Жеке басқа табынушылық – саяси қайраткерді шексіз дəріптеу. Ол азаматтардың
демократиялық құқықтары тапталған, жанышталған елдерде дамиды. Бірпартиялық
əкімшілік кезінде бірқатар социалистік елдерде етек алды. Мысалы, Сталин, Мао-Цзе-
Дун, Ким Ир Сен, Броз Тито, Энвер Ходжа жəне т.с.с. Жеке басқа табынушылық тумауы
үшін демократияны барынша дамыту, азаматтық, құқықтық мемлекетті керек.
Жекешелендіру – мемлекеттік меншікті (кəсіпорын, тұрғын үй, көлік құралдары
жəне т.с.с.) жеке меншікке беру немесе сату. Ол – нарықтық эканомикаға өту үшін
қажетті шарттың бірі.
Достарыңызбен бөлісу: |