27
аяқкиімің тар болса» деген мақалды ақын «Не пайда дү
-
ниенің кеңдігінен, Болмаса бостандығы бір басыңның»
деп түрлендіре пайдалану арқылы тәуелсіздіктің құнын
арттыра түскен. Сан ғасырлар аңсаған тәуелсіздігіміз жо
-
лында қаншама бабаларымыздың шаһид болғанын тілге
тиек ете отырып, «Армысың, Азаттығым, қыран қанат,
Қалықтап қайта қонған тұғырына» дейді. Азаттық жо
-
лында аласұрған арыстардың шарқ ұрғанын еске салған
автор «Шынжырда шырайналып тұрса-дағы, Ит қана
семіреді тойғанына» деп, елі мен жерін ойлаған ерлер
мен қарынның қамынан аспаған ездерді параллел сурет
-
тейді.
Кең ашып берекеге есігіңді,
Түзетіп, тербете біл бесігіңді.
Сан ғасыр бұршақ салып мойыныңа,
Құдайдан тілеп едің осы күнді!
[341-б.],
– деп Томирис, Еділ патша, Елтеріс хандар аңсаған азат
-
тыққа, Асанқайғы жете алмаған жерұйыққа қазіргі қазақ
елі жетіп отырғанын, Тәуелсіз Президенттің таққа мін
-
генін шаттана жырлайды. «Әлек боп ел басқару әркім
-
ге оңай, Халыққа Көсем болу патшаға-сын!» екенін айта
келіп, көк тулы Қазақстанның жер шарына танылуын
Н.Назарбаев есімімен байланыстыра бейнелейді. «Ба
-
лапаны кеш түлеген» қырандай Елбасының шарқ ұрып
дамыл таппауын Қазақтың қолтығынан кім сүйейтіні не
-
ғайбыл шақта, тобықтан қағып түсіретін дұшпандардың
кездеспеуімен ұштастырған.
Ата-баба қанымен келген тәуелсіздігіміздің баянды бо
-
луын тек экономикалық емес, әлеуметтік, рухани байлы
-
ғымен байланыстыра суреттеуі шындыққа жақын:
Достарыңызбен бөлісу: