Гулжахан Орда indd



Pdf көрінісі
бет15/55
Дата25.09.2023
өлшемі1,68 Mb.
#110204
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   55
Байланысты:
treatise38911

Қазақтың Көк Байрағы биік тұрсын.
Алтын Күн Көк Байрақта күліп тұрсын!
Баптаған балапаннан қос қыраным
Мойнына Алтын алқа іліп тұрсын
[18-б.].
Күллі әлем көз тіккен сайыстан қазақ жастары да үміт
-
кер екенін, себебі олардың ата-бабасы кешегі кең жази
-
ра даласын жаудан қорғаған Қабанбай, Райымбек сынды 
батырлар екенін, олардың да тақыр жерден шықпағанын 
еске түсіреді. 
«Тұрсынғалидың балалық шағы» атты екінші бөлімде 
оның туып-өскен ортасы жөнінде мағлұмат береді. Ша
-
рынның бойындағы «Тасқарасу» деген жерде туған ол то
-
ғыз баланың ішінде өскен. Бала санын атаудың да өзіндік 
мәні бар. Ұлы Отан соғысына соңғы тұяғын беріп, бір 
ұрпақтың жойылып кету қаупі туған кезде қазақ анала
-
рының бәрі де өз әулетін сақтап қалуды бірінші кезекке 
қойды. Сондықтан да – бір бала туса, бір түп жусан артық 
шығады, – деп Құдайдың бергеніне қиянат жасамай, бала 
санын шектеуді ойларына да алған жоқ. Өткен ғасырдың 
50-70 жылдарында қазақтың кез-келген отбасында то
-
ғыздан, оннан бала-шаға өсіп-өнді. Көп баланың ішінде 
өскендердің бауырмал, еңбекқор болатынын өмірдің өзі 
көрсетті. Осындай отбасында өскен Тұрсынғали қалмақ
-
ты түре қуған Хангелді батыр мен оның баласы Райым
-
бектің, ақын Мұқағалидың туған жерінің ауасын жұтып, 
суын ішті. Міне осылардың барлығы да оның болашақ
-


35
та үлкен азамат болып қалыптасуына септігін тигізді. 
Негізгі кейіпкердің өскен ортасы, туған жері жөнінде 
толығырақ мәлімет берілгендіктен оның да кешегі қазақ 
батырларының бүгінгі жалғасы екендігіне иланасың. 
Үшінші бөлімнің мазмұнына негіз болған «Тұрсынға
-
лидың есею жылдары» да қызғылықты оқылады. Әке
-
лерінің ат жалына қырау қатқан аязда жылқы соңында 
жүргенін көрген ол жастайынан қайсар, қайратты, ер
-
жүрек болып өседі. Оны мына жолдардан байқауға негіз 
бар:
Кей әйел үйге келіп шаптығатын,
Көк айыл, тілі удан ащы қатын.
Бет-аузы көнектей боп ісіп кеткен,
Тұрсынды анасы үйден ап шығатын.
«Абыстай! Мә, ала ғой, жүндей ғой, – деп,
Саба да, бетін жөндеп түрлей ғой, – деп,
Таласқан бала мен ит бірдей ғой, – деп»,
«Балалар төбелесер күн-күн сайын,
Көршіміз, бірі құда, бірі қайын,
Үйге кір! Оңашада бір ішейік,
Ақ құйрық Алматының «ындын» шайын!»
[20-б.] 
Бұл жолдар Тұрсынғалидың өз қатарларына күн бер
-
мей, ауыл-үйді шулататын сотқарлығымен бірге қазақы 
мінез-құлықты да танытады. Қазақта «баланың арасы
-
на түсуге болмайды» деген мәтел бар. Қазір ғана қызыл 
шеке болып төбелескен олар көз ала бере бірге ойнап 
жүреді. Міне, осындайды білетін аналарымыз бір-бірінің 
ашуын күрең шаймен қайтаратыны белгілі. Ақын қазақы 
мінезді ауыл тұрғындарынан дұрыс тапқан. Талды ат етіп 
мінген ауыл балалары араша гуілдеп, ойынды қыздырып 
жүргенде «Тасқарасуға» Шамалғанда білім алған гидро
-
техник Михаил Краснянский келеді. Сонымен бірге ол 
бокстің кандидаты, былғары қолғап шебері болғандықтан 
ауыл балаларын классикалық өнерге баулуды көздейді. 
Бойына күші сымай, бірінің тұмсығын бірі қанатып 
жүрген балалардың барлығы да бокстің қыр-сырын иге
-
руге ден қойып, жаттықтырушыларымен бірге жұмыс іс
-


36
тей бастайды. Арада бір жыл өткенде боксті толық игер
-
ген, он бес жасар Тұрсын Есік қаласында өтетін аудандық 
чемпионатқа жолдама алады. Осы тұста Қабанбай, Бө
-
генбай, Жәпек, Ағынтай, Салқам Жәңгір сынды қазақ 
батырларының барлығы да он бес жасында жауға қарсы 
шауып, батырлығымен танылғанына лирикалық шегініс 
жасалады. Он бес жасар Тұрсынның үлкендер арасынан 
күміс медаль тағып қайтуы – кешегі батырлардың бүгінгі 
жалғасы екеніне мысал. Мектепті бітірген соң, құрылыс
-
та жүріп бапкері Салуянов Виктордың жаттықтыруымен 
өзін шыңдай береді. Міне, осылай, жастайынан еңбекпен 
шыңдалған Тұрсынның алдында үлкен-үлкен армандары 
болды. Сол арманның бірі – қазақ атын асқақтату болса, 
мұның сәті бокстегі шәкірттерінің еңбегімен келді. 2000 
жылғы Сиднейдегі жеңіс – оңай келген олжа емес еді. 
«Көлеңке адам немесе жаралы таң» деп аталатын та
-
рауда Сидней олимпиадасына барған Тұрсынға тағы да 
лирикалық шегініс жасатады. Америкада жүріп, қырық 
жыл бұрын алтыншы тамызда АҚШ-тың жазықсыз Хи
-
росимаға атом бомбасын тастағанын еске алған кейіпкер 
соғыс өртінің бір аралға қасірет шектіргенін, оның қай
-
ғысы қырық жыл өтсе де жазылмағанын еске түсіреді. 
«Басталды солай, Сидней олимпиадасында Қазақтың 
алғаш майданы» деп, сол олимпиададағы қазақ жігітт
-
терінің табыстарына тоқталады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет