230
МЫҢБАЙ РӘШ
(1930 жылы туған)
Ақын, сатирик, көсемсөзші Мыңбай Ахметкәрімұлы
Рәш (Тотыяйын Рамазанов) 1930 жылы 19 қазанда қазіргі
Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей), Аягөз ауда
-
нының «Алғабас» совхозында туған.
Жастық шағы Ұлы Отан соғысына тура келген Мыңбай
да өз замандастары тәрізді сұрапыл соғыстың тақсыретін
тартты. Әкесін майданға беріп, анасынан алты жасында
айрылған ол қаршадайынан балалар үйінде тәрбиеленді.
Жаз айларында туған ауылы «Алғабасқа» барып, шөп
шауып, қозы бағып, қолғабыс тигізіп жүреді. Ашқұрсақ
болса да, әдебиет кітаптарын көп оқығандықтан ауыз әде
-
биеті саласындағы хиссалардың көбін жатқа айтады. Бала
кезінен бастап «Қобыланды», «Алпамыс», «Қозы Көрпеш
– Баян сұлу» тәрізді жырларды жатқа орындайтын оның
репертуарына кейінірек ақындар тәржімалаған қырғыздың
«Манасының» біраз тараулары қосылды. Осылайша Мың
-
бай ағамыз бала кезінен бастап жыршы атанды.
Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталған соң, тылдағы
қара жұмысқа салынған бір топ бозбалалар мен майдан
-
нан оралғандар білім қуып астанамыз Алматыға келе бас
-
тады. Осы кезде мектеп бітірген Мыңбай да өзі сүйетін
әдебиетті жағалап, Қазақтың Абай атындағы педагогика
-
лық институтының тіл және әдебиет факультетіне оқуға
түседі. Мектепте жүргенде қысқа, арнау өлеңдер жазған
ол осылайша 1946 жылдардан бастап әдебиетке келіп еді.
Институт қабырғасында жүріп жаза бастағанын: «Қабыр
-
ға газетіне Ғ.Қайырбеков, С.Қирабаев, Қ.Шәменовтармен
бірге жазып тұратынмын. 1955 жылы Қазақтың көркем
әдебиет баспасынан «Алғашқы боразда» деген өлеңдер
жинағым жарыққа шықты», – деп еске алады. «Ұстаздық
еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей, сол кезде
231
аталған қара шаңырақта бір топ ұлы ұстаздар шәкірттерге
дәріс оқыды. Олардың ішінде әдебиет үйірмесін басқарған
Қайнекей Жармағамбетовтың А.Нұрқатов, Н.Ғабдуллин,
С.Қирабаев, Байсалов, Ш.Сәтбаева, М.Рәш, т.б. сынды бір
топ жастардың әдебиетке келуіне тікелей септігі тиді. Өз
замандастары секілді Мыңбай да ұстазының үмітін ақтап,
әдебиет атты айдынға сапар шекті. Әдебиеттің негізгі үш
жанрында (поэзия, проза, сатира) қатар қалам сермеген ол
Ғабит Мүсірепов, Дихан Әбілев, Қалижан Бекхожин, Әзіл
-
хан Нұршайықов, Темірбек Қожакеев сынды ұстаздардың
ақ батасын алды.
Кейін «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газеті мен
«Ара» – «Шмель» журналдарында бөлім меңгерушісі бол
-
ған. Әзіл-сықақ журналдарында қызмет етуі оның сықақ
жанрында өндіре жазуына септігін тигізді. Журналдың
алғашқы бас редакторы ұлы жазушы Ғабит Мүсіреповтің
тәлім-тәрбиесінде болған жылдары жемісті болды. Оның
осы тұстағы еңбегін «Ара – Шмель» журналының алғаш
-
қы бас редакторы Ғ.Мүсірепов: «Мыңбай Рәшев сатирик
ретінде біздің журналда істеп жүргенде өз қолтаңбасын
таныта бастады» деп бағаласа, профессор Темірбек Қожа
-
кеев «Социалистік Қазақстан» газетіне: «Сатира жанрына
жаңа сарбаз келіп қосылды» деп жазған еді.
Оның «Терек пен тікенек», «Біле қойдым», «Бетің қи
-
сық болса», «Қисық айна», «Суылдақ», «Бүйімбай», «Тсс...
тісіңнен шығарма», «Мұржа мұрын», «Кері тартқанды бері
тарт» т.б. сатиралық жинақтары басылды. Сықақтары мен
мысалдары «Крокодил қосымшасы» сериясында, «Кроко
-
дил», «Дружба народов» журналдарында да жарық көрді.
1957 жылдан Жазушылар одағының мүшесі болған ол
оқырман қауымға уытты тілмен жазылған «Бастау» (1975),
«Бетің қисық болса» (1969), «Ғасыр жолы» (1983), «Дәуір
– дастан» (1990), «Суылдақ» (1990), «Терек пен тікенек»
(1958), «Тоғыз жүз күн» (1971), «Тс- с … тісіңнен шы
-
ғарма…» (1996), «Таңдамалы шығармалар» (үш томдық,
2009) т.б. сынды өлеңдер жинағын, сықақ әңгімелерін,
232
әзіл-оспақтарын ұсынды. Таңдамалы шығармалары орыс
және туыстас елдер тіліне тәржімаланған.
2009 жылы сатириктің М.Рәштің үш томдық таңдамалы
шығармалар жинағы басылып шықты. 1-томға («Кері тарт
-
қанды бері тарт») сатриалық, 2-томға («Шабыт шағаласы»)
поэмалары мен баллада, толғаулары, 3-томға («Жұлдыздар
жаңғырығы») естеліктері енгізілген.
Сонымен бірге Крылов, Пушкин, Лермонтов, Мицкевич,
Маяковский, өзге де әлем классиктерін қазақ тілінде сөй
-
лету арқылы көркем аударма саласына да үлес қосты.
Ол «Ерен еңбегі үшін», «Тың жерді игергені үшін»,
«Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы»
медальдарының иегері және «Қазақстан Республикасына
еңбек сіңірген мәдениет қызметкері», Халықаралық сы
-
қақшылар конкурсының, Дүниежүзілік жастар фестивалі,
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы «Алтын алма» бай
-
қауының лауреаты.
Әдебиетке елуінші жылдары келген ол тек сатирик қана
емес, эпик ақын. М.Рәшевтің тұңғыш өлеңдер жинағы
1955 жылы «Алғашқы боразда» деген атпен жарық көрді.
Қырыққа тарта кітаптың авторы Мыңбай жиырмаға жуық
поэмалар мен балладаларын оқырман қауымға ұсынды. Бі
-
раз өлеңі орыс тіліне аударылып жеке кітап боп басылды.
Олардың ішінде Шоқан Уәлиханов туралы «Жұлдызды
жиһанкез», Қаныш Сәтбаев туралы «Данышпан», Мұхтар
Әуезов туралы «Ұстаз», 28-гвардияшы-панфиловшы ба
-
тырлар, қаһарман батырларымыз Төлеген Тоқтаров, Мәлік
Ғабдуллин, Бауыржан Момышұлы өмірінен жазылған поэ
-
малары – «Батыр дастан», ғасыр сазгері атанған Тілен
-
диев туралы «Киелі домбыра», шұбартаулық жас шопан
-
дар өмірінен өрнектелген «Бастау», «Тұлпар», еліміздің
тәуелсіздігіне арналған «Топжарған елім» және әзірбай
-
жан халқының ұлы ағартушысы, драматургі, ақыны Мыр
-
за Фатали Ахундов жайынан жазған «Сабухи» поэмалары
– жеке-жеке кітап болып шығып, оқырмандардың ыстық
лебізіне бөленген әдебиетіміздегі елеулі туындылар. Осы
-
лардың қатарын Қазақ мемлекеттік педагогикалық универ
-
233
ситеті география факультетінің деканы, география ғылым
-
дарының докторы, профессор, академик Әлия Бейсенова
хақындағы «Аңызға айналған ару» атты деректі дастаны
мен «Мархаба» атты лирикалық поэмасы толықтырады.
Осы шығармалары жөнінде автор: «Менің шығарма
-
ларымның дені көзім көріп, құлағым естіген деректі шы
-
ғармалар. Мұның сыртында Шоқан Уәлиханов хақында
«Жұлдызды жиһанкез», Қаныш Сәтбаев туралы «Қарсақ
-
бай хикаясы», өз ұстазым Мұхтар Әуезов туралы «Ұстаз»,
Қазақтың хас батырлары Мәлік, Бауыржан, Төлегенге ар
-
нап «Батыр – дастан» өзге де көптеген поэмалар жаздым.
М.Әуезов атындағы әдебиет, өнер институтының аға ғы
-
лыми қызметкері Ә.Нарымбетов соңғы шығармамнан
үзінділер келтіріп «шабытпен жазылған туынды» деп ба
-
ғалағаны есімде», – дейді.
Ол сықақты әртүрлі формаға құра біледі. «Қала әкімі
Бракунов мырза мен су иесі Сүлеймен пайғамбардың ай
-
тысы» қала әкімі мен Сүлеймен пайғамбардың айтысы
-
на құрылған. Екеуінің аузына сөз сала білген автор ауыз
суды сатқан әкімнің халықтың қамын ойламайтындығын
«Сүйектей итке тастар бес жүз теңге Әкім-ау, жұртты жүр
ғой таластырып!» деп шеней білген. Немесе «Басың бар
ма?», «Аушардағы дау-шар», «Төреханның тізімі» сынды
диалогтарынан оның сықақты әртүрлі тәсілмен жеткізе бі
-
летіндігі көрінеді. Оның қазақ сатирасын тек мазмұнымен
ғана емес түрімен де байытқандығына монологқа құрған
«Бүлдіршіндер монологы» мен толғау үлгісіндегі «Үңгірлер
мен міңгірлер» атты Алматы қаласындағы метро құрылысы
жөніндегі Мұрын жыраудың шөпшегі Мыңбай жыраудың
мұңы және прозалық үлгіде Чеховтың ізімен жазылған
«Ешкі аттас фамилиясы» мен жекелеген адамдарға арнал
-
ған эпиграммалары, өсекші, есепқой, жағымпаз, алыпсатар,
жәдүгей, уәдешіл, селтеңбай, жебір, жалмауыз, жылмысқы,
өсекші, ұмытшақ, кекеш, сарыуайымшылдар туралы бір
-
қақпайлары мысал бола алады. «Күлкі – көңіл ажары, Күлкі
– өмір базары» дейтін сатирик өмірдің көлеңкелі тұстарын
әжуалай отырып, ащы күлкімен шенейді. Оның сатирасы
-
234
на жалақор, жәдігөй сұрқиялар мен «Биені бүгімен Түйені
түгімен» жұтқандардың жымысқы іс-әрекеті арқау болған.
Ақын ондайлардан басқаларды сақтандыра отырып, оқыр
-
манын тазалыққа, пәк адамшылыққа шақырады.
Оның доллар үшін даурығып, кеңірдек жыртысып жүрген
«мешкейлері» де, сынап сынды ұстатпайтын «сырғақпайла
-
ры» да, алды-артына қарамай «жигулидай» жүйткитін «ба
-
ғасы» да, өсек, жала іздейтін «мұржа мұрыны» да, әмпей-
жәмпей болып жүретін қымқыруға машыққан «бас бух» пен
двойной оклад алатын «жас бух» та, не жарығы, не ішетұ
-
ғын суы жоқ «Әйгерім» ауылының тұрғындары да өмірден
алынған шынайы кейіпкерлер. Осылайша ол заманның тол
-
ғақты мәселелерін ауыр күлкімен түйреп-түйреп отырады.
Сықақшы жауынгер жанрдың әртүрлі үлгілерімен жазылған
сықақтарының бәрінде өзіміз көріп, араласасып жүрген жа
-
ғымсыздар мен жүгенсіздерді өткір тілмен ірейді.
Бүгінгі ұланғайыр өміріміздің елеулі де ауыр мәселесі
– экология, ядролық жарылыстар мен соғыс атаулыға ащы
наразылығын ашына жазды. Ақын ХХ ғасырдың өзекті
мәселесіне айналған тіл, ономастика, тарихи һәм мәдениет
тұлғаларының ескерткіштерін көздің қарашығындай сақ
-
тау сынды ХХІ ғасырда шешімін таппай жатқан мәселе
-
лерді шындықпен шымқалған, үш көріністі қиялы қойы
-
лыммен жеткізе білген. Қаныш Сәтбаев, Сәбит Мұқанов,
Әлікей Марғұлан, Ахмет Жұбанов, Бауыржан Момышұлы,
Күләш Байсейітова, Қасым Аманжолов сынды қазақтың
нар қасқаларын көрде де тыныш жатқызбайтын бүгінгі
қазақтардың ісі әрине аянышты. Кеңестік дәуірде «Ана
тілім» деп жар құлағы жастыққа тимеген Ғ.Мүсірепов пен
Б.Момышұлының аруағы егемен елдің азаматтарына ой
салса жаман болмас еді. Мұхаң, Ахаңдар бастаған, Кеңес
-
баевтар қостаған ғылым ордасының небәрі бес-алты ғана
толық мүшесі бар заманда орталықтағы Мәскеуге неше рет
барып жүріп Ғылым Академиясын аштырса, тәуелсіздік
тұсындағы отызға тарта академиктің сол ордадан айрылып
қалғаны ащы болса да шындық. Сондықтан да о дүниелік
болған қазақтың батырлары жиналып, төтенше мәжіліс
235
ашуға мәжбүр болып отыр. Бір қарағанда комедия секілді
көрінетін қойылымда сатира басым. Әрбір сөздің астарына
көп мағына сыйғызатын автор осылайша замандастарын
түйреп қана қоймай, мақтамен бауыздап, керек жерінде
іреп-іреп алады.
Ол сатириктік өрнегін поэзияда ғана емес, прозада да
көрсетіп келеді. Сықақ, әзіл-оспақ өлеңдері тәрізді қара
сөзбен жазылған әңгімелері де ықшам, тап-тұйнақылығы
-
мен татымды да тартымды оқылып отырады. Оқиғалары
нанымды. М. Рәштің сықақтары, фельетондары мен мы
-
салдары өзге тілдерге де аударылған. Жазушы проза жан
-
рынан «Жеңіс жолдары» хикаятын, «Мен айтпай сірә, кім
айтар», «Жұлдыздар жаңғырығы» (Үш томдық шығарма
-
ларының бір томы) естелік жазбаларын жарыққа шығарды.
Шағын көлемді скетчтердің авторы. Оның фельетондары
мен новеллалары, памфлеттері, көсемсөз бен жол суретте
-
мелері әр түрлі басылымдарда үзбей жарияланып келеді.
Үш томдық шығармаларының «Кері тартқанды бері тарт»
деп аталатын бірінші томына сатриктің сын-сықақтары
топтастырылыпты. Ол көлемі ықшам, тартымды сықақта
-
рына өмірдегі сан қилы қырсыздықтарды арқау ете білген.
Кітаптың беташары автордың өзі ұзақ жылдар қызмет іс
-
теген «Ара» журналының қызметкерлері жөніндегі әзіл-
эссесімен ашылған «Жүсекеңнің сасқан жері, Садықбектің
қашқан жеріне» «Ара» журналына Жүсіп Алтайбайұлы
-
ның бас редактор болып келген кезіндегі оқиға негіз бол
-
ған. Ғабаңның (Ғ.Мүсірепов) «сал дәуіріне», Қайнекейдің
(Қ.Жармағамбетов) «Ұсақ-түйекке мән бермейтін мейлін
-
ше кең заманына» еті үйреніп қалған «Ара» журналына
Ж.Алтайбаев бас редактор болып келген тұста «Сөйтіп
жаға жайлауда, төбе қыстаудағы күндер адыра қалып, қыз
-
метке тоғызда келетін» күн туады. «Кеңседе отырып қыз
-
мет атқаруға жаны қас Садықбектің» (С.Адамбеков) осы
мекемеден кетуіне іссапарда болған Жамбыл облысынан
қос нәрестесімен іздеп келген келіншектен қашуы себеп
болғанын автор «Қоянның қашуына мылтықтың басуы»
тура келгендігімен жеткізе білген. Сонымен бірге оның
236
кілтін көп жоғалтқандығынан есігінің құлпы көп екендігі,
Сырдарияның бойында Сырбайды (С.Мауленов) алдайтын
-
дығы, Қайнекей, Сырбай, Жұбан, Тахауиларды Алматы вок
-
залының ресторанына отырғызып қойып, әрқайсысының
үйінен 500 сом алып, Шымкент – Алматы поезына «Гудбай,
оревуар!», «Хош болыңдар, Садықбекпен дос болыңдар!
Ақшаларың менде, Ренжімесін төрт жеңге!» – деп қулана
кетіп отыратыны «Әзілің жарасса атаңмен ойна» дейтін қа
-
зақы қалжыңның әдемі көрінісімен баурайды. Автор қысқа
да нұсқа сөйлей отырып, оқырманын баурай біледі.
Елуінші жылдары әдебиетке келген оның Мұхтар, Сә
-
бит, Ғабит сынды «Алыптар тобына» енген ұстаз ағалары
туралы естеліктері нақты деректер арқылы сөйледі. Соны
-
мен бірге студент кезінен аралас-құралас болған С.Қира
-
баев туралы «Сүлей сынның серкесін» де ерекше атауға
болады. Оның: «Иә, қарт ҚазПИ ұясынан, ғылымның асқар
қиясынан қанатты бірге қатайтып, әдебиет әдеміне бірге
самғаған қастерлі дос! Шабытыңыз ортаймасын, жаны
-
ңыз қартаймасын!» деген жүрек жарды тілегі досқа деген
адал сезімін аңғартса, «Ар бол, Ыстықкөл, бар бол, Мүсе
-
ке!» атты естелік-эссесінен әдебиетке өзімен қатар келіп,
ұлттық әдебиеттану ғылымына мол үлес қосқан М.Базар
-
баевтың жаңа қырларын танимыз. «Ғабеңнің батасы», «Қа
-
рақұловтың қалжыңдары», «Нұртас келгенде...», «Свежий
балық», т.б. сынды әзіл-эсселері өмірден алынған кейіп
-
керлердің шынайы іс-әрекеттерімен өрбіп отырады. Ол не
жазса да ықшам, қысқа да нұсқа жазады. Шығармалары
ұзақ сонар баяндау тәсілінен бойын аулақ салып, көбіне
көзі көріп, көңіліне ұялаған детальдарды қызықты етіп
жазады. Жеңіл оқылады, тартымдылығымен дараланады.
Автордың өзіндік стилі бар деуіміз де осыдан.
80 жылдық мерейтойға да ағамыз құралақан келген жоқ.
Кірпіштей үш томдық таңдамалы шығармаларын арқалай
келді. Өкініштісі, үш кітаптың үш баспадан ала-құла бо
-
лып шыққандығы. Мұның өзі қазіргі таңда әдебиеттің та
-
сада қалып бара жатқанын байқатса керек. Автор әр кіта
-
бын жеке атпен атауды жөн санапты.
237
«Сықақшылар туралы одасында» сатирик «Бейімбеттің
«Садағы», Жүсіпбектің «Шаншары», Ілиястың «Балғасы»,
Бұлар деген шалқиған Сатираның арнасы. Ал Көпеннің
«Арасы» Осылардың жалғасы», – дей келіп, қазақ сатира
-
сына қомақты үлес қосқан, қосып жүрген сықақшыларды
былайша таныстырады:
Достарыңызбен бөлісу: |