Бағдарламада оқу мақсаттары белгіленген кодтық белгілер нені білдіретінін анықтаңыз (2 сынып бойынша) 2.2.1.1 кодында: "2" – сынып,"2.1" – бөлім мен бөлімше, "1" – оқу мақсатының реттік нөмірі
Жаңа технология жетістіктері. 21 ғасыр ғылым мен техниканың дамып, жаңа белеске шыққан кезеңі десем, артық болмас. Бұлай айтуымның себебі, бүгінгі таңда ғалымдар күн сайын технология әлемінде түрлі жаңалықтар ашып, тіпті адам өмірін жеңілдететін адамға ұқсас роботтарды ойлап табуда.
Бүгінгі үдемелі жаһандану кезеңінде, әлем күрделі технологиялық серпінді өзгерістердің табалдырығында тұр. Өмірге бұрын-соңды кездеспеген материалдар, тұрмыс бұйымдары, өндіріс құралдары, қалдықсыз, қауіпсіз қуат көздері келе жатыр.
Қазіргі таңда адамдар үш ұйықтаса түсіне кірмеген түрлі өнертабыстар күн сайын ойластырылып, жасалуда. Мысалы, бұрын адамдар көз майын тауысып, қағаз басу үшін қаншама әріп терсе, ендігәрі оның барлығын электронды түрде көшірме жасап немесе сканерлеп алуға болады.
Заман алға жылжыған сайын өнертабыстағы жаңа технология ғасыры жаңарып барады. Өткен ғасырда әйгілі Нобель сыйлығына ие болған ғылыми жаңалықтың тұрмысқа енуіне 30-40 жыл қажет болса, бү-гінде бұл уақыт қас пен көздің арасында ғана, ен көп дегені 4 - 5 жылдан аспайды. Тіпті ойламаған нәрселердің өзі өнертабыстың құрамдас бөлігі ретінде кәдеге асып жатыр. Технологиядағы жаңа дәуірде көздің жауын алатын әлі талай өнертабыс түрлері ойластырылатынына сенімдімін.
Бұл қазіргі уақыттың қажеттілігі мен тенденциясы деп айтсақ та болады