Сөздер морфологиялық құрылымы, морфемалық құрамы жағынан алуан түрлі болады: олар бір морфемадан да (бас, қол), екі морфемадан да (бас-та, қол-да), бірнеше морфемадан да (бас-та-у-шы, қол-да-н-ыс-ы) құрала береді. Сөз құрамындағы морфемалардың әрқайсысының өзіне тән мағынасы болады. Мысалы, көлшікке деген сөздің құрамындағы үш морфеманың біріншісі (көл) заттық мағынаны білдірсе, екіншісі (-шік) кішірейткіш мағынаны, соңғысы (-ке) бағыт мағынасын білдіреді. Мағыналық тұүрғыдан қарағанда, морфема сөздің ары карай бөлшектеуге келмейтін ең кіші мағыналық бөлшегі болып саналады.
Сөз де, морфема да дыбыстан немесе дыбыстардың тіркесінен құүралады. Дыбыс - тілдің ең кіші единицасы, бірақ ол өздігінен мағынаны білдіре алмайды. Дыбыс - тілдің мағыналық единицасы емес, ең кіші фонетикалық единицасы. Егер жеке дыбыс мағынамен байланысса, яғни мағыналық единица ретінде қызмет атқара қалса, онда оның сөз немесе көмекші (аффикстік) морфема болғаны.
Сонымен, морфема дегеніміз тілдің ары қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші мағыналық единицасы. Морфемалар мағынасы мен қызметі жағынан әр түрлі. Морфемалардың ішінде негізгі лексикалық мағынаны білдіретіндері де, грамматикалық мағынаны білдіретіндері де бар. Мысалы, көлшікке деген сөздің құрамындағы көл морфемасы негізгі лексикалық мағынаны білдірсе, -шік және -ке морфемалары грамматикалық мағыналарды білдіреді. Жалпылама лексикалық мағынаны білдіретін морфема түбір морфема немесе негізгі морфема деп аталады да, грамматикалық мағыналарды білдіретін морфема аффикстік морфема немесе көмекші морфема деп аталады
Дүние жүзіндегі тілдер грамматикалық құрылысы жағынан алуан түрлі. Осыған орай, ол тілдердегі сөздердің морфологиялық құрылымы да, сөз құрылымындағы түбір морфема мен аффикстік морфемалардың табиғаты да түрлі-түрлі болып келеді. Негізгі (немесе түбір) морфеманың жалпылама лексикалық мағынасы заттық мағына деп аталады.
Дүние жүзіндегі тілдер грамматикалық құрылысы жағынан алуан түрлі. Осыған орай, ол тілдердегі сөздердің морфологиялық құрылымы да, сөз құрылымындағы түбір морфема мен аффикстік морфемалардың табиғаты да түрлі-түрлі болып келеді. Негізгі (немесе түбір) морфеманың жалпылама лексикалық мағынасы заттық мағына деп аталады.
Негізгі немесе түбір морфемаларда дербестік бар. Олар, мысалы, түркі тілдерінде дербес сөз ретінде қолданыла алады. Ал аффикстік морфемаларда мұндай дербестік болмайды. Сондықтан олар көмекші морфемалар деп аталады. Аффикстік морфемалар әрқашан сөз құрамында қолданылады. Олар сөзден тыс ешқандай мағынаны білдіре алмайды. Аффикстік морфема сөз құрамында қолданылғанда ғана, белгілі бір мағынаны білдіреді.