Аннотация. В данной работе рассматирваются политическая деятельность и дипломатическая работа
государственного и общественного деятеля Назира Тюрякулова.
Annotation. In the given work considered political activity and diplomatic work state and public figure
Nazir Torekulov.
И.С. Таупишева
БАЛАСАҒҦН ҚАЛАСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
ӘОЖ 94.1: 930.26
Т 24
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың: «Ҧлттық идеяларды іздестіру
барған сайын кӛкейкесті сипатқа ие болып отыр», [1, 8 б.] − деген сӛзі халқымыздың ғасырлар бойы
қалыптасқан рухани қазынасын, тарихи тҧлғалардың, ғҧлама ойшылдардың қайталанбас мҧраларын
қайта жаңғырту мен жас ҧрпаққа ҧлттық тәрбие беруге бағыттайды. Сондықтан, қҧнды еңбектерді
зерттеп, жастарға жеткізу, олардың бойына ата-бабамыздың ӛсиет етіп қалдырған асыл мҧраларын
сіңіру, жалпыадамзаттық қҧндылыққа, әсіресе, ғылыми дҥниетанымға жаңаша кӛзқараспен қарау
қазіргі педагогика ғылымының назар аударып отырған мәселелерінің бірі болып отыр.
Ежелгі Тҥркістанның батысы мен шығысында бірдей ІХ ғасырдан бастап-ақ ықпалды, іргелі
елдік қҧрған Қарахандар әулетінің билігі дәуірлеп тҧрған заманнан бізге жеткен аты әлемге мәшһҥр
Жҥсіп Хас Қажыб еңбектері адамзат ӛркениетінің ӛлмес қазыналарының баға жетпес асыл мҧралары
болып отыр.
Қоғамдық ғылымдардың барлық салаларынан терең білімі бар, соңына мол мҧра қалдырған
Жҥсіп Баласағҧнның ӛмір деректері мен еңбектері жайлы зерттеп жҥрген бірнеше ғалымдарды атауға
болады. Ж. Баласағҧнның "Қҧтты білік" поэмасы әзірге, ертедегі тҥрік тілінде жазылған
шығармалардың ішіндегі мҧсылман идеологиясына негізделген және сол "идеологияны" уағыздаған
бірінші шығарма.
Баласағҧн-кӛптеген ғҧлама ғалымдардың ӛсіп шыққан ҧясының бірі, олар: Иакут Ибн-Абдуллах
арруллиал - Хамава (ХІІІ ғасыр), Абу Абдаллах Мухаммед Ибн- Мҧса әл-Баласағҧн есімдері ерекше
аталады [2, 27 б.].
Мырза Мҧхаммед Хайдар ӛзінің «Тарих- и Рашиди» деген еңбегінде Баласағҧн Афрасиабтың
ҧрпақтарының қол астында болған. Қарақытайлық Гурхан Баласағҧнды Илек ханнан тартып алған.
Илек хан Афрасиабтың руынан болып, бҧл қаланы ӛзінің астанасына айналдырады. Тоқсан бес жыл
бойына Баласағҧн Қарақытайлардың астанасы болған, Джейхунның тӛнірегіндегі және оның
шығысындағы барлық елдер бҧл қалаға салықтарын тӛлеп тҧрған. Моғолдар Баласағҧнды Карлиг деп
12
жазған... Бҧл қалада соншалықты кӛп ғалымдардың бір уақытта және бір қалада болғанына адамның
ақыл-ойы жетпейді.
Баласағҧн қаласы ортағасырлық тарихта кӛп жазылған. V-ХІІ ғасырларда Баласағҧн Батыс
Тҥрік қағанатындағы Тҥркештердің, Қарлҧқтардың, Қарахандықтардың, Қарақидандардың астанасы,
ірі саяси, экономикалық және мәдени орталық болғанын ашық, айқын дәлелденді. Осындай ҥлкен
қала Тҥркілердің ӛзара феодалдық соғыстарының нәтижесінде ХІV ғасырда тарихи сахнадан тҥсіп,
уақыт ӛте келе, оның орны ҧмытылып, белгісіз болып қалған. Сонан бері алты ғасыр бойына
шығыстанушылар Баласағҧнның орнын таба алмай келеді. Академик В.В.Бартольд бҧл қала жӛнінде
пікір білдіріп, оны Шу бойынан іздеу керектігін айтқан [3, 108 б.].
Баласағҧн тарихи оқиғалардың нақ ортасында тҧрды. Баласағҧн қаласы – тарихта әлденеше
кҥйреп, әлденеше калпына келтірілген кӛне шәһар. Ескі екі керуен жолының біреуі Самарқанд-
Ташкент— Тараз—Баласағҧн арқылы Қытайға ҧштасып жатты. Шу ӛзенін бойлап, Іле Алатауының
бауырына қарай тартқан жол Шелекті басып, Шығыс Тҥркістанға, бір тармағы Іледен асып, Қойлық
Қопал, Алакӛл арқылы Монғолияға бастайтын жаңа керуен жолы да батыс пен шығысты
жалғастыратын кҥретамырлардың бірінен саналған. Баласағҧн каласының орналасқан табиғи-
жағырафиялық жағдайы тамаша. Қырғыз Алатауының солтҥстік бӛктерінде, одан сағасын алатын Шу
ӛзенінің сол жағында, Шарғау, Ақсу, Қарабалта, Тоқташ ӛзендерінің Шуға қҧятын тӛменгі
ағысындағы тегістік алқапқа жайғасқан. Ертедегі әдебиеттерде бҧл ӛңірдің тҧрақты мекендері «Арғу»
деп аталған, бҧл екі таудың арасындағы коныстар дегенді білдіреді. Солардың бірі - осы Баласағҧн
шаһары. Оның оңтҥстігін Қырғыз Алатауы, солтҥстік-шығысын Жайсан тауы қоршап жатыр. Бҧл
жерде 1930 жылдарда «Жданов» және «Калинин» шағын колхоздары ҧйымдасқан. Олар 1957 жылы
біріктіріліп «Калинин» деп аталған. Сол жердегі археологиялық ес-керткіштің қҧрметіне 1991
жылдан кейін бҧл шаруашылыққа «Баласағҧн» аты берілген.
1941 жылы археолог Г.И. Пацевич Баласағҧнға барып, онда барлау жҧмысын жҥргізіп,
тӛмендегіше мәлімдеме жасаған: Баласағҧн биікте орналасқан: солтҥстік жағы - 265 м, шығысы -250
м, оңтҥстігі - 255 м және батысы - 208 м. Оның тӛңірегінің биіктігі 1,5-2 м. Қырат жерден қазылған
ормен қоршалған. Ортасында тӛрт бҧрышы тең емес (трапеция) болып келетін биік цитадельдің орны
бар. Оның ҧзындығы: солтҥстігі - 35 м; батысы -60 м; оңтҥстігі - 80 м және шығысы - 50 м.
Цитадельдің тӛрт бҧрышында биіктігі 5-9 метр шамасында мҧнара болған. Шахристанның
тӛңірегінде 2,5 шақырым кӛлемінде рабад орналасқан, оның ені 10-20 м; терендігі 2,5-3 метрдей ор
(камал) қоршаған. Осы деректерге сҥйеніп, Г.И.Пацевич Ақтӛбе қонысы VII—XIII ғасырларға
жатады деген тҥжырымға келген.
Содан соң, 1954 жылы П.Н. Кожемяко Баласағҧн қонысын зерттеп, оған Степнин қалашығы деп
ат бергенін жоғарыда жазғанбыз. Бҥл қоныс ӛте ҥлкен ортағасырлық қаланың орны екенін, оның
бекініспен коршалғанын автор нақты кӛрсеткен. П.Н. Кожемяко Ақтӛбенің цитаделі мен шахристаны
жоқ, Ақтӛбе деп аталатын биік тӛбе феодалдардың мекені және әскери бекінісі болса керек деген
пікірді айтқан. Бҥл зерттеуші жоғарыдағы аты аталған Г.И. Пацевичтің жазғанына қарама-қарсы
тҧжырым жасап, Баласағҧнның цитаделі, шахристаны жоқ және бҧл ескерткіш қала емес, феодалдық
бекініс дей келіп, Баласағҧнның жасаған уақытын біршама кішірейтіп кӛрсеткен. Сӛйтіп, бҧл
ескерткішті археологиялық зерттеуде әжептәуір еңбек еткеніне қарамастан, Баласағҧн ескерткішіне
толық ғылыми мінездеме бере алмаған. Ғалымның айтуынша, барлық ортағасырлық қалалардың
цитадельдері және шахристандары бір тектес болу керек деген тҥсінік болған сияқты. Ғалым әр
қаланың ӛзіне лайықты ерекшеліктері болатынын ескермеген. Археологиялық зерттеулерге
қарағанда, ортағасырлық қалалардың цитадельдері мен шахристандары әртҥрлі етіп салынып,
олардың ӛздеріне тән ерекшеліктері болған.
П.Н. Кожемякодан кейін Баласағҧн қонысын ешкім зерттемей, сол кҥйінде қала берген. 1967-
1968 жылдары Жамбыл облысының жер суландыру шаруашылығы Ақсу ӛзенін бӛгеп, Ақтӛбе
қаласының ортасынан су коймасын салмақшы болып, қоныстың цитаделін, оны қоршаған
шахристанды біршама бҥлдірген. Оның ҥстіңгі қабатынан 1 м тереңдіктегі жерді бульдозермен
ысырып, шахристанның ҥстіңгі бетін ойрандаған. Рабадты қақ жарып, ҧзындығы 3 шақырым, ені 100-
150 м канал қазған. Жҥргізген қазба жҥмысы кезінде, археологиялық бҧйымдар шыға берген соң,
басшы орындардың нҧсқауы бойынша, бҧл жҧмысты уақытша тоқтатқан. Бірақ та осы жҧмыс кезінде
ескерткіш бҥліншілікке ҧшырап, кӛптеген қоныстардың орындары бҧзылған. Міне, ортағасырлық
Баласағҧн қаласы бізге осы кҥйінде жеткен.
1974 жылы С.М. Киров, (қазіргі Әбу Насыр әл-Фараби) атындағы Қазақ ҧлттық университетінің
археологтары (У.Х. Шәлекенов, Н.О. Алдабергенов) Ақтӛбе ескерткішіне барып, оның ҥлкен
қаланың орны екеніне кӛздері жеткеннен кейін, оны археологиялық жақтан зерттеу ҥшін
13
университеттің археологиялык экспедициясы (УАЭ) ҥйымдасты. Осы жылы зерттеу жҧмыстары
Актӛбе (Баласағҥн) қонысында жҥргізілді. Ескерткішті археологиялық тҧрғыдан зерттеу ҥшін, оның
стратиграфиясын нақты белгілеу басты мәселелердің бірі болды. Бҧл проблеманы шешу ҥшін
аэрометод (аэротәсіл - А.Т.) қолдануға тура келді.
Ҥш жылға созылған қазба жҧмыстарының нәтижесінде, цитадельдің бекініс дуалының салынуы
ҥш кезеңге бӛлінетіні анықталды.
Бірінші кезеңде Ақсу ӛзенінің сол жағасындағы қҧрылысқа арналған жерді тегістеп, арнайы
нықтап, оның ҥстінен 2 м биіктікте платформа (дуалдың іргетасы) салынған. Оның тӛмені пахсадан
0,3 м тҧрғызып, ҥстіне кӛлемі 49x27x9-10, 50x27x9-10 см, 50x23x10 см қам кірпіштен (сырец) ені 4 м,
биіктігі 3 м дуалды ӛрген. Осы қабатты қазғанда хумдардың, қҧмыралардың, диірменнің сынығы,
қыш ыдыстар, шырақтар шықты. Аталған заттар VII—XIII ғасырларға жататын Пенджикенттен
және Отырардан шыққан қыш бҧйымдарға ҧқсайды. Соған қарағанда, Ақтӛбені салған
қҧрылысшылар Сырдария мен Амудария алқаптарындағы кӛптеген қалаларды салған ҧсталармен
байланыста болған тәрізді. Осы кезеңнің 5-қабатынан кҥлдің ішінен VII-VIII ғасырларға жататын
тҥркеш кезеңінің 5 теңгесі (монета) табылды.
Осы деректерге қарағанда V—VIIІ ғасырларда цитадельдің қҧрылысы бітіп, ірі саяси,
экономикалық және мәдени орталыққа айналған. Бҧл - осы ғасырларда Ақтӛбе (Баласағҧн)
тҥркештердің (сарыҥйсіндердің), қарлҧқтардың астанасы болды деген пікірдің айқын дәлелі.
Тҥркілердің аттары аталған феодалдық мемлекеттері болғаны тарихтан белгілі.
Екінші кезеңде цитадельді тҥгел қамтыған қҧрылыс кең кӛлемде жҥріп, оның дуалдарының
бекемдігіне және кӛлемінің кеңеюіне айрықша кӛңіл бӛлінген. Бекініс қабырғаларының ҥзындығы 7-
8,5 метрге, ені 4 метрге жеткен. Қҧрылыс заттарында, оның салыну тәсілдерінде айтарлықтай ӛзгеріс
байқалмайды. Қазба кезінде: хумдар, қҧмыралар, қыш қазанның сынықтары, садақтың ҧшы, адамның
кыштан салынған бейнесі, теңгелер сияқты жәдігерлер табылды. Олардың Отырар мен Қҧланнан,
Қырғызстандағы Соқлықтан (Сокулук) табылған қыштан жасалған бҧйымдарға ҧқсастығы
байқалады.
Ҥшінші кезеңде цитадельдің кӛлемі ҥлкейіп, дуалдары қалыңдап, биіктеп, ірі ортағасырлық
қорғаныс орталығына айналды. Бҧл ІХ-ХІІ ғасырлар мерзіміне сәйкес. Цитадельдің сыртқы
қабырғаларын 1,5 м ендікте, 50x26-27x10, 45x26x10, 44x21x2 см қам кірпіштермен ӛріп шыққан.
Нәтижеде, сыртқы дуалдың қалыңдығы 10 метрге жеткен. Қазба барысында мыс шырақтар, қҧмыра,
келі тәрізді ыдыстар, дастарқан, қыш қазан және т.б. табылды. Олар Талас, Шу ӛңірлеріндегі
ортағасырлық қалалардан табылған жәдігерлерге ҧқсас. [4, 127 б.].
Цитадельдің стратиграфиясын анықтау ҥшін жҥргізілген археологиялық қазба жҧмысы
нәтижесінде оның ертедегі ортағасырда ірі әскери бекініс, мемлекет астанасының орталық сарайы
және экономикалық, мәдени орталық болғанын дәлелдейтін қҧнды деректер табылып, оның
қабаттарының қҧрылымы туралы бірқатар мәлімет алынды, сӛйтіп ҧлы ескерткіштің мазмҧнына кӛз
жіберуге қол жеткіздік. Цитадельдің, әсіресе, ҥшінші кезеңі Қарахан империясының бас астанасы
болған жылдарға тура келеді. Бҧл мемлекетке кірген аймақтарда қалалардың саны ғана кӛбейіп
қоймай, оның сапасы да ӛсті, кӛлемдері де кеңейді. IX-XII ғасырларда Қарахан әулеттерінің
басқарған кезеңінде тҥркілер жоғары ӛредегі заттай мәдениет пен ӛркениетке жетті. Ол кездегі
қҧрылысқа қажетті заттардың сапасы да артты.
Цитадельдің стратиграфиясын зерттеу кезіндегі қолға тиген археологиялық деректер
Баласағҧн қаласының эволюциялық даму жолын айқындады. Бҧл қаланың жалпы қҧрылысының,
соның ішінде цитаделінің Орталық Азияның оңтҥстігіндегі орта ғасырлық шаһарлармен ҥндестігі бар
екені байкалады.
Цитадельдің негізі б.з. V ғасырларында салынып, сол кездегі Тҥркеш және Қарлҧқ
мемлекеттерінің басты астанасының орталығы болған. Уакыт кӛшімен бірге цитадельдің кӛлемі де
ҥлкейіп, бекемденген. Қарахан мемлекеті кезінде бҧрынғы қҧрылыстар жаңарып, оның ҥстіне
заманына сай сапалы, бекем бӛлмелер, сарайлар салынған. Тҧрғызылған қҧрылыстар ӛркендеп-ӛскен
ислам ӛркениетінің жетістіктерін айғақтайтын дәрежеде жҥргізілген. Қарахан империясының бас
астанасы Баласағҧн болғанын табылған археологиялық деректер дәлелдейді. Осы кезде Баласағҧнның
цитаделі кӛркейіп, ӛзінің ӛрлеу сатысының жоғарғы дәрежесіне жеткені байқалады. Цитадельден
табылған заттардың ішінен қарақытайлардың (қарақидандардың) ҥстемдік еткен уакытын
сәулелендіретіндей деректер ҧшыраспады. Бҧл кезде цитадельде айтарлықтай қҧрылыс жҥргізілуі
былай тҧрсын, керісінше, ол консервациялық кезеңге тап болды. 1210 жылы Мҧхаммед Хорезмшах
пен Баласағҧнды билеуші қарақиданның Гурханы арасындағы Талас ӛзенінің жағасындағы шайкаста
Гурхан жеңіліп, ӛзінің астанасы болған Баласағҧн қаласының тҧрғындарымен 16 кҥн соғысып, қалаға
14
кіріп, оны 3 тәулік бойы ӛртеген. Осындай қолдан жасалған апаттың ізі цитадельдің жоғары
қабатынан кең кӛлемде анықталды. Осыдан кейін Баласағҧн тарихи сахнадан тҥсіп, 1218 жылы
монғолдар басып кіргендс оларды қираған кҥйінде қарсы алды. Монғолдарға қарсы тҧратын кҥштері
болмағандықтан, Баласағҧнға Шыңғыс хан емін-еркін кіріп, оны «жақсы қала» - «Гобалық» деп
атағаны окырмандарға мәлім.
Шахристан цитадельдің ҥстіңгі кешенінде археологиялык зерттеу жҧмыстарын жҥргізгеннен
кейін, оны қоршаған шахристанның солтҥстік жағы 265 м, шығысы 250 м, оңтҥстігі 255 м, батысы
208 м, жер бетінен биіктігі 9 м кӛлемді алып жаткан шахристанда 1974 жылы 5 жерден қазба
жҧмыстары бастап жҥргізілді.
Батыс Тҥріктердің экономикасы ӛрлеп, калаларда қолӛнер кәсібінің мейлінше дамыған уақыты
екенін кӛреміз. «Қалалар санының артуы, олардың аумағының кеңеюі, қала халқының ӛсуі колӛнер
мен сауданың одан әрі дамуына игі әсерін тигізді... Қолӛнер ӛнімін тҧтынушылар қҧрамы ӛзгерді,
егер бҧрын VII—VIII ғасырларда олар бай кӛпестер мен дикандар болса, енді қатардағы тҧрғындар да
ӛнімді негізгі тҧтынушыларға айналады» [5, 59 б.]. Қала және ауыл тҧрғындарының қолӛнер
кәсібінен шыққан ӛнімдерге қажеттігі кҥшейе тҥскендіктен, ҥлкен қалаларда қолӛнершілер жеке
мамандықтарына сай орналасқан: қыш-қҧмыра жасаушы кәсіпшілер, теміршілер, зергерлер, ағаш
ҧсталары, т.б. Олардың ӛздеріне лайықты шеберханалары болған. Баласағҧнда жҥргізілген
археологиялык зерттеулердің барысында, шахристаннан қыш қҧмырашылардың шеберханасы
цитадельдің солтҥстік-шығысынан ашылды. Бҧл жерде ертедегі шеберхана кеңейіп, Х-ХІІІ
ғасырлардың қолӛнер кәсібінің талабына жауап беретін қыш бҧйымдарды кҥйдіретін бірнеше
камералы (бӛлімшелі) ҥлкен пешке айналған. Бҧл пеште сол кездің хҧмдарын, ҥлкен қҧмыраларды,
қҧмғандар, су қҧбырларын ӛте жоғарғы ыстықта кҥйдірілгені байқалды. Цитадельдің батысында,
рабадтан да қатарынан салынған қыш қҧмыраларды, кҥйдірілген кірпіштерді шығаратын пештер
ашылды. Соған қарағанда, қыш бҧйымдарды дайындайтын, кірпіш кҥйдіретін қолӛнер
кәсіпорындары Баласағҥн қаласында бірнеше жерлерде болған кӛрінеді.
Тарихтың осы кезеңіне жататын қыштан жасалған бҧйымдардың тҥрлері де, сапасы да
бҧрынғыға қарағанда айтарлықтай алға ілгерілегенін кӛреміз. V-XІІІ ғасырларда жапсырып жасалған
қыш ыдыстар басым болса, енді ІХ-ХІІ ғасырларда қыш қолӛнер кәсібінде қҧмыраның ҧршық сияқты
айналатын (қыш станок) қҧралын кең пайдаланып, ҥлкенді-кішілі қыш ыдыстарды, су кҧбырларды
шығарған. Бҧндай жолмен жасалған қыш бҧйымдар ӛте әдемі және сапалы дәрежеде жасалған. Сол
кездегі қыштан заттар жасайтын айналмалы станоктардың негізінде, қазіргі фарфордан бҧйымдарды
жасауда техникалық прогрессивтік қҧралдар пайдаланылуда. Бҧл кезде, жапсыру тәсілімен жасалған
қыш ыдыстар бірте-бірте тҧрмыстан шығып қалған.
Қыш бҧйымдардың барлығы дерлік жоғарғы сапалы тҥрде қызуда кҥйдірілген. Отын ретінде
пайдаланылған сексеуіл Шу ӛңірінде кӛп болған. Сол отынды жағып, оның кӛмірімен пештерді
қыздырып, ӛздеріне кажетті дәрежеде қызу алуға колдары жеткен. Сексеуілдің жалыны ҥлкен қызу
беретіні соншалық, кҥйдірілген кірпіштер еріп, шлакқа (қоқысқа) айналғанын жиі-жиі кездестірдік.
Бҧл қаладан табылған кӛк тҥсті шлактарды ешнәрсемен сындыруға болмайды, сондай қатты,
қолӛнершілердің бҧндай жоғары дәрежеде қыздыра ала білуі - ӛндірістің ӛрлеп ӛскенінің айғағы.
Баласағҧннан шыққан ӛте кӛркем, әрі қҧнды кыштан жапсырылған және қыш ҧршық
сияқты айналдыратын қҧралдар (станок) табылған. Оны пайдалану арқылы жасалған қыш
бҧйымдардың сол кездегі Орталық Азия қалаларынан шыққан бҧйымдарға ҧқсастықтары
бар. Себебі Орталық Азияны мекендеген тҥркілер ежелден бір -бірімен тығыз қарым-
қатынаста болып, ӛздерінің заттай және рухани мәдениеттерін бірлесе жасаған.
Олар кең-байтақ жердің иесі болғандықтан, әр аймақтағы, жан-жағындағы кӛршілеріне
де әсерлері тиген. Мысалы, оңтҥстік тҥркілерге Таяу Азия, Ҥндістан елдері жақын болса,
шығыс тҥркілер Қытай және сол сияқты кӛршілермен қойын-қолтық ӛмір сҥрген. Сондай-ақ
ӛздерінің кӛршілеріне тҥркілер де ӛз әсерін тигізген. Мҧндай этникалық қарым-қатынастар
олардың заттай мәдениетінде ӛрнектелген. Осындай ӛзара байланыссыз бірде -бір халық
ӛмір сҥрмеген.
Баласағҧн қаласын кӛп жылдар бойына археологиялық зерттеудің нәтижесінде қолға тиген
кешенді бҧйымдар ертедегі ортағасырдағы тҥркі халықтарының заттай және рухани мәдениетінің V-
ХІІ ғасырлардағы эволюциялық даму дәрежесін сәулелендіреді. Кӛне замандардан бері отырықшы
мәдениеттің орталығы болған алуан санды қалалар, бекіністер, сарайлар, тҧрақты мекендер салынып,
олар ҥздіксіз дамып келген. Оның гҥлденген дәуірі Қарахан әулеттерінің империясы кезінде болып,
сол кездегі ислам ӛркениетінің алға ӛрлеуіне тҥркілер айтарлықтай ҥлес қосқан. Сол жетістіктердің
15
куәсы жоғарыда келтірілген заттай мәдениеттердің деректері. Осындай мәдени жетістіктер арқылы
жақын және алыстағы кӛршілеріне тҥркілер ӛздерінің әсерін тигізген.
Жоғарыда қысқаша келтірілген деректер, Ақтӛбедегі кӛп жылдық археологиялық зерттеулердің
нәтижесі тарихи Баласағҧнның жасаған ӛмірін баяндайды. Цитадельден, шахристаннан және
рабадтан табылған заттай және рухани мәденисттің қалдықтары біздің жыл санауымыз бойынша V-
ХІІ ғасырларға жатады. Баласағҧн ҧзақ уақыт тҥркі тайпаларының қҧрған мемлекеттерінің басты
астанасы болған. XIV ғасырда ол тарихи сахнадан тҥсіп, оның орналасқан жері осы кҥнге дейін
жҧмбақ болып келген. Тарихи, археологиялық, этнографиялық деректерге қарағанда, әлемге әйгілі
Баласағҥн қаласы феодалдық ӛзара соғыстардың салдарынан монғолдар келместен бҧрын қираған.
Оның тҥрғындарының Шыңғыс ханның шабуылына қарсы тҧратындай кҥштері болмағандықтан,
монғолдарға ӛз еркімен берілгені тарихтан белгілі. Біздің дәуірімізге Ақтӛбе деген жасалмалы атпен
келген кала ертедегі ортағасырлық тарихи Баласағҧн екенін колымыздағы кӛп салалы деректердің
бәрі дерлік дәлелдейді. [6, 89 б.].
Нҧрсҧлтан Әбішҧлы Назарбаевтың тікелей басшылығымен жасалған «Мәдени мҧра»
бағдарламасы республика бойынша жоспарлы тҥрде іске асырылып жатыр. Соның бір айғағы-
археолог-этнолог Уахит Хамзаҧлы Шалекеновтың «V-VІІІ ғасырлардағы Баласағҧн қаласы»
монографиясы. Бҧл еңбекте Тҥркеш, Қарлҧқ, Қарахан, Қытай сияқты орта ғасырлардағы тҥркі
мемлекетінің бас астанасы болған, Ҧлы Жібек жолының солтҥстік тармағында орналасқан Баласағҧн
қаласының тарихы жан-жақты қарастырылған.
____________________
1. Жҥсіп Баласағҧнның «Қҧтты білік» дастанының тәрбиелік мәні // Қазақстанда жоғарғы
педагогикалық білім беруді реформалау: тарихы, тәжірибесі және болашағы. Халықаралық ғылыми-
тәжірибелік конференцияның материалдар жинағы. Х. Досмҧхамедов атындағы Атырау мемлекеттік
университетінің жаңа ақпараттық технологиялар орталығы. −Атырау, 2007.
2. Жҥсіп Баласағҧнидің «Қҧтты білік» дастанындағы ізгілік тәрбиесі // Жаңа Қазақстандағы
этнопсихология мен этнопедагогиканың ӛзекті мәселелері. ХІІІ Республикалық ғылыми-теориялық
конференцияның материалдары. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ҧлттық Университеті. Академик
Т.Т.Тәжібаев атындағы этнопсихология және этнопедагогика орталығы. −Алматы ,2008.
3. «Қҧтты білік» дастанындағы ел басшысының келбеті// «Қазақ тілі мен әдебиеті»
журналы.−Алматы, №1. 2008.
4. «Қҧтты білік» дастанындағы ізгілікті басқарудың мәні // «Рухани- ғылыми мҧра» тақырыбындағы
республикалық ғылыми- теориялық конференция материалдары.− Алматы, 2008.
5. Профессор У.Х.Шәлекенов //Баласағҧн қаласының тарихы Алматы, 2004.
6. Жҥсіп Баласағҧни. Қҧдатғу білік. А, 1990.
Аннотация. В статье вкратце передана история средневековного города Баласагун. О сдневековом
городе Баласагун существуют много исследовании, но наиболее достоверным на наш взгляд
является ученого У.Х.Шалекенова. При написании статьи мы взяли за основу высказывание этого
ученого.
Annotation. On this to the article History of town Balasagun briefly transferred. Many scientific in
investigation towns Balasagun has leaved transactions, the one from they U.H.SHalekenov in opinion of
conclusion investigation of town. Having proceeded labour it scientific, the investigation of work has given
fine results.
Ә.М.Ташқараева
ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ОҢТҤСТІК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ
ҦЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР
ӘОЖ 94.5 (574.53)
Т.26
Тәуелсіз қазақ мемлекеттілігінің жағдайындағы ҧлттық сананың жаңғыруы тарихи танымның
кӛкжиегін кеңейтіп, отандық тарихтың ӛзекті мәселелерін ғылыми тҧрғыда қайта бағалауды қажет
етуде. Тарихи ҥдерістерді шынайы да жан-жақты, әрі қасаң әдістемелік қағидаларға ҧрынбай, еркін
бағалайтын бҧндай ізденістер еліміздің әлемдік қауымдастықтың алдындағы орнын айқындауға
16
қызмет жасайды. Тарих ғылымының алдындағы кҥрделі мәселелерді қамтитын бҧндай кешенді
зерттеулердің қатарына ХІХ ғасырдағы Оңтҥстік Қазақстандағы ҧлт-азаттық қозғалыстар, олардың
кезеңдері, проблемалары да жатады.
ХІХ ғасырда Оңтҥстік Қазақстан жоңғар, башқҧрт, қалмақ және орыс казактарының жан-
жақтан жасаған шапқыншылықтарынан кейін әлсіреп, нәтижесінде зор әлеуметтік-экономикалық
және саяси дағдарысқа ҧшырайды да, Ресей империясының отарына айнала бастайды. Дегенмен,
азаттықты ту етіп кӛтерген және тәуелсіздіктен айрылғысы келмеген қазақтың кейбір билеуші
сҧлтандары ӛздеріне бағынышты руларымен бірге кӛрші жатқан мҧсылман, әрі шыққан тегі бір
туысқан Хиуа және Қоқан хандықтарымен одақтасып, солардың кӛмегімен Ресейдің экспансиясына
қарсы ортақ майдан қҧруға ҧмтылады. Алайда қазақ сҧлтандарының бҧл әрекеттері қазақ руларын
саяси бытыраңқылыққа әкеліп қана қоймай, оның бір бӛлігінің Хиуа хандығының ықпалына тҥсірсе,
екінші бӛлігін, Қоқан хандығының билігіне ӛтуіне жағдай жасады. Яғни, Сырдың тӛменгі ағысын
мекендеген қазақтар патша ӛкіметі мен Хиуа хандығының қыспағында қалса, Жетісу қазақтары да
Қоқан хандығы мен Ресей империясының ықпалына тҥседі.
Хиуа хандығы Хорезм мен оған жапсарлас аудандарға ӛз билігін жҥргізе отырып, ерте кезден-
ақ қазақтармен тығыз байланыстар жасады. Ӛйткені, Хиуа хандығы қазақ хандығы сияқты Жошы
ҧлысының бір бӛлігі болғандықтан, ондағы халықтың басым бӛлігін кӛшпелі қазақтар қҧраған.
Осыған байланысты Сыр бойын мекендеген қазақ рулары Хиуада ең басты саяси рӛл атқарған.
Хиуа хандығының Сыр бойы қазақтарын ӛз билігіне кіргізуге ҧмтылған ҥстемдік саясаты ХІХ
ғасыр басындағы қазақ-хиуа қатынасына тҥпкілікті әсерін тигізді.
Кейін Хиуа хандығы бағытын ҧстанғандардың қатарына Тәуке Қайыпҧлының ҧрпақтары
қосылады. Жанғазы басқарған қазақ рулары Хиуа ханының ықпалында болғанымен ӛздерін дербес
ҧстап, қазақ даласы арқылы Ресейге ӛтетін керуендерді тоқтата отырып, орыстың басқыншылық
саясатына ӛз қарсылықтарын білдіруді жалғастырды. Бҧл кезде Хиуа ханы Ресей империясының
отаршылдық саясатына қазақтармен бірге ашықтан-ашық қарсы шығып қана қоймай, екі елдің әскери
одағын бастап шығады.
Жалпы алғанда, ХІХ ғасырдың 30-40 жылдарында Жанғазымен қатар Хиуа хандығы бағытын
ҧстанған Кіші жҥздің басқа да беделді сҧлтан, би, батырлары болды. Сҧлтандар Қайыпқали Есімҧлы,
Сауқым Бӛлекейҧлы, Ғҧмарғазы Шерғазыҧлы, Қожа тӛре Тәукеҧлы, Бӛрі Тәукеҧлы, Елекей
Қасымҧлы, тархан Жҥсіп Сырымҧлы, батырлардан Жоламан Тіленшіҧлы, Есет Кӛтібарҧлы және тағы
басқа да қазақтың игі-жақсылары Ресейге қарсы кҥресте Хиуа ханын пайдалану жолын таңдады.
ХІХ ғасырдың І жартысында патша ҥкіметінің алдында капиталистік қатынастарға тҥскен
Ресей экономикасына, яғни ӛнеркәсібі мен саудасына шикізат кӛздерін табу ҥшін жаңа отар елдер
иелену мақсаты тҧрды.
Осы мақсатты кӛздеген патша ҥкіметі қазақ даласының оңтҥстігіне екі бағыт бойынша кіруге
ҧмтылады. Бірінші бағыты Сібір шептері арқылы Жетісуға орнығу болса, екіншісі Орынбор жақтан
Сыр бойын басып алғысы келді. Бірақ патша ҥкіметінің Жетісуға жасаған алғашқы қадамы ҥлкен
сәтсіздікпен аяқталды. Ӛйткені, патша ӛкіметіне қарсы қазақ жерлерінің тәуелсіз болғанын қалаған
Қытай, Азияға тӛніп келе жатқан Ресей империясы мен Шығыс Тҥркістанға беделі кҥшті Қоқан
хандығының ортасында орналасқан Жетісуды аралық жер (буферная зона) жасағысы келді.
Аягӛзге дейінгі жерлерді ӛз меншігі деп санаған және сол жерде мекендеген Ҧлы жҥз
қазақтарынан алым жинап тҧрған Қытай мемлекеті бҧл жерлерді орыстарға оңайлықпен бермейтін
еді.
Қытайлықтардың аңысын байқау ҥшін патша ҥкіметі шағын әскери топ жіберуге шешім
қабылдайды. 1824 жылы 24 желтоқсанда жалайырлардың аға сҧлтаны Сҥйік Абылайхановтың ҥй
салып бер деген ӛтінішін сылтауратқан патша ҥкіметі, мҥмкіндігінше Ҧлы жҥз қазақтарына Ресейдың
ҥстемдігін орнату және ондағы саяси жағдаймен танысу, барлау жҧмыстарын жҥргізу, әрі
қытайлықтарға бейбіт саясат ҧстайтындықтарын білдіру мақсатында подполковник Шубин бастаған
әскери топты мәлімет жинауға аттандырады.
Қытай императоры болса патша ҥкіметіне елші жасақтап, Жетісу жерінен кетуді талап етіп,
Сҥйік Абылайхановқа салған ағаш ҥйді және орыс әскерлері тҧратын уақытша баспаналарды
жермен-жексен етуді бҧйырады. Орыс әскерінің негізгі кҥші жоғарыда кӛрсетілгендей, Европадағы
соғыста жҥргендіктен, патша ӛкіметі Қытаймен қақтығыстан қорқады да, оның барлық талаптарын
екі етпей орындайды.
Сонымен қатар, Ресей отаршыларының оңтҥстік ӛңірге кірмек болған екінші бағыты, яғни, Сыр
бойына жасаған алғашқы қадамдары да Жетісудағы секілді ҥлкен сәтсіздіктермен аяқталып отырды.
17
Сыр бойына орнығуды жоспарлаған патша ҥкіметі ең алдымен жергілікті қазақтарды Хиуа
хандығынан бӛлгісі келді. Осыған байланысты патшалық Ресей Хиуаға бірнеше әскери
экспедициялар ҧйымдастырды. Бірақ, әскери жорықтардың кӛпшілігі талқандалады немесе кӛздеген
мақсаттарына жете алмайды. 1833 жылы В.А.Перовскийдің Орынбор әскери губернаторы қызметіне
тағайындалуы Хиуа жорығына жаңадан серпіліс беріп, 1839 жылы 12 наурызда І Николай Хиуаға
жорықты бастауға жарлық шығарып, оған жан-жақты дайындалуға рҧқсат береді.
Алайда, В.А.Перовскийдің әскери жорығы ауа-райының қолайсыздығына байланысты ауыр
шығындарға ҧшырап, кейін қайтады. Бҧл экспедиция патша ҥкіметінің Хиуаны жаулап алуға әлі
дайын еместігін кӛрсетіп берді. Сондықтан, патша ҥкіметіне Оңтҥстік ӛңірге басып кіру ҥшін Сыр
бойында жҥргiзген саясатына тҥпкілікті ӛзгерiс енгiзу қажет болды. Сол себептен Хиуа жорығынан
кейін патшалық Ресей ӛзінің Оңтҥстікті жаулаудағы негiзгi бағытын ӛзгертедi. Ендігі кезекте патша
ҥкіметі басты соққыны Хиуа хаңдығына емес, Қоқан бағытына қарай аударады. Оған 1840 жылы
басталған Бҧхара мен Қоқан арасындағы соғыс және Қоқан хандығының ішінде ҥзіліссіз басталған
азамат соғысы қолайлы жағдай туғызып, Ресей империясына тӛтеп берудегі оның қорғаныс қабілетін
мҥлдем тӛмендетіп жібереді.
Нәтижесінде, уақыт кӛрсеткендей орыс әскерлерінің Оңтҥстік Қазақстан арқылы Орталық
Азияға ешқандай кедергісіз баса-кӛктеп кіруіне жағдай жасалды.
ХІХ ғасырдың басында Оңтҥстік Қазақстанға басып кірген Ресей империясына жергілікті
халық тарапынан кӛптеген қарсылық кӛрсетілді. Әсіресе, Жетісу ӛңірін мекендеген қазақ рулары
отаршылдарға қарсы белсенді кҥреске шығып, Ресей билігін мойындағысы келмеді.
Ал Ресей билігіне кіргісі келмеген қазақтарды патша ӛкіметі аяусыз жазалап, билігін кҥшпен
ғана мойындатқан. Мәселен, патша шенеунігі М.Н. Муравьевтің жазуы бойынша «Орта Азия мен
Қазақстан Ресейге қарағанда Англияның ықпалына тез тҥсуі мҥмкін. Сондықтан, бҥкіл Орталық
Азияны Англия жаулап алмай тҧрғанда, жергілікті халықпен ешқандай дипломатия мен келіссӛз
жҥргізбестен, орыс әскерінің қаруының кҥшімен тездетіп басып алған жӛн. Олай болмаған жағдайда
Ресейдің Азиядағы саясаты сәтсіздікке ҧшырайды».
Патша ҥкіметінің Оңтҥстік Қазақстанға ҧмтылысына Жетісу қазақтары, сондай-ақ Сыр бойын
мекендеген қазақтар да қарсылық жасаған. Сырдың қазақтары негізінен Ресей империясының ӛңірге
орналасу мақсатында онда бекіністер салу әрекеттеріне кӛтерілістермен жауап берді. Әсіресе, патша
ӛкіметінің Райым бекінісінің қҧрылысын салуы бҧл ӛңірді мекендеген қазақтардың наразылығын
туғызып, аяғы ашықтан-ашық қарсылықтарға ҧласады.
Патша әкімшілігінің Сыр бойына қарай жылжуына қарсы қазақтардың кӛтеріліске шығуын
Хиуа ханы да жан-жақты қолдап, ӛз белсенділігін арттыра бастайды. Хиуа ханының ӛкілдері қазақ
ауылдарына келіп, оларды орыстарға қарсы жаппай кӛтеріліске шығуға шақырса, хиуалық әскерлер
қазақ кӛтерілісшілерімен бірігіп, орыстардың барлаушы әскерлеріне және орыстардың ықпалындағы
ауылдарға шапқыншылықтарын кҥшейтеді.
Қазақ сҧлтандарымен қатар шектілердің батыры Есет Кӛтібарҧлы да Кіші жҥз қазақтарының
руларына хаттарын жіберіп, онда оларды мҧсылмандық бірлікке шақырады.
ХІХ ғасырдың бірінші ширегінде патша ҥкіметінің қазақ даласының оңтҥстік ӛңірін басып
алудағы ҧмтылысы шешуші кезеңге ӛтеді.
Осы мақсатты жҥзеге асыру ҥшін патша ӛкіметі Жетісу ӛлкесін бағындыруды Батыс Сібір
генерал-губернаторлығына, ал Сыр бойын жаулауды Орынбор генерал-губернаторлығына тапсырды.
1846 жылы тамызда Қапал бекінісінің салынуы патша ӛкіметінің ӛлкедегі позициясын нығайта
тҥседі. Қапал бекінісі салынғаннан соң 1848 жылы тікелей Ҧлы жҥз қазақтарын бақылаумен
айналысатын «Ҧлы жҥз қазақтарының Приставы» деген атпен белгілі әскери-әкімшілік мекемесі
ашылады.
Сол себептен, ХІХ ғасырдың 40-жылдары патшалық Ресей басқыншылары Жетісу ӛлкесін
жаулауда ӛлкеге басып кіретін әскери кҥштерді топтастыра отырып, оларды бекініс шептеріне
орналастырады және әскери-әкімшілік билік орындарын ҧйымдастырды.
Сӛйтіп, патша ӛкіметі Жетісу ӛлкесін ашық тҥрде әскери қарудың кҥшімен бағындыруға
кӛшеді.
ХІХ ғасырдың І жартысынан бастап патша ӛкіметінің Қазақстандағы отаршылдық саясатын
жалғастырған орыс әскери-әкімшілігі Ресей билігін сӛз жҥзінде ғана мойындаған Ҧлы жҥз руларын
біржола бағындыру мақсатындағы іс-шаралар жҥргізе бастайды.
Атап айтқанда: біріншіден, Ҧлы жҥздегі қазақ руларының ӛзара байланысын ыдырату және
оларды бір-біріне айдап салу арқылы кҥш-қуатын әлсірету мақсатында олардың арасындағы ертеден
келе жатқан жер, жесір даулары сияқты талас-тартыстарды қолдан ӛршітті;
18
Екіншіден, Ҧлы жҥз қазақтарының игі жақсылары мен белгілі тҧлғаларына шен-шекпен пен
арнайы сыйлықтар таратып, олардың Ресей билігіне деген қызығушылығын туғызды;
Ҥшіншіден, Ресей билігін мойындағысы келмеген қазақ руларына жазалаушы әскер топтарын
жіберу және қазақтардың арасында бақылау мен қатал «тәртіп» орнату ҥшін бекіністер мен шептер
жҥйесін қҧрып, оған мықты қаруланған әскери гарнизондарын орналастырды және тағы басқа;
Осы іс-шаралардың негізінде ХІХ ғасырдың алғашқы ширегінде Жетісу ӛлкесінде кҥрт
шиеленіскен жер дауы Ҧлы жҥз қазақтарының арасында ең маңызды саяси факторға айналды.
Нәтижесінде Жетісу ӛлкесін мекендеген жергілікті тҧрғындарда руаралық жанжалдардың пайда
болуы мен патша ӛкіметінің билігіне ӛтуі осы жер дауына байланысты ӛрбиді.
Наймандар мен жалайырлардың арасындағы талас-тартыс Ресей әкімшілігіне Жетісу жерінде
округ ашуына ӛз септігін тигізді.
Сол себептен жалайырлардың Ресей билігін қабылдауы орыстардың Жетісу ӛлкесіне басып
кіруіне жол ашып, Ҧлы жҥз қазақтарының тағдырын шешіп берді. Ҧлы жҥз қазақтарының бір бӛлігін
бағындырған орыс патшалығы, енді қазақтардың басқа руларына ашық тҥрде жорық жасайды. Патша
әкімшілігі соның ішінде Қытайға қарайтын албан-суандардың руларына маза бермейді.
Нәтижесінде орыстардың соққыларына тӛтеп бере алмайтынын білген Ҧлы жҥз қазақтарының
кӛптеген сҧлтандары мен билері патша ӛкіметінің қол астына ӛтуді жӛн кӛреді.
Жалайырлар мен шапыраштылардың жерлерінен айрылуы, Ҧлы жҥз қазақтарының арасында
жайылымдар мен қыстаулардың жетіспеушілігі патша ӛкіметіне Жетісу ӛлкесіндегі отаршылдық
саясатын одан әрі кҥшейтуге жағдай жасап, осы жер дауын ушықтыру арқылы әлі де Ресейдің билігін
мойындамаған, мойындағанымен жетегіне жҥргісі келмеген кейбір қазақ рулары мен қырғыздардың
кҥші мен бірлігін әлсіретуге тырысты.
Әсіресе, патша әкімшілігі Жетісу ӛлкесіндегі Ресейдің билігіне ӛте қауіп тӛндірген белгілі
тҧлғалар Тойшыбек, Байсейіт, Әли, Тезек, Сҧраншы, Диқанбай және тағы басқа қазақтың сҧлтандары
мен билерінің халық алдындағы беделіне нҧқсан келтірмек болып, жайылымдарынан айрылған
руларды солардың иелігіндегі жерлерге қоныстандырады. Патша әкімшілігінің бҧл жерде ойлаған
мақсатында қарамағындағы рулар жерден таршылық кӛрсе, бірінші кезекте ӛздерінің билеушілеріне
қарсы шығып, бізден кӛмек сҧрайды, сол арқылы олардың билігін шектейміз немесе оларды кӛнбіс
билеушілермен алмастырамыз деген саясат жатты.
Қазақ игі жақсыларының ішінде патша әкімшілігіне Шығыс Тҥркістанмен байланысы мықты
аға сҧлтан Тезек Нҧралиев басқарған албандар қауіпті болып саналды. Албандарды ӛте қауіпті
санаған Жетісудағы патша әкімшілігі губернатордың берген нҧсқауын бҧлжытпай орындап, олардың
жеріне дулаттар мен жалайырларды қоныстандыру жӛнінде нҧсқау беріп, айдап салады. Тезек сҧлтан
да дулаттар мен жалайырларға қарсы іс-әрекетке барып, ӛз жерін қорғауға әрекеттенеді.
ХІХ ғасырда Қазақстанның оңтҥстігіндегі саяси жағдай оның қалған бӛліктеріндегі жағдайдан
ерекше болды. ХІХ ғасырдың басында Оңтҥстік Қазақстан Орта Азиялық мемлекеттер – Хиуа, Бҧхар
және ең ҥлкен дәрежеде Қоқан экспансиясының объектісіне айналды. Қазақстанның оңтҥстігінде
олардың ҥстемдік ету кезеңі біршама аз уақыт аралығын, шамамен 1810-1866 жылдар аралығын
қамтыса да, бҧл кезең - аймақтың Ресей империясына қосылуының тікелей алдында болған маңызды
кезең. Оңтҥстік Қазақстан ӛзін қазақтардың басқа облыстардан сондайлық ерекшелендіретін сипатты
белгілеріне нақ сол кезде тҥпкілікті ие болған еді.
Орта Азияның отырықшы халқы мың жыл бойы Дешті- Қыпшаққа қорқынышпен қарап келді.
Әр тҥрлі дәуірлерде Орта Азияға ӛз әулеттерін отырғызып қоятын жаулап алушылар толқыны сол
жақтан келетін. Дешті-Қыпшақтың тым болмағанда бір бӛлігін бағындыру және бҥкіл ішкі Азияның
мҧсылмандары кең кӛлемде қадірлейтін «99 000 шайхылар жетекшісін» иелену қоқан ханының
беделін болып кӛрмеген биікке кӛтерді.
ХІХ ғасырдың соңынан бастап Орта Азия феодалдары қазақтарды ӛздерінің қол астына
қаратуға, олардың жерлеріне бекіністер салып, қазақ даласына әскери жасақтар жіберіп, халықтан
алым-салық жинауды жҥзеге асыруға барынша ҧмтылыс жасағаны белгілі.
XIX ғасырдың басында қазақтың кең даласында, Арал маңы мен Ҥстіртте, Қазақстанның тау
маңы мен таулы аймақтарында, Ташкент пен Хорезм жазираларында қазақтар кӛрші Орталық
Азияның басқа да халықтарымен тығыз, экономикалық байланыс жасап, олармен еңбек тәжірибесі
және шаруашылық ӛмірдің жетістіктерін алмастырып пайдаланған.
XIX ғасырдың басында Хиуа мен Қоқан хандары Оңтҥстік Қазақстанға ӛз бақылауларын
орнатты. Қазақтар Қоқан мен Хиуа билеушiлерiне қарсы жиi-жиi бас кӛтерiп отырды. 1821 ж. Тентек
тӛре басқарған Тҥркiстан, Шымкент, Әулиеата маңы қазақтары Қоқан билеушiлерiне қарсы
кӛтерiлiске шықты. Кӛтерiлiсшiлер Сайрам қаласын шабуылмен алды. 1819 ж. 18 қаңтарда Сҥйiн
19
Абылайханов сҧлтан ӛзiне қараған 55462 адаммен Ресейге адал болатыны туралы ант бердi. 1845-47
ж.ж. Ҧлы жҥз рулары (оңтҥстікте кӛшiп жҥрген, Қоқан хандығына бағынатындарынан басқалары)
Ресейге қарады. 1847 ж.ж. Орта жҥз қазақтарының басым кӛпшiлiгi Ресей боданы болып,
Қазақстанның империяға қосылу процесi аяқталуға жақындады. Әскери-әкiмшілік отарлау XIX
ғасырдың II-жартысына дейiн жалғасты. 1831 ж. Аягӛз, 1847 ж. Қапал, 1854 ж. Верный әскери
бекiнiстерi салынды. 1855 ж. Лепсi, Ҥржар станицалары салынды. Жетiсу ӛлкесiнде 1847-67 ж.ж.
аралығында казак-орыстар тҧратын 14 станица орын тептi. Бҧл бекiнiстер Ресейдiң Iле ӛзенінiң арғы
бетiндегi билiгiн нығайтуға арналған тiрек пункттер болды. 20-40 жылдары Қарқаралы, Кӛкшетау,
Аягӛз, Ақмола, Баянауыл, Аманқарағай округтерiн қҧру аяқталды. Ҧлы жҥздiң Ресейге қосылған
аудандарын басқару ҥшiн 1848 ж. Бат. Сiбiр генерал-губернаторына бағынатын Ҥлкен орданың
приставы лауазымы белгiлендi.
Ресей XIX ғасырдың 40-жылдарында Хиуа хандығына шабуыл жасады. Хиуа хандығы бҧл
кезде Мервтi басып алып, Маңғыстау, Ҥстiрт пен Сыр қазақтарына билiк жҥргiзiп тҧрған болатын.
Бiрақ, В.А. Перовский басшылық еткен Хиуаға қарсы жорық (1839-40) сәтсiз аяқталды. Бҧл кезде
Ауғанстан, Иран, Қытайдың батысында, Бҧхарада, Хиуада, Қоқанда, Қазақстанның оңтҥстігінде
ағылшындар әрекет ете бастаған. 1839 ж. ағылшындар Ауғанстанға басып кiрдi. Кенесары Қасымҧлы
бастаған қозғалыс (1837-47). XIX ғасырдың алғашқы ширегiнде патша ҥкiметi Қазақстанға
әкiмшілдік-саяси ӛзгерiстер енгiзуге тырысты. 1822 жылғы ―Сiбiр қазақтары туралы жарғы‖ далалық
аудандарды басқарудың қҧрылымын ӛзгерттi. Ендi басқарудың округтiк жҥйесi енгiзiлдi. Қарқаралы
(бҧрынғы Бӛкей ханның иелiгiндегi) және Кӛкшетау (Уәли ханның иелiгiндегi) округтерiн қҧрып,
Орта жҥз бен Ҧлы жҥздiң рулары мекендеген аймақтардың тҥйiскен жерiндегi жайылымдарды
тартып ала бастады. ХІХ ғасырдыңдың 30-жылдарында отаршылдық саясатқа қарсы Абылайдың кiшi
ҧлы Қасым тӛре бас кӛтердi. Қоқан хандығына арқа сҥйемек оймен, 40 мың ҥймен Қоқан
хандығының қол астына кӛшiп барды. Оның қоқандықтардан кҥткен ҥмiтi ақталмады. Ҧлдары
Саржан, Есенгелдi, кейiнiрек ӛзi мерт болды. Отарлық езгiнiң кҥшеюi, шҧрайлы жерлердi тартып
алып, бекiнiстер салу Кенесары Қасымҧлы бастаған қазақ халқының ҧлт-азаттық қозғалысын (1837-
47) тудырды. 1838 жылдың кӛктемiнен бастап, Кенесары жасақтары патша әскерiне қарсы жоспарлы
кҥрес жҥргiздi. Ақмола қаласын қиратты, Қоңырқҧлжа ауылын шапты. 1840 ж. кҥзде Ырғыз бен
Торғай маңында патша әскерiмен қарулы қақтығыс басталды. 1841 ж. қыркҥйекте ҥш жҥз ӛкiлдерi
Кенесарыны хан етiп сайлады. Кенесары ел билеу тәртiбiн ӛзгерттi. Алым-салық реформасы iске
асырылды. Егiншiлiктi дамытуға, кӛршi елдермен сауда-саттық жасалып, керуеннен салық алынатын
болды. Хан кеңесi қҧрылды. Жасақтар жҥздiктерге, мыңдықтарға бӛлiндi. Кенесары орыс ҥкiметiмен
тату кӛршiлiк қарым-қатынас орнатуға тырысты. 1841-42 ж.ж. Кенесары жасақтары қоқандықтарға
қарсы соғыс жҥргiздi. Созақ, Сауранды алды. Қоқандықтар Кенесарымен келiссӛз жҥргiзуге мәжбҥр
болды. Бҧхар әмiрi, Хиуа хандығы Кенесарымен тҥсiнiстiк қатынасқа кӛштi. 1843 ж. Орынбор
генерал-губернаторы Перовский орнына келген генерал В.А.Обручев Батыс Сiбiр губернаторы
П.Д. Горчаковпен бiрге Кенесарыны қуғындауға кiрiстi. Ырғыз ӛзенінің бойында патша әскерiнiң бiр
тобымен кездескен Кенесары патша ҥкiметiмен келiссӛз жҥргiзiп жатқанын айтып, соғысты
болдырмады. Бҧл тҧста екi жақ та әскери дайындығын мҧқият жҥргiзiп жатты. 1844-45 ж.ж. кӛтерiлiс
ӛршiдi. Оған Сыр бойының оңтҥстіктiң қазақтары қосылды. Кенесары ӛз әскерiнiң санын 20 мың
адамға жеткiздi. Кенесары жасақтарын қҧрту, халық қозғалысын басу ҥшiн 1844 ж. жазда Ор
бекiнiсiнен, Ҧлытаудан, Тобыл ӛзені бағытынан шыққан патша әскерiнiң ҥш тобымен кескiлескен
шайқастардан соң, 1845 ж. Кенесары Ҧлы жҥз жерiне қоныс аударып, халық кҥшiн бiрiктiрудi,
қырғыздармен одақтасып, Қоқан хандығына шабуыл жасауды, сӛйтiп олардың қол астындағы
қазақтарды азат етудi мақсат еттi. Қытаймен келiссӛз жҥргiзу ҥшiн, Қҧлжаға елшi жiбердi. 1845 ж.
қазан-қараша айларында Кенесары әскерi Қоқан хандығына жорыққа аттанды. Олар Қорған, Жаңа
Жҥлек, Созақ бекiнiстерiн алды. Патша ҥкiметi қырғыз манаптарын, Кенесарыға қас бай-
сҧлтандардың басын қосып, кӛтерiлiсшiлерге соққы берудi iске асыруға кiрiстi. 1847 ж. сәуiрде
Кенесары жасақтарымен қырғыз жерiне басып кiрдi. Қырғыздармен соғыс Ыстықкӛлдiң тау шатқалы
қойнауында, Шу ӛзенінің жоғарғы ағысында ӛттi. Кенесарыны Тоқмақтың маңында Кеклiк-Сеңгiр
тауындағы Майтӛбе деген жерде қырғыздар мен генерал Вишневский жасағы, Қоқан хандығы әскерi
қоршауға алып тҧтқынға тҥсiрдi де, айуандықпен ӛлтiрдi.
Хиуа, Қоқан хандары Сырдың тӛм. ағысы бойындағы, Ырғыз, Торғай, Ембi ӛзендерiнiң
бойындағы қазақтарды билеуге тырысты. Сырдың тӛменгі ағысы бойындағы Жаңадария және
Қуаңдария алқаптарын басып алып, әскери бекiнiстер салды. Қазақтардан зекет пен ҧшыр жинады.
Сыр қазақтары Хиуа, Қоқан езгiсiне қарсы кӛтерiлдi. Оны әлiм руынан шыққан Жанқожа
Нҧрмҧхамедҧлы басқарды. 1843 ж. Жанқожа батырдың жасақтары Қуаңдария бойындағы хиуалықтар
20
қамалын, кейiнiрек Бесқала қамалын талқандады. Сыр қазақтары солтҥстік-батыс жақтан қауiп
туғыза бастаған орыстарға да қарсы шықты. 1849 ж. Райым бекiнiсiне Орынбор казак-орыстарының
алғашқы 26 отбасы қоныстанды. Олар қазақтарды отырған жерлерiнен ығыстырды. 1853 ж. орыс
әскерi Ақмешiттi басып алды. Сӛйтiп, Сырдария әскери желiсi пайда болды. Оған Райым бекiнiсiнен
Ақмешiтке дейiнгi жерлер кiрдi. Бҧл жерлерде отаршылар қатаң тәртiп орнатты. 1857 жылға дейiн ҥш
мың қазақ отбасы жерiнен айрылды. Ресейге қарсы Сыр қазақтарының кӛтерiлiсi 1856 ж. желтоқсан
айында басталды. Кӛтерiлiс бҥкiл Қазалы ӛңiрiн қамтыды. Казак-орыстардың Солдатская слободасы
кентiн жойып, 1856 ж. соңында Жанқожа Қазалы фортын қоршады. Бiрақ, кҥшi басым
дҧшпандарынан жеңiлiп, Жанқожа 20 шақты қазақ ауылдарымен Сырдың оң жағалауына, Хиуа
хандығының жерiне ӛтiп кеттi.
1853-58 жылдарда Есет Кӛтiбарҧлы бастаған Кiшi жҥз қазақтарының кӛтерiлiсi болды.
Кӛтерiлiстiң шығуына Арал теңізінiң батыс жағындағы Ҥлкен және Кiшi Борсықты, Сам қҧмын,
Сағыз, Жем ӛзендерiнiң бойын мекендеген шектi руына тҥтiн салығын салу, әскери мақсат ҥшiн кҥш-
кӛлiк алу, бекiнiс салынуы салдарынан жайылымдықтардың тарылуы себеп болды. 1855 жылғы 8
шiлдеде Есет жасақтары А.Жантӛрин сҧлтанның лагерiне шабуыл жасап, оны ӛлтiрдi. Бiрақ, қару-
жарақ жетiспей, кӛтерiлiсшiлер шегiнуге мәжбҥр болды. Есеттiң қолға тҥскен 18 сарбазын патша
ҥкiметi Сiбiрге айдап, 3 адамын атты. 1858 ж. қыркҥйекте Сам қҧмында жеңiлген Есет кӛтерiлiстен
бас тартып, ҥкiметке адал қызмет етуге уәде бердi.
1854 ж. Верный (Алматы) бекiнiсi салынғаннан кейiн, Батыс Сiбiрден Жетiсуға қазақ-орыс
әскерлерi мен орыс шаруалары қоныс аудара бастады. Жетiсуда ҥстемдiк етуден бiржолата айырылу
қаупiнен қорыққан Қоқан ханы қазақ, қырғыздарды ӛз уысында ҧстауға бар кҥшiн салды. Әулиеата,
Мерке, Пiшпек (қазiргi Бiшкек), Тоқмақ, т.б. бекiнiстердiң гарнизондарын кҥшейттi. 1860 ж. кҥзде
Қоқан ханы Верный бекiнiсiне шабуыл жасауға 20 мыңдай әскер жiбердi. Ҧзынағаш тҥбiндегi
шайқаста (1860 ж. қазан) Г.Колпаковский бастаған шағын отряд қазақ жасақтарының кӛмегiмен
Қоқан әскерлерiн жеңдi. Ҧзынағаштағы жеңiс Жетiсуды Қоқан ҥстемдiгiнен қҧтқарғанымен, ендi
Ресей империясының езгiсiне салып бердi.
XIX ғ-дың 60-жылдарында Қазақстанның Ресейге қосылу ҥрдiсi аяқталды. Каспий жағалауынан
Алтайға дейiнгi, Тобыл ӛзендерінен Тянь-Шань тауына дейiнгi ҧлан-байтақ ел Ресей империясының
қҧрамына ендi. Патша ҥкiметi осы кең ӛлкенi басқару мақсатымен реформалар жҥргiздi. 1867 ж.
Тҥркiстан генерал-губернаторлығына бағынатын Жетiсу және Сырдария облыстары, ал 1868 ж.
Орынбор генерал-губернаторлығына қарасты Орал мен Торғай, Бат. Сiбiр генерал-губернаторлығына
қарайтын Ақмола және Семей облыстары қҧрылды. Облыстар уездерге, уездер болыстарға, болыстар
ауылдарға бӛлiндi. Әкiмшілік бӛлiктер аумағы принцип бойынша ҧйымдастырылды. Патша ҥкiметi
―рулық бiрлестiктiң‖ рӛлiн тӛмендетiп, ру ақсақалдары мен билерiнiң ықпалын жоюды кӛздедi.
Барлық жер мемлекет меншiгi деп жарияланды. Қазақстандағы 1867-68 жылдардағы реформалар сот
қҧрылысына да ӛзгерiстер енгiздi. Қазақстанда Ресей империясының қҧқығы мен соты қолданылды,
сонымен бiрге iшiнара әдептiк қҧқық пен билер соты да қалдырылды. Бiрақ билер соты тежелiп, ел
басқарудың жаңа жҥйесiне икемделдi.
Ресейде аграрлық мәселенiң шешiлмеуi, қазақ даласына қоныс аудару саясатының жоспарлы
тҥрде жҥргiзiлуi ӛлкенiң әлеуметтік-экономикалық жағдайына ӛзгерiстер енгiздi. Бҧрынғы жаппай
кӛшпелi шаруашылықтардың орнына, ендi отырықшылықпен қатар мал бағу және егiн егу сияқты
шаруашылықтың жаңа тҥрлерi орныға бастады. Ҥкiметтiң қауымдық жерлердi тартып алып, кҥнкӛрiс
жер-судан айыруы қазақ қоғамының әлеуметтік бӛлшектенуiн туғызды. Қазақстанда ӛнеркәсiп
ӛндiрiстерi, тҥрлi кәсiпшiлiк ашылып (мыс, ауылшаруашылық шикiзаттарын ӛңдейтiн — май
шайқайтын, терi ӛңдейтiн, ҧн тартатын, т.б.), жедел дами бастады. Шымкент пен Тҥркiстанда мақта
тазалайтын зауытттар, ал Верный қаласында темекi шығаратын екi кәсiпорын жҧмыс iстедi. Арал
теңізінде, Павлодар уезiндегi Қарабас каласынде тҧз ӛндiру қолға алынды. Әсiресе, ғасыр басында
оның маңызы кҥшейдi. Тҧз жергiлiктi мҧқтаж ҥшiн де, сол сияқты шетке шығару ҥшiн де ӛндiрiлдi.
Олардың неғҧрлым iрiлерi Iшкi ордадағы 5 мың қазақ жҧмыс iстеген Басқҧншақ, Павлодар уезiндегi
Коряков кәсiпшiлiктерi едi. Жайық, Ембi, Ертiс ӛзендерi, Арал мен Каспий теңіздерi айдындарында
балық кәсiпшiлiгi жанданды. Қазақстанда XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Спасск
мыс қорыту зауыты, Успенск мыс кенiшi, Қарағанды кӛмiр кенiшi, Екiбастҧз және Риддер
кәсiпорындары шет ел ӛнеркәсiпшiлерiнiң де (АҚШ, Германия, Бельгия, Швеция) назарын аударып,
ӛлке байлығы талан-таражға тҥстi. XX ғасырдың басында алтын шығару, кӛмiр ӛндiру (Екiбастҧзда,
Қарағандыда), мҧнай (Батыс Қазақстанда, Орал-Ембi аймағында) шығару арта тҥстi. Ресейде
капитализмнiң кең қанат жайып, оның ҧлттық шет аймақтарына таралуы нәтижесiнде Қазақстанда
банк бӛлiмдерi мен несие мекемелерi қҧрыла бастады. Мемлекеттік банктiң ӛлкедегi бӛлiмдерi,
21
сауда-ӛнеркәсiптiк орталықтары Оралда (1876), Петропавлда (1881), Семейде (1887), Омбыда (1895),
Верныйда (1912) ашылды. Сауда-саттық, алыс-берiс қҥшейдi. Негiзiнен мал сатылды. Әр жазда Ресей
орталығына Ақмола, Қарқаралы және Сарысу уездерiнен 60 мыңға тарта iрi қара мал, 200 мыңға
тарта қой жiберiлiп тҧрды. Сыртқа шығарылатын астық кӛлемi де артты. Орал, Орынбор, Семей қ-
лары астықпен сауда жасаудың iрi орталықтарына айналды. XIX ғасырдың екiншi жартысы мен XX
ғасырдың басында сауда-саттықтың жаңа — жәрмеңкелiк тҥрi пайда болды. Қарқаралы уезiндегi
Қоянды, Петропавл уезiндегi Тайыншакӛл, Ақмола уезiндегi Константиновск, Атбасар уезiндегi
Перовск, Верный уезiндегi Қарқара жәрмеңкелерi неғҧрлым iрi сауда орталықтары саналды. XX
ғасырдың басында қала халқының саны ӛсе тҥстi. Орал (47,5 мың адам), Петропавл мен Верный (43,2
мыңнан), Семей (34,4 мың) iрi қалалар саналды.
Қазақстанда ӛнеркәсiптiң дамуында темір жол. зор рӛл атқарды. Ӛлкеде Орынбор-Ташкент,
Троицк, Алтай және Жетiсу темір жолдарын салу жеделдетiлдi. 1917 жылға дейiн Қазақстанда
барлығы 2793 км жол тӛселдi. Су жолдары да (Семей облысында) пайдаланылды. Ертiс ӛзені арқылы
―Пароход шаруашылығы мен Батыс-Сiбiр сауда серiктестiгi‖ компаниялары жҥк тасыды.
Ӛнеркәсiптiң дамуы, темір жол, су жолдардың кеңiнен пайдаланылуы Қазақстанда жҧмысшы
кадрларының қалыптасуына алғышарт жасады. 1913ж. ӛлкедегi жҧмысшылар саны 75 мың адамға
жеттi. Ал Қазан тӛңкерiсi мен ӛзгерiстер жҥрiп жатқан кезеңде Қазақстан жҧмысшыларының саны 90
мыңға жеттi. Фабрика-зауыттарда жҧмыс iстеген қазақ жҧмысшыларының тҧрмыс жағдайы тӛмен
(жҧмыстың ең ауырына жiберiлдi, мардымсыз жалақы тағайындалды, кӛптеген айыппҧл салынды,
басқа ҧлт жҧмысшыларынан кемсiтiп, алалаушылық орын алды) болды. XIX ғасырдың соңы мен XX
ғасырдың басында қазақ ӛлкесi Ресейге толығымен кiрiптар кҥй кештi.
Отырықшы халықтың суармалы егіншілігінің жергілікті жағдайы мен ӛмір салтына бейімделуі
және малшылардың кӛшпелі жҥйесі ӛз кезегінде европалықтарды таң қалдырды. Мысалы, Ташкентті
жаулағаннан кейін генерал Черняев жергілікті тҧрғындардың шаруашылық ӛмірімен таныса келіп,
1865 жылғы 23 сәуірдегі ӛзінің мәлімдемесінде былай деген: «Біздің тарапымыздан елге егін
шаруашылығына байланысты кӛмек керек емес сияқты, себебі мҧнда егін шаруашылығы мен мал
шаруашылығы жоғарғы сатыда дамыған». Ӛзбек және қазақ халқының бір-бірімен шаруашылық
тәжірибелерімен алмасуы сол заман ҥшін лайықты шаруашылық типтерін жасап шығарғанын
дәлелдейді.
XVIII ғасырдың екінші жартысынан бастап қоғамдық қҧрылысқа, кӛшпелі қоғамның
эволюциясы мен трансформациясына маңызды ӛзгерістер әкелген бірқатар саяси және экономикалық
себептердің әсерінен бҥкіл Қазақстан территориясында егіншілік мәдениетінің кӛтерілуі байқалады.
Бҧл жағдай ескі суландыру қҧрылыстарының жӛнделуінен, жаңа ірі қҧрылыстардың салынуынан,
суармалы жердің кӛлемінің ҧлғаюынан, тҧрғындардың кӛп бӛлігінің тҧрақты тҥрде егіншілікпен
айналысуға ауысуы еңбекте кӛрініс табады.
Сондай-ақ, бҧл кезде Орталық Азияның отырықшы халықтары қолдан суарылатын егін
шаруашылығын жҥргізді. Ал ӛзбек, тҥрікмен, қырғыз және Қазақстанның Оңтҥстігіндегі қазақтар
жартылай отырықшы болды. Олар суармалы және суармалы емес егін шаруашылығын, мал
шаруашылығын жҥргізудің қыр-сырымен бӛлісті.
Ӛзбек халқы қазақтардың шаруашылық ӛміріне елеулі ықпал жасады. Осының арқасында
қазақтардың кейбір топтары егін шаруашылығына, отырықшылыққа кӛшті.
Қазақ малшыларының егін шаруашылығына кӛшуіне Қоқан хандығы тҧсындағы ӛзбек
егіншілерімен тығыз байланыс та әсер етті. Қазақ еңбекшілері ӛзбектермен жер ӛңдеуді және кӛрші
бола отырып, олардан ирригация жҧмысын атқаруды ҥйренді, еңбек қҧралдарын жетілдірді, тҧқымды
сақтау әдістері және т.б. егіншіге керекті білімдерін толықтырып отырды.
Кӛшпелі қазақ елі мен Орта Азия халықтарының арасындағы ӛзара сауда байланыстарын
зерттеудің маңызы ғылыми қызығушылық туғызумен қатар бірқатар жаңалықтардың ашылуына да
әкелуі мҥмкін. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қазақ даласында сауданың ҥш тҥрі – айырбас
сауда, жәрмеңке және тҧрақты сауда орындары болды. Сауданың бҧл тҥрлерінің ӛзі де шаруашылық
типіне сәйкес дамыды. Орта Азия саудагерлері ӛздерінің тауарларын ҧсақ және ірі мҥйізді малға
айырбастаған. Мысалы, жыл сайын айырбастаған малдан Ташкентке 200 мың, Қоқанға 100 мыңға
жуық, ал Бҧқараға 100 мыңға дейін қой айдап отырған.
Кейінірек Оңтҥстік Қазақстан территориясында егіншілік дамып, бҧл аймақтан алынған астық
Ферғана аңғарына жіберіліп отырды. Жаздың базарлы кҥндері Қоқан базарларына 80-нен 100 арбаға
дейін астық тҥсетін. Мҧрағат мәліметтері бойынша, XIX ғасырдың 60 жылдарының аяғында Верный
қаласынан Қоқанға кҥн сайын 250-ден 400 мыңға дейін кҥміс ямбылар (қҧймалар) әкелінген екен.
22
Қазақтардың Орта Азия хандықтарымен сауда-саттық қорытындысы бойынша Ташкент қаласы
ҥлкен маңызға айналды. Қазақ далаларының Орта Азиямен аралығында орналасқан қала ҥлкен, әрі
ерекше сауда орталығы ретінде кӛрсетілген. Онда тек қана кӛрші қазақ далалары мен хандықтарынан
ғана емес, сонымен қатар алыс мемлекеттер Қытайдан, Индиядан, Ираннан тауарлар әкелінді.
Ташкент арқылы ыңғайлы керуен жолдары Орта Азиядан Ресейге, Сібірге, Қытайға ӛтіп жатты.
Қаланың Ресейге қосылуы қарсаңында (XIX ғасырдың 60 жылдардың басында) Ташкент базарында
4548 сауда қатары, 16 керуен-сарай, бірнеше қонақ ҥйлер болған екен.
А.И.Тетеревников кӛрсеткендей, сол уақытта Ташкентте 400-дей кӛпес қазақтармен сауда
жасасты. Сондай-ақ Орталық Азия кӛпестері мен қазақтар арасында айырбас оңай шешілетін.
Қазақтар азиаттарды жақсы білді. Сонымен қатар, олар азиат саудагерлерімен сауда жасап ҥйренген.
Ал ӛзбектер мал ӛсірумен сауда қатынасында ӛз ӛнімдерін Ташкентке жеткізіп, ҧсақ-тҥйекті заттарға
айырбастайды немесе қазақтарға малға айырбастайды. Арал маңы, Ташкент және қоқандықтар
жаулап алған Оңтҥстік Қазақстан қалаларының (Тҥркістан, Шымкент, Әулие-ата, Сайрам т.б.) қазақ
тҧрғындары хиуалық қалалардың базарларында сауда айырбастарына қатысып отырды. Ӛзінің
Шымкент және Тҥркістан базарларына берген сипаттамасында А.К.Гейнс қазақтардың сатушы және
тҧтынушы ретіндегі маңызды рӛлін және қазақтардың айырбаста сауданы ақшаға жҥргізгендігін
кӛрсетеді.
Қоқан хандығындағы салық жҥйесінің шаруашылыққа әсерін мҧрағат қҧжаттарымен талданды.
Кӛшпелі халықтан алынатын алым бектер белгіленген бір уақытта, әдетте қазан, қараша және
желтоқсан айларында жиналды. Тек ерекше жағдайда, салық жинаудағы қиындықтар негізінде ғана
жеңілдік мерзімдері берілетін. Ол 1 қаңтардан - 1 наурыз аралығында беріліп отырды.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Қоқан хандығындағы негізгі қалалар, округтармен қоса
жыл сайын қазынаға 29166900 сом кіріс әкелді. Тҥркістан, Шымкент, Ташкент және басқа да
аудандардың жеке бӛлініп шығуынан Қоқан хандығының территориясы тарылып, қазынаға салық
салудан тҥсетін табыстар азайтылды. Сондықтан хандар жаңадан қосымша алым-салықтар енгізді.
Хан қазынасын ҥнемі толтырып отыратын қайнар бҧлақ – халықтан алым-салық болды.
Мемлекеттік салықтар, яғни шариғат бойынша негізгі салықтар мыналар: а) зекет-капиталдың
1/40 бӛлігі мӛлшеріндегі сауда салығы; б) танап (жер бірлігі танап деген сӛзден шыққан, десятинаның
1/6 бӛлігін қҧрайды), бау-бақшалар мен плантациялардан алынатын салық; в) харадж егіннің 1/5
бӛлігін алудың орнына, олар хараджға ¼ және 1/3 бӛлігін алып отырды. Жалпы мҧсылман қҧқығы
әрбір дінге сенушіге қайырымдылық іс ҥшін мемлекет пайдасына зекет деген атпен ӛз мҥлкінің 1/40
бӛлігін беруді міндеттейді.
Малды ауылдардан зекет келесі мӛлшерде алынды: әр 100 қойға – 1/40 бӛлік, мҥйізді ірі қараға
– 1/30 бӛлік, жылқы – 1/40, 5 тҥйеге – 1 қой алынды.
Мәли хан (1858-1862) ӛз басқаруының бастапқы кезеңінде іскерлігімен, әділдігімен кӛзге тҥсті.
Ол салықтың біраз тҥрін жойды, кейбіреуін жеңілдетті. Мәселен, некехана салығы. Бҧрын қыз ҥшін
бір алтын, жесір ҥшін жарты алтын теңге тӛленетін еді. Екіншісі – тархана салығы. Бҧрын ӛлген
кісінің мҥлкінің қырықтан бірі қазынаға тҥсетін. Ҥшіншісі – тараздар. Таразыны әдетте ҥкімет
ҧстайтын. Сондықтан ӛлшенген бір батпан астық ҥшін 1 теңгенің тӛрттен бірі алынатын. Бҧның бәрі
тҥп-тҧқиянымен жойылды. Тӛртінші салық тҥрі – харадж, яғни жер салығы жеңілдетілді. Бҧдан
суармалы жерден алынған 5 пҧт астықтан бір пҧт салық алынатын. Қазір ол 10 пҧттан алынатын
болды. Бҧрын тәлімі жерден ӛндірілген 10 пҧт астықтан бір пҧты алынушы еді. Енді ол атымен
жойылды.
Ш.Уәлихановтың мәліметінше, зекет қой басына салынады. 40-тан – 1, тҥндік зекет – тҥтін
басына салынады, бір ҥйден бір қой. Хараджастық зекет, әр дестеден (қырман) 3 қой салық, қол-пҧл-
әскер қаражаты, әр ҥйден бір тіллә (3 қой).
Шариғатқа негізделген салық жҥйесі хандық дәуірде қалыптасқан. Ел билеген хандар бҧл
жҥйені: ӛздеріне қарасты қоқандықтарды, әсіресе ӛзбек пен қырғыз тҧрғындарын, жаулап алған
кӛршілерін, сонымен бірге қазақтарды қанау мақсатында енгізген. Бҧл халық жағдайының әлеуметтік
қҧлдырауынан байқалады, қазақтар ҧлттық езгіге ҧшырады. Басқа да шығыстың деспотиялық
мемлекеттері сияқты Қоқан хандығында да саяси билік ханның жыл сайын табысының белгілі бір
бӛлігін жӛнелтіп, ӛз атынан тарту-таралғы жіберіп отырған. Мемлекеттік биліктің кҥшті болуы
сондай, бҧл қарамағындағыларға шамадан тыс және шексіз болып кӛрінеді. Салық еңбек және әскери
міндеттерді атқаратын адамдардан да алынды. Бҧл тәртіп емес, ӛйткені салықты барлығы тӛлеу
керек, ал салықты тӛлеуден жоғарғы ақсҥйектер тобы, діни феодалдар және кейбір мҧсылмандық
орындар босатылды. Феодалдар тобы мемлекеттің тікелей салығы арқылы шаруалардан қосымша
ӛнім алып отырды.
23
Хандық салық салу жҥйесінің ӛзі нақтылық пен бақылауды шегеріп тастаған. Біріншіден,
Қоқан хандығында (Бҧхар хандығында) мемлекеттік қазына жеке хан қазынасынан бӛлінбеген, кіріс
пен шығыс мемлекеттің пайдасына шешілді. Салық кӛлемі қҧқықтық нормалармен емес, хан
қажеттілігіне байланысты анықталды. Екіншіден, қажетіліктің осы қарқыны кіріп кетеді: бектер ӛз
қажеттіліктерінен шықты, сарқарлар (азаматтық істерді басқаратындар) ӛзінікінен т.с.с. Пайда табу
жҧмыстарында, салық жинауда билеушілердің қанауы мен қатігездігі кӛрінді.
Қоқан зекетшілері қамалдан алыс аудандарға бір топ қарулы жасағымен ақ жалау ҧстап барған.
Олар қазақ ауылдарында отаршылдық ӛктемдікпен халықты тонаған: малдарын табынымен айдап
кетіп, мҥліктерін алуымен бірге, қазақ әйелдерін, қыздарын және балаларын қолға тҥсіріп, оларды
Қоқанның әскери басшыларының қҧлына айналдырған. Сӛйтіп мҧндай зекетші отрядтың жорығы
жаудың шабуыл жасауымен бірдей болды. Сондықтан қазақта «Әзрейіл барда – жаным бар деме, Ақ
жалау барда - малым бар деме» деген мақалдың шығуы кездейсоқ нәрсе емес еді.
_________________________
1.
Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы: Атамҧра, 1999. – 296 б.
2.
Қазақ ҧлт-азаттық қозғалысы І том М.Қойгелдиев жетекшілігімен А.Ф.Рязнов «Сорк лет за
национальную независимость казахского народа» (1797-1838 г.г.) «Ел-шежіре» Астана 2007
3.
Қазақ ҧлт-азаттық қозғалысы V том М.Қойгелдиев жетекшілігімен М.Вяткин Очерки по истории
Казахской ССР «Ел-шежіре» Астана 2007
4.
Қазақ ҧлт-азаттық қозғалысы VІ том М.Қойгелдиев жетекшілігімен П.Г.Галузо «Туркестан –
колония» (Очерк истории колониальной политики русского царизма в Средней Азии» «Ел-шежіре»
Астана 2007
5.
Абдуалы А.Политическая история южного Казахстана в первой Половине ХІХ века. Оқу қҧралы.
Тараз 2008. 150 б.
6.
Қорғасбеков Ж. Қазақ халқы тарихындағы кӛтерілістер. // қазақ әдебиеті 1990 2 ақпан
7.
Мусалиева Д. Арал-Сыр ӛңіріндегі ҧлт-азаттық қозғалысының тарихнамасы// Батыс Қазақстан
гуманитарлық академиясының жаршысы.-2009-№5 77-80 б,
8.
Қалиева Е.Т. Қазақстандағы ҧлт-азаттық қозғалыстар: зерттеу жағдайы мен жаңа бағыттар. //
хабаршы Абай атындағы ҚазҦПУ (Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар».-2008.-№3 31-35 б.
9.
Қҧрманалина Ш. Жаһанша: Ақиқат.-2009 №2 49 б.
10.
Абдуалиев А. Младший жуз и Хивинское ханство в геополитике Россиской империи в первой
половине ХІХ века. //Алаш.-2005. №2 200б.
11.
Зиманов С.З. Политический строй Казахстана в конце ХVІІІ и І половине ХІХ веков.-Алматы:
Изд-во АН КазССР, 1960.-296 с.
12.
Қозыбаев М. Жауды шаптым ту байлап. - Алматы:Қазақстан, 1994. -151 б.
13.
Қойгелдиев М.Қ. Жетісудағы Ресей билігі (ХІХ ғ.-1917 ж.). - Астана: Елорда, 2004. - 216 б.
14.
Набиев Р.Н. Из истории Кокандского ханства. –Ташкент, 1973 – 386 с.
15.
Асфендияров С.Д. История Казахстана. –Алма-Ата, 1935 – 248 с.
16.
27 Бекмаханов Е.Б. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында. –Алматы, 1994 – 416 б; Соныкі.
- Присоединение Казахстана к России. –М., 1957. –342 с.
Достарыңызбен бөлісу: |