38
Бұйығы түнде қолыма алсам қаламды,
Өкініш өксіп, көзімнің жасы келеді...
Бокстан Бекзат алтыннан медаль таққанда,
Қол соғып әлем, Сидней шулап жатқанда,
Менің де төбем екі елі көкке жетпейді,
Бапкері Тұрсын, құшақтап сүйіп жатқанда
[29-б.].
Эпилог орнына берілген «Қазақ батырларының жекпе-
жегі» деген ҮІІ бөлімде ақын қазақтың өткен тарихына
лирикалық шегініс жасайды. Он сегіз жасында қалмақ
батыры Шарыштың басын алған Әбілмансұрды басы
-
на хан көтерген қазақтың қалмақ-жоңғарды жеңгеніне
тарих куә. Сан ғасырлар аңсаған, тар бұғаудан босаған
тәуелсіз қазақ елінің бүгінгі батырларына жасап жатқан
опасыздығы жаныңды күйзелтеді. «Бір құмалақ бір қа
-
рын майды шірітетіні» тәрізді қазақты өз ішінен ірітіп
жатқан сатқындардың ісі «ішіңнен шыққан жау жаман»
деген халық даналығына саяды. Жауымен жекпе-жекте
ашық шайқасып үйренген аңғал батырлар іштен шыққан
шұбар жыландарды байқамай қара жерді жастанып жат
-
қаны бүгінгі өзіміз өмір сүріп отырған егемен елдің ең
өзекті де шешімін күтіп тұрған мәселесі екені рас бол
-
са, қоғам өміріндегі осындай опасыздыққа, сатқындыққа
жан бітірген қазақ ақындарының да батырлығын, ерлігін
ерекше атауға негіз бар.
Көркем шығармаларда аңыз-әңгімелерді, ертегілерді
ретіне қарай пайдалану бұрыннан келе жатқан дәстүр.
Қазақ әдебиетінде қалыптасқан осы дәстүр тәуелсіздік
тұсында да өз жалғасын тапты. Олардың қатарында Ал
-
махан Мұхамедқалиқызының «Алтынның буы» атты
поэмасын атауға болады. Алмахан ақын бүгінде адам
баласының ниет-пиғылы бұзылып бара жатқанына жаны
күйзеледі. Ол өзінің замандастарын ар-имандылыққа ша
-
қырып, дүниенің соңына түсер тоғышарларды шенейді.
Достарыңызбен бөлісу: