Гулжахан Орда indd



Pdf көрінісі
бет46/55
Дата25.09.2023
өлшемі1,68 Mb.
#110204
түріБағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   55
Демеймін таудай ірімін,
Тірлігін еттім тірінің.
Өзімнің тұңғыш қызымдай, 
Бидайдың өрдім бұрымын...
Желіндей есіп даланың,
Күріштің шашын тарадым.
Ойлама жанын темір деп, 
Темірге мінген Ананың
– 
деген сөзі оның да бала тәрбилеген ана екенін еске 
салады. Осындағы бидайдың бұрымын өру, күріштің 
шашын тарау – ақынның қазақ поэзиясына алып келген 
бейнелі образдары. 
«Ешкі өлместегі ескерткіште» Нұрболат Түшкенов 
басқарған ауыл тіршігінен хабар беріп, елді, малды, 
егістікті ойлап бір тыным таппаған іскер басшының ең
-
бегін Отанға миллиард пұт астық тапсырумен көрсет
-
кен. Бұл кешегі кеңстік дәуірде Коммунистік партияға 
адал қызмет еткен барша қызметкерлер мен адал азамат
-
тардың типтік бейнесі екені жасырын емес.
«Бағараның батыры» – қазақ әдебиетіндегі замандас 
бейнесін толықтыратын туынды. Социалистік Еңбек Ері, 
КСРО Жоғарғы кеңесінің депутаты Ажыхан Есқараев
-
тың еңбектегі ерлігін жырлау арқылы қазақ халқының 
тарихынан сыр шертеді. Әкеден жастай қалған Ажыха
-
ның бір отбасын асырау жолындағы ауыр еңбегі, кешегі 
соғыс жылдарындағы бұғанасы қатпаған балалардың 
бар міндетті атқарғанын еске салады. «Бүтін киім ки
-
мей-ақ ер жетті ол, Ескісін сүйрей жүріп әкесінің» деген 
жолдарға сол тұстағы елдің әлеуметтік жағдайын сый
-
ғызса, «Қаршадай болғанменен лезде есейіп, Аттанды ол 
балалықпен қоштасуға» деген тармақтарда балалықпен 
ерте қоштасып, уақыт ерте есейткен соғыс жылдарын
-
дағы жасөспірімдердің бейнесі жинақталған. Аз сөзге 
көп мағына сыйғыза білген автор қос басында Ажыханы 
жылан шағу оқиғасы арқылы ана мен бала арасындағы 
шексіз махаббатқа көңіл аударған.


271
Ақынның ХХІ ғасырда жазылған өлеңдері мен поэ
-
малары «Тобылғы бүрлегенде» (2008) атты жинағына 
енді. ХХ ғасырда жазылған поэзиясында негізінен ту
-
ған жерді аңсау, сағыну, еркіндік-азаттықты аңсау басым 
болса, тәуелсіздік тұсында ол тәуелсіздіктің баянды 
болуына көңіл бөлді. Бұл жылдары тәуелсіздікті «Дала 
құсы» атты өлеңінде «Тәуелсізбін, ешкімге бас ұрмай
-
мын, Қол жеткен қуанышты жасырмаймын» деп жыр
-
лаған ақынның «Алатаудың ақ батасы» поэмасына да 
қазіргі тәуелсіздік негіз болды. 
«Барысы жортып жүрген кең даланың!..» өлеңінде Аста
-
наны «Күншуақты, Астана, бой көтерді, Белгісіндей, бей
-
не бір даналықтың!» дей келіп, оны кең даланы жортып 
жүрген барысқа теңесе, «Мен Арқаға барғанда» өлеңінде 
«Аруақты аталар мекені бұл, Ғасырларға арманын тосқан 
алдан» дейді. «Астана төл перзенті Елбасының», т.б. ша
-
ғын лирикалар қазіргі Қазақстан Астанасының бейнесін 
асқақтатқан туындылар. Ал «Шыңынан Алатаудың өрлеп 
күнім!», «Ару Алматы», «Абылай хан даңғылы», «Қуаны
-
шың ортақ бүкіл халыққа», т.б. қазақ поэзиясындағы әсем 
қала Алматының бейнесін толықтыратын туындылар. 
Ақын бірсыпыра өлеңдері жекелеген адамдарға ар
-
налған. А.Құнанбаев («Кінә қойма, мыңмен жалғыз 
алысқан», «Абай күні», «Аян беріп», «Мұражай жанын
-
дағы ой», «Алдында бар ғаламды жүгіндірген», «Жұрт
-
тың бәрі жиен емес Абайға», «Құнанбай әулеттері», 
«Абай келді»), Ш.Құдайбердиев («Шәкәрім қажы»), 
М.Жұмабаев («Жапырақтан жас тамшылап»), І.Жан
-
сүгіров («Жан аға!»), М.Әуезов («Мұхтар аға»), Ж.Жа
-
баев («Жамбыл ғасыр»), Т.Тоқтаров («Жас қазақ»), 
Қ.Аманжолов («Халықтың қаһарманы, батыр Қасым»), 
Н.Назарбаев («Алланың нұры сүйіп...», «Дара тұлға», 
«Мықтылық», «Шыңынан Алатаудың өрлеп күнім!», 
«Елбасының елмен қауышуы») сынды тарихи қайраткер
-
лердің бейнесін асқақтатқан туындылар тәуелсіздік тұ
-
сындағы қазақ поэзиясындағы аталған қалам және қоғам 
қайраткерлерінің көркем бейнесін толықтыруға қызмет 


272
етеді. «Алланың нұры сүйіп...» өлеңінде Елбасын екінші 
сайлаудан алған әсерін «Ғасырлар тоғысынан таймай 
өттің, Өзіңнен бұрын ешбір, Ер өтпеген!..» деп бейнеле
-
се, «Дара тұлға» мен «Мықтылық» өлеңдерінде Елбасын 
«Бар қазақтың бақыты үшін, Заманнан асып туған, Дара 
Тұлға!..», «Сіз келесіз, бүкіл әлем жұртына Қазағыңның 
– Кім екенін ұқтырып!» деп асқақ сезіммен жырға қосты. 
Дерексіз затты деректі затпен беру де ақын қаламына 
тән. «Жүйрік қой желген аттай уақыт деген, Жүргенді 
көтермейтін ырғалатын», «Самалың сипап жатыр, Сүйіп 
беттен», «Еркесі сияқты еді, Сарқырама, Жартасын жата 
қалып тепкілеген», «Өзіңе созған қолым жетпесе де, Қа
-
натын жүрек құсым қақты кілең», «Сайрамның жанары
-
нан жас жаңбырлап, Егіліп жатқандығын сезер көңіл», 
«Жүрген соң сағыныштан қанат байлап», «Бұлт қонатын 
шыңдарға мен өлеңнің, Қондырсам деп келемін көшін 
аман!» деген бейнелі образдармен дерексіз заттардың 
өзін көз алдымызға елестетеді. 
Жансызға жан бітіріп, айшықты образдар мен әдемі 
теңеулер жасау – ақын поэзиясының басты ерекшелігінің 
бірі. Ол «Күзгі аспандай жабығып жүрсің неден», «Ұқ
-
саған аққу құсқа бір қыз көрдім, Тұратын ерініне ай қо
-
нақтап», «Бұралған бұрымындай жас арудың Самалмен 
ырғалады майда құрақ», т.б. сынды айшықты образ
-
дар жасау арқылы ақындық шеберлігін танытты. Туған 
жердің әсем табиғатын, жас адамның жан дүниесін жыр
-
лаған ақынның шабытын қозғап, қаламын тербейтін де 
– замана құдіреті, еңбек дүбірі, кеңес адамдарының биік 
адамгершілік мұраты, тәуелсіздіктің тұрақтылығы. Мар
-
фуға да басқа ақындар секілді өз заманының жыршысы. 
Қазақ поэзиясындағы қалыптасқан 7-8, 11, 15 буынды 
дәстүрлі өлеңдерді жалғастырған ақын өз тарапынан түр 
жаңалығын қоспағанмен оны бейнелі тіл, әсем ырғақ, 
сырлы әуенмен байытты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет