Государственного педагогического



Pdf көрінісі
бет22/24
Дата03.03.2017
өлшемі2,16 Mb.
#5472
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

Аннотация.  В  статье  рассматриваются  инновационно-методологические  аспекты  преподования 
психологии  в  рамках  модернизации  содержания  образования.  Предлагается  к  обсуждению, 
разработанный автором, проект по внедрению психологических инновации в содержание дисциплин 
специальности «Психология».  
Annotation.  In  this  article  the  innovative-methodological  aspects  of  prepodovaniya  psychology  are 
examined  within  the  framework  of  modernization  of  maintenance  of  education.  Offered  to  the  discussion, 
developed  an  author,  project  on  introduction  psychological  an  innovation  in  maintenance  of  disciplines  of 
speciality «Psychology». 
 
 
 
П.С.Сағымбекова, Қ.Н.Сарыбекова 
 
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНЕН 
СЫНЫПТАН ТЫС ЖҦМЫСТАРДЫ ЖҤРГІЗУ МӘСЕЛЕСІНЕ АРНАЛҒАН 
 ҒЫЛЫМИ ҤЙІРМЕНІҢ МАҢЫЗЫ 
 
ӘОЖ 378.545:159.928. 
 
 
Қазақстан  Республикасының  білім  беру  саясатын  айқындайтын  қҧжаттарда  («Білім  туралы» 
заңы, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік 
бағдарламасы,  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарты 
5В010200-  Бастауыш  оқыту  педагогикасы  мен  әдістемесі  мамандығына  арналған)  оқыту  ҥдерісін 
жаңа  техника  мен  технологияны,  кәсіптік  білім  беруді  пайдалана  отырып  дамытушылық  сипатта 
және  шығармашылық  іс-әрекет  негізінде  ҧйымдастыру  қажеттілігінің  атап  кӛрсетілуі  жайдан  жай 
емес.  Ӛйткені  қазіргі  заманның  ӛскелең  талаптары  (Білім  беру  қҧрылымының  Халықаралық  білім 
берудің  стандарты  жіктеуішіне  сәйкес  келтірілуі,  оқытудың  12  жылдық  моделін  енгізу  ҥшін 
жағдайлардың  жасалуы,  Қазақстанның  Еуропалық  білім  кеңістігіне  енуі,  Болон  Декларациясына 
қосылуы, Адами ресурстарды дамыту еліміздің 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарындағы 
басымдықтардың  бірі  ретінде  айқындалуы)  оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерін,  олардың 
білім алудағы дербестігін мақсатты тҥрде дамытып отыру міндетін қойып отыр /1,2,3/. 
   Қазақстан 
Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан-2030»  атты 
бағдарламасында егемен еліміздің стратегиясы мен тактикасын белгілей келе, бҥгінгі және болашақ 
жастардың жан-жақты білімді, ғылыми-техникалық прогрестен хабары мол жеке тҧлға ретінде дамып 
қалыптасуын ӛз бағдарламасына негіз етеді /4/. 
Қазақстан  Республикасы  азаматтарының  жаңа  әлеуметтік-экономикалық  мінез  қҧлқын 
қалыптастыру  тҧжырымдамасы,  Қазақстан  Республикасы  этникалық-мәдени  білім  беру 
тҧжырымдамасы, т.б. тарихи маңызы зор қҧжаттарда ҧлттық менталитеті жетілген, бҥгінгі қоғамдық 
қатынастарға  еркін  араласа  алатын  жеке  тҧлғаны  қалыптастыру  мәселелері  қарастырылады.  Олай 
болса  қоғамдық  қатынастарға  еркін  араласа  алатын,  логикалық  ойлау  қабілеті  жоғары,  бәсекеге 
қабілетті тҧлға дайындауда математиканы оқыту әдістемесінен сыныптан тыс жҧмыстарды жҥргізуге 
арналған ғылыми ҥйірменің маңызы зор. 
Ҧлт  болашағы  бҥгінгі  оқушыларымыздың  білімі  мен  біліктілігіне,  санасы  мен  тәрбиелігіне 
байланысты. Халқымыз «сана берсін» деген тілекті тегін айтпаса керек. Ал ғҧлама ғалым Әл-Фараби 
балаға  ең  алдымен  тәрбие  берілуі  керек,  онсыз  берілген  білім  оның  ӛміріне  ҥлкен  зиян  келтіретіні 
туралы айтқан. Олай болса тәрбиелей отырып, білім алуға мҥмкіншлік туғызу, жағдай жасау негізігі 
міндет болуы керек. 
Оқушының  жеке  тҧлға  ретінде  қалыптасуына  тәрбиенің  әсері  туралы  К.Д.Ушинский, 
Н.К.Крупская  және  т.б.  педагогтардың  еңбектерінде  қарастырылса,  ал  жеке  тҧлғаны  дамыту 

 
164 
мәселелері  Л.С.Выготскийдің,  Л.В.Занковтың,  Д.Б.Эльконинның  еңбектерінде  қарастырылды. 
В.М.Коротов,  Н.И.Болдырев,  О.С.Богданова,  В.И.Петрова  және  т.б.  ғалымдар  тәрбие  жҧмыстарын 
жҥйелеп,  зерттеп  педагогикалық  тҧрғыдан  эксперимент  жҧмыстарын  жҥргізіп,  зерттеулер 
нәтижесінде кӛптеген кӛлемді еңбектер жазды. 
  Баланың 
сыныптан 
тыс 
жҧмыстар 
арқылы 
математикаға 
қызығушылықтарын, 
шығармашылық  қасиеттерін  арттыруға  ҥлес  қосқан  ғалымдар  М.А.Бантова,  А.М.Пышкало, 
Т.Қ.Оспанов,  С.Елубаев,  С.Елубаева,  Ә.Бидосов,  Б.Қосанов,  В.П.Труднев,  ал  математика 
сабақтарында  тарихи  материалдарды  қолдану  туралы  Г.И.Глейзер,  А.А.Свечников,  А.Кӛбесов, 
М.Ӛ.Исқақов болды.  
Бастауыш  мектептегі  оқыту  саласына  ҥлкен  ҥлес  қосқан  ғалымдар  Қ.Аймағанбетова, 
Т.Әбдікәрімова, К.Бозжанова, С.Рахметова, М.Жҧбанова, М.Сарыбеков, Т.Сабиров, Ш.Майғаранова, 
О.Сатқанов, Г.Уаисова, Т.Бегалиев, Қ.Бҧзаубақова және т.б. ӛз еңбектерінде бастауыш мектептердегі 
оқыту мәселелерін, оқыту мазмҧны мен әдістерін терең зерттеп, сыныптан тыс тәрбие жҧмыстарында 
қарастырды.  Бастауыш  сыныптардағы  білім  мазмҧнын  жетілдірудің  педагогикалық  негіздерін,  оқу 
ҥрдісінің  тиімді  жолдарын,  тәрбие  жҧмыстарымен  сабақтастыра  зерттеп  қарастырып,  олардың 
ерекшеліктеріне тоқталды. 
2010-2011  оқу  жылының  басында  математиканы  оқыту  әдістемесі  пәнінің  мазмҧнын  аша  тҥсу 
және  білімгерлердің  шығармашылық  қабілеттерін  дамыту  мақсатында,  бастауыш  сынып 
оқушыларымен  жҧмыс  жҥргізуге  баулу  мәселесіне  арналған  «Ізденіс»  атты  ҥйірмені  қҧру  қолға 
алынды.  Ҥйірме  жҧмысының  мақсаты:  Бастауыш  сыныптарда  математика  пәнінен  ӛткізілетін 
сыныптан тыс жҧмыстарға студенттерді қатыстырып, талдау жасап, оны ҧйымдастырудың жолдары 
мен  тиімді  тәсілдері  жӛнінде  мағлҧмат  беру;  ӛткізу  дағдысы  мен  шеберліктерін  қалыптастыру; 
болашақта  12  жылдық  оқыту  жҥйесінде  жҧмыс  істеуге  қабілетті  жан-жақты  дамыған  тәрбиелі 
мҧғалім дайындау. 
Бастауыш сыныптарда математикадан жҥргізілетін сыныптан тыс жҧмыстың негізгі мақсаты – 
әрбір  баланың  бойындағы  табиғи  қасиеттерін  ашып,  қарқынды  дамып  бара  жатқан  қоғамда  ӛмір 
сҥруге  бейімделген  жеке  тҧлғаны  қалыптастыру;  олардың  практикалық  дағдылары  мен  білімдерін 
тереңдете тҥсу; логикалық ойлауын, тапқырлығын, математикалық қырағылығын дамыту; неғҧрлым 
қабілетті  және  дарынды  балаларды  таныта  білу,  олардың  ой-ӛрісінің  әрі  қарай  дамуына  кӛмектесу, 
математикаға  қызығушылығын  арттыру;  тәртіпке,  ҧйымшылдыққа,  табандылыққа,  еңбекке, 
ҧжымдыққа,  шығармашылықпен  жҧмыс  істеуге  баулу.  Дарынды,  білімді  жастар  ғана  Егемен  елдің 
экономикасын  жетілдіріп,  еліміздің  ертеңін  ойлай  алады.  Сондықтан  да  уақыт  талабы  оқушыларға 
сапалы  білім  берумен  бірге  олардың  ӛзіндік  жҧмыс  жасау  қабілетін  жетілдіруді,  ақыл-ой 
белсенділігін дамытуды міндет етіп қойып отыр. 
«Ізденіс»  ҥйірмесінде  жҥйелі  қҧрылған  жҧмыс  жоспары  бойынша  жҧмыстар  жҥргізілді. 
Математикалық газеттетрдің, математикалық кештердің ҥлгілері жасалды /5/. 
Мҧғалімнің негізгі мақсаты-математикалық ойлауды қалыптастыру арқылы оқушыны ӛздігінен 
оқытуға  ҥйрету.  Ол  ҥшін  оқушылар  білім  негіздерін  мҧғалімнің  басшылығымен  іздестіре  отырып, 
ӛздері жаңадан ашулары керек. Оқу процесі осылай ҧйымдастырылған жағдайда оқушылардың ойлау 
қабілеті кеңейіп, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады. 
Қорыта  айтқанда,  «Ізденіс»  ҥйірмесінің  білімгерлері  бастауыш  сыныптарда  математикадан 
ҥйірме  жҧмыстарын  жҥргізу  туралы  теориялық  біліммен  қаруланып,  бастауыш  мектептерде  ӛтетін 
кәсіптік  практикаларына  кетті.  Бастауыш  сыныптарда  математикадан  ҥйірме  жҧмыстарын 
ҧйымдастырып,  бір  жҥйеге  келтіріп  оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылығын  арттырып, 
ізденушілік-шығармашылық қабілеттерін дамытады. Олар оқу материалын естерінде ҧзақ сақтап, оны 
шығармашылықпен қолдана білуді ҥйренеді.  
_____________________ 
1.ҚР «Білім туралы» Заңы. «Егемен Қазақстан»  27.07.2007 ж. 
2.Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2010-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 
бағдарламасы.-  Қазақстан  Республикасы  Президиумының  07.12.2010  жылғы  №1118  Жарлығымен 
бекітілген. 
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты.-Алматы, 2009 
4.Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан -2030. Барлық Қазақстандықтардың ӛсіп-ӛркендеуі, қауіпсіздігі және әл-
ауқаты артуы»./Егемен Қазақстан/, 11.11.1997 ж. 
5. Бастауыш мектепте математика пәні бойынша жҥргізілетін сыныптан тыс жҧмыстар және оларды 
ҧйымдастыру.  –П.Сағымбекова,  А.С.  Тортаева,  Э.Ы.  Тлеубаева.  Бастауыш  мектепте  математиканы 
оқытудың теориясы мен технологиясы: практикалық және зертханалық сабақтар. Тараз, 2010 . 

 
165 
 
Аннотация.  В  статье  рассматривается  проблема  организации  научного  кружка  по  внеклассной 
работе по методике преподавания математики в начальных классах.  
Annotation. This article  consider the problems of organizing scientific circle in-class work on methods of 
teaching mathematics in primary schools. 
 
 
 
Қ.Ж.Сманов  
 
МАТЕМАТИКА МЕН БАСҚА ПӘНДЕРДІ КІРІКТІРУДІҢ МАҢЫЗЫ 
 
ӘОЖ  51+681.3 С 52 
 
«Математика  мен  басқа  пәндерді  кіріктірудің  маңызы»  Педагогика  ғылымында  негізгі 
міндеттердің  бастыларының  бірі  –  оқыту  ҥрдісінде  әр  тҥрлі    пәндердің  бӛлімдері  мен  оқу  пәндері 
арасындағы  ӛзара  байланыс  пен    ӛзара  тәуелділікке  бағытталған  педагогикалық  ҥрдіске  кӛмектесу. 
Қазіргі  кезде  оқу  орындарында  пәндерді  кіріктіру  педагогикалық,  ҧжымдық  негізде  оқушыларға 
саналы  әрі  тиімді  әсер  ету  мақсатында  мҧғалімнің  шығармашылық  әлеуетін  дамытып,  жаңа 
педогогикалық  міндеттерді  шешудің  белсенді  әдістерін  іздестіру  бағытының  бірі  ретінде 
тҥсіндіріледі. 
Кіріктіру ҥрдісі пәнаралық байланыста оқытуды жаңа сапалы деңгейге жетуге ықпал жасайды. 
Педагогикалық  қағида  ретінде  кіріктіру  білім  беру  мазмҧнын  ӛзгерте  отырып,  оқушылардың 
әлемді  біртҧтас  тану  қабілетінің  қалыптасуын,  ӛмірлік  міндеттерді  шешуге  жҥйелі  ойлауын 
қамтамасыз  етеді.    Соған  сәйкес  пәндердің  кіріктірілуі  оқу  ҥрдісін  қарқынды  дамыту  жолымен 
шешуге мҥмкіндіктер тҥғызады. Ал бҧл екі жолмен жҥзеге асырылады: 
-
 
жҥйелендіру және бір мезгілде оқу материалын кеңейту; 
-
 
оқытудың жаңа белсенді формасын, әдістерін іздестіру. 
Білімгерлерді оқытуда да кіріктіру сабақтарының алар орны ерекше. Математика мамандарын 
дайындауда  информатиканы  кіріктіру  сабақтары  білімгерлердің  ақпарат  кӛлемінің  артуы,  оларды 
ӛңдеу қажеттілігінің ӛзара байланыста болуын қалайды. 
Компьютерді    пайдалану  мектепте  математикалық  тәжірибелер  енгізуге  жол  ашады. 
Сыныптарда  математика  пәні  информатиканың  негізгі  ҧғымын  енгізу,  игерту  дайындықтарына 
бағытталуы  керек.  Математикалық  операциялар  жасауда,  есептер  шығаруда,  әсіресе,  мазмҧнды 
есептерді,  графикалық-математикалық  тапсырмаларды  орындауда  компьютерді  кӛрнекі  және  оқыту 
қҧралы  ретінде  пайдалану  қажет.  Дәстҥрлі  математика  мен  информатика  пәндерін  кіріктіргенде, 
бастауыш сыныптарда негізгі екі аспектіні ескерген жӛн: 
-
 
математиканы оқыту барысында информатика ҧғымдары мен әдістерінің кӛрініс беруі; 
-
 
математикалық  және  информатикалық  әдістемелік  тҧжырымдардың,  қағидалардың, 
ҧғымдардың және терминдердің ҧштасып жатуы. 
Сыныптарда  математикадан  информатика  пәнімен  кіріктірілген  сабақтарын  ӛткізуде  мынадай 
негізгі талаптарды ескеру қажет: 
-
 
кіріктіріліген  тапсырмалар  барлық  сынып  оқушыларына  қызықты,  әрі  олардың  әлі 
жетерліктей деңгейде болуы қажет. Бҧл оқушылардың оқу іс-әрекетінің ізденушілік, репродуктивтік 
және шығармашылық сипатта дамуына ықпал жасайды; 
-
 
кіріктірілген  тапсырмалар  тақырыпқа  сәйкес  проблемалық  оқытудың  негізінде  мәселенің 
танымдық тҧрғыдан шешімін табуға бағытталыуы тиіс; 
-
 
математикалық  тапсырмалар  қарапайым  компьютерлік  іскерліктерді  игере  отырып,  соның 
кӛмегімен шешілуі керек. 
Ӛз  тәжірибеме  сҥйене  отырып,  математика  мамандықтарын дайындауда  информатика  пәнмен 
пәнаралық байланысты қолданып келемін. 
Бірінші  курс  білімгерлеріне  «Алгебра  және  сандар  теориясы»  пәнін  оқытуда,  сызықты 
теңдеулер  жҥйесін  тақырыбын  ӛтуде,  информатика  элементтерін  қолданам.  Жоғарғы  ретті 
анықтауышты  есептеу,  оларды  теңдеу  шешуге  қолдануда  Matcat  бағдарламасын  қолданып, 
білімгерлерге анықтауышты есептей білу, информатика пәнаралық байланысты кӛрсету болды.  
Әртҥрлі  компьютерлік бағдарламалардың  пайда болуы және оның ары қарай  жетіліп дамуы 
таным ҥрдісінде пайда болған әртҥрлі қолданбалы есептерді жуықтап шеш, әдістерін жҥзеге асыруға 

 
166 
мҥмкіндік  беріп  отыр.  Теңдеу  және 
 
в
а,
теңдеулер  жҥйесін  шешу,  интегралдың  мәнін  табу, 
дифференциалдық  теңдеу  шешу,  т.б.  Қолданбалы  есептерді  шешуді  қазіргі  заманғы  Turbo  Pascal, 
Borland Delphi бағдарламалау тілдері, MS Excel электрондық редакторы және MathCAD,   Mat Lab, 
Maple,  т.б.  қҧралдардың  кӛмегімен  жҥзеге  асыруға  болады.  «Информатика»  және  «Математика» 
мамандығы  бойынша  білім  алатын  студенттерге  оқытылатын  «Сандық  әдістер»  пәнінде  жоғарыда 
аталған  қолданбалы  есептерді  шешу  қарастырылды  .Сол  есептердің  ішінен  теңдеу  шешу 
математиканың  жиі  кездесетін  қолданбалы  есептерінің  бірі  болып  табылады.  Орта  мектептің 
информатика  пәні  бойынша  «Бағдарламалау  тілін  тереңдетіп  оқыту»  бағдарлы    курсының 
бағдарламасында  да кейбір сандық әдістер элементтері, соның ішінде  сызықтық теңдеулерді және 
теңдеулер жҥйесін шешу жоспарланған. 
Алгебралық  теңдеудің  берілген  аралықта  тҥбірін  табу  есебін  қазіргі  заманғы  компьютерлік 
бағдарламалар кӛмегімен жҥзеге асыруды қарастырып кӛрейік. 
Бір  белгісізі  f(x)=0  тҥріндегі    сызықтық  емес  алгебралық    теңдеу  берілсін  делік.  Берілген 
теңдеудің тҥбірін табудың бірнеше сандық әдістері бар. Мысалы, аралықты қақ бӛлу әдісі, Ньютон 
әдісі,  қарапайым  итерация  әдісі,  хорда  әдісі,  т.б.  Берілген  теңдеудің  тҥбірін  аралықты  қақ  бӛлу 
әдісімен шешуді қарастырайық. f(x) функциясы 
 
в
а,
 аралығында ҥздіксіз  және f(а)* f(b)<0 болсын. 
Теңдеудің тҥбірін табу ҥшін 
 
в
а,
 кесіндісін қақ бӛлеміз де, бастапқы жуық тҥбір ретінде 
2
0
в
а
х


 
нҥктесін  аламыз.  Егер  f(
0
х
)=0  болса,  онда 
0
х
  нҥктесі  берілген  теңдеудің  тҥбірі  болып  табылады. 
Керісінше,  жағдайда,  яғни  f(
0
х
)

0  болса,  онда 
0
х
а
,
b
х ,
0
          кесінділердің  қайсысының  шеткі 
нҥктелерінде f(x) функцияның мәні қарама- қарсы таңбаға ие болса, сол кесіндіні аламыз. Бҧдан соң 
алынған    кесіндіні  тағы  да  қақ  бӛлеміз  де,  жоғарыда  айтылғандай  зерттеу  жҧмысын  жҥргіземіз. 
Процесс  берілген  функция  шеткі  нҥктелерінде  қарама  -  қарсы  таңбаға  ие    болатын  кесіндінің 
ҧзындығы алдын-ала берілген ӛте аз 

 санынан кіші болғанда дейін жалғаса береді.  
Кең  қолданылатын  MathCAD,  Mat  Lab,  Maple,  т.б  инструменталды  қҧралдар  теңдеу  шешудің 
әртҥрлі мҥмкіндіктерін жҥзеге асырады. 
MathCAD    MATHematica  (математика)  және  CAD  бағдарламасы  сандық  және  сонымен  қатар 
аналитикалық  формадағы  математикалық  есептеулерді  орындауға  мҥмкіндік  беретін  физика- 
математикалық десте болып табылады. 
f(
0
х
)=0  тҥріндегі  бір  белгісізі  бар  теңдеулерді  шешу  ҥшін    MathCAD-тың  root  қондырылған 
функциясы  қолданылады.  Ол  есептеуді  итерациялық  жолмен  жҥзеге  асырады.  Функцияның 
жазылуының екі типі бар: 1) root (f (х), х );  2)   root (f (х), х,а,в). 
Мҧндағы: f(x)  - теңдеуді анықтайтын скаляр функция; x- теңдеудің шешімі болып табылатын 
теңдеудің скаляр айнымалы, а,в- тҥбір ізделінетін аралық шекарасы. 
Сонымен,  заманауи    компьютерлік    бағдарламалар  арқылы  алгебралық  теңдеулерді  шешу 
студенттер мен оқушылар бойында келесі білім мен икемділігін  қалыптастыруды жҥзеге асырады: 
––  алгебралық теңдеулерді шешудің әртҥрлі сандық әдістерін еңгеру; 
––  теңдеу шешудің сандық әдістерін бағдарламалау; 
–– теңдеу шешуде MS Excel кестелік редакторының параметрді іріктеу қҧралдарын пайдалану; 
––  теңдеуді графиктік әдіспен шешу; 
–– арнайы бағдарламалық орталардың теңдеу шешуге қолданылатын фунцияларын ҥйрену. 
Студенттер  мен  оқушыларға  алгебралық  теңдеулерді  шешудің    дәстҥрлі  сандық  әдістерін 
меңгертіп    қана  қоймай,  оны    жаңа  ақпараттық  технологияның    кӛмегімен  иновациялық  тҧрғыдан 
қарастыру,  бҥгінгі  кҥннің    басты  талабы  болып  табылады.  Мҧндай    оқытудың  әдіс-тәсілдері  
студенттің  білімді меңгеру ҥрдісін тиімді ҧйымдастыруға мҥмкіндік береді. Педагогика ғылымында 
негізгі  міндеттердің  бастыларының  бірі  –  оқыту  ҥрдісінде  әртҥрлі  пәндердің  бӛлімдері  мен  оқу 
пәндері  арасындағы  ӛзара  байланыс  пен  ӛзара  ӛзара  тәуелділікке  бағытталған  педагогикалық, 
ҧжымдық  негізде    оқушыларға  сапалы,  әрі  тиімді  әсер  ету  мақсатында  мҧғалімнің  шығармашылық 
әлеуетін дамытып, жаңа педагогикалық  міндеттерді шешудің белсенді әдістерін іздестіру бағытының 
бірі ретінде тҥсіндіріледі. 
Кіріктіру ҥрдісі пәнаралық байланыста оқытуды жаңа сапалы деңгейге жетуге ықпал жасайды. 
Оның  тарихи  тамыры    классикалық  педагогикадағы  пәнаралық    байланыс  идеясымен  тығыз  
байланыстылығы анықталады. Мәселен, ресейлік  педагогикада ХХ ғасырдың басында –ақ  кіріктіру 
жолдары іздестіріле бастады. Атап айтқанда, Мәскеудегі 1910-1915 жылдарда жҧмыс жасаған «Қала  

 
167 
мҧғалімдерінің    ҥйірмесін»  айтуға  болады.  Бҧл  ҥйірмені  педагог    А.Попова  басқарып,  онда 
мҧғалімдер    пәндерді    кіріктірілетін    курсқа    біріктіру    туралы  идеялары    негізінде    ӛздерінің  
бағдарламаларын ҧсынып отырды.  
К.Ушинский  пәнаралық  байланыс  мәселесінің  психологиялық  негіздерін    айқындай  келе, 
әрқилы  байланыстардың  қарама-қарсылығы,  ҧқсастығы,  уақыт  және  оны    реті  жағынан  еске  салу, 
пайымдаушылық  байланыс,  ӛркендеу  немесе  ҧғыну  байланысы,  жҥрек    сезімі  бойынша  байланыс 
сияқты жеті тҥрін кӛрсеткен. Ол пәнаралық байланыстың қоршаған дҥние, ӛмір туралы нақты, толық, 
әрі  біртҧтас  ҧғымдарды  қалыптастыруға  қажетті  аса  маңызды  фактор  екендігін    айкындап  береді. 
К.Ушинский  XIX ғасыр басындағы  мектептердегі оқу пәндерінің кӛбейіп, оқу бағдарламаларының  
ауырлауына әкелген кӛптеген себептердің негізіне оқу пәндерінің ӛзара байланыстарының болмауын 
жатқызған. Ғалым алғашқылардың бірі болып, пәнаралық байланысқа кең  кӛлемдегі педагогикалық 
негіздеме жасады. Ол  қандайда  бір  ғылым  арқылы шыққан  білім  мен идеялардың дҥниеге, ӛмірге  
кең  тҧрғыдағы  кӛзқарас  негізінде  қҧрылуы  тиіс  екендігін    тҧжырымдап,  әрбір    сыныпта,  ең  кіші  
сыныптан бастап  оқушылардың    жасына  қолайлы  ӛзінің жинақталған  кӛзқарасы  болуы кереуктігін, 
әрбір  жыл сайын бҧл кӛзқарастың  тереңдетілуі, толықтырылуы  тиістігін кӛрсетеді. 
Бастауыш  сыныптарда  математика  сабактарын  ӛту  барысында,  сабақтың  тақырыбына, 
мазмҧнына  қарай  компьютерлер  әртҥрлі  суреттерді,  сызбаларды,  кестелерді,  амалдарды  бейнелі 
кӛрсете  алады.  Компьютер  арқылы  ӛтілетін  сабақтар  тақырыптарын  дҧрыс  іріктеу  және  сол 
сабақтардың    қызықты  да  сапалы  ӛткізілуі  бастауыш  сынып    мҧғалімінің  кәсіби  біліктілігіне,  оқу 
ҥрдісін  ҧйымдастыру  шеберлігіне,  әдіс  тәсілдерді  дҧрыс  қолдана  білуіне,  дидактикалық 
материалдардың  молдығына  және  олардың    оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  сай  болуына, 
сонымен бірге, мҧғалімнің компьютерлік іскерлігіне тікелей  байланысты болады. Сондықтан, қазіргі 
заман  талабына  сәйкес  бастауыш  сынып  мҧғалімдерінің  компьютерде  дер  кезінде  машықтанып, 
білікті  болуына  қажеттілігі    мен  маңыздылығы  басым.  Ӛйткені,  бастауыш  сынып  оқушыларының 
компьютерге  деген    қҧлшыныстары  жоғары  екендігі  қазіргі  танда  дәлелденген,  яғни  балалардың 
математика  пәніне деген қызығушылықтарын дамыту керек.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                    
_________________________ 
1. Нурымбетов А., Қадірбекова М. Линейная алгерба, - Алматы, ж. 
2.
 
Айсагалиев Г. Сборник задач по алгербе, - Алматы, ж. 
3.
 
Ляпин А., Евсеев А. Курс высшей алгебры. – Москва, - Наука, ж. 
4.
 
Сахатова А. Ақпараттық технологиялардың мҥмкіндіктерін пайдалану. Математика в школе   
 
Аннотация. Межпредметная связь математики с другими предметами поднимает изучение предмета 
на новый уровень. При применении межпредметной связи необходимо придерживаться некоторым 
требованиям. В работе рассмотрена связь между математикой и информатики и автор приводит 
содержание межпредметной связи из своей практики. 
Annotation. The connection of the mathematics with other subjects raises study of the subject to the new 
standard.  When we use the connection between subjects we have to keep some requirements. The 
connection between mathematics and informatics is considered in this work and author cites a content of the 
connection between the subjects from his experience. 
 
 
 
Д.С.Сыдығалиев, С.Керімбеков, С.Ахметов  
 
НАТЮРМОРТ  ҚОЙЫЛЫМЫН  ИГЕРУ  ЖОЛДАРЫ 
 
ӘОЖ  371.8:72  
 
Қазіргі білім берудің негізгі ӛзекті мәселелері болашақ ҧрпақтың білімін, біліктілігін, дағдысын 
қалыптастырумен  қатар,  кӛркем-эстетикалық  тәрбие  негізінде  ертеңгі  қоғамның  белсенді  азаматы 
болашақ кӛркем сурет мамандарының ӛнегелі, қҧзырлы тҧлғасын қалыптастыру болып келеді. 
Ендеше,  бейнелеу  ӛнері  және  сызу  мамандығы  білімгерлеріне  алғашқы  сатыда  «натюрморт» 
жанрының қыр-сырын игеру ӛзекті мәселелердің бірі болып табылады. 
Живописте  «натюрморт»  жанры  XVII  ғасырда  Голландияда  және  кӛршілес  орналасқан 
Фландрияда (Бельгия) ӛмірге келіп, атақты суретшілер: Франс Снейдерс, Питер Клас, Виллем Клас 

 
168 
Хеда, Бальтазар ван дер Аст, Виллем Кальф сияқты қылқалам шеберлері әлем мәдениетіне ӛздерінің 
шығармашылық туындыларымен танымал болды. 
Осы  тҧста  біз  натюрморт  жанрына  жан-жақты  талдау  жасай  отырып,  оның  негізгі 
компоненттерінің  бірі  болып,  нотюрмортты  қабылдау  тҧтастығы  және  оны  бір  орталыққа 
композициялық  қҧру  арқылы  жҥзеге  асатынын  ескеруіміз  қажет.  Нотюрморттың  композициялық 
орталығы  тҥрліше  жолдармен  анықталады:  соның  бірі  –  кӛру  нҥктесін  анықтау,  яғни  кӛру  нҥктесі 
қағаздың форматына және негізгі заттарды тҥстердің қарама-қайшылығына сай келу керек. 
Натюрморт  жанрында  оқу  қойылымдарын  орындауда  формат  шешімі  ерекше  рӛл  атқарады. 
Тақырыптық,  сәндік,  оқу  натюрморттарын  дайындау  барысындағы  маңызды  мәселе  бейнелеу 
жазықтығы форматын таңдау болып табылады. Ойластырылған сюжетті кез-келген форматқа тҥсіре 
беруге  болмайтынын  білімгердің  ҧмытпағаны  жӛн.  Суреттің  немесе  сурет  жазықтығының  тҥрліше 
кӛлемдері  кӛрерменнің  сезіміне  әртҥрлі  әсер  береді.  Эскиз  орындау  және  форматты  таңдау  кезінде 
оны  натураның  негізгі  пропорцияларымен  салыстыру  керек.  Натюрморт  пропорциясы  суретшінің 
алдына  қойылым  пропорциясына  сәйкес  келетін  форматты  таңдауды  міндет  етіп  қояды.  Бҧл  ҥшін 
қағаздың  немесе  кенептің  бетін  сюжет  бейнесімен  ҥйлестіру  қажет.  Сонда  натюрморттың  негізгі 
мазмҧны  анық  кӛрінеді.  Білімгерлердің  ерекше  назар  аударатын  мәселесі,  егер  натюрморт 
қойылымының  ені  биіктігінен  ҥлкен  болса,  оны  горизонтальдық  бағытта  орналастырады;  ал 
керісінше болса, вертикальды бағытта композициялық қҧрылымын табады. 
Ал  натюрморттың  ені  мен  биіктігінің  кӛлемі  жуық  болса,  формат  квадратқа  жуық  етіп 
алынады. 
Аудиториялық қойылымдарда композициялық орталықты айқын кӛрсету ҥшін бейнелеу кӛлемі 
мен  оның  қағаз  немесе  кенеп  бетіндегі  жазықтықтағы  орнын  дҧрыс  таңдау  қажет.  Натюрморттың 
негізгі  тобын  сәтті  орналастыру  ҥшін  бейнелеу  кеңістігінің  екінші  орын  таңдаған  дҧрыс  деп 
есептеледі,  натюрморттың  екінші  орында  тҧруы,  кӛрерменге  заттың  бәрін  кӛзқарасымен  қамтуына 
мҥмкіндік береді. 
Суретке  заттардың  негізгі  тобын  дҧрыс  орналастыру,  бейнелеу  кӛлемі  мен  сурет  жазықтығы 
кӛлемінің қатынастарының тура келуіне байланысты. 
Ірі  бейне  ҥшін  шағын  формат  тарлық  етеді,  ол  сурет  жазықтығы  немесе  қағаздан  оның 
кеңістігінен шығып кететіндігі кӛрінеді, сӛйтіп кӛрерменнің нақты ӛмір шындығын қабылдауына кері 
әсерін  тигізеді.  Бейнені  сурет  жазықтығы  кеңістігінің  артына  «жылжыту»  бейне  кӛлемін  формат 
кӛлеміне байланысты кішірейту арқылы жҥзеге асырылады. Бейне рамадан «шығып кетердей» болып 
тҧруы  дҧрыс  емес,  дҧрысы  оның  раманың  ішіне  «кіріп  тҧрады».  Бҧл  натюрмортқа  да  қатысты. 
Бейненің  рамадан  «шығып  кетердей»  болуы,  оның  тҥсінің  ҥлкендігіне  ғана  емес,  сондай-ақ  оның 
шамадан тыс ашық болуына байланысты. 
Ал  бейненің  тым  майда болуы,  кӛрермен  ҥшін  алыстап,  сурет жазықтығының  артына шығып 
кетеді. 
Сәтті  орналастырылған  композиция  бойынша  біз  негізінен  натюрморт  бейнесін  кӛреміз. 
Кӛрерменнің бейнені жылжытуға, кішірейтуге немесе масштабын ӛзгертуге тілегі болмайды. 
Егер сурет жазықтығы тиімсіз бейнеленетін болса, кӛрініс орталығы геометриялық орталықтан 
шамадан  тыс  жылжып  кетеді.  Мҧндай  жағдайда  натюрморт  суреттің  бір  жағына  шығып  кетеді,  бір 
жағы бос қалады. Тепе-теңдіктің сақталмауы кӛрерменнің суретті қабылдауына кері әсер етеді. 
Натюрморттағы  кӛрермен  ортылығы  геометриялық  орталықпен  сәйкес  келе  бермейді. 
Композициялық  орталықтың  тура  сурет  ортасына  келуі  суретке  бірсарындылық  сипат  береді,  ал 
кӛрермен ҥшін ол қызықсыз. 
Композициялық  орталықтың  кейбір  қосындысы  әдетте  тҥс  қарама-қайшылығымен 
теңестіріледі.  Атақты  ӛнер  шеберлері  Ян  ван  Хейсум,  Жан  Батист  Шарден,  Ф.Снейдерс 
натюрморттарын  талдаудың  кӛрсетуі  бойынша  орталықтың  қиылысуына  қарама-қайшы  орналасқан 
басқа тҥстегі дақ болады. Осылайша, бейне тепе-теңдігі қалыпқа келеді, ал геометриялық орталықтан 
сәл жылжыған композициялық орталық суреттің мазмҧнын шындыққа анағҧрлым жақындатады және 
қызықты  етіп  кӛрсетеді.  Дегенмен,  тепе-теңдік  негізі  болып,  заттардың  сурет  жазықтығына 
орналасуы болып қалады. 
Білімгерлерге  оқу  қойылымдарын  ҧйымдастыру  барысында  заттардың  бір-біріне  қатысты 
орналасуы кӛру нҥктесін таңдауға байланысты, ол жобадағы форматқа натюрмортты орналастыруға 
ықпалын тигізеді. Қызықты нҥктені таңдап алу ҥшін, суретші бірде орнынан тҧрады, бірде отырады 
немесе  суретке  жақындап  келеді  және  одан  қашықтайды.  Осылайша,  кӛз  деңгейі  объектіге  қарай 
ӛзгеріп  отырады,  кӛрініс  орталығы  мен  горизонт  сызығы  ауысып  отырады.  Горизонт  сызығы  кӛру 

 
169 
нҥктесіне  байланысты,  жазықтықта  оны  композицияға  байланысты  кез-келген  биіктікке  қоюға 
болады. 
Сонымен қатар, жҧмыстың басында қолайлы кӛру нҥктесі мен горизонт сызығын, ыңғайлап алу 
сурет ҥшін ӛте маңызды, ӛйткені ол натюрморттың композициясына әсерін тигізеді. 
Яғни, натюрморттағы заттардың негізін горизонт сызығының астына бейнелейді. 
Осы тҧста горизонт сызығын дҧрыс таңдау тақырыпты кең ашуға, эмоциялық әсерді кӛтеруге 
мҥмкіндік береді. 
Бейнені  қағаз  форматтың  немесе  кенеп  бетіне  дҧрыс  тҥсіру  ҥшін  композицияның  кейбір 
мәселелерін шешіп алу қажет, ол бірнеше жаттығулар мен тәжірибенің нәтижесінде шешіледі. 
Композицияны  дҧрыс  анықтау  білімгерлер  ҥшін  қиындық  келтіреді,  ӛйткені  олардың 
тәжірибесі  аз.  Олар  ҥшін  тҥрді  іздеуші  (видоискатель)  пайдалы.  Тҥріздеуші  ретінде  шағын  парақ 
қағазды  пайдалануға  болады.  Оның  ортасында  тесік  болады,  ал  оның  жан-жақты  сурет  салуға 
арналған қағаз немесе кенептің пропорциясына сай келеді. Білімгер бір кӛзін жҧмып, екінші кӛзіне 
тҥріздеушіні апарады, сонда ол тесіктен натюрморт кӛрінуі тиіс. Тҥріздеушіні алға, артқа және жан-
жаққа жылжыта отырып, ыңғайлы «кадрды» табу керек, сосын онда орналасқан заттарды еске сақтап 
алып, жазықтыққа тҥсіреді. 
Егер  композицияны  кӛмекші  қағазға  тҥсіріп  алса,  тіптен  дҧрыс  болады,  ол  ҥшін 
композициялық  байқау  жалпылама  тҥрде  жылдам  сызылады.  Одан  әрі  мҧндай  байқауды  қажетті 
формат табу ҥшін тік тӛртбҧрышпен шектейді. Кӛбінесе мҧндай байқау сызбалары бірнеше болады. 
Ең жақсысы кейінгі жҧмысқа арқау болады. 
Композицияны табудың тағы бір тәсілі бар. Байқау қағазында әуелі рамканы қолмен белгілейді, 
сосын  қойылымның  негізгі  кӛлемдерін  анықтай  отырып,  натюрмортты  тҥсіреді.  Одан  кейін  сәл 
кӛрінетін  штрихтармен  заттардың  барлық  тобын  біріктіре  отырып  және  ірі  массаларды 
орналастыруды белгілейді. 
Композициялық  орталықты  тҥстің  кӛмегімен  анықтау  біздің  кӛру  қасиетімізге  негізделеді. 
Суретші-ҧстаз  П.Чистяков  «композициядағы  колорит»  жайлы  жылы суық  тҥстердің  ҥйлесімділігіне 
ерекше баға берген. 
Егер  қара  және  ақ  қағаздың  ҥстінде  ашық  тҥспен  қара  тҥске  градациялауды  қарастыратын 
болсақ, әуелі қарама-қайшылықтар кӛзге бірден тҥседі. Жарықта – қара тҥс, қараңғыда – ашық тҥс. 
Басқа  тҥстер  кӛзге  тҥсе  қоймайды.  Бҧл  бейнелеу  ӛнерінде  композициялық  орталыққа  назар  аудару 
ҥшін пайдаланылады. 
Натюрмортта  бірнеше  біркелкі  кӛрініс  орталығы  болмауы  тиіс,  ӛйткені  бейне  майдаланып, 
кӛрерменнің мазмҧнды дҧрыс қабылдауын тежейді. Тҥстері ҥйлесімді, тҧтас бейне белгілі бір ой мен 
кӛңіл-кҥйді кӛрерменге жақсы жеткізеді. 
Әдетте,  натюрморттың  мағыналық  композициялық  орталығын  қарама-қайшы  тҥспен  салады. 
Натюрморттың  жалпы  тҥсіне  қарама-қайшы  тҥс  тҥсіру  композициялық  орталықты  кӛрсету  мен 
шектеліп қоймай, кӛрерменнің кӛңіл-кҥйіне жағымды әсер етеді. 
Суреттегі  негізгі  пішінде  тҥс  арқылы  айқындата  отырып,  оны  бейне  кеңістігінен  кҥрт 
ажыратуға болмайды. Егер қарама-қайшылық шамадан тыс кӛп болса, натюрморттың әсерін бҧзады. 
Жҧмыс нәтижелі болу ҥшін тҥстерді дҧрыс таңдау қажет. Суреттегі заттарға тҥсетін жарық, кӛлеңке, 
рефлекстер натюрморттың жалпы тҥсіне бағынуы тиіс. 
Композицияға тек натюрморт заттары ғана емес, қоршаған орта да енеді, сондықтан оның тҥсі 
суреттегі заттармен ҥйлесуі тиіс. 
Білімгерлер  натурамен  жҧмыс  істеу  дағдаларын  қарапайымнан  бастап,  кҥрделіге  дейін  бірте-
бірте меңгереді. 
Бейнелеу  ӛнерінде  оқыту  объектісі  ретінде  тірі  табиғаттың  атқаратын  рӛлі  ҥлкен  табиғат  пен 
тірі  натураны жҥйесіз, арнайы  дайындықсыз  салу білімгерлерді  сәтсіздіктерге  ҧшыратады,  ӛздеріне 
сенімін жоғалтады. 
Натюрморттың бізді қоршаған ортадан ҥлкен айырмашылығы, суретші ӛзінің мақсатын, ойын 
жҥзеге  асыру  ҥшін  оларды  ӛзінің  қолымен  орналастырып  салады.  Натюрмортқа  пайдаланатын 
заттардың формасы айқын және қарапайым, олардың тҥсін, кӛлеңкесін анық кӛруге болады. Дҧрыс 
орналастырылған натюрмортта артық еш нәрсе болмайды. Кеңістікте заттарды ӛз қалауынша орнын 
ауыстырып, жылжыту мҥмкіндігі оқытушыға заттардың тҥсін, формаларын, кӛлемдерін ҥйлестірудің 
қажетті варианттарын іздеуге еркіндік береді. 
Бірақ,  барлық  топталған  заттар  натюрморт  деп  есептелмейді.  Белгілі  бір  оқу  немесе 
шығармашылық міндеттерге сай топтастырылған заттар ғана натюрморт деп саналады. 

 
170 
Натюрморт  салу  скульпторлық  топ  немесе  архитектуралық  ансамбль  дайындау  жҧмысына 
ҧқсастығы  кӛп.  Мҥсінші  немесе  сәулетші  сияқты  натюрмортшы  нақты  кеңістік  пен  ауқымды 
материалдық формалармен жҧмыс істейді. Суретші заттарды орналастырған кезде екі жақтағы кӛру 
нҥктелері фронтальдық жақтан кӛрінетін натюрморт мазмҧнын толықтыруы тиіс. 
Бейнелеу  ӛнерінде  натюрморт  –  тақырыптық  натюрморт,  сәндік  натюрморт  және  оқу 
натюрморты болып ҥш топқа бӛлінеді. 
Оқу натюрмортында басқа да кез келген шығарма композициялары сияқты тақырыпты ашуға 
негіз  болатын  басты  және  оған  қосымша  және  бағынышты  себептер  анықталуы  тиіс.  Негізгі  және 
қосымша  бӛліктер  ҥйлеспейінше,  натюрморттағы  оқу  мақсаты  орындалмайды.  Бірнеше 
композициялық орталық суретте болмауы тиіс. 
Оқу  натюрморттарын  салу  әдетте  басты  композициялық  орталықты  салудан  бастайды.  Бҧл 
ҥшін  анағҧрлым  ірі  және  кӛрнекті  заттар  іріктеліп  алынады  және  оларды  негізгі  идеяны 
кӛрсететіндей  етіп  орналастырады.  Негізгі  заттарға  композициялық  орталыққа  ҥйлесетін  қосымша 
заттарды  қосады.  Кейбір  жағдайда  заттарды  материалдарының  бірыңғайлылығына,  тҥсіне, 
формасына қарай іріктесе, кейде материалдар мен тҥстердің әркелкілігіне қарай іріктейді. 
Оқу натюрмортының композициясы негізінен оқу міндеттері және эстетикалық талаптарға сай 
анықталады.  Кейбір  натюрморттарда  бҥкіл  композицияның  тҧрақты  тепе-теңдігін  беру  міндеті 
қойылады. Мҧндай композицияның негізі етіп конус, пирамида және т.б. алынады. Ал кейде қозғалыс 
сезімін  бейнелеу  керек  болса,  натюрмортты  ассиметриялық  формада  салады.  Мҧндайда  заттардың 
формалары  тҥс  және  жарық  «дақтары»  қайталанып  отырады  және  олардың  артықшылықтары  бірде 
ҧлғайтылады,  бірде  қысқартылады.  Натюрморт  композициясында  тҥстердің  әртҥрлілігін, 
материалдардың  ерекшеліктерін  жеткізу  ҥшін  қарама-қайшылық  пайдалануы  мҥмкін.  Ҥлкеннің 
кішімен,  ақтың  қарамен,  сфералық  форманың  кубпен,  материалдың  ағашпен  қарама-қайшылануы 
натюрморттағы заттардың формасының ерекшеліктерін, кӛлемін, материалын, тҥсін айқындайды. 
Оқу  натюрморттарының  міндеттерінің  бірі  кеңістікті  бейнелеу  және  бейнелеп  отырған 
заттардың қашықтау деңгейін кӛрсету. Осы мақсат алдында тҧрған заттар артында тҧрған заттардың 
біразын ығыстырғандай болып кӛрінеді. Заттардың бҧлай орналасуы білімгердің суретті шынайы, әрі 
табиғи  етіп  бейнелеуіне  кӛмегін  тигізеді.  Оқу  мақсаттарында  натюрмортты  суретшінің  кӛзінің 
деңгейінен тӛмен қояды. Натюрмортта кеңістікті кӛрсетудің негізгі қҧралы жарық болып табылады. 
Жарық  жоғарыдан  шашырап  тҥсетін  болса,  натюрморттың  алдына  бір  қырынан  аса  жарық  емес 
лампочка  қояды.  Ол  алдыңғы  жақтағы  заттарға  қарама-қайшы  кӛлеңке  тҥсіреді,  сонда  заттардың 
кӛлемі, материалы, формасы айқындалады. Артқы жақтағы заттар жарық әлсіз тҥскендіктен, кӛлеңке 
қарама-қайшылығы  азайып,  кішірейіп  кӛрінеді.  Ҥшінші  тҧрған  заттардың  кӛлеңкесі  одан  да  әлсіз 
болады. 
Кҥндізгі  жарық  тҥскен  кезде  қосымша  электр  лампасы  да  пайдаланылады  немесе 
натюрморттың кейбір бӛлігіне аздап кӛлеңке тҥсіріледі. Сонда негізгі заттар айқындалады. 
Натюрморт  жарығын  жан-жақты  тҥрде  ойластыра  отырып,  оқытушы  жеке  заттардың 
формалары  мен  кӛлемін  айқындай  алады,  бҥкіл  топтың  композициялық  бірлігін  жасауға,  оның 
кӛрнекілігін мәнерлеуге мҥмкіндік алады. 
Оқу-техникалық  және  эстетикалық  мақсаттарда  натюрмортты  жарыққа  қарсы  салуға  болады 
(сурет, мҥсін және кескіндеме ҥшін). Мысалы, кҥндізгі жарықта терезе алдында тҧрған заттар жақсы 
кӛрінеді. Кешкі, әлсіз шашыраңқы жарыққа қарсы салынған натюрмортта тҥстерді таңдаған жӛн. Арт 
жақта  орналасқан  заттарға  екі  жақтан  жарық  тҥсіріледі,  ал  тура  жарық  тҥспеген  жерлерге  ортада 
тҧрған  заттардың  рефлексінен  жарық  тҥседі.  Алдында  тҧрған  заттар  кӛлеңкеленеді.  Натюрморттың 
негізі болып саналатын гаризонт жазықтығының тҥсі ашық болады. 
Кҥн жарығы тҥсетін терезе алдындағы натюрмортта жарық кӛлеңкесі алдыңғы тҧрған заттарға 
қарама-қайшы  болады.  Мҧндайда  тҥс  қарама-қайшылығы  ішке  қашықтаған  сайын  азаю  заңдылығы 
жҥреді.  Жарыққа  қарсы  сурет  салу,  білімгерлерге  жаңа  әдістерді  ҥйретеді  және  кеңістіктерді 
жеткізудің тҥрліше тәсілдерін кӛрсетеді. 
Натюрморт  салуда  кӛбінесе  білімгерлер  тҥске  аса  мән  бере  бермейді.  Натюрморттың  сәтті 
шығуына  тҥсті  дҧрыс  таңдау  ҥлкен  ықпалын  тигізеді.  Сонымен  бірге,  натюрмортқа  драптау 
(драпировка) жиі енгізіледі. Драп маталарын ҥстел бетіне, орындық арқалығына кигізу ҥшін арнайы 
тәсілдерді пайдаланады. 
Натюрморттағы драпировка  функцианалды  орындауға  ие.  Мысалға алсақ,  шілтер қол  суретке 
т.б. жоғарыдағы және кӛлденең орналасқан матаның ӛз орында болуы шарт. 
Мысалы ретінде, тӛмендегі нақты қойылымды келтіруге болады. Осы қойылымдардың жалпы 
сипаттамасын қолдана отырып, аудиториялық жҧмыстарды орындау мақсатында басқа тақырыптарға 

 
171 
тҥрлі  натюрморттарды  қоюға  болады.  Әрбір  қойылым  оқу  міндеттемесін  аша  алатындай,  табиғи 
талаптарға сай болатындай, қабілетте болуы керек. 
Натюрморттағы  дене  қалпы  осьті  тек  алдыңғы  жағынан  емес,  сонымен  қатар  жандарынан  да 
жақсы кӛрсету ҥшін және де кӛрермендер тҥрлі кеңістік аумағындағы денені жақсы қабылдау ҥшін, 
оларды  бір-біріне  шыли  да  тығыз  емес  және  бір-бірінің  ара-қашықтығы  тҥрлі  болатындай  етіп 
орналастыру  керек.  Цилиндр,  призма  тәрізді  денелерді  тігінен  орналастырмай,  оларды  бетінің 
параллельді  жиектері  белгілі  бір  суретке  байланысты  бҧрышқа,  яғни  кеңістіктің  тҧңғиығына 
«тҥсетіндей» етіп орналастыру қажет. 
Кӛлемдерді  анықтауда  және  геометриялық  денелердің  мінездемелік  формаларында,  сонымен 
қатар  кеңістікті  кӛрсетуде  шешуші  рӛлды  жарықтық  орындалу  рӛл  атқарады.  Геометриялық 
денелердегі  кӛлеңкелі  және  жоғарғы  молырақ  жарықтарында  тональды  градациялар  анық  кӛрінуі 
ҥшін, ӛзіндік және қҧрай тҥскен кӛлеңкелер, сонымен қатар рефлекстер айқын болуы ҥшін берілген 
қойылымда жасанды,  шашыранды жарықтарға кҥшті жоғары жиектік жарықтығы қосылуы керек. 
Натюрморт  негізінің  қолдану  жазықтығы  қҧлай  тҥскен  кӛлеңкелер  жақсы  кӛрінуі  ҥшін  ашық 
тҥсті  болуы  қажет.  Фонның  тҥсі  тазартылған  гипс  тҥсінен  сәл  қаралау  болуы  шарт,  алайда 
геометриялық денелердегі кӛлеңкеден сәл анықтау болуы міндетті. Тҥстердің кейбіреуінің жабықтау 
болып келуі, денелер арасындағы ӛзара ҥлкен байланысты кӛрсету ҥшін қажет. 
Натюрморт  қойылымында  оқу  тапсырмаларын  (немесе  міндеттерін)  шешумен  қатар,  оның 
тақырыптық  мазмҧнын  міндетті  тҥрде  ашып  кӛрсету  керек.  Мысалы  ретінде,  қара  тҥсті,  қыш  гҥл 
ыдысы немесе сҥт қҧятын қыш ыдысы, фаянсты кесе, бір бӛлке нанның жартысы, ағаш шыбық, кӛк 
пияздық бір бумасын алып, олардан натюрморт қҧрастыру керек. 
Натюрморт  қойылымын  жасаған  кезде  оның  эстетикалық  жағын  да  ҧмытпаған  жӛн,  бҧл 
жағдайда оның мазмҧндық және оның пластикалық біртҧтастығын айғақтауға тырысу керек. 
Қойылымда  заттар  тҥрлерін  және  оның  кеңістіктегі  жағдайын  (орнын)  дҧрыс  кӛрсету  ҥшін 
жарықты жанынан емес, алдынан тҥсіріп қолданған дҧрыс. 
Қойылым  ҥшін  ыдыс  пен  басқа  да  инвентарьлардың  іріктей  отырып,  заттардың  формаларын 
ғана әртҥрлі етпей, оның кӛлемін, материалын, фактурасын, тҥр мен тҥсіне әртҥрлілікті қамтамасыз 
етуі. 
Натюрморт  қойылымын  ірі  де  айыруға  оңай  заттардан  бастаған  жӛн,  сонымен  қатар 
тақырыптық  қатынастағы  айқындылық  та  керек.  Осылардан  композициялық  орталық  қҧрылуы     
керек – натюрморттың басты бӛлігі. 
Белгілі  бір  натюрмортты  белгіленген  тақырып  бойынша  дайындау  ҥшін  бірнеше  эскиздің 
нҧсқасын, яғни ішіндегі ең жақсысын таңдап, натюрморттың композициясын қҧруға дайындық жасап 
кірісу керек. 
Натюрморт  қойылымын  жасаған  кезде  оның  эстетикалық  жағын  да  ҧмытпаған  жӛн,  бҧл 
жағдайда оның мазмҧндық және пластикалық біртҧтастығын айғақтауға тырысу керек. 
Кӛркем  білім  беруде  натюрморт  жанры  –  ӛмірді,  табиғатты,  айнала  қоршаған  ортаны  сҥюге 
тәрбиелейді,  ақыл-ой,  ізгілікке,  әсемдікке,  ҧлтжандылыққа  ҥйретеді.  Сонымен  бірге,  білімгерлердің 
ынтасын, қабілеті мен шығармашылығын ҥнемі дамытып отырады. 
______________________________ 
1.
 
Әльмуханбетов Б., Балкенов Ж. Сурет салу және бояумен жҧмыс істеу әдістері. – А., 1996. 
2.
 
Мҧқашев М., Сейтімов А., Хамзин Н. Бейнелеу ӛнерін оқыту әдістемесі. Астана, 2008. 
3.
 
Сарбағисов Қ., Тӛлебиев Ә. Жас суретшіге кӛмек. – А., 2000. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет