36
тей бастайды. Арада бір жыл өткенде боксті толық игер
-
ген, он бес жасар Тұрсын Есік қаласында өтетін аудандық
чемпионатқа жолдама алады. Осы тұста Қабанбай, Бө
-
генбай, Жәпек, Ағынтай, Салқам Жәңгір сынды қазақ
батырларының барлығы да он бес жасында жауға қарсы
шауып, батырлығымен танылғанына лирикалық шегініс
жасалады. Он бес жасар Тұрсынның үлкендер арасынан
күміс медаль тағып қайтуы – кешегі батырлардың бүгінгі
жалғасы екеніне мысал. Мектепті бітірген соң, құрылыс
-
та жүріп бапкері Салуянов Виктордың жаттықтыруымен
өзін шыңдай береді. Міне, осылай, жастайынан еңбекпен
шыңдалған Тұрсынның алдында үлкен-үлкен армандары
болды. Сол арманның бірі – қазақ атын асқақтату болса,
мұның сәті бокстегі шәкірттерінің еңбегімен келді. 2000
жылғы Сиднейдегі жеңіс – оңай келген олжа емес еді.
«Көлеңке адам немесе жаралы таң» деп аталатын та
-
рауда Сидней олимпиадасына барған Тұрсынға тағы да
лирикалық шегініс жасатады. Америкада жүріп, қырық
жыл бұрын алтыншы тамызда АҚШ-тың жазықсыз Хи
-
росимаға атом бомбасын тастағанын еске алған кейіпкер
соғыс өртінің бір аралға қасірет шектіргенін, оның қай
-
ғысы қырық жыл өтсе де жазылмағанын еске түсіреді.
«Басталды солай, Сидней олимпиадасында Қазақтың
алғаш майданы» деп, сол олимпиададағы қазақ жігітт
-
терінің табыстарына тоқталады:
Достарыңызбен бөлісу: