Гулжахан Орда indd



Pdf көрінісі
бет53/55
Дата25.09.2023
өлшемі1,68 Mb.
#110204
түріБағдарламасы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
365
АРДАҚТЫ АҒАЛАРЫМ 
АЗАЙЫП БАРА ЖАТЫР...
Уақыт шіркін қандай жылдам десеңші. Біздің де еңбек 
майданына араласқанымызға аттай жиырма жылдың бе
-
дері болып қалыпты. Содан бері сағат тілі дамылсыз сыр
-
ғып, жылдар байқатпай жылжып өтуде. Жиырма жылдың 
ішінде қаншама жайсаң ағаларымызбен бірге қатар жүріп, 
олардың бойынан қаншама ізгіліктер мен іріліктерді 
көріп үлгі-өнеге алдық. Төңірегіне қуаныш сыйлап, жүр
-
ген жерін әзіл-қалжыңға толтырып жүретін жаны жайсаң, 
жүрегі жомарт, өзі сері ағаларымыздың бірі – филология 
ғылымдарының докторы, профессор Жұмағали Ысмағұ
-
лов еді.
2011 жыл М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер 
институты үшін қуанышы мен қайғысы қатар жыл болды. 
Қуанышы – Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 
жылдық мерей тойына аталған институттың жеке шаңырақ 
көтеріп, Тіл білімінен бөлініп шыққанына 50 жыл толып 
екі айтулы мерекенің қатар келуі. Қайғысы – ұзақ жылдар 
институтта табан аудармай еңбек еткен, ғылымға өмір
-
лерін арнаған Жұмағали Ысмағұлов, Бақытжан Майтанов 
сынды ардақты ағаларымыздың бірі жылдың басында, 
екіншісі жылдың соңына таман арамыздан мезгілсіз кетіп 
қалуы. Өмір заңы – қатал, өз дегенін істейді. Тумақ бар да, 
өлмек бар. Қу ажал біреуге ерте, біреуге кеш келеді. Бі
-
рақ адам баласы қызық қой, өзінің жақын адамдарын әсте 
жаманшылыққа қимайды. Сондай жақын көретін, аға тұ
-
тып еркелейтін ағаларымыздың мезгілсіз қазасы олардың 
отбасына, үйдегі жеңгейлерімізге ғана емес, екінші үйіне 
айналған жұмыстағы әріптестеріне де оңай тиген жоқ. 
Тоқсаныншы жылдары Жұмағали ағаймен бас изесіп 
сәлемдескеніміз болмаса, жақын араласа қойған жоқпыз. 
Ол кісімен жақынырақ араласудың сәті соңғы онжыл
-
дықта, дәлірек айтсақ 2002 жылдардан бермен қарай, 


366
мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша 10 
томдық «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты ұжымдық ең
-
бекті дайындау барысында түсті. Бұл кешенді еңбекте ке
-
ңестік дәуір әдебиеті үш кезеңге бөлініп зерттелді. Оны 
зерттеуге ҚР ҰҒА академиктері З.Ахметов, Р.Бердібаев, 
З.Қабдолов, С.Қирабаев, Р.Нұрғалилармен бірге ғылым 
докторлары Ә.Нарымбетов, Ш.Елеукенов, Т.Кәкішев, 
Б.Құндақбаев, Ж.Ысмағұлов, А.Егеубаев, Б.Ыбыра
-
йым, Д.Ысқақұлы, Т.Сыдықов, Қ.Ергөбеков, Х.Әдібаев, 
З.Сейітжанов, Г.Елеукенова, М.Иманғазинов, Н.Ақыш, 
Г.Орда сынды авторлар қатысты. Аталған іргелі зерттеуді 
жүзеге асыру барысында осы авторлардың бәрімен де 
жақынырақ араласудың сәті түсті. Тақырыпқа академик 
С.Қирабаев жетекші болғандықтан, ұсақ-түйек ұйымдас
-
тыру шараларын маған тапсырып қоятын. Оның негізгі 
себебі, әр ай сайын, тоқсан сайын Білім және ғылым ми
-
нистрілігі атқарылған жұмыс жөнінде қызметкерлерден 
есеп талап етеді. Қай автор қандай жұмыстарды атқар
-
ды, енді не істейді деген сауалдарға жауап беру үшін ав
-
торлармен тығыз байланыс жасау керек. Ғалымдардың 
екінші қыры осындай сәттерде ашыла бастайды. Бірі 
ұмытшақ, жайбасар болса, екіншісі ширақтық танытып, 
өз істеріне аса мұқияттылықпен, жауапкершілікпен қа
-
райтындар бар. Жұмағали аға екінші топтағы ғалымдар
-
дың қатарынан еді. Өзіне тапсырылған жұмысқа тап-тұй
-
нақтай, еш нәрсені де екі рет айтқызбайды, өтінішіңді өз 
уақытында орындап береді. Осындай тиянақтылығының 
арқасында Абайтану бөлімінде жұмыс істей отырып, 
Қазіргі қазақ әдебиеті бөлімінің екі үлкен жобасына қо
-
сымша автор болды. 2003-2005 жылдары зерттеген «ХХ 
ғасырдың 60-90 жылдарындағы қазақ әдебиеті әлемдік 
әдебиет контексінде» атты жоба бойынша «Ғафу Қайыр
-
беков», «Әдеби байланыстар» атты екі үлкен тарауды жа
-
зып берді. Бұл тараулар 10 томдық әдебиет тарихының 
9-томына, дәлірек айтсақ кеңестік дәуірдің үшінші ке
-
зеңін (1956-1990 ж.ж.) қамтыған ұжымдық еңбекке енді.


367
ХХ ғасыр басындағы әдебиетті Абайтану бөлімі зертте
-
гендіктен Жұмағали Ысмағұлов 10 томдық еңбектің 6-то
-
мына «Міржақып Дулатов», «Ахмет Байтұрсынов» деген 
үлкен портреттік тарауларды жазып берген болатын. Ол 
тарауларда қаламгерлердің өмірі мен шығармашылығы 
толық қамтылып, олар туралы тың деректер ұсынылды. 
Қазіргі қазақ әдебиеті бөлімнің 2006-2009 жылдары 
зерттеген «Қазіргі қазақ романы және оның тарихи дәс
-
түрі» атты ғылыми-зерттеу жобасына «Қазақ романы
-
ның алғашқы үлгілері», «Махаббат трагедиясы» сынды 
тарауларды жазып берді. Бұл тараулар кейін «Қазақ ро
-
маны: өткені мен бүгіні» атты ұжымдық монографияға 
енді. Академик Серік Қирабаевтың көңілінен шығатын 
санаулы авторлардың бірі ретінде біздің бөлімге қолғабыс 
жасаған Жұмағали ағай осы жылдары өзін жақынырақ та
-
ныта түсті. 
«Қазақ романының алғашқы үлгілері» атты тарауда 
«Қыз көрелік», «Бақытсыз Жамал», «Қамар сұлу», «Кім 
жазықты», «Қалың мал», «Әділ-Мария» сынды алғаш
-
қы қазақ романдары зерттеу нысанына алынды. «Қыз 
көрелік» пен «Бақытсыз Жамал» кеңес дәуірінде автор
-
ларымен бірге қуғынға ұшырағандықтан, «Қалың мал» 
қазақ әдебиетіндегі тұңғыш роман саналғанын баса айт
-
қан зерттеуші жанр жағынан келгенде «Қалың малдың»
мойыны озық тұрғанына көңіл аударды. Бұл зерттеуде 
автор «Қыз көрелік», «Бақытсыз Жамал», «Қамар сұлу»,
«Кім жазықты», «Қалың мал», «Әділ-Мария» сынды ал
-
ғашқы қазақ романдарына бүгінгі күн талабына сай әділ 
бағасын берді.
«Махаббат трагедиясы» деген шағын тараушада «Адас
-
қандар» романы зерттеу нысанына алынды. «Адасқан
-
дар» – қазақ елінің шындығын, жастардың трагедиялы 
махаббатын қазақ әдебиетіне 20-жылдары алып келіп, қа
-
зақ прозасын мазмұн, түр жағынан байытқан сүбелі роман 
екенін айта келіп, осы оқиға негізінде «Мөлдір махаббат» 
романы жазылғанына баса көңіл бөлді. Зерттеуде «Адас
-


368
қандар» қазақ романының қалыптасуы мен дамуына қо
-
сылған қомақты дүние ретінде бағаланды. 
Осылайша 5-6 жыл бірлесе жұмыс істеп, біздің бөлім 
дайындаған екі үлкен ұжымдық еңбекке автор болды. 
Осы жылдары біз Жұмағали ағаймен жақынырақ аралас
-
тық. Ол өте білімді ғалым еді. Жазған қолжазбаларына 
аса мұқият болатын. Маржандай етіп жазып келген қол
-
жазбасын мүдірмей теріп шығуға болады. Бірақ өз жұмы
-
сына аса жауапкершілікпен қарайтын ағамыз қолжазба 
терілген соң, түпнұсқамен асықпай салыстырып тексе
-
ретін. Орфографиялық, пунктуациялық қате дегенді көзі 
көргіш. Байқаусызда ұрланып қалып қойған үтір, нүкте
-
лерді әп-сәтте тауып алып, орнына қондыра қояды. Он
-
дайда біз таңқалып, ағамыздың ұзақ жылдар Қазақ КСР 
Министрлер Кеңесі жанындағы Мемлекеттік ақпарат 
агенттігі (ҚазТАГ) директорының орынбасары, директо
-
ры болғанын есімізге алып жататынбыз. Оған дейін де 
баспа ісінде «Коммунист» (қазіргі «Ақиқат» журналы), 
«Үгітші блакноты» («Блакнот агитатора») жуналдары 
мен «Қазақ әдебиеті», «Жетісу», «Коммунизм туы» газет
-
терінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редак
-
тор сынды жауапты қызметтер атқарған ағамыздың көзі 
қырағы еді. Мұндай қырағылық кейінгі буын өкілдеріне 
бұйырмаған қасиет екені жасырын емес. Осы жағынан 
келгенде, Жұмағали Ысмағұлұлы бәрімізге де үлгі-өнеге 
көрсетіп жүретін.
Жұмағали Ысмағұлұлы – жұмысқа ғана емес, төңі
-
регіндегі әрбір адамға ерекше көңіл бөлетін жаны жомарт 
жан еді. Сырт көзге паң, маңғаз, сырбаз көрінген ағамыз 
өмірде өте кішіпейіл, ақжарқын болды. Бас ғылыми қыз
-
меткерден бастап, ең кішісі лаборанттарға дейін Жұмаға
-
ли ағай үлкен құрмет көрсетіп, ерекше ілтипатпен сәлем
-
десіп жататын. «Сәлем – сөздің атасы» дейді атам қазақ. 
Ал, біздің арамызда берген сәлеміңді алмайтын ғұлама
-
лар қаншама. Осылар алдындағы ағаларынан неге өнеге 
алмайды екен деп ойлайсың. Баласындай біздерге есік 
ашып, өзі тосып тұрғанда, алдына түсіп өтуге ыңғайсыз
-


369
данатынбыз. Соңғы уақыттары қолына ұстаған таяғын ар
-
тық көріп ыңғайсыздық танытқан тұста, біз керісінше он
-
дай әдемі таяқтың сері ағаларымызға жарасатынын баса 
айтып көңілін көтеріп қоятынбыз. Алайда, өзінің қартая 
қоймағандығын байқату үшін қыз-келіншектерге ілти
-
пат жасап, әзіл-қалжыңын араластыра жауап қайтаратын. 
Біздің бөлімде ұзақ жылдар бірге жұмыс істеген Әбділха
-
мит Нарымбетов ағаймен жиі әзілдесіп отыратын. Ол кісі 
Шериаздан Рүстемұлы екеуін күйеу деп әзілдеп, «Пай
-
ғамбар да күйеу баласын сыйлаған» деп қоятын. Сол кез
-
де Жұмағали ағай қуланып, бөлім меңгерушісі, академик 
Серік Қирабаевтың отыратын орнын көрсетіп, – мына кісі 
де күйеу емес пе?, – десе, Әбділхамит аға шошып кетіп, 
ыршып түсетін. Осылайша бір-бірімен әзілдесіп, жақын 
араласқан ағаларымыз бір бөлімде отырғандықтан бізді 
де бауырына баса сөйлейтін. Алдымызда асқар таудай 
ағаларымыз жүргенде өзімізді бала сезініп, сол кісілерге 
арқа сүйеп отыратынбыз. Институттың Ғылыми кеңесін
-
де мүйізі қарағайдай ағаларымыз сөйлегенде, олардан 
кейінгі буын өкілдеріне айтатын сөз қалмай жататын. Қай
-
ран сол күндер бүгінде көзден бұл-бұл ұшты емес пе?.. 
«Өгізге туған күн, бұзауға да туады» дегендей, ғылыми 
ортада жүрген соң, 2010 жылы диссертация қорғау кезегі 
бізге де келді. Жұмағали Ысмағұлұлы жаздың кезінде 
қаттырақ науқастанып жүрген соң, көп мазаламауға ты
-
рысып, жұмысымды сектордағы талқылау кезінде оқуға 
бермей, бірақ шай ішуге міндетті түрде келуін қадала 
өтіндім. Ондағы ойым – өзі шаршап жүрген ағама қолжаз
-
бамды тықпалап мазаламай, әріптестерімен бірге арқа-
жарқа отырып шай ішкізу болатын. Кейбір пысықайлар 
ауруханада жатқанда да қолжазбаларын оқытып мазалап 
жүргенін көзіміз көргендіктен, мен ондай іске әсте бар
-
мадым. Кейін біраз айығып, жақсы болған соң, Ғылыми 
кеңестің талқылауына бара жатқанда қолжазбамды қарап 
шығуын өтіндім. Өзі бір үлкен істі қолға алып, бөлімдегі 
лаборант қызы Шолпанды үйге шақырып, диктовка жа
-
сап отыр екен. Сонда да арасында уақыт тауып, менің 


370
көңілімді жықпай жұмысымды қарап, жанашырлық 
пікірін айтты. Жанашырлық деп айтатынымыз – қолжаз
-
бамен толық танысып, жетістігі мен кемшілігін түгелдей 
сүзгіден өткізу. Оң ескертпелер жұмыстың ширауына 
септігін тигізсе, жетістігін көрсету авторының еңбегін ба
-
ғалағандығы болып табылады. 
Жұмағали ағам мені ерекше сыйлайтын деп айта ала
-
мын. Себебі, менің елімді, жерімді сұрайтын да, – сен 
арғын бола салшы, – дейтін. Ағамның көңілін жықпай, 
– жарайды, – деп қоятынмын. Қай ел болғанда да бір қа
-
зақтың баласы емес пе? Ал, ғылымдағы қарындастары
-
на ренжігенде, – өзінің қалай қорғағанын ұмытып қал
-
ған екен, – деп отыратын. Асыл ағам өзінің маған деген 
қамқорлығын докторлық диссертациямды қорғау сәтінде 
көптің алдында және көрсетті. Ресми талқылау біткен 
соң, бейресми талқылау басталады. Ол кезде не аяғыңнан 
шалғысы келгендер, не қол ұшын бергісі келгендер ғана 
сөйлейді. Академик Зейнолла Қабдолов айтқандай «Тол
-
маған Толстойлардың» кейбір сыңаржақ пікірлерін қол
-
дамаған Жұмағали ағам орнынан көтерілген кезде арқа 
басым кеңіп сала берді. Себебі, ғылыми кеңесшім Серік 
Смайыұлы сырқаттанып қорғауға келе алмай қалып еді. 
Осындай жабырқап отырған сәтте кімнің қандай оймен 
сөйлеп жатқанын бақылап, сын көзбен қарап отырасың. 
Диссертант үшін қол көтерген адамның қандай сауал қоя
-
тыны, орнынан түрегелген адамның не айтқалы мінбеге 
келе жатқаны – бәрі де қолмен қойғандай белгілі болып 
тұрады. Сөзімді сөйлеп академик ағам отырса, талай 
пікірлер өзгеріп сала берері де даусыз. Сол кісінің жоқты
-
ғын пайдаланып, араша талауға дайын тұратындарды да 
көзіміз көріп жүр. 
Жұмағали ағам мінбеге шықты да өздерінің заманда
-
сы Мүсілім Базарбайұлы туралы диссертацияның жа
-
зылғандығын қолдай келіп, оны жазған автордың да аз 
еңбектенбегендігін санамалап көрсетіп берді. Осы тұста 
Тұрсынбек ағам (Т.Кәкішев) тәрізді мен де 2010 жылы 
3 желтоқсанда сағат 15.00-де ҚР Білім және ғылым ми
-


371
нистрлігі Ғылым комитеті М.О.Әуезов атындағы Әдебиет 
және өнер институты жанындағы филология ғылым
-
дарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 
53.34.01 Диссертациялық кеңестің мәжілісінде сөйлеген 
Жұмағали Ысмағұлұлының өз сөзін беруді жөн деп санап 
отырмын:
«Орда Гүлжаһанның 10.01.02 – Қазақ әдебиеті маман
-
дығы бойынша филология ғылымдарының докторы ғы
-
лыми дәрежесін алу үшін қорғауға ұсынып отырған «Қа
-
зақ әдебиеттану ғылымының проблемалары және Мүсілім 
Базарбаев зерттеулері» атты диссертациялық жұмысын 
біз Әдебиет тарихы секторы мен институттың Ғылыми 
кеңесінде талқылаған болатынбыз. Бұл жұмыспен толық 
танысып шыққанбыз. Бұл – докторлық диссертация та
-
лабына сай келетін, толық аяқталған, өзіндік айтары бар 
жұмыс. Диссертант М.Базарбаевтың алғашқы тырнақал
-
дысынан бастап зерттей білген. 
Соңғы уақытта фольклортану мен ежелгі дәуір әде
-
биетін зерттеуге аса ден қойылып жүргені белгілі. Алайда 
бүгінде тарих қойнауына енген ХХ ғасырдағы әдебиет
-
тану ғылымын зерттейтін де уақыт жетті. Осы тұрғыдан 
алғанда қорғауға ұсынылып отырған жұмыс өзекті тақы
-
рыптардың бірін көтере білген. М.Базарбаев 1961 жылы 
жаңадан ашылған Әдебиет және өнер институтының тұң
-
ғыш директоры болды. Әдебиет институты тіл институ
-
тынан бөлініп шыққан жауапты кезеңде Мұқаң Мүсілімді 
тегіннен-тегін директор сайлаған жоқ. Ол өзіне оң қол 
етіп, өзіне сенімді серік ретінде Мүсілімді таңдап алды. 
Содан бастап ол аталған институтты ұзақ жыл басқарды. 
Мүсілім өзінің кең эрудициясының арқасында қыруар ша
-
раларды атқарды. Көп томдық «Қазақ әдебиетінің тари
-
хы» жасалды. Сондықтан да қазақ әдебиеттану ғылымын
-
да Мүсілім Базарбаевтың орны ерекше. Елуінші жылдары 
аға буын өкілдері қудалауға түскенде жас буын өкілдері 
дағдарып, нені қалай жазу керектігін білмей қалды. Сол 
тұста М.Базарбаев әдебиет тарихын зерттеуге белсене ара
-
ласып, өзінің пікірлерін дәлелдеп бақты. Оның кандидат
-


372
тық диссертациясына арқау болған «Қазақ поэзиясындағы 
еңбек адамының бейнесі» атты тақырыбы сол тұстағы ең 
өзекті мәселелердің бірі еді. Ақын-жазушылар кеңестік 
дәуірдегі еңбек адамының бейнесін қалай жасаймыз деп 
жатқанда Мүсілім зерттеуші ретінде оның жолын тауып 
көрсете білді. Еңбектің адам өміріндегі мәнін жоймайтын
-
дығы тәрізді еңбек адамының бейнесі де қай дәуірде де өз 
қажеттілігін жоғалтпаса керек. Ол 15 жыл осы қара шаңы
-
рақты басқарған кезде қыруар шара атқарды. 
Кейін тәуелсіздік алған жылдары да Мүсілім қазіргі 
қазақ әдебиетінің меңгерушісі болып отырғандықтан, 
әдебиеттің ақтаңдақ беттерін зерттеуге басшылық жа
-
сады. Зерттеушінің толысып толған кезінде алаш әде
-
биетін зерттеуге белсене кіріскені мәлім. Оның Әлихан, 
Шәкәрім, Мағжан туралы зерттеулері осы жылдардың 
жемісі. Диссертант солардың бәрін де салыстыра оты
-
рып зерттеуге ден қойған. Сондықтан да бұл жұмыста тек 
қана М.Базарбаевтың емес, М.О.Әуезов атындағы Әде
-
биет және өнер институтының бірнеше жылдық еңбегі 
жинақталып, топталып, белгілі мәселелер төңірегінде са
-
лыстырыла зерттелген. Кеңестік дәуірдегі әдеби процесті 
зерттеуде диссертант жақсы жұмысты алып келіп отыр. 
Гүлжаһан қарындасымыз көп ізденіп, еңбектеніп, үл
-
кен жұмысты алып келіп отыр. Қазақ әдебиетінің негізгі 
проблемаларын М.Базарбаев зерттеулерімен әдемі ұштас
-
тырған еңбекті 50-90 жылдардағы әдеби процесті ғылыми 
саралаған алғашқы еңбектердің қатарында атауға болады. 
Гүлжаһан Орда институттың қалыптасқан, пісіп жетілген 
белді қызметкері, сондықтан осы жұмысы үшін Гүлжаһан 
Ордаға филология ғылымдарының докторы атағын беру
-
ге болады». 
Осылайша Жұмағали ағам «Өзім деген адамға өзегін 
жұлып беретіндігін» көрсетті. Дуалы ауыздан шыққан 
аталы сөз далаға кеткен жоқ. Иә, бұл Жұмағали Ысмағұ
-
ловтың соңғы сөздерінің бірі ретінде тарихта қалды. Ал
-
дағы уақытта асыл ағаларымыздың мол сенімі мен үлкен 
үмітін ақтау бізге сын.


373
Ардақты ағамның кеш соңына дейін көңілді отырған 
отырысы сол дастарқан болды. Себебі, ағаларым асықпа
-
сын деп, үйдегі жеңгелерімді қоса шақыруды ұмытпаған 
едім. Мүсекеңнің жары Гүлбараш апайдың қасына серік 
болсын деген ниетпен Әбділхамит Нарымбетов ағам
-
ның жесірі Күлғайша апамды, Жұмекеңнің жары Фарида 
апамды, Күнімжан Байқадамова апаларымды шақырған 
болатынмын. Мен ойлағандай, Жұмағали ағам мен Фа
-
рида апам өз замандастарымен әңгімелесіп, көңіл көтеріп 
біраз отырды. Оның үстіне менің бір әпкелерім Фарида 
апайдың шәкірттері болып шықты да, қу қыздар көптен 
көрмеген сері жезделерін биге шақырып, ағамызды біраз 
шаршатып тастады. Ағамның сол күнгі сөзі, биі бәрі де 
бүгінге дейін көз алдымызда...
Қазақта үлкенді сыйлау, үлкенге құрмет, кішіге ізет жа
-
сау деген сықылды жазылмаған қағидалар – атадан балаға 
жетіп, қанымызға сіңген қасиеттердің бірі. Осындай сан 
ғасырлар қалыптасқан халықтық педагогиканы бойына 
сіңірген асыл ағаларымыз үлкенге құрмет, кішіге ізет жа
-
саудың жақсы үлгісін көрсетіп кетті. Одан біреулер үй
-
реніп өнеге алса, енді біреулер аспаннан түскендей көрсе 
де көрмеген болды. Ал, біздің буынның екі ғасыр тоғы
-
сында өмір сүріп, екі қоғамдық формацияға куә болған 
ардақты ағаларымыздан ғылым мен өмір жолында алған 
өнегеміз болса жарар еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет