239
НҰРҒОЖА ОРАЗ
(1932-1916)
Алғашында Атырау педагогикалық училищесінде,
кейін Қазақ мемлекеттік университетінің филология
факультетінде дәріс алып, ұлағатты ұстаздардың тәлім-
тәрбиесін бойына жинаған ағамыздың алғашқы өлеңдер
топтамасы «Жас жүрек» атты жас ақындардың жинағы
-
на енген болатын. Содан бергі уақытта қолынан қаламы
түспей, ақындық пен журналистікті қатар алып жүрген
Нұрғожа Ораз ағамыз – қазіргі қазақ поэзиясына үлес
қосып жүрген аға буын өкілдерінің бірі.
Еңбек жолын мектепте бала тәрбиелейтін ұстаздық
-
тан бастаған ағамыз Қостанай облыстық газетінде, «Тың
өлкесі» газетінде жұмыс істеді. Біраз жылдар Целиног
-
рад облысаралық бөлімшесінде жауапты хатшы қыз
-
меттерін де атқарды. Кейінгі жылдары ол «Сарыарқа»
журналының Бас редакторы болды. Осы журнал туралы
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері
Зейнолла Серікқалиев «Сарыарқаның» тарихи дерек
-
терге қатысты өз көзқарасы, өз ыңғайы бар. Сірә, мұны
соншама мол тарихи деректерді ұтымды жеткізудің оң
-
тайлы бір жолы десе де болар.
Біздің ойымызша, жаңа журналдың сәтті қадамдары
тарих сабақтарын зерделілікпен пайымдау. Басылым
-
ның басты мақсаты да сол болғанға ұқсайды», – десе,
журналдың 10 жылдығы қарсаңында ҚР ҰҒА академигі
С.Қасқабасов: «Сарыарқа» тарихтың тереңінен сыр тар
-
тып, ежелгі би-шешендерді, көсемдер, хандар шежіресін
таратып, халық ауыз әдебиеті мұраларына да көптеген
материалдар жариялады. Өзінің сара жолы, айқын ба
-
ғыт-бағдары бар басылым екенін 10 жыл бойы дәлелдеп
келеді. Еліміздің ертеңі – жастардың ғылым жолында
-
240
ғы ізденістеріне жол ашып, жұртшылыққа таныстыруға
да өз үлесін қосты», – деген болатын. Осы пікірлердің
өзі-ақ журнал Бас редакторының қандай жұмыстарды
атқарғанын байқатса керек.
Ұлттық поэзияны «Тұңғыш кітап», «Кім табады?»,
«Шұғыла», «Көңіл көктемі», «Тың түлегі», «Қырандар
ұясы», «Тың тынысы» тәрізді жыр жинақтарымен ба
-
йытқан ағамыздың қаламынан біршама прозалық туын
-
дылар да туды. Баспасөзде қызмет ете жүріп жазған
очерктері оны прозалық көркем шығармалар жазуға же
-
теледі. Оның «Достар хаты», «Таңдау» хикаяттары мен
«Жауқазын шақ», «Дала демі» тәрізді кітаптары – проза
-
лық дүниелері. Қаламгер қаламынан туған шағын әңгі
-
мелер мен хикаяттар оның бұл жанрды да еркін игер
-
гендігіне мысал бола алады.
Нұрғожа Ораз – қазіргі қазақ поэзиясы мен журналисти
-
касына өз үлесін қосып жүрген аға буын өкілдерінің бірі.
ХХІ ғасырда жарық көрген «Мама батыр», «Тәуелсіздік
таңы атты» жыр жинақтары оның ақындығын аша түссе,
«Талқандалған тарихат» қаламгердің журналистігіне қыз
-
мет етеді. «Тәуелсіздік таңы атты» поэмалар мен өлеңдер
жинағын тарихымызға тәуелсіздік тұғырынан қараған
ХХІ ғасыр әдебиетінің жетістігі деп бағалауға негіз бар.
Жинаққа енген шығармаларын үлкен-үлкен төрт
бөлімге жіктеген. «Тәуелсіздік таңы атты» бірінші
бөліміне «Бостандықтың бағасы», «Тарих ракурсі» атты
поэмалары топталған. Ақын тәуелсіздік жылдарындағы
қазақ поэмасын «Мама батыр», «Бостандықтың бағасы»,
«Тарих ракурсі» сынды тарихи поэмаларымен байытты.
«Бостандықтың бағасы», «Тарих ракурсі» поэмаларында
қазақ халқының қазіргі таңдағы тәуелсіздігімен шаттан
-
ған ақын лирикалық шегініс арқылы оның бағзы заман
-
нан бері қарай өзінің тәуелсіздігі үшін басқыншылармен
айқасқан ерлігі мен тектілігін тарих қойнауынан мысал
-
дар келтіре отырып жырлайды. Ақын бостандықтың
қадыр-қасиетін, құдіретін түсіндіру үшін жүгірген аң,
ұшқан құстың торға қамалған күйінен мысал келтіреді.
241
Аң патшасы арыстан, саңқылдаған сұңқар, тарпаң мі
-
нез тұлпардың да өз басына бостандық іздейтінін әдемі
суреттеу арқылы адам баласының, тұтас бір халықтың
басына түскен бұғаудың қандай болмағынан хабардар
ету үшін, қазіргі тәуелсіздікке қалай қолымыз жеткенін
түсіндіру мақсатында екі-үш ғасырға шегініс жасайды.
Тарихи-философиялық поэмада интеллектуальды про
-
заның элементтері де жетерлік. Екі-үш мың жылдықта
-
ғы қазақ халқының өткенінен хабар бермек болған ақын
тарихи мәліметтер мен нақты деректерді орынды пай
-
даланған. Бостандықтың, тәуелсіздіктің оңай жолмен
келмегендігін тарихи деректермен дәлелді де, нанымды
түрде бейнелеуге ден қойған.
Поэмада Заратуштра, Анархис, Спонтамана, Дарий
-
лардан бастап сөз еткен ақын сақ, ғұн тайпаларының
тарихынан хабар береді. Рим империясын бағындырған
Еділ патшаның ерлігі мен Хазар патша, Елтеріс батыр,
Тоныкөк, Білге қаған сынды арғы ата-бабаларымыз
-
дың жанкешті ерлігі қазақ халқының жауынгер халық
екендігін байқатады. Курихандар мен Қырғыз қағана
-
ты, Оғыз-ұйғыр қағанатының тұсындағы қазақ жерінде
өткен шайқастарды Шыңғысханның жорығымен байла
-
ныстыра отырып, қазақ халқының монғолдармен қаны
араласқанын айта келіп, Алтын Орданың бой көтеруін
қазақ хандығымен ұштастыра отырып шынайы бейне
-
леген. Керей хан мен Жәнібек сұлтан Қазақ атын шы
-
ғарып, елді тәуелсіздікке бастады. Ақын «Қасым салған
қасқа жол» мен «Есім салған ескі жол» деп аталатын Қа
-
зақ хандығының заң-жобаларының да халықтың бейбіт
өмір сүруіне негізделгендігін баса айтты. Үш жүздің
басын біріктірген Абылай хан туралы тарихи деректер
бұған дейін қазақ әдебиетінде молынан кездескенмен,
Мәтен қызы Сапар келіншек туралы деректер әдебиетте
жоқ екендігі белгілі. Осы тұрғыдан қарағанда ақын бұл
поэмада қазақ халқының тәуелсіздік, бостандық жолын
-
да күрескен 22 жасар Сапар келіншектің бейнесін әде
-
биетте тұңғыш рет бейнелеп отыр. Ресей империясының
242
отарына айналған қазақ халқының арғы-бергі тарихынан
хабар берген ол ХХ ғасырдағы қасіреттерді толықтыра
түскен. 1928 жылы ірі байларды, 1929 жылы әлді ша
-
руаларды тәркілеудің жаппай ашаршылыққа алып кел
-
геніне, сталиндік репрессияның қазақты қынадай қыр
-
ғанына баса көңіл бөлу арқылы қазаққа тәуелсіздіктің
оңайшылықпен келмегенін түсінуге болады. Оны ақын:
Достарыңызбен бөлісу: |