Гулжахан Орда indd



Pdf көрінісі
бет54/55
Дата25.09.2023
өлшемі1,68 Mb.
#110204
түріБағдарламасы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
15 ақпан, 2012 жыл


374
АБЗАЛ АЗАМАТ
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқы
-
тушыларынан Күләш апамыздың Тұрсынбек ағамыз ту
-
ралы естеліктерді жинап, қырықкүндік асына дейін кітап 
шығарғалы жатқанын естідім. Мұны естіген соң ағам тура
-
лы жазғандарымды қарасам, көпшілігі зерттеулері туралы 
екен. Естеліктер жинағы болған соң, асыл аға, абзал азамат 
туралы ойымда жүрген бірді-екілі жайттарды қағаз бетіне 
түсірейін деп, қолыма қалам алдым. 
Оның біріншісі – асыл ағамның досқа деген адалдығы.
Қазақта «Досты періште қосады» деген аталы сөз бар. 
Ал, дос дегеннің түрі көп болады. Бірі – есепке құрылған 
қысқа достық, екіншісі – ешқандай есепсіз баянды достық. 
Өмір, қоғам, орта туралы ортақ пікірлі, бір мақсатты көзде
-
ген жандардың достығы берік, әрі ғұмырлы болатындығын 
әдебиеттанушы-ғалымдар Мырзабек Дүйсенов, Рахманқұл 
Бердібай, Тұрсынбек Кәкішұлы ағаларымыздың арасында
-
ғы ажырамас достықтан көрдік. 
Тұрсынбек ағамыз елуінші жылдардың соңын ала, дәлі
-
рек айтсақ 1958 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының 
Тіл және әдебиет институтының аспирантурасына түскен 
соң, өзімен пікірлес әріптестер, айнымас достар тапқан 
еді. Кезінде «три мушкетер» атанған олардың арасындағы 
қимас жолдастықты, досқа деген адалдықты олардың өз 
естеліктерінен оқыдық, қастарында жүріп куә болдық. 
Саналы ғұмырын қазақ ғылымына арнаған Рахманқұл 
Бердібай ағамыз өмірден өткенде Тұрсынбек Кәкішұлы
-
ның Түркістанға күңіреніп барып, адал досын егіле жоқта
-
ғанын ел біледі, бүгінде оны көргендер ұмытқан жоқ. 
Ал, өмірден ерте кеткен Мырзабек Дүйсенов туралы 
«Дос сыры», «Мақтауға да, мақтануға да лайық азамат», 
«Рухы биік дарын», «Шынайы достық» тәрізді естелік-эс
-
селері мен мақалалары Тұрсынбек ағамыздың жан досы
-
ның әрбір мерейтойында қолына қалам алып, есте жүрген 
естеліктерін қағаз бетіне түсіргеніне мысал. Осылардың 
ішінен М.Дүйсеновтің 85 жылдығы қарсаңында жазыл
-


375
ған «Шынайы достық» мақаласының жазылуына мен де 
куәгер болып едім. Ол туралы автордың өзі былай дейді: 
«М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
-
ның бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының 
докторы, өзінің ғұламалық келбетіне дақ түсірмей үлкен 
абыроймен келе жатқан қарындасым Гүлжиһан Орда мен 
сонау Қызылордадан – беделіне дақ түсірмей келе жатқан 
атпал азамат Елеусін Төлегенұлы: – Дүйсенов Мырзабек 
ағамыздың 85 жылдығына арнап естелік кітабын шығару 
ісін қолға алып едік. Мырзакеңнің ең жақын достарынан 
Сіз ғана көлеңдеп жүргеніңізге қуанып, телефон соғып жа
-
тырмын, – деген соң екі-үш жылдан бері қалам ұстамаған 
қолыма қарап ем, «келіс, уәде бер!» дегендей саусақтарым 
жыбырлап қоя берді. 
«Жарайды» дегенді мен оп-оңай айта алмаймын. Өйт
-
кені «Уәде – Құдай сөзі» екенін ешуақытта ұмытпай келе 
жатқаныма көзіқарақты әлеумет ісіне араласып жүргендер 
хабардар. Мырзабектей жан досыма жүрмеген қаламды 
сындырып, лақтырып жіберуге бармын ғой». 
Иә, солай болды да. 2013 жылдың тамыз айында Қызы
-
лорда қаласынан Елеусін Төлегенұлы телефон соқты.
– Гүлжиһан қарындасым, ағамның 80 жылдығын Сейіт 
Асқарұлы Алматыда атап өтті ғой. Биыл 85 жылдығын елде 
атап өтпекпіз. Мерейтойға дейін ағам туралы естелік-кітап 
шығарсам деген ойым бар. Кітапты шығаруды Астанадағы 
Мұратбек інім мойнына алып отыр. Бірақ көзін көрген ға
-
лымдардың көпшілігі Алматыда ғой. Сондықтан, саған үл
-
кен өтініш жасап отырмын. Алматыдағы замандастарынан 
біраз естелік жинап берсең. Тұрсекең жақын досы ғой, ол 
кісімен хабарласып менің атымнан өтініш жасасаң, – деген 
тілегін білдірді.
– Қарындасым, – деп, жақын тартып тұрған ағама қалай 
– жоқ, – деп айтайын. – Жарайды, – деп уәде бердім де, іске 
кірісіп кеттім. Біздің институтта жұмыс істегендердің бір
-
талайына телефон соқтым. Бірі жақын араластығым жоқ 
еді, – десе, енді бірі – жақсы білмеуші едім, – деген сылтау
-
мен құтылып жатты. Жазады-ау, дегендердің қыр-соңына 
түсіп жүріп, бірсыпыра қолжазбаны жинап алдым. Қолға 


376
түскенін түскендей Мұратбек ағама жөнелтіп отырамын. 
Осылайша бір кітаптың жобасы жасалып та қалды.
Белгілі әдебиеттанушы-ғалым, жазушы М.Дүйсеновтің 
туғанына 85 жыл толуына орай 2013 жылдың 5-6 жел
-
тоқсанында Қызылорда қаласында өтетін конференцияға 
Алматы қаласынан Т.Кәкішев, Н.Ақыш және мен, Астана 
қаласынан С.Негимов, М.Тоқтағазин тәрізді әдебиеттану
-
шылар бардық. 5-желтоқсан күні жергілікті телевидениеде 
отырып, бір сағаттан аса сұхбат жүргіздік. Онда Мырзабек 
Төлегенұлының өмірі мен шығармашылығы толығымен 
қамтылды. Біздің әңгімеміздің көрігін қыздырған Тұрсе
-
кеңнің қызықты естеліктері болды. 6-желтоқсанда өткен 
конференцияда Тұрсынбек ағамыз ұзақ сөйледі. Бірақ сөй
-
леген сайын айта түссе екен деп, сілтідей тынып отырған 
тыңдармандар, өз жерлестерінің қандай ғалым, қандай аза
-
мат болғандығын естіп, таңдайларын қағысты.
М.Дүйсеновтің туған ауылына барып, ауыл мешітінде 
марқұмға құран бағышталды, Қызылорда қаласындағы өзі 
тұрған үйге ілінген тақтаның алдында құран оқылып, сурет
-
ке түстік, телевидениеге сұхбат беріп, конференцияда баян
-
дамалар жасалды. Осыншама шараларды атқару барысында 
Тұрсекең таңның атысы, күннің батысы бір шаршадым де
-
ген сөзді айтқан жоқ. Керісінше әр шара өткен сайын, жүзі 
нұрланып, ерекше құлшыныспен жүрді. Менің бұл сапар
-
дан түйгенім – Тұрсынбек ағамның досқа деген адалдығын 
қаламымен де, ісімен де дәлелдеп қайтқандығы еді.
Қызылордадан келген соң, 19-желтоқсанда өзі қызмет 
істеген М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер инсти
-
тутында конференция өтті. Ағама тағы телефон соқтым. 
– Тұрсынбек аға, Қызылордада айтқан әңгімелеріңіздің 
біразын біздің институтқа келіп айтып берсеңіз, ғылым
-
мен айналысам деп жүрген жастарға үлгі-өнеге болар еді. 
Ағам сөзге келмей, келісімін беріп, айтулы күні келісілген 
мерзімде Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы мемо
-
риалдық мұражай-үйіне келіп, досқа деген құрметін және 
көрсетті. 
Бұл конференцияда М.О.Әуезов атындағы Әдебиет 
және өнер институтының директоры, ҚР ҰҒА корреспон
-


377
дент мүшесі, филология ғылымдарының докторы Уәлихан 
Қалижанұлы кіріспе сөзінде Мырзабек Дүйсеновтің өмірі 
мен шығармашылығына қысқаша тоқталып, ғалымның 
осы шаңырақта тұрақтап қызмет еткенін ерекше атап өтсе, 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің про
-
фессоры, филология ғылымдарының докторы Тұрсынбек 
Кәкішұлы шынайы достықтың қалай болатындығын дос 
туралы естелігінде нақты мысалдармен өрбітті. Филоло
-
гия ғылымдарының докторы, профессор Өтеген Күміс
-
баев өз сөзінде ғылымға адалдықтың белгілерін Мырзабек 
бойынан атап көрсетсе, Абай атындағы Қазақ ұлттық пе
-
дагогикалық университеті Жамбылтану ғылыми-зерттеу 
институтының директоры, филология ғылымдарының док
-
торы, профессор Бекен Бекмұратұлы қаламгердің «Біз күн 
перзентіміз», «Бір аспанның астында», «Ғасырлар сыры» 
кітаптарының ғылыми танымдық қырларын тарата сөз 
етті. Сол университеттің Қазақ әдебиеті және журналисти
-
ка кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының 
докторы, профессор Темірхан Сақаұлы өз баяндамасында 
ғалымның «Әдебиеттегі мазмұн мен түрдің бірлігі», «Ілияс 
Жансүгіров», «Ақын мұраты» атты монографияларының 
өзектілігіне тоқталды. 
Ал М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институ
-
тының бас ғылыми қызметкерлері, филология ғылымда
-
рының докторлары Нұрдәулет Бабиханұлы баяндамасында 
жазушының «Гүлжан сүйеді», «Ана махаббаты» «Емтихан» 
хикаяттарының көркемдік қырларына тоқталса, мен әде
-
биеттанушы-ғалымның қазақ әдебиетінің тарихы, сыны, 
теориясын бірлікте зерттегенін «Ұлы Октябрь шуағы» 
(Т.Кәкішевпен бірге), «Халық ақындары творчествосының 
көркемдік сипаты», «Ақын-жыраулар» (С.Негимов, К.Сей
-
дехановтармен бірге) монографиялары негізінде өрбітіп, 
уақыт өтіп, қоғам өзгергенмен бұл зерттеулердің құны да, 
өзектілігі де арта түсетіндігі жайында баяндадым. 
Конференция соңында Мырзабек Дүйсеновтің келіні 
Зәуре Қадырқызы мен немересі Ерденқызы Мадина Дүй
-
сеновалар М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер инсти
-


378
тутының директоры Уәлихан Қалижанұлы мен ұжым мү
-
шелеріне шексіз алғыстарын білдірді. 
Осы жиынға қатысушылар алдағы уақытта жазушы, 
әдебиеттанушы-ғалым Мырзабек Дүйсеновтің көптомдық 
шығармалар жинағын шығаруды қолға алу керектігін баса 
айтқан болатын. Сол іс қолға алынып, өткен бір-екі жылдың 
көлемінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік 
университетінің профессоры, филология ғылымдарының 
докторы Б.Кәрбозовтың басшылығымен жазушының көр
-
кем шығармаларының электрондық нұсқасы жасалды. 
Облыстық кітапханада жазушының көркем шығармалары 
сақталмағандықтан, оларға Алматы қаласындағы кітапха
-
налардағы кітаптарды жеткізіп беруге тура келді. Ғалым
-
ның зерттеу еңбектері Алматы қаласындағы «Ғылым ор
-
дасы» Орталық ғылыми кітапханасында сақталғандықтан, 
ендігі кезекте сол іс Алматы қаласында жалғасын табуда. 
М.Дүйсеновтің көптомдық шығармаларын жинау, бастыру 
туралы сөз болғанда Тұрсынбек ағам: – Бұл істі тек Гүл
-
жиһанға ғана сеніп тапсыруға болады. Оны тек Гүлжиһан 
ғана жасай алады, – деген болатын. Ағамның сол сөзі шын
-
ға айналып, бүгінгі таңда көптомдық шығармалар жина
-
ғын дайындап жатқан жайымыз бар. 
Екіншісі – мағжантану мен сәкентануға сіңірген еңбек
-
теріне қатысты. 
2012-2014 жылдары біздің институттың ғалымдары «Ғы
-
лыми қазына» мақсатты бағдарламасы аясында 34 томдық 
«Классикалық зерттеулер» сериясын шығарды. Жоба бо
-
йынша әдебиеттану мен өнертану ғылымына еңбегі сіңген 
ғалымдардың әрқайсысына бір-бір том арнамақшы бол
-
дық. Бірақ бөлінген қаржының аздығына байланысты жос
-
парланған көптомдықтың үштен бірін ғана шығаруға тура 
келді. Осындай қысылтаяң уақытта бір томға екі немесе 
үш ғалымның зерттеулерін топтап беретін болып шештік. 
Тәуелсіздік дәуірдегі әдебиет және көркем публицисти
-
ка бөлімінің еншісіне тиген авторларды іріктегенде 2012 
жылы Ғ.Мүсірепов пен Ғ.Мұстафиннің «Әдебиет туралы» 
зерттеулері бірінші томға енді. Ал 2013 жылы М.Базарбаев, 
Т.Кәкішев, С.Қирабаев еңбектерін шығару жоспарланды. 


379
Академикке бір том, екі докторға бір том беретін болдық. 
«Жазған құлда жазық жоқ» дегендей, біздің бөлімнің том
-
дарына жауапты болған соң, адам жұмсамай ағамның ал
-
дына өзім барайын деп шештім. Телефон соғып, келісілген 
уақытта үйіне бардым. Сөйтсем, ағам да қу ғой, мені түскі 
асқа туралап шақырып, етін астырып отыр екен. Ондағы 
ойы «от ала келгендей» болмасын, асықпай отырып әңгі
-
мелесейік дегені болса керек. Бұрынғы басшы, байырғы 
қызметкерлерден басталған әңгіме жаңа басшы мен жаңа 
жобалар төңірегінде тоғысып жатты. Жекелеген қызмет
-
керлер туралы ойды ортаға салған соң, алдағы жобалар 
төңірегінде ой бөлістік. Біртіндеп келіп, классикалық зерт
-
теулер сериясына ауыстым. Мүсілім Базарбаев екеуіне бір 
том беретіндігіміздің негізгі себептерін, әдемілеп жеткізіп-
ақ жатырмын. Екеуіңіз құрдассыздар, бір оқу орнында 
оқыдыңыздар, әдебиетке бірге келдіңіздер, ғылым док
-
торысыздар, зерттеу нысандарыңыз әдебиет тарихының 
төңірегінде түйіседі деген тәрізді басы ашық дүниелерді 
санамалап жатырмын. М.Базарбаев екеуінің арасындағы 
әңгімеге қанық мен бір жерден ши шығарып алмасам деп 
те қылпылдап отырмын. Асықпай отырып тыңдап болған 
соң: – Солай шешсеңдер, мен неге қарсы боламын, – деді. 
Келісімін алған соң, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Б.Майлин, 
С.Шәріпов, Ж.Тілепбергенов, Е.Бекенов, С.Ерубаев тура
-
лы жазғандарының төңірегінде әңгіме тарта бастап едім. 
– Жоқ, біз «Сайысты» берейік, ол өзі бір шыққан соң 
қайта басылған жоқ еді, – деді. Әңгіме бітті. Бұл – ағамның 
ғұмыр бойы тыңғылықты зерттеген мағжантану мен сә
-
кентануға деген махаббатының бір көрінісі еді. Осылайша 
Мағжан мен Сәкенді таразының екі басына салып, олар
-
дың арасын ажыратқан саяси-әлеуметтік ахуалдың астары
-
на үңілген зерттеуді алатын болдық. Олардың Омбыдағы 
мұғалімдер семинариясында оқыған жылдары, жастардың 
«Бірлік» ұйымы, М.Дулатовтың балдызы Гүлшаһра сұлуға 
қатысты деректер, шығармашылық жолындағы ізденістер, 
Мағжанның «Шолпан», Сәкеннің «Өткен күндер» тәрізді 
тұңғыш жыр жинақтары туралы мәліметтер – бәрі де нақ
-


380
ты деректерге сүйене баяндалғандықтан, бұл зерттеудің 
құндылығы күн өткен сайын арта түсетіні даусыз. 
Осылайша көп томдықтың «Әдебиет – дәуір айнасы» 
деп аталатын 13 томы М.Базарбаев пен Т.Кәкішев зерттеу
-
леріне арналды. Жыл аяғында аталған кітапты алып бар
-
ғанда, – Гүлжиһан, сен мықты екенсің, өмірде басымыз 
қосылмаған Мүсілім екеумізді бір кітапта қостың, – деді 
ағам ағынан жарылып. 
Үшінші айтайын дегенім – «көке» деген сөзге байланыс
-
ты. Бұл сөздің не мәні бар екенін «Сұлтан Бейбарыс» көр
-
кем фильмін көргендердің бәрі білсе керек. Ес білмейтін 
бала кезінде тұтқын болып кеткен Бейбарыстың қартайған 
шағында атақтан да, даңқтан да баз кешіп, қолына аса тая
-
ғын ұстап елге оралуының үш себебі бар еді. Бейбарысты 
өмір бойы туған жерге тартқан құдіреттің бірі – қымыздың 
дәмі, екіншісі – жусанның исі, үшіншісі – «көке, кө-ке, кө-
ө-ке-е» деген өз сөзі болатын, яғни ана тілі. «Көке» сөзінің 
мәнін ол сөзді өз орнында қолданатындар жақсы біледі, 
ол – жасы үлкендерге жаппай қолданыла бермейтін, «әке» 
деген сөздің орнына, не болмаса әкесіндей қамқор да, жа
-
нашыр адамға қаратыла айтылатын сөз. 
Жоғарыда айтылған шаруалармен барғыштап жүргенде 
үйге екі өндірдей жігіттің кіріп-шығып жүргенін көрдім. 
Емін-еркін жүрістеріне қарағанда бірінші рет келіп тұрған 
қонақ емес, сол отбасының бір мүшесі тәрізді. Арасында: 
– көке, – деп, бұрылып келіп шарауаларын айтып жата
-
ды. Оңтүстікте айтылатын бұл сөз менің де жаныма жаға 
түсті. Алғашқыда апырай, «көке» дегендеріне қарағанда 
бұл жігіттер оңтүстіктен болды-ау, олар кім болды екен, – 
деген жұмбақпен кеттім. Келесі барғанда ағам бажасының 
осында оқып жүрген студент баласы екенін, тіпті өз бала
-
сындай жақын болып кеткендігін күліп отырып әңгімелеп 
берді.
Қытай, Моңғолия және Ирандағы қазақ диаспоралары
-
на барған экспедицияларында қасында болған баласының 
қызықты әңгімелерін айта отырып, арасында: – әй, Про
-
тивный, – деп те қояды. Ағамның немересін еркелеткен
-
дей болып марқайып отырғанын көргенде үйге ризашы
-


381
лық көңілмен қайттым. Бір барғанымда Күләш апамның 
жоғын білдірмей, асханада асын дайындап, көкелеп бал
-
дызы жүрді. Екі-үш рет барып, әр барған сайын көңілім 
толып қайтқан мен, ағамның оңтүстіктің қызын алғанына 
іштей қуанып, және оған сүйсініп жүрдім. Бір отбасының 
адамдарындай шүйіркелескен тірліктеріне тәнті болып, қа
-
зақтың азаматын аялаған қазақ қыздарына деген құрметім 
бұрынғыдан да арта түсті. 
Осындай мәнді де, маңызды кездесулердің бірінде Тұр
-
сынбек ағам: – шопырым дайын, үйге машинамен апарып 
саламын, – деп қарап отыр. Қаланың бір шетінде тұратын 
мен ұяттан жерге кірердей болып: – өзім кете беремін, осы 
жерден автобус жүреді, – деп қарсылық білдіргенімде, 
Күләш апам: – әуре болма, ағаң айтты, бітті, – деп кесіп 
салса, Тұрсынбек ағам: – қайта біз қаланы аралап қайта
-
мыз,– деп, машинаға жайғасып, әңгімесін жалғай түсті...
Бәрін айт та, бірін айт Күләш апамның: – ағаңның 85 
жасқа толған тойынан өзіңе арнап алып қойып едім, – деп 
қолыма жүзігін салып, Көкжиек ықшам ауданында тұра
-
тын мені көлігімен үйге жеткізіп салғанын қалай ұмыта
-
йын. Иә, Асыл аға, сіздің немереңіздей балаға осындай 
құрмет жасағаныңызды мен ішімде бүгіп қала алмадым. 
Өзіңіз туралы ғалымдығыңыз, азаматтығыңыз әңгіме бо
-
лып жатқанда, мен бүгін үлкен АДАМГЕРШІЛІГІҢІЗ ту
-
ралы айтқым келді. Әр азамат өзіңіз секілді ақын, ғалым, 
шенеунік болуды емес, АДАМ болуды ойласа, қазақтың 
болашағы жарқын болар еді-ау...
2015 ж.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет