Гулжахан Орда indd



Pdf көрінісі
бет38/55
Дата25.09.2023
өлшемі1,68 Mb.
#110204
түріБағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   55
 Осы жолда шыныққан,
Су ішкен сол құдықтан.
Ахмет те, Абай да
Сенбесеңдер мысал, мысқылдарын
Оқып шығыңдар жарай ма?!
Көз жүгіртіп маңайға,
Төмендейік, давай ма?
Осып айтқан Оспанхан,
Кесіп айтқан Қалтай.
Асыра сынаған Асқар,
Тауып әзілдеген Табыл.
Үмбетбай Уайдин, Мыңбай Рәш,
Сағаділда Әжібай, Ілиясұлы Қажытай.
Әмір-бек Көпен, Әлімбек Төкең,
Бұлардың бәрі жігіт
Қыздар да қалмасын ұмыт.
Айсұлу мен Фарида,
Содан кейін Үміт,
Айтпақшы: Садырұлы Берекең,
Шайхыұлы Ерекең.
Тізе берсем осылай 
Сатириктер де бір тайпа ел екен.
М.Әуезовтен дәріс алған шәкірттің ұстазы туралы жаз
-
ғандарынан оның ұстазға деген үлкен ілтипатын тану
-
ға болады. Аудиторияда отырған алғашқы эжылдарынан 
бастап, Мұхтардың 50 және 100 жылдың мерей тойла
-
рының бел ортасында жүруі де ақынның ұстазына деген 
құрметіне жалғай түскен. Тәуелсіздіктің 10 жылдығына 
арналған «Сүйінші» атты триптихы мен «Өткенім мен 
жеткенім» атты толғауларынан қазақ елінің бүгінгі жет
-
кені тәуелсіздігі мен оның арғы-бергі тарихына шолу жа
-


238
салған. ХХ ғасырдағы тарихи оқиғалардың бірсыпырасын 
еске ала отырып, қазақ халқының басынан өткен ауыр 
күндеріне күйзеле білген автор оның бүгінімен марқа
-
йып шаттанады. Алайда қазіргі таңдағы келеңсіздіктер де 
ақынды бей-жай қалдыра алмаған. Сондықтан да ол «О, 
оқырман, кезексіз сөз аламын Құбылмалы мезгілдің мін
-
бесінен!» дейді. «Қабырға кеңесте» үш жүздің билері бас 
қосқан «Мәртөбедегі» жиыннан сыр шертеді. Білекті күші, 
найзаның ұшымен қорғаған қазақтың кең байтақ жерін 
жаудан қорғау мен елдің бірлігін сақтау керектігі жөнінде 
ақын былай дейді: «Жауынсыз болса – жер жетім, Бірліксіз 
болса – ел жетім. Басшысыз болса – ер жетім». Мұның өзі 
ақынның ел бірлігі мен елді басқарар басшылардың алты 
бақан алауыз болмауын аңсаудан туғандығы анық.
Өмірдің өзін сахнаға айналдырып, «Алпамыс батыр», 
«Манас» жырларын жатқа оқитын сықақшының Мұхтар 
Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ахмет Жұбанов, Серке Қожамқұ
-
лов, Шәкен Айманов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұста
-
фин, Асқар Тоқпанов, Сырбай Мәуленов, Қайнекей Жар
-
мағамбетов сынды ұлт зиялыларының және ұзақ жылдар 
КСРО-ны басқарған Леонид Ильич Брежнев және басқа 
басшылардың дауыстарын айнытпай салатынына ел куә.
Қазіргі қазақ сатирасының ақсақалы, сатирик-ақын, 
«бір өзі – бір театр» атанған Мыңбай Рәш ХХ ғасырдың 
елуінші жылдарынан бері қарай қалың оқырманға етене 
таныс. Отанға деген шексіз сүйіспеншілік, халықтар дос
-
тығы, қарапайым еңбек адамдарының өмірі, бүгінгі заман
-
дас бейнесі сынды алуан тақырыпты қамтитын таңдама
-
лы шығармалар жинағы өмірдің өзекті мәселелерін уытты 
тілмен нысанаға алуымен құнды. Сондықтан да жазушы, 
сатирик, эпик ақынның қазақ әдебиеті тарихындағы орны 
ерекше. Ол не жазса да ықшам, қысқа да нұсқа жазады. 
Шығармалары ұзақ сонар баяндау тәсілінен бойын аулақ 
салып, көбіне көзі көріп, көңіліне ұялаған детальдарды 
қызықты етіп жазады. Жеңіл оқылады, тартымдылығымен 
дараланады. Автордың өзіндік стилі бар деуіміз де осыдан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет