Глоссарий 1-тақырып. Әлеуметтану қоғам туралы ілім Әлеуметтік



бет5/19
Дата02.12.2022
өлшемі66,73 Kb.
#54277
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Глоссарий 1-та ырып. леуметтану о ам туралы ілім леуметтік

Лонгитюдтік зерттеу - егер қайта тексеріс кезеңі зерттеліп жатқан нысанның түп-төркініне үңіле отырып, нақтыланған даму сатысының жетістікке жету бағытына қарай іріктелген болса, онда бұл түрдегі зертеулер
Проблема - адамдардың қандай да бір әрекет жасау қажеттілігі туралы білімі мен осы әрекеттерді іске асыру жолдарын, құралдары мен әдістерін білмеуі арасындағы қарама-қайшылық.
Респондент — сауалнама немесе интервью барысында сұралатын немесе сұралған адам.
Референтті топ – әлеуметтік топтардың ішіндегі ең артық көрінетін тобы, сол топтың қасиет, сапасы туралы біртұтас түсінік.
Суреттеу зерттеу – мақсаты мен міндеті бойынша, ол зерттеу құбылысы және оның құрылымдық кезеңдері жөнінде біршама тұтас түсінік беретін эмпирикалық мағлұматтарды алуды көздейді. Толық өңделген бағдарлама бойынша жүргізіледі. Суреттеу зерттеу түрі талдау объектісі - үлкен адамдар қауымдастығы (қала, аудан, облыс, аумақ халқы) болған кезде қолданылады.
Эмпирикалық социологиялық зерттеу – бұл зерттеліп отырған нысан туралы нақты ақпар алу мақсатындағы әдістемелік және ұйымдық-техникалық әрекеттер жүйесі.
2-тақырып. Мәдениет


Контрмәдениет — басым мәдениетке қарама-қарсы келіп, оған қарсылық білдіретін, белгілі бір топқа қабылданған мәдениет үлгілерінің жиынтығы.
Мәдениет (латын. Cultura - өңдеу, егу деген сөзінен шыққан) – табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер. 
Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең.
Маргиналдық – екі мәдениеттің өзара әсері процесіне қатысушы, бірақ екеуінің біріне де толық сіңісе алмай, екі арада қалған адамдардың немесе әлеуметтік топтардың рухани жағдайы.
Өркениет – қоғамның сапалық дамуы барысын көрсетеді.
Аксиология – (гректің «axia” «құндылық», «logos” ілім деген сөзінен шыққан) құндылықтар туралы ілім.Құндылықтарды жан – жақты зерттеу мәселесін социологияға Макс Вебер енгізген болатын.
Әлеуметтік – (социальное– латынның «socialis» – «бірге», «жолдастық», «қауымдық» деген сөзінен шыққан) – социологияның категориясы ретінде: 1) адамның қоғамдық өмірінің мәнін; 2) адамның жануарлардан айырмашылығын; 3) адамның табиғаттың ажырамас бөлігі екендігін; 4) қоғамдық жүйелер құрылымдарын тиімдірек пайдалану жолдарын көрсету үшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет