Гулжахан Орда indd



Pdf көрінісі
бет13/55
Дата25.09.2023
өлшемі1,68 Mb.
#110204
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   55
Байланысты:
treatise38911

Оятты Тәуелсіздік ғасыр елді
Көтеріп барыс тұрды басын енді.
Шыңғысты аядым ба ақындықпен,
Көзімнің, кәдімгідей жасы келді [
72-б.],
– деп жырлады. 
Туған жердің әрбір тасын баға жетпес байлыққа ба
-
лау қазақ поэзиясында бұрыннан қалыптасқан дәстүр. 
Ал, оның жырақта жүрген аң-құсының туған жерге де
-
ген сағыныш сезімін шынайылықпен бейнелеген ақын 


30
тәуелсіздік тұсындағы қазақ поэмасына көркемдік із
-
деністер қосты деп айта аламыз. Мұның өзі қазіргі қазақ 
ақындарының мазмұн мен түр жаңалығын жасаудағы із
-
деністерін байқатады. 
Бұл жылдары қазақ ақындары жекелеген тарихи тұл
-
ғалардың сом бейнесін жасауға бет бұрды. Қазақ тари
-
хынан үлкен орын алатын батырлар, ақындар, өнер ие
-
лерінің көркем бейнесін жасау әдебиетте қалыптасқан 
дәстүр болса, тәуелсіздік тұсында тарихи тұлғалар мен 
қоғамдық өмірде үлкен жетістіктерімен танылған заман
-
дастарымыздың образын көркем бейнелеген тың туын
-
дылар дүниеге келді. Олардың қатарында ХХІ ғасырдың 
ғарышкерлері, батырлары, спортшылары, өнер иелері 
бар. 
Мәди Қайыңбайдың «Қылует» поэмасы [41-45-б.] 
Қожа Ахмет Яссауиға арналған. Пайғамбар жасында қы
-
луетке түскен Ахмет Яссауидің отыз күн ораза ұстап, сол 
жерде қаншама еңбек жазғаны, қаншама шәкірт тәрбие
-
легені туралы сөз болады. Поэма Омар Хәйям мен Қожа 
Ахмет арасындағы диалогқа құрылған. Сүлеймен Бақыр
-
ғани, Шәмси Өзгенти, Хазірет Бахауаддин, Хазірет Нығ
-
метолла, Ахмет Иүгінеки сынды шәкірттерінің ішінен 
Ахмет Игүнекидің өз шығармасын оқып беруі арқылы 
оның шәкірт тәрбиелеудегі, оларды жолға қоюдағы істері 
сөз болады. 
Ахмет Яссауидің пайғамбар жасына келген соң, қы
-
луетке түсуі қазіргі пайғамбар жасынан асқан ағалары
-
мызға ой салса нұр үстіне нұр болар еді. 
Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтың бей
-
несін толықтыратын шығармалар қатарында Кәкiмбек 
Салықовтың «Қаныш – Жұлдыз» қарсы алды», Маржан 
Ершудың «Ғарышкер» поэмаларын атауға болады. Алты 
тараудан тұратын соңғы поэманың әрбір тарауы жеке
-
леген мәселелерді көтеруімен ерекшеленеді. «Аспан – 
арман» деп аталатын бірінші тарауда соғыстан кейінгі 
жылдардағы ел ішіндегі жүдеу тіршілік Тоқтардың отба
-
сындағы жағдаймен бейнеленген. Әкеден ерте айрылып, 


31
аурушаң анасына қолғабыс тигізу мақсатында 15 жа
-
сында Аудандық ішкі істер басқармасына келіп, жұмыс 
істегісі келетінін, ол үшін паспорт қажеттігін түсінген 
жалынды жігіт өзінің қайсарлығымен ерекшелене бас
-
тайды. Күндіз жұмыс істеп, кешке орта мектептегі оқуын 
жалғастырған ол мектепті бітірген соң, ғарышкер болуды 
армандап, соның оқуына түсуге бел байлайды. 
Күннің жүзі төмендеп қызарыпты,
Алақаным аппақ боп ұзарыпты.
Бір әдемі көбелек ұшып келіп,
Көз алдымда – жүзі анық тұр.
Аударып тастағандай түн түндігін,
Құлағыма келгендей сырлы бір үн:
Бұл сенің көбелегің, қанатың бұл –
Деді, – Күнім 
[94-б.], 
– деген ана түсін мегзеу мақсатында аян беру тәсілімен 
пайдаланған автор болашақ ғарышкердің алды жарқын 
болатындығынан хабар береді. Осы тараудағы «Оңғарбай 
атасының аты ауысып, «Әубәкіров» боп жазылған құжа
-
тына» деген жолдар кеңестік дәуірде қазақ әріптерінің 
дұрыс жазылмауы салдарынан қазақ есімдерінің шектен 
тыс өзгеріске ұшырағандығынан хабар берер деталь. 
«Сынақшы – ұшқыш» тарауында болашақ ғарышкердің 
оқу-жаттығу жолындағы қиыншылықтарына кезігеміз. 
Өмір мен өлімнің арасын қас қағым сәттегі жылдамдық
-
пен бейнелеген автор Тоқтар бойындағы ептілікке, тап
-
қырлыққа көңіл аударған. Люктің аузына мұз қатып қал
-
ғанын көрген командирдің тығырықтан шығар жолды 
таба алмай қиналған сәтінде Тоқтардың «Турбинадан қо
-
салқы конусты» пайдалану керектігін еске түсіруінен бо
-
лашақ ғарышкердің өмірден тәжірибе жинақтау арқылы 
өз кәсібінің білікті маманы болып қалыптаса бастағаны 
байқалады.
«Рекорсмен 1989» деп аталатын тараушада оның «МИГ 
– 29» ұшағымен жасаған тәжірибесі таратыла сөз болған. 


32
Жер жаһанды өзіне қаратқан Тоқтардың рекордын қазақ 
халқының бағының жануы ретінде бейнелейді. 
«Ғарышкер» деп аталатын төртінші тарауға Елбасы 
Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен 1991 жылы қазан 
айының екінші жұлдызында Байқоңырдан ұшқан Тоқтар 
экипажы қазақ деген халықтың атын күллі әлемге паш 
етіп еді. Көк туында самғайтын қыраны бар байрағы
-
мызды ғарышқа алып ұшқан Тоқтарға Елбасы «Сау бол, 
Тоқтар бауырым! Аман орал» деп сәт сапар тілесе, оның 
аман-есен туған жерге қайта қонуына барша қазақпен 
бірге табиғат-ана да тілектестік білдіргендей: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет