. Олардағы ең кіші тілдік бірлік- сөз. Өзара қарым-қатынасқа түсу барысында олардың бастапқы мағыналары жалпыланған. Мысалы: Абай – жалқы есім, атау септік ( иелік мағына), бастауыш; Пушкинді – табыс септік ( (обьектілік мағына), толықтауыш т.б. Жеке тұрғанда ол сөздер сондай мағыналарды білдіре алмайды. Демек, грамматикалық мағына білдіру үшін жеке сөздермағыналық, тұлғалық жағынан үйлесіп, ең алдымен, сөз тіркесін, содан кейін сөйлем құрауы шарт.
Морфема - грек тілінен келіп қалыптасқан термин (morphe - тұлға). Морфема деп, әдетте, сөздің мағыналық қызмет атқаратын ең кіші бірліктерін айтады . К.Аханов морфеманы түбір морфема (негізгі морфема) және аффикстік морфема (қосымша морфема) деген екі түрге бөліп қарайды [К.Аханов, ГТН, 19-бет]. Түбір морфема да, қосымша морфема да лексикалық-морфологиялық тұрғыдан одан әрі бөлшектенбейді. Мәселен, ар,жан деген сөздер морфемаға бөлінбейді.
«түбір морфема құрылысы жағынан да, мағынасы жағынан да сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін мағыналы түпкі бөлшегі, негізі. Түбір морфема жаңа сөз жасаудың ұйтқысы болып табылады, түбір морфемасыз сөз жасалмайды». Ал «қосымша морфемалар – өз алдына жеке тұрып ешбір мағына бере алмайтын, тек түбір морфемаларға қосылып, оған түрлі мағыналар үстейтін морфемалар».
Қосымша морфемалар сөз жасау, сөз түрлендіру, сөз бен сөзді байланыстыру қызметіне қарай мынадай екі топқа бөлінеді: 1. Жұрнақтар; 2. Жалғаулар. Жұрнақтар мағыналық қызметіне қарай екіге бөлінеді: 1. Сөзжасамдық жұрнақтар; 2. Сөз түрлендіруші жұрнақтар. Жалғау төртеу: көптік жалғау, тәуелдік жалғау, жіктік жалғау, септік жалғау. Морфема – сөзжасам мен морфологияға ортақ мәселе.
2. Сөздің морфологиялық құрылымына дұрыс талдау жасау үшін, ең алдымен сөздің құрылымына тікелей қатысы бар негізгі морфологиялық ұғымдарды алдын ала айқындап алу өте-мөте қажет. Ондай негізгі морфологиялық ұғымдардың мазмұнына морфема туралы ұғым мен оның түбір морфема (немесе негізгі морфема) және аффикстік морфема (немесе көмекші морфема) деп аталатын түрлері жайындағы ұғымдар енеді.