Гулжахан Орда indd



Pdf көрінісі
бет47/55
Дата25.09.2023
өлшемі1,68 Mb.
#110204
түріБағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   55
273
ЖАҚСЫЛЫҚ САМИТҰЛЫ
(1939-2007)
Жақсылық Самитұлы 1939 жылдың 5-тамызында Қы
-
тай Халық Республикасының Суар, Жеменей ауданының 
Жәке Ласты деген жерінде дүниеге келген. Оның өмір 
жолын қарап отырсаңыз, көптеген жазушылар тәрізді 
әдебиетке поэзиямен аяқ басқағанын көреміз. Студенттік 
жылдары жарық көрген сыршыл өлеңдері мен алғаш
-
қы әңгімелерінен бастап көпшілік оқырманның ыстық 
ықыласына бөленді. Оның әдебиетке келуі Қытайдағы 
мәдениет төңкерісімен тұспа-тұс келгендіктен, оқырман 
қауым жас талантынан көз жазып қалды.
1958 жылдан бастап «қазақ ұлтшылдығы», «оңшыл 
опортонист» деген саяси айып тағылып, екі жылдай тер
-
геуге алынған оны империялық саясат 1960 жылы Қор
-
ладағы Жаза лагеріне айдады. Осындай жаппай қуда
-
лаудан шетте жүрген ағайындарымыз да аман қалмады. 
1963-1978 жылдары Жеменей аудандық белсенділердің 
бақылауында еңбекпен түзеу колониясында болды. 1976 
жылы Мао өлгеннен кейін ғана басына бостандық ал
-
ған ол алғашында мектеп мұғалімі, 1980 жылдан бастап 
«Алтай аясы» атты әдеби журналдың бас редакторы, 
1989 жылдан Шыңжан өлкелік телевидениесінде қыз
-
меттер атқарды [1, 363-390]. Осы қызметтер Жақсы
-
лық Самитұлына шығармашылықпен еркін айналысуға 
мүмкіндік туғызды. 
1958-1978 жылдар арасындағы жиырма жылға созыл
-
ған қуғын-сүргін қарымды қаламгердің қаламын мұқал
-
та алмады. Жетпісінші жылдардың соңынан өмірден 
өткенше шығармашылықпен айналысқан ол ұлттың ру
-
хани қоржынына олжа салды. Шығармашылықта өнімді 
еңбек еткен жазушының әр жылдардағы туындылары 


274
көпшілік оқырман ғана емес, білікті мамандар тарапы
-
нан жоғары баға алып жатты. Олардың қатарында Ар
-
миябек Сағындықұлы, Есей Жеңісұлы, Елім Алтайұлы, 
Жарас Ермекбай және басқа есімдерді атаған жөн. 
Алпыс сегіз жыл өмірінің жиырма жылы қуғын-
сүргінмен өтіп, соңғы отыз жылда шығармашылықпен 
айналысқан жазушының бұл жылдарын да өз ішінен 
екіге бөліп қарауға негіз бар. Алғашқы он бес жылды
-
ғы Қытайдағы қазақ әдебиетінің еншісіне тисе, өмірінің 
соңғы жылдарында атажұртта өткен жылдары жазыл
-
ған дүниелері тәуелсіздік тұсындағы ұлттық әдебиеттен 
орын алған туындылар. 
Жақсылық Самитұлы шағын жанрдағы туындылары
-
мен-ақ бір ғасырдың көркем шежіресін жасағандығы
-
на «Сары ала қаз» [1] жинағына енген әңгімелері мысал 
бола алады. Жинаққа енген әңгімелерге ХХ ғасырдың 
басында кіндік қаны тамған атажұрттан үдере көшкен 
елдің арғы беттегі хал-ахуалы мен еліміз тәуелсіздік ал
-
ған соң, ғұмыр бойы жинаған мал-мүлкінен баз кешіп, 
туған жерден топырақ бұйырса деп келгенде көрген құ
-
қайлары жинақталған. Сондықтан да жазушының «Ана 
сүті», «Әке бейіті», «Қамашпен қайта кездесу», «Құлақ», 
«Көк иірім», «Ұмытылмас қонағасы», «Ғажайып танк», 
«Қызыл әскердің әйелі», «Тосын оқиға» әңгімелері
-
не қытай арасында жүрген қазақтар өмірі негіз болса, 
«Офицердің жесірі», «Таныс дәрігер», «Тамшы», «Екі 
метр жер», «Адасқандар», «Өліп қалған тірі адам» шы
-
ғармаларына бүгінгі өзіміз көріп отырған тәуелсіз қазақ 
елінің тыныс-тіршілігі арқау болған. 
Алғашқы топтағы әңгімелерге қытай жеріндегі сұ
-
рапыл жылдар арқау болғанын төмендегі мысалдардан 
көруге болады. Мәдени төңкеріс жылдарындағы қинау 
мен сұрақ-жауап «Ана сүті» әңгімесінен менмұндалай
-
ды. «Ана сүті» – қазақ әйелінің ұрпақ тәрбиесіндегі 
рөлін нанымды бейнелеген әңгіме. Өз ұрпағын өрлікке, 
ерлікке тәрбиелеген аналар жауынгер қазақ халқының 
санғасырлық шайқастарда жеңіп шығуына себепкер 


275
болғанын арысы Томиристен бастап, берісі Желтоқсан 
оқиғасының өзі дәлелдеп берген жоқ па?.. Иә, сондық
-
тан осы әңгімедегі ана да ұлының ездігі үшін сүтін көкке 
саууға даяр. Қызына төрден орын берген, әйел-аналарды 
тіршілікті жаратушы деп құрметтеген қазақ баласы үшін 
ана шешімі – атазаңнан кем емес. Осындай аналардан 
тәлім алған қаракөздер мәдени төңкеріс кезінде адам 
төзгісіз азапқа да қасқайып қарсы тұрды, жау олардың 
өр басын иілте алмады. Осының жарқын мысалы «Көк 
иірім» әңгімесіндегі «қырыққа бір» деп, Алтай даласына 
тәртіп орнатып, жауынгер халықтың өр көкірегін баспақ 
болып келе жатқан қырық хон вей бинді (қызыл әскердің 
жазалаушы отряды деп түсіндіруге болады) өзімен ала 
кеткен Қарақыздың ерлігі. Дала заңы бойынша жек
-
пе-жекте жауырыны жерге тимеген Қарақызды қырық 
қытайдың ортаға алып тепкілегені тәнін ғана емес, жа
-
нын да жаралап, ар-намысын таптап еді. Өмірінде біреу 
мұрнын қанатпаған оның мұндай қорлыққа шыдамай өр 
басын ер өлімге тігуі кейіпкер бейнесін толықтыра түс
-
кен. «Ана сүті» әңгімесі ұлттық рухтың ана сүтімен бері
-
летіндігін шынайы бейнелегендігімен бағалы.
«Қамашпен қайта кездесу» әңгімесіндегі асқан көрік, 
білгір білімімен күллі жігіттің қол жетпес арманына ай
-
налған ақ маңдай Қамаштың оншақты жылдың ішінде 
аузы омырайып, екі тістің арасынан қызыл тілі жалақтап 
отыруы арқылы сол дәуір тіршілігінен хабар берген ав
-
тор Қамаштың өмір жолын «Кешегі бірге ойнап, бірге 
күлген құрбыма да «шешелетіп» қойды ғой... – деді де 
алқымы бүлкілдеп, үні шықпай, булығып қалды. Қы
-
бырсыз тесірейіп жерге қараған көзінен кесек-кесек жас 
тамшылары да тамып кетті» деген жолдарға сыйғызған. 
Иә, Қамаш маңдай тісі мен азуын қоса қағып алса да 
шпиондығыңды мойында деп қаншама жала жауып, қи
-
нап-зорлауға төтеп берген қазақтың батыр қыздарының 
бірі екенін баса айтқанымыз жөн. 
«Ұмытылмас қонақасы» әңгімесінен бұқара халықтың 
тұралаған тіршілігін түйсінуге болады. Осы әңгімедегі 


276
апталап жол жүріп жол-жөнекей ыстық тамақ ішпеген 
кейіпкерлерімізге «үйме-жүйме болып, ырсиып-ырсиып, 
бырысып, бүгіліп жатқан» қырық сирақты қысыла-қина
-
ла қонақасы ретінде алдарына тартқан жас отбасылар
-
дың ісі – «жоқ жомарттың қолын байлайтындығының» 
көрінісі. Ал, «Әке бейіті» әңгімесінде Ерубай мен Бө
-
кеннің әкелерінің топырағына таласып жатқанына кез 
боламыз. Өлген адамның орнын қадірлейтін салт бо
-
йынша екеуі де әкелерінің басына белгі қоймақ ниетте. 
Жұмабек ақсақалдың Әкілбай мен Нұғыманды бір ұяға
жерлегендіктен балаларының таласып тұрғаны мынау.
Жас-кәрі демей, түгел «секірмелі даму» тоғанын қазу 
жұмысына жегілгенде ауылда жалғыз қалған Жұмабек 
ақсақал Алтайдың қытымыр қысында үш күн жүріп, бір 
өлімнен қалып жер қойнауына тапсырғанын құрдаста
-
рының әруағы да көріп жатқан болса керек. Жарымжан 
кемпір-шалдан басқаның барлығы қыс бойы жұмысқа 
тартылғанда екі мүрдені жер қойнауына тапсырып, өзі 
мұрттай ұшып түскен жерінен кемпірі іздеп келіп, тауып 
алмап па еді? Бұл әңгіме «Дажайдан үйрену» қозғалы
-
сы кезіндегі жайдан хабар берсе, «Құлақ» әңгімесіндегі 
қыздан шыққан қолбасының бір кездегі жұлып алған құ
-
лағының иесі өз күйеуі шұнақ Байтұр екеніне не дерсің?
«Тосын оқиға» әңгімесінде үлгілі ұстаз, мейірімді ана, 
опалы жар болған Гүлиша аймақтық партия мектебінен, 
біржылдық саяси курстан келгенде төбесінен жай түс
-
кендей болады. Облыстық соттың бастығы Қоқымбай 
қылмыскерден бес мың доллар пара алып, жалғызбасты 
кемпірдің баласын он бес жылға соттатып жібергенмен, 
оның жазасын кенже қызы Мейхуа тартып отыр. Қоқым
-
бай тәрізді түйені түгімен жұтып үйренгендер біздің де 
арамызда жетерлік. Осы оқиға арқылы автор оқырманға 
ой салады. Ол екі аяқты пенделердің әрбір ісінің амал 
дәптеріне жазылып отыратыны, одан қашып құтыла ал
-
майтындығы, біреуге жасаған қиянатымыздың сазайын 
ұрпағымыздың тартатыны. «Тосын оқиға» әңгімесіне 
арғы беттегі оқиға негіз болғанмен, оны «Адасқандар
-


277
дан» бөліп жаруға келмейді. «Адасқандар» әңгімесінде 
Мәнел мен Гүлбикенің, Мәнел мен Гүлзаттың махаббат 
линиялары арқылы қазіргі қазақ қоғамының қасіреті кө
-
терілген. Жазушы адам пиғылының бұзылуын бір отба
-
сы төңірегіне жинақтаған. Баймен құда болып, ауызда
-
ры аққа тиген Совхозбек пен әйеліне баласының бақыты 
емес, құдасының байлығы керек еді. Жазушы ақшаға құ
-
ныққан балалар үйінің директоры Совхозбектің өз неме
-
ресін Африкалықтарға АҚШ доллорына саудалап жібе
-
руі арқылы замандастарына ой тастаған. Әңгімені оқып 
шыққанда «Баламның табанына батқан шөңге менің 
маңдайыма кірсін» дейтін аналар мен ұрпақ жалғасты
-
ғын ойлап, балаларының өсіп-өнгенін ойлайтын әкелер 
қайда? – деп көкірек кере бір күрсініп аласың. Иә, бұл – 
біздің тәуелсіз қазақ елінің шындығы. Шындықтықтың 
дәмі қашанда ащы (кермек) болады.
«Өліп қалған тірі адам» әңгімесіне де ақшаға құнық
-
қан бас дәрігердің ісінен зардап шегіп жүрген кейіп
-
керімізге тап боламыз. Қытай еліндегі аса сыйлы маман
-
дықтардың бірі болып табылатын мұғалімдікпен ғұмыр 
бойы айналысқан Торғауыт ақсақалдың атамекеніне кел
-
гендегі күні тіптен мүшкіл. Ауруханадан адам болмайды 
деп үйіне шығарған соң, қазақы еммен емдетуге қара
-
жат зәру болғандықтан бажасы бас дәрігердің қалтасына 
ақша тықпалап жүріп «өлу туралы куәлік» жаздыртып 
алады да, ауылдық әкімдіктен қарияны жерлеуге деп қа
-
ражат алады. Қария үш-төрт айдан соң есін жиып, зей
-
нетақысын алайын десе, ол өлілердің қатарында болып 
шығады. Міне, осылай басы шырғалған ақсақал неше ай 
жүріп өзінің тірі екендігін дәлелдей алмай әлек. Ресми 
тіл орыс тілі болғандықтан жағдайын айтуға тілі жетпей 
жүргенін көргенде жаның ашиды. Бәрін айт та, бірін айт 
Елбасын қайта сайлаған кезде елім деп келген жанның 
тірілердің қатарында жоқ болғаны үшін дауыс бере ал
-
мағанына не дерсің? Иә, бұл да біздің қоғамның адамға 
емес, құжатқа сенетін қағазбастылығының бір көрінісі. 
Алайда жазушы аудандық халыққа қызмет көрсету орта
-


278
лығындағы келіншектің бейнесі арқылы біздің қоғамда 
да саусақпен санарлық жақсы адамдардың бар екенін 
еске салады.
«Екі метр жер» әңгімесінің айтпағы бұдан да сорақы. 
Мұнда тоқсаныншы жылдары елге оралған Болатбектің 
әкесі Қадір ақсақал дүниеден өткенде басын тасқа да, 
тауға да ұрып, екі метр жер таппай сандалғанына куә бо
-
ламыз. Үш күн дегенде Алматы қаласына жақын ауыл
-
дардың біріндегі қорымға апарып, әкесін жер қойнауына 
тапсырған Болатбектің басынан өткерген күйзелісі жа
-
зушының адам психологиясын терең игергенін байқата
-
ды. Осындай әңгімелердің қатарын «Таныс дәрігер» то
-
лықтырады. «Қысылғаннан қыз болдым» дегендей, мал 
дәрігері Жақай мырзаның Отанына оралған соң, бала-
шағасын асырау қамымен адам дәрігері болып жүргені 
қиялдан туған емес, өмірден алынған шындық. Осындай 
жандардың арсыз тірлігін сынға алған жазушы «бір құ
-
малақтың бір қарын майды шірітетінін» еске салады. 
Көпке топырақ шашуға болмайды, дегенмен қандаста
-
рымыз туралы келеңсіз пікірлерді осындай пысықайлар
-
дың туғазатыны да жасырын емес. 
«Офицердің жесірі» әңгімесіндегі Отанды қорғаушы 
офицердің артында қалған жесірі мен жетімдерінің жай-
күйі жан түршігерлік. Жазушы бет-аузын бүркемелеп, 
мешіт жанында қайыр сұрап үш ботасын асырап жүр
-
ген Гулияның өмірін атақ-даңқ, мансап сұраған қайыр
-
шылардың тіршілігінен жоғары қояды. Адам бар жерде, 
байлық бар жерде қайыршылық та мәңгілік болып қала 
беретінін түсіндірген авторлық ұстаным «Бұл бір адал 
кәсіп. Ұрлық қылмайсың, өтірік айтпайсың. Кісі өлтіріп 
күнәлі болмайсың. Көріп жүрміз ғой, көп адамдар арам
-
дықпен байыйды. Қазіргі байлардың көбі сондай. Тіпті 
жазықсыз біреуді өлтіріп, соның дайын мүлкіне ие бо
-
лып, солайша ауқаттанғанын мақтан көретіндер де көп. 
Ал, мынада ешқандай қулық, сұмдық, жаман ниет де
-
гендер болмайды. Таза, ақ ниетпен: заман тыныш, дү
-
ниеде мейірімді, жомарт жандар көп болса екен!» деген 


279
жалғыз тілекпен ғана тұрасың» [1, 118], – деген кейіпкер 
сөзімен берілген.
Көріп отырғанымыздай, жазушының көтерген тақы
-
рып ауқымы мол. Ол ел өміріндегі шегіне жеткен өзекті 
мәселелерді әңгімелеріне арқау ете білген. Қоғам дерті
-
не шипа іздеген жазушы тапқан дәруменін қалың оқыр
-
манның аузына тосқан. «Сары ала қаз», «Мүше бөлу» 
әңгімелерінде бүгіндері ұмытыла бастаған саяткерлік 
пен аңшылық туралы сөз еткен ол кең даланы мекен ет
-
кен дала қазақтарының атадан балаға ұласып отырған 
дәстүрін жаңғыртып, даласы тәрізді кең-мол пішілген 
дарқан халықтың ұлттық болмысын шынайы бейнеле
-
ген әңгімелерін этнографиялық әңгімелер қатарына жат
-
қызсақ, сыршыл сезімге құрылған «Гакку», «Жүрегің
-
нен айналдым», «Дүрегей сәулем», «Сұлудың шарапат» 
әңгімелерін лирикалық әңгімелер қатарына жатқызуға 
негіз бар. Өмір мен өлім, адам мен қоғам жайында ой 
түйген «Офицердің жесірі», «Екі метр жер», «Тамшы» 
әңгімелерін философиялық әңгімелер қатарына жатқыз
-
сақ, «Ақбоз атты әулие» мифологиялық, «Әке бейіті», 
«Адасқандар», «Екі метр жер» психологиялық әңгіме 
екені анық. «Көк иірім» әңгімесіндегі азан шақырып 
қойған Баранқыз есімінің ұмытылып, Қарақыз атануы, 
«Қырсық» әңгімесіндегі Қырекеңнің қазақы мінезі шы
-
ғармалардың ұлттық бояуын қанықтыра түссе, ел ішін
-
де сақталған аңыз-әңгімелер арқылы бүгінгі өскелең 
ұрпаққа айтар терең ойлы әңгімелерінің де берері мол 
дүниелер.
Жазушының келесі топтағы шығармалары – сыр
-
шыл сезімге құрылған «Қаданның ғашығы», «Гүлса
-
ра», «Саған бақыт тілеймін», «Атамекен» тәрізді лиро-
психологиялық повестер. Жазылған уақытына қарай 
1980 жылдардың үлесіне тиетін бұл шығармаларынан 
жазушының шағын әңгімелеріндегі кейіпкерлерін тану 
оңай. Мәселен, «Қаданның ғашығы» повесінде «Мәде
-
ниет төңкерісінің» салдарынан жазықсыз жапа шеккен 
кейіпкеріміздің сол бір сойқанды жылдардағы тағдырын 


280
Қадан, Гүлжамал, Айниса арасындағы махаббат линия
-
лары толықтыра түседі. Бейбіт өмірдегі Қадан мен Гүл
-
жамалдың отбасындағы қазақы қалжыңмен басталған 
оқиға лирикалық шегініс арқылы өрбиді. 
«...Әке, сіз неге қайтып келмейсіз? Мамамнан сұрасам, 
қазір ол да айтпайтын болып алды. Сіздің суретіңізді жо
-
ғалтып алдым деп жүрген. Мен ақша іздеп жүріп, қап
-
шығындағы кішкене айнаның артынан тауып алып едім, 
қатты ренжіді. «Бұл сенің әкең емес, сенің әкең жоқ», 
– деді маған ашуланып...» [2, 6] деген мазмұндағы хат 
құрдастардың жеңіл қалжыңының расқа айналғаны да 
деген ой салады Гүлжамалға. Айрандай ұйып отырған 
отбасының ойраны шықпас үшін Қадан сол бір құпия 
сырды ашуға ден қояды. Міне, осылайша ә, дегеннен 
оқырманын елітіп ала жөнелген жазушы сол бір жыл
-
дарға шегініс жасайды. 
Әңгіме былай болған. Қалыңдығы Гүлжамалға енді 
үйленемін деп жүргенде «мәдени төңкеріс» Қаданды 
Тарымның құм теңізінен бірақ шығарған-тын. Балық 
зауытында еңбекпен түзеу колониясында жүрген ол Та
-
рым өзенін жағалап, иір-иір бұралаңы көп сүрдек жол
-
мен өрлеп келе жатып, иен далада бір ізге тап болады. 
Тап-таза құмның үстінде бадырайып жатқан кісі киіктің 
ізі болмасын деп үрейленіп, сол ізді қуалай келе өлуге 
айналып талмаусарап жатқан баланың үстінен шығады. 
Бір жетіден бері нәр татпаған баланың судан қаталап 
кенезесі кеуіп, ерні тілім-тілім болып, қабырғасы ішіне 
жабысып, сүйегі терісіне ілініп қалған кейпін көрген ол 
аш өзекке түсірмей, ернін сулай отырып, күн бата бетін 
бері қаратып еді. Осы сәтті жазушы былай суреттейді: 
«Кешке таман баланың көзінің болаты оңалды. Ып-ыс
-
тық жалынын қалдырып, сол қызумен өзі де күйіп-жа
-
нып, қызыл күрең тартып, құлынның сауырындай жұп-
жұмыр жотадан ары еңкейіп бара жатқан күн сәулесіне 
таласып, оның өңіне де ажар кіре бастады. Жанарына 
нұр жүгірді. Мен де қуанып кеттім...» [2, 10].


281
Қу медиен далада аштық бір жағынан, үрей екінші жа
-
ғынан зәре құтын қашырған баланың жанын аман алып 
қалған Қаданға бауыр басып, одан бір елі айырылмай ая
-
ғына жармасуы осыдан еді. 
Бұл кезде Айниса байғұс баласының өлі-тірісін білме
-
се де, күдерін үзіп жалғызының жетілігіне құран кәрім 
түсіріп жатқан жайы бар. Қаралы жиын үстінде Комму
-
наның бастығы, Еркіннің өгей әкесі Құдыспен алғаш 
кездескен оқырман одан іш тартып, тыжырынып қалады. 
Құдайға күнәлі болып, талай жігіттерді жазықсыз зарлат
-
қаны аздай, құла түзден баласын тауып алып, аман-есен 
әкеп қолына тапсырған жанды әке дегені үшін баласын 
талай таяқтың астына алуы, – онымен бұрыннан таныс
-
тығың бар деп, – Айнисаны көкала қойдай етіп сабауы, 
Қаданға жала жауып он бес күнге тар зынданға салды
-
руы оның жауыздығын торлықтырар эпизодтар. Сол бір 
астынан сыз өткен, аяқты созуға келмейтін тар зындан
-
ның қасіретін жазушы былайша бейнелейді: «Шығатын 
уақытың бастықтардың кәріне қарай белгіленеді. Үш ай 
жататындар да болады. Бұл кезде шаш дегенің көзіңе 
түсіп, дене-бойыңды бит басып кетеді. Қолтығыңнан, 
шабыңнан, шашыңнан уыстап аласың, бір тәуірі, зын
-
данның битінде ауыз болмайды. Шақпайды да, қышын
-
дырмайды...
Енді бір қызығы, зынданға жатқан ғана қиын емес, 
онан құтылып, сүйретіліп жарық дүниеге шығу одан да 
қиын. Денеңе алғаш түскен күн нұрынан шошынғанда 
бойыңда әлің болса, ақтық деміңді сарқа жұмсап, ке
-
мелек (кебенек) болған ешкіше секіресің. Тұла бойыңа 
қалың ине қадалып, сұққылап өлтіре жаздайды. Көзің 
ашқызбай суырып шаққылайды кеп. Бес-алты күн бойы 
жас тоқтамай парлап тұрады. Айна тауып қарасаң өз 
реңіңнен өзің шошисың. Бет-аузың көкпеңбек, тарғыл-
тарғыл жолақ, көк жағал болып кетеді. Көздерің қыза
-
рып, көз еттерің шүкір сіңіп қалғандай сарғайып алады. 
Таза ауаға шыққанда, сонда ғана сезінесің: өз денеңнен 


282
өзің жиіркенесің. Денеңнен он-он бес күнге дейін нәжіс 
иісі арылмайды» [2, 31-32].
Осы жолдарды оқып отырып, Алла тағала тіршілікті 
жаратқанда тірі жанның барлығының иесі мен киесін 
қоса жаратқан ғой. Адам баласын осынша қорлаған 
жауыздардың алда көрері бұдан бір мысқал кем емес 
шығар деп өзіңді жұбатасың. 
Осылай тағдыр тауқыметін тартып, үміт оты үзілген 
шақта оған өмір сыйлаған Айниса еді. Күйеуінің қо
-
лымен жасалған жазаны жеңілдету үшін артынан іздеп 
келіп, шешесінің өтінішімен үйіне апарып күтіп-бағып 
жүрген қарындастың қамқорлығы қалайша махаббатқа 
ұласып кеткені де дау туғызбаса керек. Жазушы бір ше
-
шенің туған қызы мен өкіл баласы арасындағы махаббат
-
тың тылсым күшін тежеп, нәпсінің құлы болмай адами 
қалыптарында қалуы арқылы кейіпкерлерінің табиғи 
болмысын шынайы бейнелеген. Алайда баласына екінші 
өмір сыйлаған жанды аға деп сыйлаған қарындастың Қа
-
дан еліне біржола кетіп бара жатқандағы егіле жылаған 
көз жасы арқылы махаббат шіркінге ешкімнің де, еште
-
ңенің де тосқауыл бола алмайтынына нандырған. 
Жазушы бір кейіпкердің бір тағдыры арқылы көп 
нәрседен хабар берген. Қаданның өмірі сталиндік реп
-
рессия кезіндегі боздақтарымызды еске салса, «мәдени 
төңкерістің» құрығы қайда барса да қорқыттың көрін
-
дей күтіп тұрғанын қандастарымыздың арғы беттегі қа
-
ралы күндерімен бейнелеген. Ал, Айнисаның тағдырлы 
өмірі қазақ қыздарына ой салары анық. Қазақта «Кім
-
мен қарайсаң, сонымен ағар», «Бірінші бақ – бақ, екінші 
бақ – бейбақ» деген аталы сөздер бар. Мұның барлығы 
«Қызға қырық үйден тыйым» деген халық даналығын 
еске түсіреді. Жалындап тұрған шағында арандап қал
-
ған ақ маңдай қыздың қорлықпен өмір кешуі, әрине, ая
-
нышты. Дегенмен, маңдайыңа жазғанды көрмей, көрге 
де түспейтінің белгілі. Осы тұрғыдан келгенде бұқара 
халықты қан қақсатқан қызыл коммунистердің бір-бірі
-
нен айырмасы жоқтығы айқын. Оның жарқын мысалы 


283
– «мал көрмеген қуалап жүріп өлтіреді» дегендей, Құ
-
дыстың қолына қонған бағын бағалай білмеуі. 
Осындай қилы тағдыр иелері арқылы адам мен қоғам, 
өмір мен өлім жайында ой түйген жазушы өмірге нәр 
сыйлаған махаббат атты тылсым күштің талай боздақ
-
тардың үміт отын жалғағанына нандырады. 
Осы тақырыпты және бір қырынан толықтыратын 
повестің бірі – «Гүлсара». Мұнда да сондай содырлар
-
дың сойқандарына куә боламыз. Жазушы қаламына тән 
шеберліктің бірі – оқырманын ә, дегеннен баурап ала
-
тындығы екенін жоғарыда айттық. Бұл шығарма да сон
-
дай қызықты оқиғамен басталады. «Бас жарылса, бөрік 
ішінде» дейтін қазақтардың сынған аяқтарын салақта
-
тып байлай салып, аттың үстінде жүре беретінін «Ақбоз 
атты әулие» әңгімесінен оқыған болатынбыз. Мұнда да 
сондай батырларға тап боламыз. Солардың бірі, аттан 
жығылып сынған тобығы құртқа шауып, ота жасатып 
жатқан Айша болса, екіншісі, өмірінде біреуге масыл бо
-
лып сүйреткізбек түгілі, қолтығынан деметіп көрмеген 
жігіттің аяғы қиғашталып, опырылып кеткеніне қара
-
май: «Атам заманнан бері қай қазақ сынған сүйегін укол 
қойғызып таңдырған дейсіз? Шешем мені тапқанда бір 
қой қалжа жеген шығар», – деп тістеніп жатуы. Осы бір 
эпизодтың өзімен-ақ автор қазақтың нар тұлғалы жігіт
-
терінің адам айтса нанғысыз ерлігіне қанықтыра түскен. 
Келесі кейіпкеріміз Гүлсараның жағдай мүлде бөлек. 
Жап-жас, үріп ауызға салғандай келіншектің жүрек тал
-
масымен жатуының себебін түсіндіру үшін оның өткен 
өмірінен сыр шертеді. 
«Сен неме, ілініп ауруханада жатып алдың да менің 
бағымды байладың. Сен үшін сандаламын деп жүріп 
бригадирлықтан да түсіп қалдым. Малға да қарай алма
-
дым. Қарала тайынша құйға түсіп өлді... Оның үстіне 
«халық жауының қызын алдың» деп ел де салық қып, 
жиын сайын бетіме басады. Не жазылып, адам құсап 
үйге қарамадың, не өлмедің...» [2, 67], – деген хаттың 
сау адамды ауру қылатыны белгілі. Ал мұндай сипат
-


284
тағы хаттың жүрегі жаралы жанға қандай ауыр тиетіні 
айтпаса да белгілі. 
Ауруханада жатқан сырқаттардың бәрінің көңілін 
тауып, қолғабысын жасай жүретін елгезек жанға құдай 
қосқан жарының айтып отырғаны мынау. Осы хаттың 
өзі-ақ оның авторының кім екенінен хабар берері хақ. 
Дүниеде «мәдениет төңкерісінен» басқа зор іс жоқ, – 
деп жар салған Құрмаштың пролетарлық коммунистік 
идеямен белсенділік танытып, өз әке-шешесіне қол кө
-
тергенімен тұрмай, қайын атасы мен қайын енесінің, 
құдай қосқан жарының түбіне жеткізген – «Үлгілі қы
-
зылқорғаушы – Құмаш» деген мақала. Онда былай деп 
жазылған болатын: «Пролитарлық майданы берік, қар
-
ғысы мен махаббаты айқын үлгілі қызыл қорғаушы Құ
-
маш жолдас өскелең күрескерлік рухпен төрт көнені 
қиратып, ескі салт-сананы быт-шыт етіп, халық жаула
-
рына соққы беруде өшпес еңбек көрсетті. Өткен аптада 
он неше кемпірге қосып, өз қайын енесінің ұзын шашын 
кесіп, көйлегін шешіп алып, сым кигізген еді. Онан соң 
жиырмадан астам шалдың сақалын күзеп әкеп тапсыр
-
ған. Кеше өз қайын атасы, райынан қайтпаған оңшыл, 
ревизонист, табы жат, бұзық элемент Жақыпты өз қолы
-
мен байлап алып, абақтыға айдап апарды...» [2, 158].
Гүлсараның демі үзілген соң келген Құмаш: – Мен 
баяғыда-ақ білгем. Бекер шығындалып, босқа жатқанша 
қайтып кетейік дегеніме көнбеген, – деп табалағаны аз
-
дай, көзімдей көрерсің деп қызына берген әкесінің ал
-
тын сағатын жастығының астынан алып қолына салып 
жатып: – бүрсігүні біз ішкі өлкеге ұзақ сапар, жаяу жо
-
рыққа аттанбақшы едік, – деп тайып отырады. 
Автор ауруханада жатқан көңілі жарым жандардың 
бір-бірінің қабағын бағуы арқылы олардың жан дү
-
ниесіне үңілуімен кейіпкерлерінің психологиясын терең 
игергенін байқатады. Әсіресе, Гүлсараның басынан өт
-
кен ауыр жылдардың салған жазылмас жарасын оқып 
отырған жанның онымен бірге күйзелмеуі мүмкін емес. 
Он екі де бүр гүлі ашылмаған бейшараны әкесіне жағыл
-


285
ған «халық жауы» деген жаладан арашалау үшін шеше 
байғұстың ойлап тапқаны осы еді-ау. Әке-шешесі жақ
-
сы адамдар, оның үстіне Жолдыбайдың қолы ұзын, бас
-
шыларға сөзі өтеді деген оймен Жақыпты арашалаймын 
деп, қызын құрбандыққа шалғанын ол кезде білген жоқ 
еді. Жолдыбай құдасы Жақыпты арашалауға жараған
-
мен, күйеу баласының қайта апарып абақтыға тоғытаты
-
нын ол кезде қайдан білсін? Оның бәрін алдын ала білсе, 
тұла бойы тұңғышы Гүлсарасын адам құрып қалғандай 
жарым сүрей, адуын есуасқа берер ме?
Көзі ашық, мектеп меңгерушісі болып қызмет істеген 
Жақып ел алдында масқаралағанға шыдамай өзіне-өзі 
қол жұмсайды. Алғашында әкесінің өз кеңірдегіне пы
-
шақ салып, қан жоса болып жатқанын көргенде жүрегі 
ойнамалы болып қалған Гүлсараның Құмаштан көрген 
құқайы оны жүрек талмасына ұшыратты. 
Осындай қилы тағдыр иелерінің тағдыры арқау бол
-
ған шығарманың негізгі өзегі – Мақсат пен Гүлсара 
арасындағы махаббат линиясы. Мақсат өзіне атасты
-
рып қойған Жәмиланы ұмытпағанмен, Гүлсараға деген 
сезімін жасыра алмайды. Сүйгенінің қандай қорлықпен 
көз алдында жан тапсырғанын көрген ол бір сәт ақыл-
естен айырылғандай еді. Осы кезде оған көмекке келген 
қалыңдығы Жәмила бұл жағдайлардан бейхабар болған
-
дықтан: – Мен Гүлсараны сүйемін, Гүлсараны ғана сү
-
йемін. Гүлсара – аяулым менің! – дегенін шалық барғай 
сөзінде деп түсінді. Жазушы бір отбасы төңірегіндегі 
трагедиялар арқылы сол бір қасіретті жылдардың салған 
жазылмас жарасына жан бітіріп, қазақ әдебиетін жаңа 
мазмұн, жаңа кейіпкерлермен толықтырды.
Осы тақырыпты толықтыратын келесі шығарма – «Са
-
ған бақыт тілеймін» повесі. Университетті жаңа бітірген 
Нұрланның ойын-сауық үйірмесіндегі әдебиет бөліміне 
келуі оның шығармашылығын ұштай түседі. Өнер ие
-
лерінің арасына келген соң, шабыты шалқып, шығарма
-
шылық шыңына көтеріле бастайды. Бірақ келген жерден 
Ерғазының Тургеновтің «Алғашқы махаббатындағы»: 


286
– Балам, махабаттан, сол бір удан аулақ бол, – дегенін 
есіне салғаны дұрыс болмады.
Бұл шығарманың кейіпкерлерінің де өмір тарихы аты
-
шулы төңкеріс кезіндегі оқиғалармен қабысып жатады. 
Ол кезде әскерде болған Нұрлан жазалаушылардан Қана
-
ғатты абақтыға тығып жанын сақтап қалса, енді екінші 
рет өмірін аман қалып отырған жайы бар. Әнші Гүлбану 
Қанағат ақсақалдың қызы екенін ауруханада жатқанда 
бір-ақ біліп отырысы мынау. 
Гүлбанумен тіл табысып бір-бірін сүйіскен жандар
-
дың арасына сызат түсірген елдің сөзі болса, «Енді ұқ
-
тым, біреудің тіліне азғаның, өзіңе көр қазғаның екен...» 
деген Ерғазының сөзі өз ісіне өкінгендігінің белгісі еді.
Бұл кезде бәрі де кеш болатын. Сүйгені Гүлбанудан айы
-
рылып қалған Нұрланның той жасап алғаны бір жерде 
тұрмыста болған Зілиман еді. Авторлық ұстаным: 
«Қолда барда алтынның қадірі жоқ,
Қолдан шығып кеткен соң өкіндім-ай! – депті ғой бая
-
ғыда белгісіз бір қазақ. Егер сол философтың басына мұ
-
нара орнататын болып жатса, өмір бойы сол мұнараның 
қара жұмысшысы болып өтуді ғана тілер едім құдайдан. 
Соның айшықты алтын айын күніне жүз уақ сүртіп тұ
-
руды теңдессіз бақыт санар едім», – деген кейіпкер сөзі 
арқылы берілген. Жазушы әнші Гүлбану, ақын жігіт 
Нұрлан, биші Зілиман арасындағы махаббатты таразы
-
лай отырып, «қолда барда алтынның қадірі жоқ» екенін 
ұқтырады. Жас Гүлбану мен Нұрланды алдап соққан Зі
-
лиманның қулығы мен сұмдығы еді.
«Атамекен» повесіне де мәңгілік тақырып – махаббат 
арқау болған. Оқиға Сәлиманың қызы Гүлнұрды ойна
-
тып жүргенінен басталады. Ашық-жарқын мінезімен 
адам біткенді өзіне баурай кететін Сәлиманың жалғыз 
басы сопайып, күнде қызын ойнатып жүретіні жұмбақ. 
Ақылы көркіне сай тал шыбықтай бұралған қиғаш қас, 
ақ маңдай сұлудың: «Туу, не деген қызық адамсыз. Кеш
-
ке дейін айтатыныңыз бір сөз. Мүмкін емес ол. Мен 
өмірбақи осылай өтуге серт еткен адаммын. Оның үстіне 


287
екі сөйлегенді жек көретін бір қырсық мінезім тағы бар. 
Ашық айтайыншы сізге, бұл өмірде мен енді ешкімді де 
сүймек емеспін. Құдайақы, шын сөзім. Менде жүрек бар 
дейсіз бе?! Жоқ. Денеге қан таратып беретін жұдырық
-
тай бұлшық ет, өлі ет қана бар. Ерге деген махаббаттан, 
жар сүюден ада болған бір жапырақ ет қана...» – деп, ма
-
хаббат мәселесінен басын ала қашатыны түсініксіз. Осы 
сауалды ашу үшін автор негізгі оқиғаны Сәлиманың 
күнделігіндегі жазбалар арқылы өрбітеді.
Қоғамдық қызметке жаңа араласқан жас кезінде жұ
-
мысшылар үйінің би залында Қапаспен танысады. Олар
-
дың арасындағы сыйластық келе-келе үлкен махаббат
-
қан ұласады. Жастардың бас қоспақ болған шешіміне 
әкелері арасындағы кикілжің кедергі болады. Қапастың 
әкесі Масіғұт Асубайдың қызына құда түсе келгенде 
олардың арасындағы араздық өрті өрши түседі. Бір кез
-
дері ағалы-інілердей болған қимас жандардың арасын
-
дағы үлкен даудың себебі лирикалық шегініс арқылы 
өрбиді. Мәсіғұт «Жамбылға қамап тастапты. Контра
-
бандылық істегендігі үшін қылмысқа тартыпты» деген 
жаладан құтылып, арашашы болып барған Асаубай «ше
-
кара бұзып, жасырын сауда істеушілердің арасында» 
болғандығы үшін жазаланады. Мұндай қисынсыз үкім
-
ге шеше байғұс сенбей, баласын сатып кеткен Мәсіғұт
-
ты қарғап сілейді. Расында да Асаубай Мәсіғұттың ал
-
дауына сеніп, жазықсыз жазаланып, он бес күн қамауда 
болып, бірталай айып ақша беріп әрең шығады. Көрер 
көзге осындай сатқындық істеген жанмен енді ол қалай 
құда болмақ?
Асаубай ақсақалдың көзі тіріде рұқсат бермесіне көзі 
жеткен жастар жасырын неке куәлігін жаздырып алғаны 
үшін қызын үйден қуып шығады. Махаббаттың тылсым 
күші осылайша Сәлимаға не сүйгенін, не әкесін таңдау 
керектігін ұқтырады. Албырт жас алаулаған сезіміне 
беріліп сүйгені Қапастың етегіне ұстап кете барады. Ара
-
да жылдар өтіп, бір ұл, бір қызды болған кезде қайына
-
тасы тағы да өнер аша бастайды. Енді ол жиған-тергенін 


288
алып, жалғыз ұлды отбасымен бірге алып Австралияға 
көшпекке бел байлайды. Бұл шешім екі жастың арасын
-
дағы махаббатқа сызат түсіреді. Алғашында әкесінің 
шет елге қашып кетпек болғанын заң қызметкерлеріне 
бас бұзақлық деп айтып бергеніне, ол олай болмай со
-
циализмге, «үш қызылтуға» қарсы контрреволюциялық 
әрекет деп табылып, әкесін соттатып жібергеніне барма
-
ғын шайнап жүрген Қапас әкесі мерзімінен ерте келіп, 
қайтадан ескі жырына салғанда бұл жолы әке жағына 
шығады. Қыңыр шал келінінің келіспейтінін білген соң, 
жалғыздан туған жалғыз ұлды соттасып жүріп заңмен 
алып алады. Қапастың сүйемін-күйемін дегені әдірем 
қалып, Сәлимаға қызын тастап әкесімен бірге көшіп ке
-
теді. Міне, осындай оқиғалар келіншектің жүрек отын 
сөндіріп кетіп еді. 
Жазушы Сәлима мен Қапастың тірлігі арқылы олар
-
дың өскен ортасын, өмір туралы ұғым-түсінігін наным
-
ды бейнелеген. Сәлима әкесі тәрізді бір сөздің адамы 
болса, Қапас өзіндік пікірі жоқ, былқылдақ, ерме жан. 
Олардың әкелерінің де болмыс-бітімі бір-біріне кере
-
ғар жандар. Асаубайдың бойынан сертке берік қазақтың 
дарқан мінезі мен мұндаласа, Мәсіғұт ауырдың асты, 
жеңілдің үстімен жүріп, жоқ жерден пайда тауып үйрен
-
ген алаяқ. Керек жерінде ол кімді де сатып кете алады. 
«Жетімдік, кедейшілік жүдетіп, көп сорладым. Аяқ жет
-
кен жердің бәрін де шарладым. Бірақ, ешқайсысын да 
жерсінбедім. Қандай биік шоқысын да өзіміздің осынау 
даламыздың бір төбешігіне баламадым. Адамның кіндік 
қаны тамған жерінен қымбат нәрсе жоқ екен. «Кісі елін
-
де сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген сөз де 
сондай бір көпті көрген, ақыл дариясының аузынан 
шықты ма екен деймін. Мал екеш мал да жат жерді 
өгейлеп, қаншырдай қатады емес пе? Ал, адам деген әр
-
қилы ғой. Соның ішінде тек құлқынның құлдары ғана 
мұны түсінбес болар...» [2, 268], – дейтін Асаубай үшін 
«Әркімнің өз туған жері Мысыр шәлісіндей». «Көрінеу 
жиған дүниеміз қазынаның үлкен қазанына түсіп, қара 


289
құрыққа айланып, жұқарып отырған түріміз мынау» деп 
дүниеден басқаны ойламайтын Мәсіғұт үшін туған жер, 
атамекен деген түсінік жоқ. Жер дүниені аралап біткен 
оның арманы – қайда болса да дәулетті, бай өмір сүру. 
Құлжаға барып, орыс, татар, ноғайдың алааяқ байлары
-
мен ақылдасып жүріп тапқан жері – «Қой мемлекеті» 
аталып жүрген Австралия.
Бір отбасы төңірегіндегі осы оқиға үстінде екі мәсе
-
ленің басы ашылады. Бірі – махаббат болса, екіншісі – 
туған жер. «Мен үшін өмірінің соңғы жартысын жапа
-
дан жалғыз сопиып, сарғайып өткізіп, жетім шал атанып 
еді-ау» дейтін Қапастың әке жағына шығуын да жазғыра 
алмайсың. Мұндайды қазақ «Қатын жолда, бала бел
-
де» деп түсіндіреді. Жазушы Қырым жағасында туған 
кемпірдің демі таусылғанша атамекенге қарап күн өткіз
-
гені, Сәлиманың махаббат пен атамекенді таңдау сәті 
туғанда туған жерін қимай қалып қоюы арқылы кіндік 
кескен жердің құдіретіне бас игізеді. Бүгінгі таңда жи
-
ған-тергенін шетелге таситындар, туған жерін менсін
-
бейтін, жерсінбейтін миллионерлер қатары көбейіп ке
-
леді. Шығарма біздің заманның Мәсіғұттарына ой салса, 
нұр үстіне нұр болар еді.
Соңғы ширек ғасырдағы шығармаларды қарап отыр
-
саңыз, қаламгерлеріміздің тарихи тақырыптарға дендеп 
барып жүргені анық байқалады. Соның нәтижесінде 
қазіргі қазақ прозасы тың тақырыптармен, ұлттық қаһар
-
мандармен толықты. Қазақ әдебиетіне келіп қосылған 
айтулы қаһармандарымыздың бірі – «Кім менің діліме, 
дініме, жеріме, еліме тиіссе – сол менің жауым болды. 
Ол күресімнен ешқашан бас тартпаймын», – дейтін Ос
-
пан батыр Сіләмұлы.
Шығыс Түркістан үшін болған ұлт-азаттық кө
-
терілістің көсемі, ерлігі ел ауызында аңыз болып қалған 
тарихи тұлға туралы 1956 жылы Лондонда жарық көр
-
ген «Kazakh Exodus» («Қазақ босқыншылығы») деген кі
-
таптың авторы Годфри Лайастың: «Оспан батыр осыдан 
бес-алты ғасыр бұрын туғанда Мөңке, Шыңғыс хан, Ақ
-


290
сақ Темір сияқты даңқты қолбасшы болар еді», – деген 
пікіріне қарап, батыр туралы батыс баспасөзінде ертерек 
жарияланғанын байқауға болады. 
Ал, бізде Оспан батыр туралы еліміз тәуелсіздік ал
-
ғаннан соң ғана жазыла бастады. Соңғы жылдары батыр 
туралы бірнеше кітап құрастырылып, көркем шығар
-
малар жазылды. Кітап құрастырушы журналистердің 
қатарында Жәди Шәкенұлы, Бекен Қайратұлы және 
басқалар бар. Жазушылар Жақсылық Сәмитұлының 
«Сергелдең» (1996-2000), кейінгі жылдары «Қаһарлы 
Алтай» (2010) деген атпен жарық көрген роман трило
-
гиясы, Сейітхан Әбілқасымұлының «Оспан батыр» ро
-
маны, Бақытбек Бәмішұлының «Оспан батыр» дастаны 
батыр бейнесін әдебиет әлеміне алып келіп, халқымен 
қайта қауыштырды. Жазушы «Сергелдең» романында 
батырды дәстүршіл, консервативті тұлға ретінде сурет
-
тесе, «Қаһарлы Алтай» трилогиясында батырдың өмірі 
мен күрескерлігі туралы ел арасындағы «батыр Оспан», 
«банды Оспан», «адам өлтіріп, кісі тонап, өкіметке қар
-
сы оқ атып жүрген жеті қарақшы» деген тәрізді кереғар 
пікірлерге біржолата жауап берді. Оспан батыр туралы 
жазуға үлкен дайындықпен келген «Қараһарлы Алтай» 
– жазушының шоқтығы биік шығармасы. 1989 жылдан 
бастап 2000 жылдарға дейін жазылған трилогияның 
тек жазушының ғана емес, тәуелсіздік тұсындағы қазақ 
әдебиетінің үлкен табысы екенін баса айтқанымыз жөн. 
Себебі, бұл – ауыз әдебиетінен қанып ішкен, қазақ қа
-
ламгерлерінен тәлім алған, әлем әдебиетімен сусында
-
ған жазушының толысқан, толған, шығармашылық шы
-
ңына жеткен шағында жазылған туынды. 
Трилогияның бірінші кітабы «Бозмұнар», екінші кі
-
тап «Жылым», үшінші кітап «Ақ сүңгі» деп аталады. 
Романға 1940-1950 жылдардағы Шығыс Түркістанда өт
-
кен ұлт-азаттық қозғалысы негіз болған. Бұл 1933 жылы 
Жын Шурін өкіметін құлатып, орнына Шың-жанның бар 
билігін қолына алған Шың Шысайдың Нанжінмен өзара 
текетіресіп тұрған кезі болатын. Шың Шысай Мәскеуге 


291
өкіл жіберіп Сталиннен қолдау алған соң, күшейіп сала 
берді. Кеңес өкіметі оларды тікелей қару-жарақпен қам
-
тамасыз етіп, саяси және әскери кеңесшілер жіберіп өкі
-
метті қалай ұстап тұруды үйретті. Соның нәтижесінде 
1934 жылы қазан айында Шың Шысай Шыңжанда құ
-
рылған өлкелік саяси тексеру мекемесі дейтін ұйымның 
төрағасы болып сайланды. Орынбасары кеңес адамы 
Богонин болса, бас хатшысы өмірін Моңғолияда шпион
-
дықпен өткізген Сың Юфу еді. Қолдауы күшті ұйымның 
қанат жаюы да жылдам болып, тез арада Шыңжаңның 
жер-жерінен бөлімшелер құрып үлгерді. Сың Юфудің 
өмірлік тәжірибесі бойынша жан-жаққа тыңшыларын 
жіберіп, Алтайды мекен еткен қазақ арасынан жапон 
шпиондарын іздеу науқаны осы тұсты үдеп сала берді. 
1939 жылы Алтайға губернатор болып келген Жо Жин-
жиңнің мылтық жинау науқанына кірісетіні осы уақыт 
болатын. 
Ол жөнінде автор: «Шың Шысай өкіметі 1939 жылы 
Қазақ, Қырғыз, Моңғол құрылтайы дегенді шақырып, 
көшпелі елдің жұрт басыларын түгел Үрімжіге жинап 
алып, жаппай ұстаудың амалын жасады.
Осы шешіммен Алтай бетінен Әлен уаң, Әбілмәжін 
гүң, Шәріпхан дутұң, Бұқат бейсі, Шултым бейсі баста
-
ған әйгілі би, төрелерге тағы да он тәйжі, төрт үкірдай, 
бірқанша залың-зәңгілерді қосып, жиыны қырық бес 
адамды Үрімжіге жиынға шақырды» [3, 42-43], – дейді. 
Бірінші шақырудан қалған жиырма шақты ру басыларды 
да осылай шақырып алып көзін жойғаны белгілі. Енді 
үшінші кезекпен Алтайдың жеті ауданынан тағы да көп 
адамды шақырылғандардың солардың кебін киетініне 
көздері кәміл жетеді. Алайда бармауға тағы болмайды, 
өкіметтің құрығы ұзын. Қарақұлдар ұсталғаннан кейін 
үшінші күні Ноғайбай, Ақтеке, Есімқандар Сарсүмбеден 
қашып кетеді. 
Бұл Қытай еліндегі жаппай қудалаудың өршіп тұрған 
кезі болатын. Роман басталған кезде бар тамағын алды
-
на тосып отырған ұста Көнекбайды алдарына салып ала 


292
жөнелетін Жарқаш пен Зияхан Шың Шысайдың осын
-
дай шолақ белсенділері еді. 
Бірінші кітап: «Биыл қар ерекше қалың жауды. Тау 
қыстаған ел желтоқсанның аяқ шенінде-ақ қос іздеп 
келдік деп зарланып жүрді. Бұрын ұзын аяқты малдары 
қыстан тебінмен, өз аяғымен күйлі шығатын Шіңгіл, Бұл
-
ғын өзенінің екі қанатындағы қыстаулар да жылдағыдан 
ерте тарықты. Тіпті, төменгі, ойдағы Сартоғай бойына 
да аттың жалпақ тізесінен қар түсті. Өзеннің екі жағын
-
дағы ұлан-ғайыр кең жазықта ақ селеудің көп шашақты 
аппақ үкісі ғана әрең қылтиып тұрды. Онан өзге бүкіл 
өлкедегі сай-жылғаны қасат қардың нығыз тәні жып-
жылмағай ғып, мықтап қымтап жатты. Көпті көрген ұлы 
кәрілер: «Дүңген төңкерісінен» (1933 жылы ішкі Қытай
-
дағы дүңгендер Шыңжаңға әскери күшпен басып кірген) 
бір жыл бұрын осындай бір қалың қар жауып, қатты қыс 
болған. Биыл да қыс аяғы жұтқа айналмаса игі еді» деген 
сөйлемдермен басталады [3, 5]. Көріп отырғанымыздай, 
бұл үзінді алдағы үлкен бір оқиғадан хабар беріп тұр. 
Егер ол қуанышты жағдай болса, табиғат суреттері мүл
-
де басқаша құлпырып сала берер еді. Бұл үзінді жазу
-
шының адам мен қоғам, адам мен табиғат арасындағы 
байланысты табиғат суреттерімен (пейзаж) бейнелеудегі 
шеберлігінің бір мысалы ғана. 
Сонымен бірге, автордың кейіпкер портретін бейне
-
леудегі шеберлігіне: «Шашын тақырлап алдырған шо
-
шақ төбелі жуан бастың тайқиған тақыр қабағының 
астындағы қысық көздер сығырайып тұрғанымен, өң
-
меніңе оқтай қадалады. Қара тастың жырығында жатқан 
жыланның көзіндей зәрлі тағылық танытады. Қашан 
болсын қап-қалың боп ісініп тұрғандай көрінетін топ-
томпақ көз етінің астынан сұп-суық ызғар шашырайды. 
Әсіресе, кішкене қарашығын қадап, кірпігін қақпай тесі
-
ле қарағанда уыты өңменіңнен өтеді. Сұсты, суық түрі
-
не қарай сөздері де нығыз. Шіреніп, зілмен сөйлейді. 
Ішіндегі заһарын тісінің арасынан сыздықтатып, азуын 


293
басып отырады» [3, 46-47] деген Көктоғай ауданының 
әкімі Шүй Чыңның портретін мысалға келтіруге болады. 
Алмағайып заман туып, Бір жағы Ресей, екінші жағы 
Моңғолмен шектесетін Алтай өңірінің жағдайы күннен-
күнге нашарлап, ел басына күн туғанда Есімхан мен 
Ырысхан дағдарған елдің басын біріктіріп, жанкештілік 
танытады. Осындай сәтте Көкенбай, Ноғайбай, Шіңгіл
-
бай, Ақтеке, Үмітбай, Шәкер бастаған билер ата-баба 
дәстүрі бойынша анттасу салтын жасап, атқа қонады. 
Бұл дүрбелеңді Шың Шысай өкіметі қанды қырғынмен 
басқаны, аэропланнан бомба тастап, халықты қырып 
салғаны бәрі де ешқандай қоспасыз баяндалған. Қару-
жарағын жиып алып, екі жақты келісім бір жыл өтпей 
қайта бұзылып, олар бұрынғы әуендеріне қайта көшті. 
Шіңгіл ауданына «алтын қазады», «кен тексереді» деп 
апарған екі жүз қытай қазақ даласының тыныштығын 
кетіріп, «атып кетті», «шауып кетті» деген хабарлар күн 
санап көбейе бастады. Бұл кезде Көктоғай ауданының 
өкімі Рахат бастаған қазақтар қайта атқа қонады. 
Көктоғай, Шіңгіл аудандық сақшылар Құбының құ
-
мында қашып жүрген жетіқарақшының ұстаймыз деп 
әлектеніп жүргенде олардың саны күн санап өсіп жатты. 
Өздерінің шамасы келмейтін болған соң, қазақтың мер
-
ген жігіттерін жалдамақ болған ниеттерінен де түк шық
-
пағандықтан Яң Хұңбо Борбыжапты шақырып алып, 
Оспанды қолға түсіріп берсең, Көктоғай ауданының 
өкімдігі боласың деп айдап салды. Көктоғайда туып-өс
-
кен, жергілікті Борбыжап қанша ержүрек, батыр, мықты 
азамат болғанмен үш рет шайқаста Оспанның екі ада
-
мын ғана оққа ұшырды. 
Оспанның үш күн соғысып генерал Людің қорғанын 
басып алуы, Құйғандағы пулеметпен қаруланған Қытай 
жамбылыны тықсыруы, Дөңтідегі соғыста мерейі үстем 
болуы, Сарсүмбеге шабуыл жасауы – батыр тұлғасын 
толықтыра түсетін эпизодтар [4]. Темірмен мұздай қа
-
руланған Щың Шысай өкіметіне Оспан батырдың елді 
жинап, қолдан соққан берен мылтықпен қарсы тұруы 


294
жауынгер қазақ халқының өліспей-беріспейтінінің мы
-
салы ретінде нанымды бейнеленген. Түрлі шайқастарда 
Қытай шеріктерінен айласын асырып отырған Оспан ба
-
тырдың бар болмысы соғыс даласында толыға түсті. Ав
-
тор көтерілістің басталу себептерін тәптіштеп түсіндіру 
арқылы тығырыққа тірелген елдің мүшкіл күйін, ел ерге 
қараған сәттегі атқа қонған ержүрек Оспан батырдың 
ерліктерін нанымдылықпен суреттеген. 
«Ақ сүңгіде» деп аталдатын үшінші кітап: «Сарсүмбе 
қаласы ұзақ жылдық аласапыран арпалыстан кейін бір 
мезгіл тыныштық тапты. Өткен бір аумалы-төкпелі ке
-
зеңде бастарына қауіп төніп, әр сағат, әр минутта алуан 
түрлі үрей үркітіп, жандарын қоярға жер таппаған тұр
-
ғын халық бас сауғалап, қаланы тастап босып кеткен бо
-
латын» [5, 5], – деп басталады. 
Мұнда ұзақ жылға созылған көтерілістің соңғы кезең
-
дері суреттелген. Жазушы батырдан туған батыр қыз
-
дың бейнесін сомдауда жетістікке жеткен. Романның 
соңында әкесінің мүрдесін туған жері Күртіге алып бара 
жатқан Мәнипаны Ұлттық армияның бір взвод әскері қа
-
мап алады да, Оспанның сүйегін бір құм төбенің үстіне 
әкеліп, таяздау ғана шұңқыр қазып жерлейді де, Мәнипа
-
ны өздерімен бірге алып кетеді. Мәнипа әкесінің үшінші 
төбеде жатқанына көз жіберіп, үстіне белгі болсын деген 
оймен бір түп сексеуілді қалдырады. 
Трилогияның соңында екі жүзге тарта жасақтың Баркөл
-
дегі азаттық армиясына тұтқиылдан шабуыл жасап, көп 
шығынға ұшыратқанына, Келес, Кешапат бастаған жеті 
адамның үш сөтке бойы қалың солдатқа төтеп бергеніне, 
Омаридың қолында қалған соңғы оқты өздеріне жұмсап, 
алтауы бірдей жер жастанғанына куә боламыз. Жетеудің 
ең жасы Омаридың тірі қалуы арқылы жазушы қазақтың 
көрер күні бар, болашағы бар дегенге меңзейді. Авторлық 
ұстаным: «Аһ! Еркіндік, бостандық аңсаған, ойлы, милы 
қазақтың басы! Қай жерде қалмадың сен?! Дүниенің қай-
қай түкпірінде... Тарымда, Бомбейде, Пишаварда, қырғыз 
Алатауында, Тайгада, Москвада, Ыстанбұлда, Берлинде, 


295
Лондонда, Вашингтонда, Амстрдамда, ой, тағы да .... Жоқ. 
Санап тауыса алмайсың. Қайда барсаң шашылып жатқан 
жұмырбастар. Қазақтың басы!» [5, 704], – деген романның 
соңғы сөйлемдері арқылы берілген. 
Иә, «Мың өліп, мың тірілген қазақтың» басынан не 
өтпеді? Сол ата-бабаларымыздың барлығы бостандық, 
азаттық үшін шаһид болмады ма? Азаттық пен бостан
-
дықтың қадірін жақсы түсінген автор оқырмандарына 
осы сөздері арқылы тәуелсіздігімізді құрметтеңдер деп 
тұрған жоқ па? Осылайша өмірден алынған шынайы 
оқиғаларымен, ұлттық характерлерімен қазақ әдебиетін 
байытқан жазушының 1985 жылы «Атамекен» кітабы 
үшін Қытай мемлекеттік сыйлығын алғаны белгілі. 
Ұлттық әдебиетті осындай туындыларымен байыт
-
қан жазушының көркем аударма саласына қосқан үлесі 
өз алдына бөлек әңгіме. Олардың қатарында қытай жа
-
зушысы Яң Моның «Жастық жыры» романын, Еуропа, 
Америка классиктерінің таңдаулы әңгімелері мен повес
-
терін, көптеген көркем фильмдер мен телефильмдерді 
қазақ тілінде сөйлеткенін айтсақ та жетіп жатыр. Ауыз 
әдебиетінен қанып ішкен, әлем классиктерін тәржімалай 
жүріп тәжірибе жинақтаған, ұлттық әдебиеттің дәстүрлі 
сүрлеуін жалғай білген, жүрегі қазағым, қаным деп соқ
-
қан жазушының мұрасы қазақ халқы қанша жасаса, сон
-
ша жасайтыны анық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет