Гулжахан Орда indd



Pdf көрінісі
бет12/55
Дата25.09.2023
өлшемі1,68 Mb.
#110204
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   55
Байланысты:
treatise38911

Жоғалса қыздан иба, ұлдан иман,
Кең далаң кімге керек құр далиған.
Жолында Бостандықтың төгілген қан,
Кетеді судай зая құмға құйған 
[342-б.].
Кеңестік дәуір тұсында атом бомбаларының сынағына 
айналған жердің қазіргі таңда қырық құрау күйде ала-
құла болып жатқанын жадында ұстаған автор «Қарудан 


28
ядролық бас тартпаса, Маза жоқ мұңға батқан Жер-Ана
-
ға» дей келіп, осы сынаққа тойтарыс берген Елбасының 
ерлігін мақтан етеді. Елінің аманатын арқалаған Елбасы
-
ның иығында дәуірдің ауыр жүгі тұрғанын «Сұңқардың 
желкесіне сұқсыр мініп, Құланның құлағында құрбақа 
ойнаған» заманмен шендестіре бейнелеген. 
«Ұлтының табанына ызғар өтсе, ұлтарақ, ұлтаны да 
болуға бар!» Күлтегін мен Әз-Жәнібек, басы қанжыға
-
да кеткен хан Кене, үш жүздің басын қосқан Абылайдай 
алтын тәжді хандардың аруақтары жиналып келіп, «Ал, 
балам, бекем ұста ел тұтқасын, Тағыңды Тәңір сенің тол
-
қытпасын! Оралып шалғайыңа бақ пен дәулет, Қысылсаң 
Қызыр келіп қолтықтасын!» деп Елбасына бата беруі ар
-
қылы бүгінгі тәуелсіздігімізді бабалар рухы қолдап жат
-
қандығына сендіреді. Естеми, Бумын, Білге, Күлтегін, 
Едіге, Абылай сынды хандар мен батырлардың өшпес 
ерлігін пәтуасыз ғұмыр кешкен патшаларға қарама қар
-
сы суреттей отырып, олардың халқының қолын баққа 
жеткізгенін асыра дәріптеді. 
Астананы Ақмолаға көшірген сәттегі Алатаудан Арқа
-
ға «жөңкілген Бостандықтың көші» бет түзегенін тілге 
тиек ете отырып, бес жылда Астананың самаладай жар
-
қырап бой көтергенін көңілге медет тұтқан ақын оның 
болашағынан мол үміт күтеді. Ұлы көштің бүгінде нұр
-
лы көшке ұласқанын мақтан еткен ол осының негізгі се
-
бепкері болған Елбасының ерлігін «Ішінде сайыпқыран 
көсемдердің, Шоқтығы шоқ жұлдыздай Нұр-ағамның!» 
деп дәріптейді. Еуропа мен Азияның кіндігінде тұрған 
Астананың күн санап ғарыштап өсіп жатқанына марқай
-
ған автор Елбасының қазақтың шекарасын сызып, оба-
қазық қағуымен, қазақтың елордасы бүгінде Азаттықтың 
астанасы атануымен ұштастырған. Сөйтіп, тәуелсіздік, 
Бәйтерек жөнінде: 
Бәйтерек – Астананың төріндегі,
Өресі биіктіктің өмірдегі.
Аялы алақаны Елбасының,
Секілді өшпейтұғын сенім мөрі.


29
Бәйтерек – Елбасының өр тұлғасы, 
Әкеліп өз қолымен Тәңір қойған!

– деген түйін жасайды. 
Ш.Сариевтің «Елбасы сыйлаған барыс» атты поэма-
толғауы – өзіндік айтары бар туынды. Елбасы Н.Әбішұ
-
лы Жапонияға сыйлаған барысты Токиоға барғанда көр
-
ген ақын ерекше тебіренеді. Елбасы сыйлаған барысқа 
елшіліктегі Елші Болат «Шыңғыс – Акбар» деп ат қояды. 
Токиоға барған ақын елшілермен бірге сол Шыңғысты 
іздеп сапар шегеді. Елден барған барысты іздеп барған 
кезде барыс Қазақстандықтарға сәлем бергендей ыңғай 
танытады. Осы сәтті ақын: 
Жатқандай темір торда әрең көніп,
Барыстың бейнесінен әлем көріп,
«Шыңғыс!», «Шыңғыс!» біз келдік
Алатаудан, Алатаудан,
О, Шыңғыс, Сәлем! – дедік.
Сағынған Алатауын – мұң білетін,
Жандай бір Қазақ үнін, тіл білетін,
Сол сөзді түсінгендей Шыңғыс басын,
Көтеріп жанарымен бұрды бетін
[69-б.]
Осы оқиғаның өзін ақын тәуелсіздікпен ұштастыра 
білген. Жапонияда жүрген барысты қазақ баласына ба
-
лаған автор онымен қимай қоштасады. Ол барысты қазақ 
тілін түсінгендей етіп суреттеу арқылы Отан, ел, туған 
жер деген ұғымдарды биіктете түскен. Сондықтан да: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет