Гравиметриялық анализ әдістері №1 Зертханалық жұмыс Барий хлоридi кристаллогидратындағы кристалданған



бет26/29
Дата24.05.2023
өлшемі0,5 Mb.
#96611
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
Сандық анализ зерхана жұмыстары

AgNO3 шамамен 0,02н ерітіндісін дайындау
Күміс нитраты берілген өнімнің нақты концентрациясынан дайындалатын ерітіндіге жатпайды. Сондықтан ерітіндіні шамамен керек концентрациясын дайындайды, ал титрін тәжірибе барысында анықтайды.

Аргентометриялық титрлеуде күміс нитратының эквиваленттік массасы оның молярлық массасына тең, яғни 169,9г/моль. Сондықтан, 0,1л 0,02н ері-тіндіде:


m = 169,9 · 0,02н · 0,1 = 0,3398 г AgNO3 күміс болуы керек.
Бірақ, бұл тұздың дәл өлшендісін өлшеп алу құрамында қоспалар бола-тындықтан қажет болмай қалады. Техникалық таразыда жуықтап 0,34-0,35г күміс нитратын өлшеп алып, өлшендіні 100мл-лік өлшеуіш құтыға салып, судың аздаған мөлшерінде ерітіп, құтының таңбасына дейін сумен толты-рады. Ерітіндіні қараңғы жерде сақтайды, себебі жарықта күміс нитраты ыдырап кетеді.
Күміс нитраты ерітіндісінің нормальдылығын натрий хлориді бойын-ша анықтау
Индикатор ретінде 5% калий хроматының K2CrO4 судағы ерітіндісі алы-нады. Таза жуылған өлшеуірді күміс нитраты ерітіндісімен шайқап титрлеуге дайындайды. Тамшуырды (пипетканы) натрий хлориді ерітіндісімен шайып дайындаған соң, одан 10мл алып конус құтыға құяды, оған 2 тамшы калий хроматын K2CrO4 ерітіндісін қосады да, тамшылатып отырып күміс нитраты ерітіндісімен титрлей бастайды. Ерітіндінің лимон-сары түсі күміс нитраты-ның AgNO3 артық бір тамшысында қызыл түске ауысқанға дейін титрлейді.
Мысалы, 10мл 0,02046н натрий хлоридін титрлеуге орташа алғанда 10,12 мл күміс нитраты жұмсалды дейік. Онда

Егер, ерітіндідегі Cl- мөлшерін анықтау қажет болса, онда күміс хлоридінің титрін хлор бойынша да анықтау керек:

бұл, 1 мл күміс нитратының жұмысшы ерітіндісінде 0,0007170г титрленген хлор бар екенін көрсетеді.
Ерітіндідегі хлордың мөлшерін анықтау (бақылау тапсырмасы)

100мл өлшеуіш құтыға хлорид ертіндісін (1н) құйып, оған белгісіне дейін су құйып араластырады. Титрлеу үшін алынған ерітіндіден 10 мл конустық колбаға бөліп алып, 0,5 мл K2CrO4 ерітіндісін қосады. Колбадағы ерітінді лимон-сары түстен қызыл түске ауысқанша  AgNO3 ерітіндісімен титрлейді. Алынған ерітіндіден хлордын мәнін есептейді:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет