Грамматика және оның салалары



бет6/9
Дата07.06.2023
өлшемі96,59 Kb.
#99537
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Грамматика және оның салалары Құралай

Түбір морфема сөздердің әр түрлі лексика-грамматикалық топтары үшін бірдей ортақ морфема ретінде қызмет ете алады. Мысалы, бас морфемасы бастық, басшы, баспа, баспалдақ, басшылық деген зат есімдердің де, басты, бассыз деген сын есімдердің де, баста, бастат, басқар деген етістіктердің де түбірі болып саналады.

  • Түбір морфема сөздердің әр түрлі лексика-грамматикалық топтары үшін бірдей ортақ морфема ретінде қызмет ете алады. Мысалы, бас морфемасы бастық, басшы, баспа, баспалдақ, басшылық деген зат есімдердің де, басты, бассыз деген сын есімдердің де, баста, бастат, басқар деген етістіктердің де түбірі болып саналады.
  • Ал негіздің түбірден айырмашылығы сол, ол сөздердің әр түрлі (әр басқа) лексика-грамматикалық топтары үшін емес, олардың белгілі бір лексика-грамматикалық тобының формаларына ортақ болып келеді. Мысалы, бас морфемасы жоғарыда аталған зат есімдердің де, сын есімдердің де, етістіктердің де - бәріне бірдей ұйтқы, бірдей ортақ түбір болса, бастықтар, бастыққа, бастықтан, бастығың, бастығы деген зат есімдер тобына енетін сөздердің формаларына ортақ негіз -бастық, ал бастап, бастағалы, бастаған, бастайтыны деген етістіктердің формаларының бәріне бірдей ортақ негіз - баста. Басқара, басқарып, басқарғалы, басқарған, басқарар, басқаратын деген етістік формаларының негізі басқар болып саналады.

Бұл айтылғандардан шығатын қорытынды мынау: түбір морфема - сөздердің қандай лексика-грамматикалық топқа (қай сөз тобына) жататындығына қарамастан, олардың бәріне бірдей тән, күллісіне бірдей ортақ, баршасына бірдей негізгі ұйтқы болатын элемент те, негіз - белгілі бір лексика-грамматикалық топқа (сөз табына) қатысты бір сөздің әр түрлі формаларының бәріне бірдей ортақ ұйтқы.

  • Бұл айтылғандардан шығатын қорытынды мынау: түбір морфема - сөздердің қандай лексика-грамматикалық топқа (қай сөз тобына) жататындығына қарамастан, олардың бәріне бірдей тән, күллісіне бірдей ортақ, баршасына бірдей негізгі ұйтқы болатын элемент те, негіз - белгілі бір лексика-грамматикалық топқа (сөз табына) қатысты бір сөздің әр түрлі формаларының бәріне бірдей ортақ ұйтқы.
  • Түбір морфема сөздердіқ ары қарай бөлшектеуге келмейтін және негізгі лексикалық мағынаны білдіретін түп бөлшегі болса, негіз, әдетте, түбір мен жұрнақтың қосындысынан жасалады. Мысалы: күйші, малшы, достық, таулы, өрле, бағала және т. б. Негіз бір ғана морфологиялық элемент - таза түбірден де құралуы мүмкін. Мұндайда, жоғарыда аталып өткеніндей, түбір мен негіз, сөз бен түбір немесе негіз бен сөз тәрізді единицалар бір-бірімен сәйкес келеді. Мысалы: от, өт, бел, без, жер, жел, тас, жаз, ай, күн және т. б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет