Аффикстік морфемалар түбір морфемадан сөздердің үлгілерін (модельдерін жасауға қатысы жағынан да ажыратылады. Аффикстік морфемалар сөздердің белгілі бір тобының құрамында қолданылса, түбір морфемалар бір емес, әр басқа топқа қатысты сөздердің құрамында ұшыраса береді. Мысальқ білімнен деген сөздің құрамындағы -ім және -нен аффикстік морфемалары сөздердің зат есім деу аталатын тобында ғана ұүшырасса, -біл деген түбір морфема сөздердің зат есім (мысалы: білім) деп аталатын тобында ғана емес, әр түрлі топтарда, мысалы, етістіктер тобында да (білдіру, біліну, білісу), сын есімдер тобында да (білгіш, білімді) ұшыраса береді.

Түбірморфемалар әр басқа формалармен түрленетін сөздердің құрамында қолданыла алса (мысалы, жоғарыдағы әр басқа сөз таптарының түрлену формалары), аффикстік морфемалар біркелкі формаларда түрленетін сөздердің күрамында қолданылады. Мұнымен бірге мына бір ерекшелікті қоса ескеру қажет: аффикстік морфема сөздердің белгілі бір тобына телініп шектеле тұрса да, түбір морфемаға қарағанда, әлдеқайда жиі қолданылады. Белгілі бір аффикстік морфема біртектес түбір морфемалардың әлденешеуіне жалғана берсе, белгілі бір түбір морфема санаулы ғана аффикстік морфеманы қабылдай алады. Мысалы, аффикстік морфеманың бірі - көптік жалғауы (-лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер) күллі зат есім атаулы сөздердің (немесе түбірлердің) барлығына бірдей жалғана берсе, жер деген түбір морфемаға аффикстік морфемалардың барлығы емес, бірнешеуі ғана жалғана алады