизмдерін зерттейді. Мұнда нақтылы іс-тәжірибелік ұсыныстардың ерекше маңызы бар. Осыған байланысты Қолданбалы социология әлеуметтік технология, әлеумттік гигиена, әлеуметтік терапия секілді ғылым салаларымен ұштасады. Қолданбалы социология мынадай әлеуметтік-тәжірибелік міндеттерді шешуге қатысады:
әлеуметтік-экономиканы және әлеуметтік реформаларды жүзеге асырудың ықтимал нәтижелері мен кезеңдерін және шаруашылық механизмді, әлеуметтік қамтамасыз етуді жетілдірумен, мәдениеттің дамуымен, жалақы мен кірісті мемл. реттеумен, еңбек қызметін ынталандырумен, т.б. байланысты әлеуметтік саясат саласындағы бағдарламалар мен шараларды дайындау, талдау және бағалау;
әлеуметтік жоспарлау және жобалау үшін кешенді шаруашылық және әлеуметтік басымдылықтарды тұжырымдаудың өлшемі ретінде әлеуметтік көрсеткіштер жүйесін жасау және сол бойынша түрлі аймақтарда, шаруашылық салаларында және әлеуметтік қауымдастықтардағы даму бағыттарын талдау;
жекелеген аймақтарда, салаларда, ұйымдар мен ұжымдарда туындайтын тәжірибелік әлеум. мәселелерді шешу жолдарын зерттеу. Қолданбалы социологияда қандайда бір мәселені шешу кезінде әр түрлі әлеум. топтардың қызығушылығы мен белсенділігін анықтауға ерекше көңіл бөлінеді. Оның тиімділігі әлеум. тапсырыспен айқындалатын зерттеу нысанына байланысты. Қолданбалы социологияны дамытуда оның іргелі социол. зерттеулермен байланысының тереңдеуі, әлеум. сынақ әдісін тиімді пайдалану, әлеум. ақпарат банкін құру, сондай-ақ арнаулы социолог мамандарды даярлаумен қамтамасыз етудің маңызы зор.