Государственного педагогического



Pdf көрінісі
бет4/24
Дата03.03.2017
өлшемі2,16 Mb.
#5472
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

АннотацияОдним из ареалов колонизаторской политики царизма была Семиречья. Такая политика 
была  четко  спланировано.  Эти  помысли  царизма    нашло  упорное  сопротивление  со  стороны 
казахского  народа.  Во  главе  этого  противостояния  стоял  Баhадҥр  Кенесары.  В  данной  статье 
рассмотрены различные аспекты этого события. 
Annotation. One of the area colonizer  politicians of the tsarism was Semirechiya. Such policy was is clearly 
planned. These thought of the tsarism has found the stubborn resistance on the part of kazakh folk. At the 
head, this oppositions stood Bahadyr Kenesary. In given article are considered different aspects of this event. 
 
 
 

 
31 
ФИЛОЛОГИЯ 
 
А.О. Амангельдиева    
 
ӘКІМ ТАРАЗИДІҢ  «ДАУА. ЖЕТІ. ҚЫРЫҚ ЖЕТІ» ПОВЕСІНДЕГІ   
КЕЙІПКЕРЛЕР МІНЕЗІ 
 
ӘОЖ 82.09 (574) 
А52 
 
Әдебиеттің асыл парызы, оның халық алдындағы міндеті ҥнемі зерттеліп, зерделеніп келеді. Бҧл 
қай  кезде  болсын  оған  ерекше  қуат,  жаңа  серпін  беретін.  Жер  жҥзінің  ӛнер  мәдениеті  аса  биік 
адамгершілік  қасиеттерді  мақсат-мҧрат  тҧтып,  алда  тҧрған  кҥрделі  проблемаларды  жҥзеге  асыруға 
ықпал етеді. 
Әдебиеттің  адамға  қандай  ҧлағат-тәрбие  бере  алатынын  дәлелдеп  жатуың  артық.  Міне,  осы 
ретте  кӛркем  шығарма  идеялық-эстетикалық  қҧрал  болып  отырғандықтан,  оның  мәні  ерекше.  Ал, 
қаһарманды  ӛз  арамыздан  іздейміз.  Оны  кӛрер  кӛз  бен  сезер  жҥрек  керек.  Оның  астарынан    ҥлкен 
жҥректі, ізге ниетті адам сиптын іздейсің. Ол - ӛзінің тер тӛккен еңбегі арқылы қоғамдық-әлеуметтік 
игі істерді жҥзеге асырушы; табиғат қорғауға, бейбітшілік нығайтуға ҥлес қосушы тҧлға. 
Ӛмірде  жомарт,  адал  жандар  кӛп  екенінде  сӛз  жоқ,  тек  адамгершілік  қасиеттерді  терең 
суреткерлікпен аша білу қажет. Айналып келгенде, адам факторының шешуші мәнін табу қажет. Рас, 
олар  ел  игілігін  жасап  жҥр,  тер  тӛгіп  жҥр.  Халық  ӛкілдері  қаламгер  ҥшін  таптырмайтын  объекті 
болуға тиіс.  Ал оны жинақтау, типтендіру, даралау сияқты кӛркемдік-поэтикалық шарттарды ҥлкен 
творчестволықпен  игеру  борыш.  Сондықтан,  кең  ойлап,  мол  пішетін  және  ӛмірлік  ой 
қорытындыларын  екшелейтін  талант  қашанда  қажет.  Материалды  таңдап,  таразылап  ҧсыну  жӛн. 
Нағыз жазушы қаһарманды жан-жақты бейнелейтінінде сӛз жоқ. Замандас образын жасау оңай емес. 
Мҧның ӛзі талмас ізденісті қана емес, батылдықты да керек етеді. 
Әр дәуірдің ӛз кӛркем шындығы бар.  Қазіргі қазақ прозасы жан-жақты ізденістер нәтижесінде 
біраз  жетістіктерімен  танылып  отыр.  Әсіресе,  кейіпкер  мен  характер  жасауда,  оның  рухани  әлемін 
кӛрсетуде қаламгерлер тың қолтаңбаларымен кӛрініп келеді. Кейіпкерлер образы арқылы жазушылар 
заман  мен  қоғам,  гуманизм  және  адамгершілік,  парасат  хақында  дҥниетанымдық  кӛзқарастарын 
кӛркемдікпен суреттеуде. 
Бҥгінде  соңғы  жылдар  жазған  повестерімен  кӛркем  проза  әлеуетін  толықтыра  тҥскен 
С.Мҧратбеков,  Қ.Жҧмаділов,  Ә.Кекілбаев,  М.Мағауин,  Д.Досжанов,  Ә.Тарази,  О.Бӛкеев    т.б.  есімі 
елге танымал. 
Адамгершілік  тҧрғыда  ҥлгі  етерлік  қаһарманның  іс-әрекеті  алдымен  оның  ішкі  жан-дҥние 
толқынысымен  тығыз  байланысты.  Мҧның  ӛзі  психологиялық  ой-ниет  шешімінің,  кҥйініш-сҥйініш 
жағдайларының адам тағдырында айрықша орын алатынын кӛрсетеді. Ал сол адами-рухани дҥниені 
келістіре  суреттеу  ҥшін  жазушының  айрықша  шеберлігі  қажет.  Бҧл  жайт  сондықтан  да  әдебиеттің 
келелі  проблемасы  болып  келеді.  Ал  адамның  ішкі  жан-дҥниесі,  характері  ашылмаса,  толыққанды 
бейне  шықпайды.  Прозаның  ішінде  повесть  жанры  бҧл  жетістікті  тез  іліп  алып  кетті.  Қаһарман 
характерін,  оның  адамгершілік  және  рухани  әлемін  сонылықпен  бейнелеу  тәсілдермен  кӛрінген 
қаламгерлердің  ішінде  Ә.Таразидің  бірқатар  повестерін  жатқызуға  болады.  Жазушы  кӛбіне-кӛп 
Қаратау  ӛңірінің  тыныс-тіршілігін,  ондағы  адамдардың  ӛмір-тҧрмысын,  азаматтық  келбетін,  ҥнемі 
творчествосына  арқау  етіп  келеді.  Бҧл  орайда:  «Ӛзінің  кӛркемдік  зерттеу  объектісінен  айнымайтын 
жазушыларымыздың  бірі-Әкім  Тарази.  Оның  қаламынан  туған  әңгімелердің,  повестердің, 
романдардың,  пьессалардың  негізгі  тақырыптық  ӛрісі-адамгершілік  мәселесін  қамтиды, 
дҥниеқоңыздық,  ӛзімшілдікпен  кҥрес  сарыны-авторлық  мҧратпен  сабақтасып  жатады»,-деп  ғалым 
Рымғали Нҧрғалиев жақсы пікір айтқан. 
Әкім  Таразидың  соңғы  кезде  жазған  шығармасының  бірі  –    «Дауа.  Жеті.  Қырық  жеті»  деп 
аталады.  Бҧл  повесте  кейіпкер  саны  әдеттегідей  кӛп  емес.  Бас  қаһарман  Бҧрахан  Боранбаевичтің 
характері, мінезі толық қыр-сырымен ашылады. Оның образы бҥгінгі замандас-кинорежиссер ретінде 
алынған. 
 Режиссер  Бҧрахан Боранбаевичтің ӛнердегі қадамы сәтсіз емес. Ірі қаладан білім алып келіп, 
бірнеше  шығарманың  авторы  да  болып  ҥлгерген.  Әзірге  ол  дҥниелер  ауызға  да  ілініп  жҥр.  Міне, 
қырық жеті жастағы режиссердің осыған дейін тындырғаны. Повесть атауындағы «қырық жеті» сӛзі 

 
32 
осыған,  яғни,  кейіпкердің  жасына  байланысты  шартты  тҥрде  алынған.  Ал,  «жеті»  сӛзіне  келсек,  ол 
Бҧраханның  жеті  жасар  кезіне,  бҧрынғы  балалық  шағына  орай  беріліпті.  Кейіпкердің  ӛмір  жолы 
кейде авторлық шегіністер арқылы, оның ӛткен кезеңіне жетелейді. Сӛйтіп, жеті мен қырық жетінің 
арасындағы  қырық  жыл  ӛмірі  Бҧрахан  Боранбаевичтің  ӛсу,  есею,  азамат  болу  жолдарын  кӛз 
алдыңызға  әкеледі.  Осынша  мерзімді қамтып жатқан  оның  ӛмірі жайдан-жай  ӛтпеген.  Ол  аралықта 
қаһарманның  характері  айқындалып,  толысқанын,  эволюциялық  қалыптасу  жолдарынан  ӛткенін 
аңғарамыз. Адам характерінің қалыптасуы бір кҥнде емес, ҧзақ уақытты қамтитын кҥрделі процесс. 
Кейіпкердің  мінез  қалыптасуы,  оның  азамат  ретіндегі  тҧлғасының  сомдалуын  да  паш  етсе  керек. 
Кейде шығармада қаһарманның ӛткен ӛмірі параллельді тҥрде қоса ӛріліп отырады  да, ондайда бір-
бірімен салғастыра  отырып  беріледі. Сондықтан, повестің композициясы әдеттегіден  тыс қҧрылған. 
Бҧл бір қарағанда, шашырандылық сияқты кӛрінгенмен, жалпы логикалық тҧтастық бҧзылмайды. 
Бҧраханның  балалық  шағы  соғыс  кезінен  тҧспа-тҧс  келеді.  Бірақ,  болашаққа  деген  ҧмтылыс 
бәсең тартпайды. 
«Жылдар  ӛтер.  Кӛкӛзек,  Қараӛзектің  балалары  ер  жетер,  сонда  сол,  сабақ  сайын  қырғидай 
тӛніп, тҥнеріп ҥнсіз отыратын Омар ағайдың ӛзінің бар білімі екі-ақ кластық екені анықталады. Бірақ, 
оған ержетіп кеткен жігіттер ашулана қоймас: «Бізді кімдер оқытпады!»,-деп басын шайқап кҥлер де 
қояр.  Жылдар  ӛтер,  бҧл  кезде  қартайған  Омар  ағай:  «Пай-пай,  менен  оқыған  балаларды  қарашы, 
анауым  –  колхоз  бастық,  анауым-ғалым,  анауым-артист,  анауым-атақты  шопан,  анауым-атақты 
жазушы!»,-деп шырт тҥкіріп отырар! Жылдар ӛтер, жылдар ӛтер...»[1, 195]. 
Бҧраханның бірде аяқ астынан жиналып, жазушы  досы Әлиді ертіп жолға шығуы оқыс оқиға 
болғанымен,  себеп-салдары  жоқ  емес  болатын.  Бҧған  досы  таңданып  қалады.  Кӛбіне  іштей  тынып 
жҥрген  Бҧраханның  бҧлай  ерекше  мінез  танытуы,  оның  іштей  ширығуынан  туған-ды.  Творчество 
адамы жеткен табысқа малданып қалмаса керек. Характер  ширығуы да нақ осыған байланысты еді. 
Бҧрахан  Боранбаевич  жаңа  бір  серпіліс  жасап,  ізденбек.  Бәлкім,  ол  творчество  биігіне  ҧмтылу  ма 
екен, әйтеуір кӛңіл-кҥйінде бір мазасыздық барына сӛз жоқ. 
Бҧлар  астанадан  алыстағы  облыс  орталығы  Асаталға  жол  шегеді.  Не  мақсатпен  келеді,  оны 
досы Әлиге айтпаған. Бірақ, кӛңіл тҥпкірінде сақтаған бір сыры бары ӛзіне аян. 
Кейіпкердің туған жерге сағынышы зор. Асатал облысы-Бҧраханның туған жері. Оны тартқан 
кҥш те сол екен. Ата-ана қҧшағында, балалық шағын ӛткізген ел іші кімге де ыстық болатыны талай 
шығармаларға  арқау  болған.  Әкім  Тарази  де  сол  әуеннен  алыс  кете  алмаған.  Оның  бас  қаһарманы 
Бҧрахан  туған  жер  туралы,  оның  еңбек  адамдары  туралы  шынайы  фильм  тҥсіріп,  бір  перзенттік 
парызын  ӛтемек.  Повесте  жан-дҥние  толқынысы  бірден  орындала  қоймауы,  ішкі  қайшылықтар 
туғызып, мінезінің кандай екенін аша тҥседі. Туған жерге келген соң да, қосымша жағдайлар пайда 
болады.  Ол  ӛзінің  туған  әпкесін  баяғы  бала  кезінен  кӛрмеген.  Әпкесі  ҥйлі-жайлы  болып  кеткелі 
қашан...Жҧмыс,  қызмет  деп  жҥріп  қырық  жылдай  жҥздеспеген  әпкесін  кайдан  іздеп  таппақ?  Тіпті, 
қайда  тҧратынын  да  білмейді  екен.  Бауыр  адам  ҥшін  бҧдан  асқан  сорақылық  болар  ма?!  Нақа  бір 
безбҥйрек  болмаса,  адамның  адамгершілігі  осындайда  кӛрінбес  пе?!  Қанша  іздесе  де  әпкесі 
таптырмайды. Бҧрахан баяғы ӛзі жалаңаяқ жҥгірген туған топырағын шарлайды. Оқыған мектебінің, 
тҧрған  ҥйлерінің  орнына  келеді.  Бірақ,  олардың  қазір  орны  ғана  қалған.  Еске  тҥскен  балалық  шақ, 
қиындық кездер, ағайын бауыр бәрі-бәрі кӛз алдына келіп тҧрып алады. Бҥгінде ауылының баяғы ӛзі 
білетін ҥлкендері жоқ, дҥниеден ӛткен. Кӛзге ыстық жас келеді. 
Ол туған жерінде талай кісілермен жолығып, әңгімелесіп кӛп сыр аңғарады. Бала кез бен азамат 
кездің  айырмасы  ҥлкен.  Қасиетті  Қаракент  оған  қымбат.  Соңында  кӛңілге  тҥйген  ой-мақсаты 
айқындалып,  Асаталға  келеді.  Сонда  қалған  Әли  досы  мҧның  шаршаңқы  тҥрін  кӛріп  әзілдеп:  -
«Немене,тоналып қайтқансың ба?»,-дейді. 
Сонда Бҧрахан:-Рас -ей, тоналып қайттым!-деді. -Бірақ тапқаным аз емес! Аз емес!» 
Бҧл жаққа келген аз кҥннің ішінде қаһарманның, яғни, кейіпкердің бастан ӛткерген кӛңіл-кҥйі 
талай  жылдарға  жҥк  болғандай.  Осы  бірнеше  ғана  кҥннің  ӛзі,  оның  азамат  жасындағы  адамның 
мінезіне  біршама  ӛзгерістер  енгізіп,  мҥлде  бҧрынғыдан  да  парасатты,  ойлы  кісіге  айналғандай. 
Характері қайсыбір творчестволық табысқа еліккен сыңайдан арылып, енді оның ӛзі  аз кӛрінгендей, 
бейне  бір  канғатсыздық  сезім  пайда  болғандай.  Бәрін  тереңнен  ойлайтын,  кҥрделі  бір  мінез 
тапқандай. Расында, қай кезде де адамның жан-дҥниесі жҧмбақ сырға толы. Оны бірден тану мҥмкін 
емес.  Сондықтан  да,  ӛзінің  терең  психологиялық  туындылары  мен  осы  уақытқа  дейін  әлемді 
таңдандырып келе жатқан ойшыл жазушы Ф.Достоевский былай деп толғанады: «Адам жҧмбақ. Оны 
шешу керек. Егер шешсең, уақыттан ҧтылдым деп ойлама. Мен осы жҧмбақпен айналысып жҥрмін. 
Яғни, адам болғым келеді». Адам баласына туған жер қҧдіретінің әсері бӛлек. Бҧрахан соны сезінеді. 

 
33 
Ол  енді  қандай  творчестволық  асуды  болса  да  алатынына  сенімді.  Ол  ӛз  кӛңіліне  осылайша  бір 
«дауа» тапқан. Автордың повесть атауындағы «Дауасы» да осы болатын . 
Сонда-ақ, шығармадағы ішкі монологтардан да қаһарманның ӛмірлік-психологиялық мҧратын, 
азаматтық позициясын, мінез-сипатын байқаймыз: 
«Ал шын суреткер сондай болмаса керек! Шын суреткер ӛзіне дейінгі жетістіктің бәрін сызып 
тастайды!  Бәрін  қайта  бастайды.  Ең  қҧрыса:  бәрін  қайта  бастадым  деп  ойлайды!  Адамзат  жеткен 
кӛркемдік деңгей, кӛркемдік даңғылды одан әрі жалғай білген жан ғана, одан әрі кеңейте білген жан 
ғана  ӛзін  суреткер  санасын!  Әйтпесе,  Алматың  қаптап  жҥрген  гений!  Кӛркемдік  әлемінде  тазалық 
шамалы,  тазалайтын  кез  жеткен  тәрізді,  мысалы,  ғылымда  ғылыми  жаңалық  бір-ақ  мәрте  ашылмай 
ма?  Ал  бҥгін  әлемдік  тартылыс  заңын-Ньютонның  биномын  бір  ашылған  жаңалықты  кҥн  сайын 
қайта-қайта  ашамыз  деп  жатамыз.  Немесе  ақындарды  алайық...  Біреуі  бір  теңеу  тапса,  соны  бәрі 
жабылып,  сілікпесін  шығарып,  тоздырып  барып  тынады!  Жоқ,  кӛркемдік  саласында  да  ғылыми 
тазалық  шарт.  Жоқ,  жолдас,  тоқта,  мынауың  ешқандай  жаңалық  емес,  бҧл  сізден  бҧрын  Толстой 
жолдас, Гомер жолдас, Әуезов жолдас ашып койған дейтін бір қатал сыншы қажет-ақ» [1,198] 
Қаһарманның  ары  таза,  әділдік,  ақиқат  ҥшін  жаны  ашып,  мазасызданады.  Ӛзінің  айтқан 
кредосы бар. Бҧл оны адастырмайтын бағыт, әрі мінез бітімінің кесектігін, қайсарлылық-жігерлілікті 
танытатын қҧбылыс. Кӛкірегінде нағыз оты бар адамның жаратылысы! Мҧндай адамдарды ӛмірде ақ 
жолдан  тайдыру  мҥмкін емес.  Олар  ондайға кӛнбейді.  Ӛйткені,  олардың жан-дҥниесі  сенімді,  рухы 
кҥшті, мінезі тҧрақты. 
Әкім  Тарази  повестіндегі  тағы  бір кейіпкер, Бҧраханның  ағасы-Қасымның  бейнесімен  сондай 
кҥлкілі жайларды аңғарамыз. Бҧл бір жағы оның мінезіне де қатысты. Ол бҧрындары ҥш рет колхоз 
бастық болып, ҥш рет қызметтен қуылған адам. Соның бәрінде ылғи ӛзінің мінезі кінәлі. 
Мысалға  жҥгінейік:  «Жастықтың  әсері  ме,  әлде  қыстан  малын  аман  алып  шыққан  ерке 
бастықтың  кӛңіл  ығының  әсері  ме,  кім  білсін,  әйтеуір  сол  арада  қара  жігіт  (Қасым)  мен  сӛйлеймін 
деген сыңайын білдіріп, даусын кеней жӛтеліп, орнынан кӛтерілсін». 
Жазушының  біз  талдаған  екі  шығармасында  да  идеялық  тҥпқазық-рухани  кҥш  беретін  туған 
жерді, ата-жҧртты қадірлеп, ҧлттық, халықтық қасиет-дәстҥріңді жоғалтпау, сонда ғана жер бетінде 
кәдімгі  адам  қалпында  ӛмір  кешетініңді  мезгейді.  Ол  ҥшін,  әрине,  жайдан-жай  емес,  адамшылық 
қасиетті танытар әркімнің мінез-бітімі болуын суреттеп кӛрсетеді. Және характер атаулының бірден 
пайда  болмай,  жҥре  келе,  ӛмірді  тани  келе,  тҥрлі  қайшылық-қиыншылықтарды  жеңу  ҥстінде  ғана 
қалыптасатынын баяндайды. 
Сондай-ақ, ҧрапақтар жалғастығы, ӛмірдің мәңгілігі, тәрбие тӛркіні, мінез-қасиеттердің атадан 
балаға  ҧласатыны  повестерде  негізгі  лейтмотивке  айналған.  Жазушы  Әкім  Таразидің 
шығармашылығында ӛзі ӛскен ауыл,  орта, ел, жер, халықтың әл-ауқаты, ондағы орындалған кейбір 
кертартпалықтар  кейіпкерлер  арасындағы  кӛркем  тартыс,  жалпы  адамзаттық  проблемаларды 
кӛтереді.  Жазушының  кейіпкерлері  арасында  ӛмірде  кездесетін  барлық  адамдар  психологиясы  бар 
десек қателеспейміз. Сол ӛмір шындығын, адам мінезін бейнелеуде, кӛркемдік тәсілдерді қолдануда, 
кӛркемдік шешім табуда, тақырып таңдауда, жазушы қаламының жорғалығы, шеберлігі, кӛркемдігі, 
ерекшелігі  аңғарылады.  Әр  ақында  немесе  жазушының  бір-бірінен  ӛзгелендіріп  тҧратын 
шығармашылығында  бір  ерекшелігі  болатын  болса,  Әкім  Тарази  прозасының  ӛзіне  ғана  тән 
айырмашылығы-тілінің  қарапайымдылығы,  идеялық  тҧрғыдан,  барлық  тақырыпты,  тек 
адамгершілікті  насихаттауға  кӛтеретіндігінде.  Жазушы  қай  заманды,  қай  тақырыпты  алса  да, 
адамгершілікті  сӛз  еткен.  Адамдар  арасындағы  тартыс  та,  кейіпкерлердің  жан-дҥниесіндегі 
қайшылықтар да, сезім толқулары да, пікірлері де, тағыда басқалар да автор  ҧстанымын айқындайды. 
Әкім  Таразидің  сӛз  қолданысы,  стилі  де  бӛлек.  Шығармаларын  оқып  отырғанда,  жазушының 
жеке шеберлігін, кӛркемдік-поэтикалық қуатын танимыз. Уақытқа сай, әдебиет те бір орнында тҧрып 
қалмайды. Әкім Тарази әдебиеттің әр кезеңіне ӛзіндік ерекшелік енгізіп отырады деп сенеміз. Оның 
қолтаңбалары әдебиеттен де кӛрініс беруі заңды. 
Бҥгінгі  әдебиетіміздің  ӛкілі  Әкім  Таразидің  повестеріндегі  кейіпкерлер  әлемі  заманға  сай 
алынған  десек  қателеспейміз.  Оның  кейіпкерлері  -  ӛз  бақытын  іздеуші  және  мәнді  ӛмір  ҥшін 
кҥресуші жандар. Олар ӛзін-ӛзі танытып, кӛптің қамын ойлайтын адамгершілігі мол типтік образдар. 
Әкім Тарази – ӛз заманының суретшісі.  
_______________________ 
1. Тарази Ә. Дауа. Жеті. Қырық жеті. // Қорқау жҧлдыз. -Алматы, 1991. -285 б. 
2. Тарази Ә. Әулет. // Жҧлдыз. 1985. -30 б. 
 

 
34 
Аннотация. В статье  рассматриваются   эстетические  и  мировоззренческие  истоки   писателя  А. 
Тарази, своебразия   языка и стиля,   многогранность его героев  и.т.д. 
Annotation. In article aesthetical and world out looking sources, originality and style of language of writer 
A.Tarazi and his characters versatile were observed. 
 
 
 
А.О.Амангельдиева, К.Ә.Әбдір 
 
ӘКІМ ТАРАЗИДІҢ «ӘУЛЕТ» ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ 
  АДАМГЕРШІЛІК МӘСЕЛЕСІ 
ӘОЖ 82.09 (574) 
 А52 
 
Әдебиеттің  асыл  парызы,  оның  халық  алдындағы  міндеті  ҥнемі  зерттеліп,  зерделеніп  келе 
жатқан  мәселе.  Жалпы  кӛркем  ӛнердің  «темірқазық»  жҧлдызын  белгілейтін  негізгі  принцип-оның 
адамды  жырлайтын  халықтығы,  жалпы  адамзаттық  рӛлі  болса  керек.  Бҧл  қай  кезде  болсын,  оған 
ерекше  қуат,  жаңа  серпін  беретін.  Жер  жҥзінің  ӛнер  мәдениеті  аса  биік  адамгершілік  қасиеттерді 
мақсат-мҧрат тҧтып, алда тҧрған кҥрделі проблемаларды жҥзеге асыруға ықпал етеді. 
Бағзы  заманнан-ақ  халықтың  арман-мақсатын,  мҧң-мҧқтажын  кӛтерер  кейіпкерлер  тҧлғасы 
сомдалған. Бҧл әсіресе, халық ауыз әдебиетінде кең ӛріс алды. Келе-келе жазба әдебиет оны әрі қарай 
дамытып  әкетті.  Әдебиеттегі  мҧндай  қаһармандардың  болашаққа  ҧмтылу,  ӛмір  ҥшін  кҥресерлік 
қҧбылысы-әріден  келе  жатқан  дәстҥр  жалғастығының  жемісі  еді.  Адамның  тынымсыз  тіршілігі 
әдебиеттің таусылмас тақырыбы болды. Ӛткен кезең кейіпкерлерін айтпағанда, жаңадан бейнеленген 
тың образдар әдебиеттің мерейін ӛсірер, оның әсерін арттырар факторға айналды. Уақыт ӛткен сайын 
адам  ӛзінің  зор  болмысымен  мҥсінделе  берді.  Бірақ,  ол  ешбір  жансыз  монумент  емес,  саналы 
кҥрескер  ретінде  бейнеленді.  Л.Толстойдың,  Ф.Достоевскийдің,  И.Шолоховтың,  М.Әуезовтың, 
Ш.Айтматовтың  шығармаларында  ӛмір  ӛткелдерін  танытатын  қаһармандар  қатарынан  кӛптеген 
ҥлгілерді  кӛруге  болады.  Олар  мың-миллиондарға  ӛнеге  болған,  ӛмірдің  ӛзінен  ойып  алынған 
тҧлғалар еді. 
Әдебиеттің  адамға  қандай  ҧлағат-тәрбие  бере  алатынын  дәлелдеп  жатудың  керегі  жоқ.  Міне, 
осы  ретте  кӛркем  шығарма  идеялық-эстетикалық  қҧрал  болып  отырса,  оның  мәні  де  зор.  Ал,  ол 
қаһарманды  ӛз  арамыздан  іздейміз.  Оны  кӛрер  кӛз  бен  сезер  жҥрек  керек.  Оның  астарынан,  әрине, 
ҥлкен жҥректі, ізге ниетті адам сипатын іздейсің. Ӛмірде жомарт, адал жандар кӛп екеніне сӛз жоқ, 
тек адамгершілік қасиеттерді терең суреткерлікпен аша білу қажет. Нағыз жазушы қаһарманды жан-
жақты бейнелейтініне сӛз жоқ. Замандас образын жасау оңай емес. Мҧның ӛзі талмас ізденісті қана 
емес, батылдықты да керек етеді. 
Әр  дәуірдің  ӛз  кӛркем  шындығы  бар.  Жаңаша  қолтаңба  мен  суреттеу  тәсілдері  туады. 
Сондықтан да, халыққа ҧсынар кӛркем туынды уақыт талабынан кенжелемесе екен.  
Қазіргі қазақ прозасы жан-жақты ізденістер нәтижесінде біраз жетістіктерімен танылып отыр. 
Әсіресе,  кейіпкер  мен  характер  жасауда,  оның  рухани  әлемін  кӛрсетуде  қаламгерлер  тың 
қолтаңбаларымен кӛрініп келеді. Кейіпкерлер образы арқылы жазушылар заман мен қоғам, гуманизм 
және адамгершілік парасат хақында дҥние танымдық кӛзқарастарын кӛркемдікпен суреттеуде. 
Бҥгінде  соңғы  жылдар  жазылған  повестерімен  кӛркем  прозаны    толықтыра  тҥскен 
С.Мҧратбеков, Қ.Жҧмаділов, Ә.Кекілбаев, М.Мағауин, Д.Досжанов, Ә.Тарази, О.Бӛкеевтер.  
Характер  туралы  мәселе  қозғағанда,  бҧрынғыдай  бірден  атыс-шабыстан  басталмай, 
қаһарманның ішкі жан-дҥниесімен астасып жататыны, ішкі тартыстардың кҥшейетіні, алдымен кӛзге 
тҥседі. Сол арқылы характер эволюциясы бірте-бірте айқындалып, кейіпкердің қандай мінездің иесі 
екені танылады. Мҧндайда реніш те, қуаныш та, жақсылық та, жамандық та қоса жҥруі мҥмкін. Міне, 
осы ретте жоғарыда аталған жазушылар қаһарманның рухани әлемі арқылы, оның мінез қырларын да, 
әрқилы  ашып  кӛрсетуге  тырысты.  Енді  ӛмір  сырлары  қаншалықты  кҥрделі  болса,  прозалық 
шығармалардағы  кӛркем  характер  де  ӛзінің  бар  шындығымен  суреттеледі.  Бҧл  негізгі  мақсат  еді. 
Қаһарманды,  яғни  кейіпкерді  жақсы  жақтарынан  мақтай  бермей,  оның  бойындағы  пендеге  тән 
«кемшіліктерін» де жасырмай, әрі асырмай айту нанымдылықты арттырады. 
Адамгершілік  тҧрғыда  ҥлгі  етерлік  қаһарманның  іс-әрекеті,  алдымен  оның  ішкі  жан-дҥние 
толқынысымен  тығыз  байланысты.  Мҧның  ӛзі  психологиялық  ой-ниет  шешімінің,  кҥйініш-сҥйініш 
жағдайларының адам тағдырында айрықша орын алатынын кӛрсетеді. Ал сол адами-рухани дҥниені 

 
35 
келістіре  суреттеу  ҥшін  жазушының  айрықша  шеберлігі  қажет.  Бҧл  жәйт,  сондықтан  да  әдебиеттің 
келелі  проблемасы  болып  келеді.  Ал  адамның  ішкі  жан-дҥниесі,  характері  ашылмаса,  толыққанды 
бейне  шықпайды.  Қаһарман  характерін,  оның  адамгершілік  және  рухани  әлемін  сонылықпен 
бейнелеу  тәсілдермен  кӛрінген  қаламгерлердің  ішінде  Ә.Таразидің  бірқатар  повестерін  жатқызуға 
болады. Жазушы кӛбіне-кӛп Қаратау ӛңірінің тыныс-тіршілігін, ондағы адамдардың ӛмір-тҧрмысын, 
азаматтық келбетін, ҥнемі творчествосына арқау етіп келеді. Бҧл  орайда: «Ӛзінің кӛркемдік зерттеу 
объектісінен  айнымайтын  жазушыларымыздың  бірі  –  Әкім  Тарази.  Оның  қаламынан  туған 
әңгімелердің,  повестердің,  романдардың,  пьессалардың  негізгі  тақырыптық  ӛрісі-адамгершілік 
мәселесін  қамтиды,  дҥниеқоңыздық,  ӛзімшілдікпен  кҥрес  сарыны-авторлық  мҧратпен  сабақтасып 
жатады»-деп ғалым Рымғали Нҧрғалиев жақсы пікір айтқан. 
Әкім  Таразидың  кӛркем  жазылған    шығармасы  «Әулет»  деп  аталады.  Сюжеттік-
композициялық, стильдік жағынан анағҧрлым кҥрделірек жазылған  туындысы. «Әулет» бір  отбасы  
мәселесіне  арналған.  Жалпы,  жеке    отбасы    мәселесіне  арналған  кӛлемді  шығармалар  Европа 
әдебиетінде  бҧрыннан  бар.  Ал  қазақ  әдебиетінде  бҧл  тақырып  әлі  терең  кӛтеріле  койған  жоқ. 
Кӛтерілген  кҥнде  де  қосымша  сюжет  ретінде  ғана  алынып  жҥр.  Сондықтан,  семьяны  шығармаға 
бірыңғай  арқау  ету  бізде  жаңалық  іспетті.  Біраз  персонаждың  ішінде  Пірәли  қарт,  оның  немересі 
Сағат жасӛспірім орталық қаһарман ретінде алынған. Екеуінің образы кӛп жайды кӛтеріп тҥр. Пірәли 
қарт жасы келіп, зейнетке шыққан. Енді соны тойламақ. Бҧл ӛзі шынында ӛніп, ӛскен әулет. Бҧларды 
жҧрт арғы атақты ата-бабасының есімімен қадір тҧтып, «Қараспан әулеті» деп атайды. Десе дегендей, 
қазіргі  Пірәли  қарттың  ӛзі  де  ҥбірлі-шҥбірлі,  тӛрт  ҧл,  бір  қыз  ӛсірген.  Ханәли-совхоз  директоры, 
Мәрзия-ӛнер институтын бітірген. Балалары кілең сайдың тасындай азамат болып, елге қызмет етіп 
жҥргендер.  Сӛйтіп,  Пірәлидің    отбасы  былайша  ҥлгілі  жанҧя.  Оның  ӛзі  талай  қиындықты  бастан 
ӛткерген, колхоздастыру, соғыс, халық шаруашылығын қалпына келтіру, бәрі де  ҧстаздық кәсіптегі 
мҧның ӛз басына салмақ тҥсірмей қоймаған. Бҧларды ел біледі, жҧрт біледі. 
Осындай  бақытты  отбасының  ақырында  моральдық  қҧлдырап,  кҥйреуге  ҧшырауының  куәсі 
боламыз. Шығарманың мҧндай кульминацияға жетіп, тосын шешіммен аяқталуы, әрине, оқырманын 
бей-жай қалдырмайды. Оқиға бір аптаның ішінде аяқталғанымен, осы бір аптаға дейін бҧл отбасында 
сырт кӛзге кӛрінбейтін кӛптеген жәйттар болып жатқан. Повесть тарауларындағы дҥйсенбі, сейсенбі, 
сәрсенбі, бейсенбі, жҧма деп аталып келуі Пірәли қарттың  бес баласын меңзегендей. Олар басында 
дҧрыс болғанымен, бірте-бірте азып-тозуға, моральдық тҧрғыдан бҥлініп, бітуге таяу екен. Ер-азамат 
деп  жҥрген  ҧлдары  барға  мастанып,  тәуір  қызметтер  атқарғанымен,  рухани  жағынан  азғындап, 
отбасы  арын  аяққа  таптап,  жеңіл  жҥрістерге  салынған.  Содан  әкелерінің  мерейтойы  келер  сәтте 
бәрінің де сыры ашылып, жылтыр масканың ар жағындағы бет-жҥздері анық кӛрінеді. Ақырында әке 
тойына  дейін-ақ  қҧлауға  шақ  тҧрған  әулет  бір-ақ  мезгілде  ӛздерін-ӛздері  әшкере  етеді.  Қайсыбірі 
семьядан  жолы  болмайды.  Соңында,  ол  автомашинамен  аварияға  ҧшырап,  қайтыс  болады  да,  енді 
ӛткіземіз  деп  жҧртқа  хабарланып  койған  мерейтой  ӛтпей  қалады.  Әкелерінің  тойының  орнына, 
қаралы жиын ӛтеді. Бҧл-ҥлкен трагедия. 
Әңгіме  бір  семья  туралы  болғанмен,  оның  астарында  ҥлкен  әлеуметтік  мән  жатыр. 
Адамгершілік, ар таразыға тҥседі. Бір семья ӛмірінен уақыттың кӛп сырын аңғарамыз. Қоғамдық хал-
жағдайға қанығамыз. Былайша, бір семья ӛмірі кӛп жәйтті қамти алмайтын, тар ӛрісті болып кӛрінуі 
мҥмкін. Бірақ, бҧлай ойлау жетімсіз болар еді. Жеке семья арқылы да белгілі бір кезеңнің, уақыттың 
шындығын  кӛз  алдымызға  елестете  аламыз.  «Әулет»  повестінің  кҧндылығы  да  осында.  Онда 
кейіпкерлердің  ӛз  ортасына  тән  мінез  кайшылыктары  шебер  ашылады.  Шығарма  поэтикасы 
тартымды.  Кӛркемдік  бейнелеу  кҧралдары  ӛзара  әсерлі  қиысады.  Кӛз  алдымыздан  бірнеше  адам 
образы елестейді. 
Шығарма  кейіпкерлерінің  кейбіреулері  моральдық  кҥйреуге  ҧшырап  жатса,  енді  біреулері 
адамдық характерін шыңдап, тҧлғалана тҥседі. Солардың бірі-Сағат. Ендігі жерде осы Сағат, сосын 
басқа  да  персонаждар-Пірәли  қарттың  немерелері  алдағы  жақсы  ӛмірдің  қарлығаштарындай  әсер 
қалдырады.  Сағат  сияқтылар  ғана  бҥкіл  әулеттің  абыройлы  жалғасы  болмақ.  Оның  да  жастығына 
қарамастан,  характер  қақтығыстарынан  ӛтіп,  ақыр  соңында  дҧрыс  адамгершілік  жолды  таңдауы, 
шығармаға  романтикалық  леп  береді.  Ол  басқаларға  қарағанда  ӛз  жолын  таңдайды.  Бҧл  оның  кӛп 
толғанып,  жастайынан  жақсы-жаманды  кӛріп  ӛскендігінен  болса  керек.  Оның  ҥстіне  Пірәли 
атасының  ҧлағатын  ҧстанатын  да  осы  –  Сағат.  Атасының  да  бҧған  деген  ықылас-ҥміті  ерекше. 
Сондықтан,  қарттың  Сағатты  ертіп  ата-бабасы  мекеніне  келіп,  ӛсиет  айтуы  шынайы  шыққан.  Әрі 
оның мінезінің тҧрақтануына, қалыптасуына, іштей рухани бекінуіне айрықша әсер етеді. 
«Ендеше  мен  саған  Сағат  деп  қарамаймын,  мен  саған-Қараспан  деп  қараймын,  Қараспанның 
дәл ӛзі деп қараймын. Кешегі кҥні дәл осы жерін, осы елін қорғаймын деп жҥріп, шейт болып кеткен 

 
36 
Қараспан  батырдың  ӛзі  деп  білемін!  Елің,  жерің  ҥшін  қылатын  ендігі  сенің  қайратың-қолына  қару 
алып  соғысу  емес,  қайла  алып  қазу  болса,  оның  несі  сӛлекет.  Қараспан  жаумен  Қаратуда  соғысса, 
оның Пірәли деген жалғасы Берлинге дейін жауды қуып барып қайтқан. Бізді де тегін деме, қарағым. 
«Химзаводтың»  оқуына  тҥсем  деп  жҥрген  кӛрінесің...  Бетіңнен  жарылқасын.  Тек  қана  ӛзіңнің  кім 
екеніңді, тегіңді білмей кетпесін деп ойладым! Бетіңнен жарылқасын, қарағым!»[1,36]. 
Осылай  деп,  Пірәли  қарт  ҧлттық,  халықтық  дәстҥр  хақында  толғанады.  Ал  бала  жігіт  Сағат 
болса, ойша былай тҥйеді; «Ата, ататай, маған сенің жолыңды берсін, мен-сен болуға ант етемін!»-
дейді.  «Саған  да  ант  етемін,  Қараспан  баба!».  Кейіпкердің  бҧл  сӛзінен  мәрт  мінездің  туындап  келе 
жатқанына кӛз жеткіземіз. 
Қорыта  келгенде,  аталмыш  шығармадан  басқа  келген  бақтың  қадыр-қасиетін  тҥсінбесе, 
бағаламаса, бір-ақ сәтте азғындыққа ҧрынуға болатынын, ал оның мәнін ҧққанға адамшылық ӛмірдің 
биігіне  шығуға  болатынын  негізгі  идеяға  айналдырып,  автор  кӛп жайға  қанықтырады.  Жазушының 
біз  талдаған  екі  шығармасында  да  идеялық  тҥпқазық-рухани  кҥш  беретін  туған  жерді,  ата-жҧртты 
қадірлеп,  ҧлттық,  халықтық  қасиет-дәстҥріңді  жоғалтпау,  сонда  ғана  жер  бетінде  кәдімгі  адам 
қалпында ӛмір кешетініңді меңзейді. Ол ҥшін, әрине, жәйдан-жай емес, адамшылық қасиетті танытар 
әркімнің  мінез-бітімі  болуын  суреттеп  кӛрсетеді.  Және  характер  атаулының  бірден  пайда  болмай, 
жҥре келе, ӛмірді тани келе, тҥрлі қайшылық-қиыншылықтарды жеңу ҥстінде ғана қалыптасатынын 
баяндайды. 
Сондай-ақ ҧрапақтар жалғастығы, ӛмірдің мәңгілігі, тәрбие тӛркіні, мінез-қасиеттердің атадан 
балаға ҧласатыны повестерде негізгі лейтмотивке айналған. 
Жазушы      Әкім    Таразидің  шығармашылығында  ӛзі  ӛскен  ауыл,  орта,  ел,  жер,  халықтың  әл-
ауқаты, ондағы орындалған кейбір кер тартпалықтар кейіпкерлер арасындағы кӛркем тартыс, жалпы 
адамзаттық  проблемаларды  кӛтереді.  Жазушының  кейіпкерлері  арасында  ӛмірде  кездесетін  барлық 
адамдар  психологиясы  бар  десек  қателеспейміз.  Сол  ӛмір  шындығын,  адам  мінезін  бейнелеуде, 
кӛркемдік  тәсілдерді  қолдануда,  кӛркемдік  шешім  табуда,  тақырып  таңдауда,  жазушы  қаламының 
жаралығы,  шеберлігі,  кӛркемдік  ерекшелігі  аңғарылады.  Әр  ақында  немесе  жазушының  бір-бірінен 
ӛзгелендіріп  тҧратын  шығармашылығында  бір  ерекшелігі  болатын  болса,  Әкім  Тарази  прозасының 
ӛзіне  ғана  тән  айырмашылығы  –  тілінің  қарапайымдылығы  идеядық  тҧрғыдан,  барлық  тақырыпты, 
тек  адамгершілікті  насихаттауға  кӛтеретіндігінде  дер  едім.  Жазушы  қай  заманды,  қай  тақырыпты 
алса да, адамгершілікті сӛз еткен. Адамдар арасындағы тартыс та, кейіпкерлердің жандҥниелеріндегі 
қайшылықтар  да,  сезім  толқулары  да,  пікірлері  де,  тағыда  басқа  да  автор  позициясын  айқындауға 
жҧмылдырылған. 
Әкім Таразидің сӛз қолданысы, стилі де бӛлек. Шығармаларын оқып отырғанда, жазушының ӛз 
шеберліктерін, кӛркемдік-поэтикалық қуатын танимыз. Уақытқа  сай, әдебиет те  бір орнында тҧрып 
қалмайтыны,  осыған  орай  Әкім  Таразидың  де  әдебиеттің  әр  кезеңіне  ӛзіндік  ерекшелік  енгізіп 
отырады. Оның қолтаңбалары әдебиеттен де кӛрініс беруі заңды. 
Қорыта келгенде, бҥгінгі әдебиетіміздің ӛкілі Әкім Таразидің повестеріндегі кейіпкерлер әлемі 
заманға сай алынған. Оның кейіпкерлері ӛз бақытын іздеуші және мәнді ӛмір ҥшін кҥресуші жандар. 
Олар ӛзін-ӛзі танытып, кӛптің қамын ойлайтын адамгершілігі мол типтік образдар. Әкім Таразиді ӛз 
заманының суретшісі десек те артық болмайды.  
_________________________ 
1.
 
Тарази Ә. Әулет. // Жҧлдыз. 1985. -30 б. 
2.
 
Әшімбаев С.//Парасатқа қҧштарлық. Әдеби-сын мақалалар,портреттер.  Алматы, 1985.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет