Гулжахан Орда indd



Pdf көрінісі
бет45/55
Дата25.09.2023
өлшемі1,68 Mb.
#110204
түріБағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   55
Еңкейген кәрі, жас бала,
Алмайтын еді-ау бір тыным.
Бұра алмай мойын асқа да,
Ұмытқан еді жұрт үйін.
Осылай өтіп жатты күн,
Күндіз-түні жоқ тыным.
Талайдың ұрлап шаттығын,
Сөндіріп кетті-ау от нұрын.
Осылайша, сол тұстағы күллі елдің қайғы-қасіретін 
бар қызығынан айрылған бір отбасына сыйғыза білді. 
Бұл сол тұстағы азаматын майданға жіберіп, кемпір-шал 
мен жас балаға қарап қалған әрбір отбасының көркем 
бейнесі екені белгілі.
«От ішіндегі гүл» де сол бір қасітерке толы жылдар
-
дан хабар берсе, «Жеңеше-ай» – қырқыншы жылдарда
-
ғы келіншектердің қазақ әдебиетіндегі бейнесін толық
-
тырар туынды. «Жанымды жастай егілтіп, Жеңгелер 
мұңын көп ұққам» дейтін ол Құдай қосқан жарынан бір, 
ақылшысы болған енесінен екі айрылып, «Сағынышын 
ақылға бағындырған» қазақ келіндерінің бір отбасын 
асырау жолындағы ауыр бейнеті мен қайғылы қасіретін 
«Жаншыла күрсінеді кейде сонша, Үстіне қара жартас 
құлағандай» деп суреттеген. 
«Қыр қызғалдағында» оқуда, еңбекте озат болған қа
-
зақ қызының Отан қорғау үшін майданға аттанып ерлік 
көрсетуі арқылы қазақ әдебиетіндегі қазақ қыздарының 
көркем бейнесін толықтырды. Ақын жарадар қыздың 
Ерлігін Қызыл Ту ордені мен Отан даңқы медаліне сый
-
ғызған. «Қарағым-ай»-да Берікқара сайындағы құз ба
-
сынан қосақтап құлатқан қыз бен жігіттің аққуға айна
-
лып ұшып кеткені жөніндегі аңызды тірілтіп, оған жан 
біртірсе, «Киіккескенде» екі аяқтыларды оққа байлаған 
бүгінгі адамзаттың ісіне жолығамыз. Үйірінен бөлініп, 
лағын қорғамақ болған киіктің күйін ақын былай бей
-
неледі: 
Атылған мылтықты ақын есітпеді,


269
Болды-ау өкінішті кешіккені.
Көз алдыма жас ана елестеді,
Бөбегін қорғаштаған
Бесіктегі...
Аңшылардың ісіне қарсы үкім айту аналарға ғана тән 
екені белгілі. Себебі, Марфуға да бала тәрбиелеген ана. 
Баласын қоғау – әрбір ананың мақсаты мен міндеті. Оны 
ақын «Шілдехана» атты толғауында жете жырлаған:
Ана жанын ана болсаң ұғарсың,
Алдыңдағы ол бір биік құзар шың.
Балаң үшін кеуде кере мақтанып,
Балаң үшін биіктен де құларсың – 
Ана жанын ана болсаң ұғарсың.
«Қызық бар ма ана үшін басқадай, Нәрестеден артық 
оған жоқ тілек» деген ақын жанын тек аналар ғана түсі
-
нері анық. Осылайша қазақ поэзиясына әйел-ананың
балаға деген кіршіксіз үлкен махаббатын шынайы қал
-
пымен алып келді. 
«Қазақ аруы» поэмасында Баян, Жібек, Ақтоқтының 
Шолпан, Әлия, Мәншүк сынды сіңлілерінің ерлігін мақ
-
тан еткен ол қазақ қыздарының бейнесін асқақтата түсті. 
Сыршыл лирикалары мен сюжетке құрылған баллада
-
ларында қазақ тарихынан сыр шерткен ақынның «Көк
-
тем әуені» атты балладасында кешегі қиын-қыстау за
-
манда үдере көшкен елдің шекарадан асып кетіп, енді 
туған елге жете алмай жүрген жайына кезігеміз. «Жады
-
ра», «Ешкі өлместегі ескерткіш» поэмалары – кешегі за
-
мандас бейнесін жасаған туындылар. Темір тұлпарды ба
-
ғындырған Жадыраның Отан қамбасына тапсырған Сыр 
күрішін мақтан еткен ол қазақ қыздарының қоғамдағы 
орны мен атқарған еңбектерін жеткізе жырлады. Еңбек
-
тегі ерлігі үшін Қызыл Жұлдызға ие болған Жадыраның 
Отан алдындағы ересен еңбегі өз замандастары мен 
бүгінгі ұрпақ үшін үлгі-өнеге екені даусыз. Жадыраның: 
Аналық ыстық жүрекпен –
Өсірдім дәннің маржанын.


270


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет