ҚЫ ЛКаН Ж АПЫ РАҚТЫ ЛАР НЕМ ЕСЕ ПИНО ПСИДТЕР
Қазіргі кездегі флорада бүл класс ашық түқымдылардың ішіндегі түрлерінің саны жағынан ең көбі (600 дей түрі бар). Негізінен солтүстік ендікте кең таралған, бүл жерлерде бір немесе бірнеше түрлерден тұратын туыстары: қарағай, шырша, май қарағай, бал қарағай үлкен қылқан- жапырақты орман түзеді. Оңтүстік ендікте қылқан жапы- рақтылар қоңыржай климатты облыстарда орман түзеді (Огненная Земля, Патагония, Жаңа Зеландия, Тасмания). Тропикалық облыстарда олар тек таулы жерлерде өседі.
Құрлысы. Қылқан жапырақтылар негізінен ағаштар, сиректеу бүталар. Ағаштары кейде ересен үлкен болады және 4 мыңнан астам жыл өмір сүреді. Көп жағдайда екі түрлі сабағы болады: ұзарған және қысқарған. Жапырақ- тары көп жағдайда жіңішке, ине тәрізді (хвоя), бірақ ерте- ректе пайда болған туыстарында (араукария, агатис) ланцетті және жалпақ ланцентті болып келеді. Кейбір қылқан жапырақтылардың жапырақтары қабыршақты болып келеді (кипарис, арша). Жапырақтары көп жағдайда отырмалы, кейде олардың үстіңгі ұшы ойық (май қарағай), көлденең кесіндісі жалпақ, төртқырлы, жұмыр, ұзындығы 1—2 см.- ден 30—40 см.-ге дейін барады. Қылқанда бір ғана жүйке болады, ал жалпақ жапырақтарында көптеген параллель жүйкелері болады. Қылқан жапырақтылардың бал кара- гай, жалған бал қарағай және метасеквойя туыстарынан басқаларының барлығы мәңгі жасыл өсімдіктер. Сүрегінің 90—95% трахеидтен түрады, сүзгілі түтіктерінде серіктік клеткалар болмайды. Көпшілігінің қабығында, сүрегінде және жапырақтарында схизонгендік смола жолдары бола ды, оларда эфир майы, смолалар, бальзамдар жиналады.
Көбеюі. Бір үйлі, сиректеу екі үйлі өсімдіктер. Бүршіктері (шишки) дара жынысты. Аталық бүршіктері көп жағдайда топтасып, жапырақтардың қолтығында, сиректеу бүйірлік өркендердің ұштарында орналасады. Микроспорофилдері редукцияға көп үшыраған, қабыршақ тәрізді немесе қалқан тәрізді (тисс туысы). Аналық бүршігінің (стробил,шишки) құрылысы алуан түрлі болады. Микроспороф илдерінде бірден бірнеш еге дейін тұқымбүрлері орналасады. Интегументі көп жағдайда үш қабаттан тұрады: ортаңғысы қатты, ал сыртқы және ішкісі жұмсақ. Архегониясы екеу, бірақ копте бола береді. Гаметофиттерінің пайда болуы, тозаңдануы, Ұрықтануы және түқымның (дәннің) пайда болуы жоғарыда сипаттап жазған қарағайдыкімен бірдей болады.
Шаруашылықгағы маңызы. Шыршалардың, қарағайлардың, бал қарағайлардың, май қарағайлардың, аршалардың табиғатта және адам өмірінде маңызы ересен зор. Баска жасыл өсімдіктермен бірге олар органикалық заттар түзеді, ауадан көмір қышқыл газын сіңіріп, оттегін бөліп шығарады. Орманның ағашы кесілген және өрт шалған жерлерінің қайтадан табиғи жолмен қалпына келуі, осы жерлерде жарық сүйгіш, топырақ тандамайтын қарағайдың, қайыңның, көктеректің пайда болуынан басталады. Сусы- малы қүмдарға өсіп, қарағайлар олардың жылжуын тоқтады. Қарағайлар өз бойынан ерекше буланып үшатын заттар бөліп шығарады. Олар ормаңда ғана емес, сонымен бірге орманға жақын жерлердегі көптеген зиянды бактериялардың дамуын тежейді. Қылқан жапырақты ормандар, жалпақ жапырақты ормандар секілді, қардың еруін кешеуілдетеді, сөйтіп осы жердің ылғалын арттырады.
Қы лқан жапырақтылар поляр ш еңберіне жақын жерлердегі үлкен кеңістіктерде және тауларда орман түзеді. Оны тайга деп атайды. Тайга көптеген өнеркәсіпке керекті аңдардың, құстардың ж әне пайдалы насекомдардың мекендейтін жері. Қылқан жапырақты ағаштар құрылысқа және әртүрлі ағаш бұйымдарын жасауға керекті материал дарды береді. Қарағайдың сүрегін химиялық жолмен өңдеу арқылы, одан жібек жіптерше ұқсас жасанды талшық алады. Ашық түқымдылардың діңі, өндірістің көптеген сала- сына қажетті құнды шикізат. Олардан бальзамдар, смолалар, камфора, спирт, целлюлоза, жібек жөне басқада көптеген заттар алынады. Сонымен бірге қылқан жапырақты- лар медициналық препараттар алуға да қажетті шикізат болып есептелінеді.
Сібір қарағайын, Сібірде кедр деп атайды. Нағыз кедрлер Солтүстік Африканьщ таулы жерлерінде, Жерорта теңізі облысыньщ шығысында және Гималай тауында өседі. Бұрынғы Одақтас республикалардың территориясында, оларды Кавказдың Қаратеңіз жалғауларыңда және Қырымда қолдан өсіреді. Сібір қарағайының дәнінен (жаңғағынан) тамаққа пайдаланатын жақсы “кедр” майын алады. Сонымен бірге қылқан жапырақтылардың көпшілігі, көшеге көрік беретін сәндік өсімдіктер, сондықтанда олардьщ бірқатарын қазіргі кезде мәдени жағдайга ендірген. Оларды ботаникалық бақтарда, деңдроперктерде, демалыс парктерінде, скверлерде және көшенің бойларыңда сәндік өсімдіктер ретіңде отырғызады.
Классификациясы. Қылқан жапырақтылар класы 7 қатардан түрады. Олар мыналар: 1) вольцилар қатары; 2) подозамиттер қатары; 3) араукариялар; 4) қарағайлар қатары: 5) кипаристар қатары; 6) по докарпустар қатары; 7) тиссалар қатары. Олардың Қазақстанда тек екеуінің ғана өкілдері (қарағайлар және кипаристер қатарлары) кездеседі.
Карағайлар қатары (сосновые) Қарағайлар қатары бір ғана қарағайлар тұқымдасынан тұрады. Бұл тұқымдаста 10 туыс, 250-дей түр бар. Аса кең тараған туыстарына мыналар жатады: май қарағай, шырша, бал қарағай ,қарағай .
Май қарағай туысы (пихта - Abies). Май қарағайдың дүние жүзі бойынша 40-тай түрі бар. Олар Солтүстік Америкада (15-түрі), Оңтүстік-Шығыс Азияда (7—8 түрі), Же- рорта теңізі жағалауында, Орталық Европада, Кавказда және Гималай тауларында, Сібірде өседі. Май қарағайлар аса үлкен ағаштар, бұтақтары топтасып орналасады. Қылқаны жалпақ больп келеді және жалғыздан орналасады, оның төменгі жағында, көп жағдайда екі ақ түсті балауыздан тұратын жолағы болады. Аналық стробилі көп жағдайда тік орналасады, бір вегетациялық кезеңде пісіп жетіледі, содан соң шашылып түсіп қалып отырады.
Бүрынғы одақтас республикалардың флорасында май қарағайдың 9 түрі, ал Қазақстанда 2 түрі кездеседі. Сібір май қарағайы (пихта сибирская — Asibirica) бұрынғы одақтас республикалардың европалық бөлігінің Солтүстік шығысында, Батыс, Орталық және Шығыс Сібірде, Тува автономиялы облысьщда және Монголияда өседі. Үлкен алқапты қамтып орман түзеді. Тегістікте де, таулы жерлерде де өседі. Ағашы жүмсақ, құрлыс материалы ретінде де, әртүрлі бұйымдар жасауға да пайдальшады. Сонымен бірге оны қағаз өңдірісінде шикізат ретінде пайдаланады. Қылқанынан лак жасауға қажетгі эфир майы алынады. Жас бұтақтарында борнеол (камфора) болады. Май қарағай бальзамы жараны жазуға бірдер-бір қажетгі дәрі.
Ж АБЫ Қ ТҰҚЫ М ДЫ ЛАР
Түрлерінің саны 250 мыңнан 300 мыңға дейін барады. Бұл жер бетіндегі қазіргі кезде қалыптасқан жағдайға ең жақсы бейімделген, барлық құрлықтардың өсімдіктер жа- бынында ерекше басым болып келетін өсімдіктер.
Кұрылысы. Спорофиттерінің өмірлік формасы — ағаштар, лианалар, бұталар, шөптесін өсімдіктер (бір-, екі,- және көпжылдық). Вегетативтік органдарының микроскопиялық құрылысы олардың гистологиялық элементтерінің алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Бұларда трахеидтермен бірге түтіктері де болады. Жабық түқымдылардың өмірінің ұзақтығы әрқилы, 2—3 аптадан бірнеше мыңдаған жылдарға дейін созылады. Көп жылдық шөптесін өсімдіктердің жыл- дың қолайсыз мезгілдерін басынан өткізуге мүмкіндік беретін түрі өзгерген жер асты вегетативтік органдары — түйнектері, баданалары, тамырсабақтары болады.
Көбеюі. Спорофитте гүлдер пайда болады, ал оларда микро- және мегаспоралар жетіледі. Споралары споран гилерінің ішінде өсіп гаметофиттерге айналады. Аталық гаметофит- тозаң, екі клеткадан, ал аналық гаметофит- ұрық қабы, сегіз клеткадан тұрады. Жыныстық процестің нәтижесінде тұқымбүрінен дән, ал гүл түйінінен (жатын- нан) және гүлдің баск,ада бөліктерінен жеміс пайда болады.
Дәріс 13-14. Тақырып: Тақырыбы: Өсімдік қауымдастықтары
1.Өсімдік биосфераның бір бөлігі ретінде
2.Өсімдік қауымдастықтарының құрылуы мен құрылымы
3.Өсімдік типтері және биоценоз
1.Өсімдіктер мен жануарлар бір-бірінсіз тіршілік ете алмайды. Сондықтан да олар бірлестік түзеді. Онда әр жеке организм басқаларына әсер етеді және дәл осы мезгілде олардан да әсер алады. Осылай тіршілік ету барлығына пайдалы және әр түрге тіршілігін сақтауға мүмкіндік береді. Бірлестіктерге мысал ретінде мүк үйіндісі, ескі ағаш түбіртегі, шабындық , батбақ , дала, шөлейт, орманды келтірсе болады. Әр бірлестікте белгілі бір тіршілік иелері мекендейді. Мысалы далалы жерде ғана ақбөкен, сарышұнақ , дуадақты, ал өсімдіктерден ақ селеуді не жусанды кездестіруге болады. Жапырақты орманда мекендейтін түрлер басқа, бұларға үйеңкі, емен, жөке, ал жануарлардан жорға торғай, теңбіл торғай, жабайы шошқа, ақ тиін жатады. Бірлестікте тірі организмдер бір-бірімен ғана байланысты емес, өлі табиғатпен де байланысты. Бірлестік түзетін тірі организмдер қоршаған ортамен үнемі зат пен энергия алмасып отырады. Міне, осы процестер негізінде бірлестік пен қоршаған орта біртұтас күрделі жүйені құрайды, оны биогеоценоз ( гірекше биос-өмір, гео-жер, ценоз-бірлестік ) немесе экожүйе деп атайды.
Кез келген экожүйеде организмдердің үш тобын бөлуге болады. Бұлардың негізгісі органикалық заттарды өндірушілер-жасыл өсімдіктер. Бұлардың өздерінің фотосинтездеу қабілеті арқылы өздерінде өзгерген күн энергиясын көп мөлшерде жинайды. Оны органикалық заттар түрінде жинап, басқа тірі организмдерге пайдалана алатындай түрге өзгертеді.
Тұтынушыларға әр түрлі өсімдікқоректілер, талғаусыз қоректенетін және жыртқыш жануарлар жатады. Бұзушыларға көптеген бактериялар, саңырауқұлақтар, топырақ құрттары, көмбекей қоңыздар және басқа да жануарлар жатады.
Өсімдік жер бетінде түгелдей таралған.Тек өсімдік қана күн сәулесінің қуатын сіңіре отырып, көмірқышқыл газы, су және минералдық заттардан органикалық заттар құрай алады.Өсімдіксіз биосфераның басқа құрамдас бөліктері, яғни жануарлар мен микроорганизімдер тіршілік ете алмас еді. Кез келген биосферадағы өсімдік қорегінің байлығы жануарлар дүниесінің де бай болуына жағдай жасайды. Өсімдіктердің жер бетінде белгілі бір заңдылыққа сәйкес келетіндігі бірден көзге түседі. Өсімдік полярлық аймақтарда түр жағынан да аз, экватор маңында өте қалың және сан алуан. Өсімдіктер мен жануарлардың таралуы көптеген жағдайларға, солардың ішінде, әсіресе климатқа (жылу мен ылғалдың таралуына) байланысты. Олар құрлықта климаттың өзгеруіне сәйкес, экватордан полюстерге қарай зоналар бойынша өзгереді.
Өсімдік өлі табиғаттың заттарынан, яғни минералдық тұздардан, судан және көмірқышқыл газынан, күн сәулесінің әсерінен тіршілік үшін қажетті зат түзеді және оттегін бөліп шығарады.Өсімдікті шөп қоректі жануарлар жеп күнелтеді. Өз кезегінде шөп қоректілер жыртқыштардың жемі болады. Өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарын майда организмдер ыдыратып, өңдеп оны қайтадан өсімдіктер бойына сіңіре алатын қоректік затқа айналдырады.
2.Өсімдік бірлестігі дегеніміз-бірдей жағдайда (топырақ, климат) өсетін және өзінің тіршілігі үшін күресіп отыратын өсімдік түрлерінің жиынтығы.
Кез келген өсімдік түрінің табиғатта жеке өсуі өте сирек кездеседі. Өсімдіктер су, жарық топырақ және қоректік заттарды қажетсінулеріне, сондай-ақ өздерінің қажет етулеріне ортақ жаулары мен өлі табиғаттың қолайсыз жағдайларына қарсы күресу мүмкіншіліктеріне сәйкес қарым-қатынас жасайтын күрделі өсімдік жамылғысын түзеді. Өсімдіктер жамылғыларының құрамына қарай өсімдік бірлестіктерін: шалғынды, батпақты, орманды, далалы жерлердің өсімдіктері деп топтастыруға болады. Олар мұнан гөрі де ұсақ бірлестіктерге де бөлінеді. Мысалы, шалғындық жерлер - суарма шалғынды, құрғақ алқаптық шалғынды, тау шалғынды, ал батпақты жер-шымтезекті, шөпті болып бөлінеді.
Өсімдік бірлестігінің маңызды белгілері, өсімдіктердің жер үсті және жер асты мүшелерінің белдеуленуі, яғни биіктіктері және тамырларының ұзындықтары - әр түрлі болады:өсімдіктердің даму жылдамдығы да әр түрлі:өсімдік жамылғысына кіретін өсімдіктер бір түрден екінші түрге ауысуға икемді болады.
3.Белгілі бір табиғи ортаға шоғырланған организмдер тіршілік бірлестігін құрайды. Жер бетінің табиғат жағдайлары біртекті алқабын мекендейтін өсімдіктер, жануарлар және майда организмдер бірлестігін биоценоз деп атайды (грекше био-тіршілік, ценоз-ортақ). Биоценоздың мысалы ретінде батпақ, көл, шалғын, тоғай, құмды шөл, сор және т.б.атауға болады.
Өсімдіктер түрлі экологиялық факторларға байланысты бірнеше типтерге бөлінеді.
І.Ылғалға қатысты өсімдіктердің экологиялық типтері
1)Гидрофиттер – сулы ортаға бейімделген өсімдіктер
2)Гигрофиттер – ылғалы мол топырақта өсетін өсімдіктер
3)Мезофиттер – ылғалы жеткілікті қоңыржай жағдайда өсетін өсімдіктер
4)Ксерофиттер – ылғалы тұрақты немесе уақытша тапшылық жағдайда өсетін өсімдіктер.
ІІ. Жарыққа байланысты өсімдіктердің экологиялық типтері
1)Сциофиттер – қалың көлеңкелі жағдайда өсетін өсімдіктер
2)Гелиофиттер – жарық мол болса, соғұрлым жақсы өсетін өсімдіктер
Бұдан басқа да өсімдік типтары көптеп кездеседі.
4.Адамның тіршілігі өсімдіктер әлемімен тығыз байланысты.Тірі ағзалар тұтынатын және қоректенетін азықтардың негізгі бөлігі өсімдіктер болып саналады.
Демек, өсімдік - адам үшін азықтың қайнар көзі. Адамдардың өміріне, тіршілік қажетіне бірден-бір жарамды мәдени өсімдіктер-дәнді (бидай, жүгері, күріш, тары, қарақұмық), дәнді - бұршақты (соя, бұршақ, асбұршақ), майлы(күнбағыс, зығыр, жер жаңғағы), талшықты (ақ мақта), бау-бақша өсімдіктері (орамжапырақ, қызан, бақлажан, қарбыз, қауын), дақылдар мен жеміс-жидектер (алма, шие, таңқурай,қара қарақат, грек жаңғағы,т.б.) болып табылады.
Өсімдіктер әлемінен органикалық заттар өте көп өндірілуде, бірақ халықтың саны да жедел өсіп барады. Сондықтан табиғи өсімдіктерден алынатын өнімдерді молайтып, халықты тағаммен, өнеркәсіпті шикізатпен, малды жем - шөппен қамтамасыз ету мәселесі барған сайын маңызды болып түсуде.
“Орман-ел дәулеті, жер сәулеті” дап халық бекер айтпаған. Ағаштардың сүрегінен 20 мыңнан артық бұйымдар дайындалады. Тынымбақтардағы өсімдіктердің хош иісі, сәнді реңі адамның жүйке жүйесінің жұмысын жақсартып,көңіл күйін шаттандырады.
Бақылау сұрақтары:
1.Өсімдік биосфераның бір бөлігі ретінде екендігін дәлелдеңіз.
2.Өсімдік қауымдастықтарының құрылуы мен құрылымы туралы түсіндіріңіз.
3.Өсімдік типтері және биоценоз туралы түсінік беріңіз.
4. «Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы» атты ЭССЕ жазыңыздар.
Лекция №15-16 Тақырыбы: Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі мен эволюциясы
Жоспары:
1.Жануарлар мен өсімдіктердің негізгі айырмашылықтары мен ұқсастық жақтары
2.Жануарлардың жүйелілігі және жануарлар экологиясы
3.Бірклеткалы жануарлар.
4.Қарапайымдылар типіне жалпы сипаттама
1.Сырттай қарағанда жануарлар мен өсімдіктерді туыстас ортақ тектен таралған деп есептеу мүмкін емес тәрізді жануарлар да өсімдіктерде біріне-бірі ұқсас күрделі органикалық заттардан, жасушалардан құралған тірі ағзалар болып табылады. Жануарлар да өсімдіктер тәрізді көбейеді, қоректенеді, тыныс алады. Жануарлардың тұқым қуалаушылық, өзгеріштік, тітіркену қасиеттері де өсімдіктерге ұқсас. Мұндай белгілер жануарлар мен өсімдіктердің туыстас екенін, ортақ тектен таралғанын дәлелдейді. Жануарлар мен өсімдіктерде болатын кейбір құбылыстар олардың арасында елеулі айармашылықтардың бар екенін де көрсетеді. Бұл әсіресе, олардың қоректену тәсілімен айқын байқалады.
1.Жасыл өсімдіктер қоректену кезінде бейорганикалық заттардан органикалық заттар түзеді, яғни ауадан көміпқышқыл газын, топырақтан су мен минералды заттарды сіңіріп, бейорганикалық заттарды қорегіне жаратады.
Жануарлар болса дайын органикалық заттармен, яғни өсімдіктермен немесе басқа жануарлармен қоректенеді, жануарлардың жүйке жүйесі, сезу, зәр шығару және т.б. мүшелері жақсы жетілген. Жануарлар арнаулы мүшесі арқылы қозғалады.
2.Жануарлар қозғалып өмір сүрсе, өсімдіктер бір жерде бекініп тіршілік етеді.
3.Жануарлар клеткасының сырты мембранамен қоршалған болса, өсімдіктердің сыртқы қабығына серпімділік және мықтылық қасиет беретін клетчаткадан (жасунық) тұрады.
4.Жануарлар белгілі бір мерзімге дейін өмір сүрсе, өсімдіктер өмір бойы тіршілігін тоқтатпайды.
5.Жануарлардың мүшелері денесінің сыртында орналасса, ал өсмідіктерде ішінде орналасады.
Тұжырым:өсімдіктер мен жануарлар- тірі дүниенің өзара ұқсастықары мен айырмашылықтары бар бірімен-бірі тығыз байланысты екі тобы, олар- табиғаттың біртұтас құрамдас бөлігі.
2.Жануарларды жер шарының кез келген түкпірінен кездестіруге болады.Олар тірі тірі ағзалардың барлығымен қарым-қатынаста тіршілік етеді. Қазіргі кезде дүние жүзінде жануарлардың 2 млн- нан астам түрі бар деп есептеледі, яғни жануарлар түрінің саны өсімдіктер түрінен 3 есе көп.Тек Қазақстанда ғана 30- мыңнан астам бунақденелілердің тіршілік етуі жануарлар дүниесінің сан алуандығына нақтылы дәлел бола алады.
Жануарлар туралы ғылым зоология өте ертеден белгілі.Оның негізін грек ғалымы Аристотель қалаған. Зоология (грекше-зоон-жануар логос-ғылым) жануарлар туралы ғылым. Жануарлардың құрылысын, көбеюі мен дамуы туралы, құрамын, таралуын шығу тегін, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын зерттейді.
Оны оқып-үйренуге бағыт сілтейтін оқулықтың атауы – “жануартану”деп аталады. Біздің Республикамызда мекендейтін жануарлар туралы алғашқы жазба деректер араб, парсы және қытай саяхатшыларының жазбалары мен орта-азиялық ғұлама ғалым Махмуд Қашқари еңбектерінде кездеседі. Қазақстанның жануарлар дүниесін жүйелі әрі ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмыстары 17-18 ғасырларда ұйымдастырылған экспедицияларға байланысты. Мұнда қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уалихановтың еңбектері ерекше орын алады.
Жануарларды жіктеу.
Жер бетіндегі барлық жануарларды белгілі-бір ретке келтіруді жүйелеу деп аталады.Ал әлемдегі жануарларды бірінен-бірін толық ажыратып құрылысы, тіршілік ету ерекшеліктері, белгілі орында мекендеуі және басқа ортақ белгілері бойынша топтастыру жіктеу деп аталады.
Жануарлар дүниесі жануарлар дүниесінің тармағы тип класс отряд тұқымдас туыс түр.
Жануарлар дүниесі Zoa (Animalia) екі дүние тармағына бөлінеді: Protozoa – бір клеткалыларға және Metazoa - көп клеткалыларға.
Protozoa тармағына қарапайымдылардың 5 типі жатады.Олар:
1.Саркомастигофора типі
2.Споралылар типі
3.Книдоспоридиялар типі
4.Микроспоридиялар типі
5.Кірпікшелілер немесе Инфузориялылар типі
Metazoa тармағына қалған 18 тип жатады.Олар:
1.Тақталылар типі
2.Губкалар типі
3.Ішекқуыстылар типі
4.Ескектілер типі
5.Жалпақ құрттар типі
6.Немертиналар типі
7.Жұмыр құрттар типі
8.Скребнилер типі
9.Буылтық құрттар типі
10.Буынаяқтылар типі
11.Онихофоралылар типі
12.Моллюскалар немесе былқылдақ денелілер типі
13.Қармалауыштар типі
14.Тікентерілілер типі
15.Погонофоралылар типі
16.Қылтанжақтылар типі
17.Жартылай хордалылар типі
18.Хордалылар типі
Одан әрі типтер класқа, класс отрядқа, отряд тұқымдасқа, тұқымдас туысқа, туыс түрге жіктеледі.
Жануарлар экологиясы. Жануарлар – табиғат туындысы. Өсімдіктер тәрізді жануарлар дүниесінің де маңызы зор. Дүние жүзінде жануарлардың 1,5 млн түрі бар деп есептелген.
Жануарлардың тіршілік үшін қызметі сан алуан. Оларды адам баласы қолға үйретіп, өзінің материалдық игілігі үшін пайдаланып келеді. Жануарлардың жүні, терісі, еті, сүті өте бағалы.
Республикамызда сүтқоректілердің - 155, құүстардың – 481, бауырмен жорғалаушылардың – 48, қосмекенділердің – 33, балықтардың 140 түрі тіршілік етеді. Бұлар – біздің байлығымыз. Барлығының да табиғат пен адам өмірі үшін маңызы зор.
Десекте, соңғы 100 жыл ішінде Қазақстанда жануарлар дүниесі саны мен сапасы жағынан күрт төмендеп кеткен. Жерімізде жүйткіп жүрген түз тағыларын бейберекет аулау олардың табиғаттағы санын күрт азайтып жіберді.
Жануарлар дүниесін қалпына келтірудің 4 негізгі шарты бар. Олар: аулауға тыйым салу, тіршілік ортасын бұзбау, қолдан көбейтуге бейімдеу, лабораториялық жағдайда гендік қорын сақтап қалу жұмыстары.
Жануарларды сақтап қалудың ең басты жолы – адам баласының саналы жауапкершілігі, экологиялық білімі және мәдениеті.Әрбір адам өзін туған өлкесі мен оның байлығының иесі ретінде сезіне отырып, табиғат қорғау ережелерін қатаң сақтаған жағдайда болашақ ұрпақ алдындағы борышын ақтаған болар еді.
3.Бірклеткалы жануарлар, яғни қарапайымдылар - бір клеткалы, ядролы, эукариотты жәндіктер, физиологиялық жағынан алғанда, олар өз алдына жеке организмдер, өйткені барлық жануарларға тән: қозғалу, ас қорыту, зәр шығару, тыныс алу, алмасу, көбеюі, дамуы т.б. қызметтерді атқарады.
4. Денесі бір ғана жасушадан құралатын жәндіктер қарапайымдар деп аталады. Қарапайымдар типін кейбір ғалымдар жануарлар дүниесінің тармағы ретінде қарастырады. Бұлардың жалпы саны әзірге тұрақты емес: 25 000 – 70 000 шамалы. Қарапайымдардың көпшілігі бір немесе бірнеше ядролы , құрылысы өте қарапайым болып келеді.Үш кластан тұрады.Олар:
1)Жалғанаяқтылар – белгілі дене пішіні сақталмайтын біржасушалы жәндіктер. Бұлардың денесін плазмалемма деп аталатын қарапайым цитоплазмалы жарғақшасы қаптайды. Жалғанаяқтылар класында 11 000-нан астам түр бар деп есептеледі.
Жалғанаяқтылар класына жататын жәндіктер теңізде және тұщы суларда, кейбір түрлері паразит ретінде еркін тіршілік етеді. Топырақта, сондай-ақ батпақты жердегі мүк арасында мекендейтін түрлері де бар. Олардың денесі бір ғана жасушадан тұрады.
Жасушасы қабықшасыз болғандықтан, жалғанаяқтылардың денесінде тұрақты пішін болмайды. Электрондық микроскоппен ғана көрінетін өте жұқа жарғақша немесе плазмалемма жасуша ішіндегі цитоплазма қозғалысынан бірде созылып, бірде қайтадан қалпына келіп, жалған аяқтар түзеді. Амебалар осы жалған аяқтармен жүреді және қорегін аулайды.
Кейбір жалғанаяқтылардың әктен түзілген ішкі қаңқасы, сондай-ақ денесін қаптайтын бақалшақтары болады.
Жалғанаяқтылар бактерияларымен, балдырлармен және әр түрлі қарапайым жәндіктермен қоректенеді. Оларда асқорыту және зәршығару вакуольдері болады. Жалғанаяқтылар тыныс алады, тітіркенеді және бөліну арқылы жыныссыз жолмен көбейеді.
2)Дене пішіні ұршыққа ұқсас, жұмыртқа тәрізді сопақша, цилиндр пішінді бір немесе одан да көп талшықтары бар біржасушалы қарапайым жәндіктер талшықтары класына жатқызылады. Бұлардың денесінің алдыңғы жағында болатын талшықтары қозғалу мүшесі болып табылады. Талшықтар теңізде, тұщы суда тіршілік етеді, паразиттік жолмен тіршілік ететін түрлері бар. Талшықтылар класы 7 000-нан астам түрлерден құралады.
Талшықтылар класына жататын жәндіктердің денесінде бір немесе бірнеше талшықтар болады және бір ғана жасушадан тұрады. Талшықтылардың денесі көпіршік тәрізді бір ядросы бар цитоплазмадан құралады. Цитоплазманың сыртқы қабаты мөлдір және тығыз, сондықтан талшықтардың дене пішіні өзгермей, тұрақты болады. Цитоплазманың ішкі қабаты кенеулі заттардан түзілген түйіршіктерге және жасыл тақташаларға толып тұрады.
Талшықтылар жарықты сезеді, арнаулы көзшесі болады. Жыныссыз жолмен бөліну арқылы көбейеді. Талшығы арқылы қозғалады, амеба тәрізді тыныс алып, зәр шығарады, циста түзеді.
Талшықтардың топтасып тіршілік ететін түрлері (домаланғы) де бар.
3)Дене пішіні алуан түрлі, тұщы немесе тұзды суларда мекендейтін, денесінде кірпікшелер болатын, мөлшері 10 микромиллиметрден 3 миллиметрге дейін жететін едәуір күрделі құрылысты бір жасушалы қарапайым жәндіктер кірпікшелілер класына жатқызылады. Бұлар еркін де қозғалады, кейбіреуі “отырықшылықпен” тіршілік етеді. Кірпікшелі жәндіктердің 1100-ден астам түрі бар деп есептеледі.
Кірпікшелілердің денесін жұқа, майысқақ қабықша қаптайды, сондықтан олардың денесі белгілі пішінін сақтайды (мысалы кірпікшелі кебісше). Бұларда сондай-ақ екі ядро – үлкен және кіші ядро болады. Кіші ядро кірпікшелілер тіршілігінде жыныстық көбею қызметін атқарады. Жыныстық жолмен көбею кезінде екі кірпікшелі біріне-бірі жақындасып, кішкене ядроларын алмастырады. Үлкен ядро негізінен өсімді ядро болып табылады, ол кірпікшелілердің жынысты көбеюінен басқа барлық тіршілік әрекетіне қатысады.
Кірпікшелілер – тұщы сулы ортаның мекендеушісі, олардың сондай-ақ тұздылау сулы ортадан да, теңіздерден және ылғалды топырақ арасынан да кездестіруге болады.Бұлардың көпшілоігі жәндіктер мен омыртқалы жануарлардың паразиті болып саналады.
Бақылау сұрақтары:
1.Жануарлар мен өсімдіктердің негізгі айырмашылықтары мен ұқсастық жақтарын «Венн диаграммасы» арқылы салыстырыңыздар.
2.Жануарлардың жүйелілігі және жануарлар экологиясы туралы түсінідіріңіз.
3.Бірклеткалы жануарлар дегеніміз не?
4.Қарапайымдылар типіне жалпы сипаттама беріңіз.
Лекция №17-18 Тақырыбы: Ішек қуыстылар типі
1.Көп клеткалы жануарлар тіршілік ерекшеліктері
2.Ішек қуыстылар типіне жалпы сипаттама
3.Ішек қуыстылардың алуан түрлілігі және олардың маңызы
1.Көп клеткалылардың негізгі сипаты: денесі дифференцияланған көп клеткалардан және үш ұрық жапырақшаларынан – эктодерма,мезодерма және эндодермадан тұратындығы.Осындай үш жапырақшалар көп клеткалылардың ұрығы дамыған кезінде қалыптасады. Ұрықтың дамуы барлық көп клеткалы жануарларға тән. Ұрықтану кезінде аталық және аналық екі гаметалар қосылып зиготаны түзейді, содан кейін организмнің жеке дамуы – онтогенезі басталады.
Көп клеткалылардың денесі толық мүшелерге бөлінген және олардың әр қайсысының қызметі белгіленген.
2.Ішекқуыстылар – басым көпшілігі теңізде тіршілік етететін қарапайым құрылысты көпжасушалы жәндіктер. Олардың қос жынысты да, дара жынысты да болуы мүмкін.
Дене құрылысы қапшыққа ұқсас, іші қуысты болғандықтан да бұл жәндіктер ішекқуыстылар деп аталады.Ішекқуыстылардың денесі екі қабаттан: сыртқы қабаты – эктодерман, ішкі қабаты – энтодермадан құралады.
Ішекқуыстылардың көпшілігі сәулелі симметриялы болады.
Ішекқуыстылар отырықшы және еркін жүзетін қалыпта тіршілік етеді.Аузының айналасында өте көп қармалауыштары болатындықтан, ішекқуыстылар көпаяқтылар (полиптер) деп те аталады. Ішекқуыстылар – жыртқыш жәндіктер.Олар қорегін аулауға және қорғануға атпа жасушаларын пайдаланады.
шекқуыстыларда арнаулы зәршығару мүшесі болмайды, қорытылмаған қорек қалдығын аузы арқылы шығарады. Қорегі екі тәсілмен қорытылады: жасуша ішілік және жасушадан тысқары немесе ішек қуысында қорытылады.
Ішекқуыстыларда регенерация күшті дамыған. Бұлардың жасушаларының атқаратын қызметі сараланып, денеде ұлпа пайда болған. Ең алғашқы жүйке жасушасы да ішекқуыстылардан байқалады.
Ішекқуыстылар жыныссыз – бүршіктену арқылы және жынысты тәсілмен көбейеді. Олар жыныс өнімдерін суға шығарады және сырттай ұрықтанады.Ішекқуыстылардың еркін жүзетін, дене құрылысы едәуір кірпікшелі дернәсілі болады, ол планула деп аталады.
3.Көпаяқты жәндіктер-полиптер. Тұщы су гидрасы да көп аяқты жәндіктерге жатады. Көпаяқты жәндіктер әсіресе теңізде көбірек мекендейді. Мәселен, Арал және Каспий теңіздерінен жеке, кейде шоғырлас тіршілік ететін, актиния деп аталатын көпаяқты жәндіктер кездестіруге болады. Оның денесі кеспелтек бағана тәрізді, төменгі табан жағымен су ішіндегі нәрсеге бекініп, үстіңгі көпаяқ тәрізді қармалауыштарымен қорегін аңдып, қимылсыз отырады. Актинияны әдемі гүл екен деп қаласың. Ол-өте жыртқыш ішекқуысты жәндік. Атпа жасушаларымен әлсіреткен балықты қармалауыштарымен қармап, жұта салады.
Көпаяқты маржан-шоғырлас қаңқалы жәндік. Гидро тәрізді ішекқуысты теңіз жәндіктерінің бірі-көпаяқты маржан. Ол теңіз суынан әр түрлі көптеген минералды тұздарды жинап, қызыл түске боялған және әктен құралған бұтақты қаңқа түзеді. Жартасты нәрсеге бекінген ондай бұтақты қаңқаның биіктігі 40 сантиметрге дейін жетеді. Қып-қызыл бұтақтардан құстың қауырсыны тәрізді аппақ 8 қармалауыштарды- көпаяқтарды көруге болады. Демек қызыл маржан аналығының денесінде гидродағы тәрізді бүршік пайда болады да, ол аналық денесінен ажырамай, сақталып жаңа көпаяқты өскін түзеді, сөйтіп әктенген қаңқада бінеше көпаяқтылар пайда болады, бұлар шоғырлас тіршілік етіп, ішекқуыстары арқылы бірімен бірі жалғасып өседі. Мұндай көпаяқтылар шоғырлас көпаяқтылар деп аталады.Қызыл маржанды әйелдердің әшекей бұйымдарын, алқа, моншақ дайындауға пайдаланады.
Ішекқуыстылардың терең суда жүзіп жүріп тіршілік ететін де түрлері бар, солардың бірі- медуза. Медузалар- мөлдір денелі, қолшатыр тәрізді жәндіктер. Медузаның аузы қолшатыр тәрізді күмбездің астыңғы жағында болады. Ауыздың айналасынан атпа жасушалары бар көптеген қармалауыштар байқалады. Жапон теңізінде тіршілік ететін шаршылы медузаның атпа жасушасынан адамның денесінде едәуір күйік пайда болып, одан дене ауырсынады.
Бақылау сұрақтары:
1.Көп клеткалы жануарлар организм клеткасы құрылымының ерекшеліктері қандай?
2.Ішек қуыстылар типіне жалпы сипаттама беріңіз.
3.Ішек қуыстылардың алуан түрлілігі және олардың маңызы туралы түсіндіріңіз.
Лекция №19-20 Тақырыбы: Жалпақ, жұмыр және буылтық құрттар типі
1.Жалпақ құрттар типіне жалпы сипаттама
3.Жұмыр құрттар
4.Буылтық құрттар, құрылысы мен тіршілік әрекеттері
1.Құрттар – жануарлардың өте кең таралған тобы.Бұлардың денесі созылыңқы пішінді, аяқтары болмайды, алайда басын айқын ажыратуға болады, ирелеңдеп қозғалады. Құрттар үш типке ажыратылады: жалпақ құрт, жұмыр құрт және буылтық құрт.
Дене пішіні созылыңқы, құрсағы арқасына жабысып жалпайған, кейбіреуінің денесін кірпікшелер қаптаған, еркін тіршілік ететін жәндіктер жалпақ құрттар типіне жатады. Бұлар жалпақ денелі болғандықтан да жалпақ құрттар деп аталады. Жалпақ құрттар теңізде, мұхитта және тұщы суларда тіршілік етеді. Бұлардың көпшілігі жыртқыштықпен, біразы паразиттікпен тіршілік етеді. Қазіргі ғылымға жалпақ құрттардың 12 500-ге тарта түрлері белгілі.Жалпық құрттардың 3 класы бар.
1)Кірпікшелі құрттар – еркін қозғалатын жалпақ құрттардың бір класы. Бұлардың денесін кірпікшелер қаптап жататындықтан,осы класқа жататын құрттар кірпікшелі құрттар деп аталады.Кірпікшелердің үйлесімді қимылынан жалпақ құрт бірқалыпты еркін қозғалады. Бұлар су түбінде, кейбіреулері паразиттікпен тіршілік етеді. Ылғалды тропиктік ормандарда, топырақта тіршілік ететін де түрлері кездеседі. Ғалымдардың есептеуіне қарағанда, қазір кірпікшелі құрттардың 3000-ға тарта түрі бар деп есептеледі.
Кірпікшелі құрттар – теңіз, мұхит және тұщы суларда су түбінде тіршілік ететін жалпақ денелі, созылыңқы пішінді жәндіктер. Денесін түк тәрізді кірпікшелер қаптайтындықтан, бұл класқа жататын жәндіктер кірпікшелі құрттар деп аталады.
Кірпікшелі құрттар – жыртқыш жәндіктер, олар судағы ұсақ жәндіктермен қоректенеді.
Кірпікшелі құрттардың денесі үш қабаттан: эктодермадан, энтодермадан және мезодермадан құралады. Бұларда дене қуысы болмайды, ең алғаш мүшелерге жіктелу байқалады.
Кірпікшелі құрттарда сезім мүшелері дами бастайды. Олар – гермафродиттер. Кірпікшелі құрттар жыныстық жолмен көбейеді. Кірпікшелі құрттарда асқорыту, зәршығару, жүйке және жыныс мүшелері бар. Олар бүкіл денесі арқылы тыныс алады, олардың арнаулы тынысалу мүшесі болмайды.
Кірпікшелі құрттар – еркін тіршілік ете алатын, кірпікшелері арқылы қимылдап жүретін жәндіктер.
2)Сорғыш құрттар – балық, қосмекенді, құс және сүтқоректілердің ішкі мүшелерінде паразиттікпен тіршілік ететін жалпақ құрттар класы. Бұл класқа жататын жәндіктер кейде трематодтар деп те аталады. “Трематода” грекше атау, оның қазақша баламасы “сорғышы бар” дегенді білдіреді. Сорғыш құрттардың дене тұртқы бірнеше миллиметрден 5 сантиметрге дейін жетеді. 5000-нан астам түрі бар деп есептеледі.
Әр турлі жануарлардың ішкі мүшелерінде (көбінесе ішегінде) мекендейтін жалпақ құрттар типінің бір класы – сорғыш құрттар. Бұлар мекендейтін иесінің ұлпалары мен мүшелеріне бекінетін арнаулы мүшесі – сорғышы болғандықтан, сорғыш құрттар деп аталған.
Сорғыш құрттар – ішкі мүшелерде паразиттік тіршілік етеді, сондықтан ішкіқұрттар деп аталады. Бұлар нақтылы жалпақ құрттар болғанмен кірпікшелі құрттардан құрылысы мен тіршілік әрекеті жағынан едәуір ерекшеленеді.
Сорғыш құрттар – еркін қозғала алмайтын жәндіктер, сондықтан олардың денесі кірпікшелермен қапталмаған,оның есесіне бекінетін арнаулы мүшесі – сорғышы бар. Денесін жұқа, тығыз қабықша – кутикула қаптайтындықтан, сорғыш құрттардың ішкі мүшелерінде тіршілік ету мүмкіндігі артады. Сорғыш құрттар – гермафродиттер – қос жынысты жәндіктер. Олардың көбеюі өте күрделі. Көбею кезінде негізгі иесі – омыртқалы жануарлар, аралық иесі – былқылдақденелілер (ұлу) және қосымша иесі – құмырсқа болады. Сорғыш құрттардың дернәсілдері кірпікшемен қапталған, сондықтан олардың кірпікшелі құрттардан шығуы да мүмкін. Паразиттік тіршілікке байланысты сорғыш құрттар жұмыртқаны өте мол салады. Бұларда қанайналым және тынысалу жүйелері болмайды, газ алмасуына қатыспайды.
3)Таспа құрттар – жануарлар мен адамның ішегінде, кейде басқа мүшелерінде тек паразиттікпен тіршілік ететін өте қауіпті жәндіктер. Бұлардың сыртқы пішіні таспа тәрізді әрі ұзын болғандықтан, таспа құрттар деген атауға сай келеді. Таспа құрттардың дене тұртқы миллиметрге жетер-жетпес,кейде тіпті 30 метрге дейін жетеді. Қазір таспа құрттардың 3000-нан астам түрі белгілі.
Таспа құрттар – адам мен жануарлардың ішкі ағзасында тіршілік ететін паразит жәндіктер. Сыртқы пішіні жалпақ құрттардың белгісіне сай келеді, денесі ұзын да жалпақ болып біткен.
Паразиттік тіршілікке байланысты таспа құрттарда асқорыту мүшесі жоқ, сондықтан иесі пайдаланатын қоректі бүкіл денесімен сіңіреді.Паразиттік тіршілікке негізгі бейімділігі денесін қорғаныш қабықша қаптайды, иесінің денесіне бекінетін арнаулы мүшесі – сорғышы және қармақшалары бар. Жүйке жүйесі нашар дамыған, сезім мүшелері болмайды.
Таспа құрттардың тіршілік айналымы өте күрделі: негізгі және аралық иенің денесінде дамиды. Бұлар – гермафродиттер, яғни қосжынысты жәндіктер. Таспа құрттардың көбею айналымы: жұмыртқа қармақшалы дернәсіл финка (екінші дернәсіл) ересек таспа құрт. Финка негізгі иесінде дамиды, оның қармақшалы және сорғышты басы, қысқа мойны, көпіршік тәрізді денесі болады. Финканың мойнынан буылтықтар пайда болып, олардың саны 1000-ға жетеді. Таспа құрттар өте көп жұмыртқа салады.
2.Жұмыр құрттар – денесі созылыңқы, буылтықтарға жіктелмеген, цилиндр немесе ұршық пішінді, көлденең кесіндісі дөңгелек, теңіздерде, тұщы суда, топырақта, кейбір түрлері адамда, жануарлар мен өсімдіктерде паразиттікпен тіршілік ететін жәндіктер. Бұлар денесінде буылтығы болмағандықтан, жұмыр құрттар деп аталады. Жер жүзінде жұмыр құрттардың 20 000-ға жуық түрлері тіршілік етеді.
Жұмыр құрттар- еркін қозғалатын, денесі буылтықсыз, созылыңқы, көптеген түрлері өсімдіктер мен жануарлар паразиттікпен тіршілік ететін цилиндр пішінді жәндіктер. Бұлардың дене тұрқы 1 миллиметрден 8 метрге дейін жетеді.
Ішексорғы және үшкірқұрт- адамда тіршілік ететін нағыз паразит құрттар. Жұмыр құрттардың денесі кутикуламен қапталған, денесінде қуысы болады, ауыз қуысы денесінің алдыңғы жағында, ал аналь тесігі-артқы жағында орналасады. Көптеген жұмыр құрттарда тері-бұлшықет қапшығы болады. Көлденең жолақты бұлшықеттері болмағандықтан, жұмыр құрттар денесін қысқарта да, соза да алмайды, тек жан-жағына иіледі. Жұмыр құрттарда тынысалу және қанайналым жүйесі болмайды. Бұлар-дара жынысты жәндіктер, олардың арасында қос жыныстылары да болады. Жұмыр құрттардың аталығынан аналығы ұзын. Көбінесе жұмыртқа арқылы көбейеді, дернәсілін тірі туатын да түрлері бар.
3.Буылтық құрттар- едәуір күрделі құрылысты, денесі екі жақты симметриялы, буылтықтанған ұп-ұзын жәндік. Бұлар теңізде, тұщы суда және топырақта тіршілік етеді. Денесі жұмыр және буылтықтардан құралғандықтан, бұл құрттар буылтық құрттар деп аталады. Буылтық құрттардың тұрқы бірнеше миллиметрден 3 метрге дейін жетеді. Қазір ғылымға 9000-нан астам түрі белгілі.Үлкен екі класқа жіктеледі.
1)Әсіресе топырақта немесе тұщы суда, кейде теңізде тіршілік ететін, денесінде көзге байқалмаса да, сипағанда сезілетін аздаған қылтандары болатын, дене тұрқы өте ұсақ немесе 2,5 метрге дейін жететін буылтық денелі жәндіктер сирекқылтанды құрттар класына жатады. Бұлардың жұмыр құрттардан ерекшелігі- денесінде буылтықтардың және сирек те болса қылтандарының болуы. Бұлар сондықтан сирекқылтанды құрттар деп аталады. Сирекқылтанды құрттар барлық жерде кездеседі, қазір олардың 5000-ға тарта түрі бар.
Сирекқылтанды құрттар-денесінде аз да болса қылтандары болатын, сезім мүшесіз, денесінде буылтықтары бар, қосжынысты болатын,сезім мүшесі нашар жетілген буылтықтары бар, қосжынысты жәндіктер. Бұлардың 200-ге тарта түрі теңізде тіршілік етеді. Бұрынғы КСРО-да 100-ге тарта топырақта, 300-ден астам суда мекендейтін сирекқылтанды құрттар бар.
Сирекқылтанды құрттардың топырақта мекендейтін түрлері топырақтың құнарлығын арттырып, жақсартуға қатысады, судағы түрлері балықтарға керек болумен қатар, суды ластанудан тазартады.
Сирекқылтанды құрттардың денесі сақиналы және біріңғай саласы бұлшықеттен тұратын тері-бұлшықет қапшығы мен қапталады. Оның астында іші сұйықтыққа толы дене қуысы болады, дене қуысы әрбір буылтыққа жеке перделермен бөлінген. Әрбір буылтықта құрттың ішкі мүшелері қайталанады, сондықтан регенерациялық қасиеті күшті дамыған.
Сирекқылтанды құрттардың көлемді ішектен тұратын асқорыту жүйесі бар. Тынысалу жүйесі бүкіл денесі арқылы жүзеге асады, арнаулы мүшесі жоқ. Қанайналымы-тұйық, қанайналым жүйелі, қаны- қызыл. Әрбір буылтықтарда зәр шығару түтіктері орналасады. Денесінің алдыңғы жағында-аузы, соңғы жағында аналь тесігі болады.
Сирекқылтандылар жұмыртқасын белбеушесіндегі шырышты қалтаға салып, содан пілдеге айналады. Пілдеден ұсақ сирекқылтанқұрттар пайда болып, біртіндеп ересек құрттар пайда болады.
2)Денесі екі жақты симметриялы, басым көпшілігі теңіз түбінде мекендейтін, тұрқы 2 миллиметрден 3 метрге дейін жететін, буылтық денелі, денесін өте көп қылтан қаптаған жәндіктер көпқылтанды құрттар класына жатады. Жер бетінде бұлардың 7000-нан астам түрі мекендейді.
Көпқылтанды құрттар-денесінде өте көп буылтықтары бар, алдыңғы буылтықтары ерекшеленіп, бас бөлігіне айналған, буылтық сайын өте көп қылтандар орналасқан, көпшілігі дара жынысты жәндіктер. Қылтандар шоғы буылтықтан өскен қалақшалары орналасады, көпқылтандылар сол қалақшалары арқылы су түбіне жорғалайды, суда жүзеді. Кейбір көпқылтанды құрттардың құлақшасында тынысалу мүшесі-желбезегі де болады.
Көпқылтанды құрттар сирекқылтанды құрттардың арғы тегінен шыққан деп саналады, сондай-ақ бұлар былқылдақденелілер мен буынаяқтыларға бастама береді.
Көпқылтанды құрттардың барлығына дерлігі теңіз түбін мекендейді. Бұрынғы КСРО-да олардың 750-ге тарта түрі бар деп есептеледі. Бұлардың тері-бұлшықет қапшығы жақсы жетілген және дене қуысы бар. Асқорыту, тынысалу, қанайналым, зәршығару, жүйке жүйесі және сезім мүшелері едәуір күрделі құрылысты. Олардың қанайналым жүйесі тұйық болады. Көпқылтандылар жұмыртқа және дәрнәсіл арқылы көбейеді. Бұлардың регенерациясы қабілеті күшті дамыған. Көпқылтандылар балдырлар және ұсақ жәндіктер мен қоректенеді.
Бақылау сұрақтары:
1. Жалпақ құрттар типіне жалпы сипаттама беріңіз.
3.Жұмыр құрттар туралы түсіндіріңіз.
4.Буылтық құрттар, құрылысы мен тіршілік әрекеттеріне тоқталыңыз.
Лекция №21-22 Тақырыбы: Моллюскалар типі (немесе былқылдақ денелілер)
1.Моллюскалар типінің тіршілік ету ортасы, сыртқы және ішкі құрылысы
2.Моллюскалар типінің қоректенуі және көбеюінің ерекшеліктері
3.Типтің алуан түрлілігі және олардың маңызы
1.Былқылдақденелілер - кейбіреулері ғана болмаса, көпшілігі бақалшақты, жұмсақ денесі бас, тұлға, аяққа бөлініп, нағыз суда мекендейтін жәндіктер. Олардың құрлықта тіршілік ететін де түрлері бар. Денесі буылтықсыз және өте жұмсақ болғандықтан, бұл топтағы жәндіктер былқылдақденелілер деп аталады. Жер жүзінде былқылдақденелілердің 130 мыңға жуық түрлері бар.
Моллюскалар типі екі класқа: бауыраяқтылар және қосжақтаулылар класына жіктеледі.
Теңіздерде, кейбірі тоғандар мен құрлықта тіршілік ететін, жұмсақ денесін бақалшақ қаптаған, тұлғасы бүкіл бауыр жағын қамтитын жәндіктер бауыраяқтылар немесе ұлулар класына жатады. Аяқ бөлігі бақалшақтың астыңғы бөлігін толтырып, дененің сол бөлігімен жүретін болғандықтан, бұлар бауыраяқтылар деп аталады. Бұлардың 90 мыңға жуық түрлері белгілі.
Бауыраяқтылардың өздеріне тән ерекшеліктер мыналар:
1.Бауыраяқтылар – көбінесе суда, кейде құрлықта мекендейтін, денесін бақалшақ қаптап, кейбіреулерінде бақалшағы болмайтын ең көп тараған былқылдақденелілер тобы. Бұлардың денесі бас, тұлға және аяқ деп үш бөліктен құралады.
2.Бауыраяқтылар - өсімдікқоректі жәндіктер. Ас қорытуға аыз, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ішектен басқа бауыр да қатысады. Тынысалу мүшесі - өкпе, зәршығару мүшесі – бүйрек. Ұлудың қанайналымы ашық болады. Олардың тіршілік әрекетінің күрделенуіне байланысты жүйке жүйесі де жақсы жетілген. Сезім мүшелері – көз, тепе-теңдікті сақтау мүшесі және денеде бытыраңқы орналасқан сезімтал жасушалары мен қармалауыштары атауға болады. Ұлулар – гермафродиттер, көпшілігі ауыл шаруашылығына зиянды жәндіктер.
Көпшілігі теңіздер мен мұхиттарда, біразы тұщы суда тіршілік ететін, екі жақтаулы, жалпақ бақалшақтары бар, құрлықта кездеспейтін, тақташа желбезекті былқылдақденелі жәндіктер қосжақтаулылар немесе тақташа желбезектілер класына жатады. Кластың олай аталуы бақалшағы мен желбезегінің құрылысына негізделген. Кластың 20 000-ға тарта түрлері бар.Қосжақтаулылардың желбезектері тақташалардан құралған. Қосжақтаулы былқылдақденелілердің бақалшағы шапанша жасушаларынан бөлінетін сұйықтықтан түзіледі. Бақалшақ үш қабаттан құралған: сыртқы жасыл қоңыр түсті қабат, оның астында ақ немесе күңгірт түсті кәрден қабат және ең ішкі меруерт қабаты болады. Бақалшақ – былқылдақденелі жәндіктердің сыртқы қаңқасы.
Қосжақтаулы былқылдақденелілердің ақорыту, қанайналық, зәршығару, тынысалу және көбею мүшелері бар, нашар да болса жүйке жүйесі сыртқы тітіркендірулерді қабылдайды. Бұлар – дара жынысты жәндіктер, жұмыртқа және дернәсіл арқылы өсіп-өнеді. Дернәсіл кезінде уақытша паразиттікпен тіршілік етеді.Өкілі ретінде теңіз жағалауларында кездесетін айқұлақты келтіруге болады.
3.Моллюскалар тип өкілдеріне тұщы суларда тіршілік ететін, бауыр сорғыш паразитіне аралық ие - тоспа ұлуы, жүзімнің жапырағына зиян келтіретін - жүзім ұлуы, бауда өсетін өсімдіктер көпшілігінің жемісі мен жапырақтарын зақымдайтын - жалаңаш шырыш т.б. жатады. Оларға жеке-жеке тоқталайық.
Құрлықта мекендеп, өкпе арқылы тыныс алатын жүзім ұлуының көздері қармалауыштарының ұшінда болады. Жазғы ыстықта денесін бақалшақтың ішіне тартып алып, қатқыл қақпақ түзетін шырыш бөледі де, қақпақпен бақалшақтың кең ауызын жауып, жазғы ұйқыға кетеді. Бұл – қосжынысты, аналығы жұмыртқасын топыраққа салады.
Жалаңаш шырыш та - өкпе арқылы тыныс алатын ұлу. Басқа ұлулардан мұның айырмашылығы: бақалшағы болмайды, шапаншасы да өте нашар дамыған, оның біраз бөлігі тыныс алу қуысын астарлап жатады. Жалаңаш шырыштың екі ұзын, екі қысқа қармалауыштары болады, ұзын қармалауштарының ұшында көздері бар болса, қысқа қармалауыштарымен заттарды сипап сезеді.Жалаңаш шырыштың денесін шырыш қаптап тұрады, сондықтан шырыш деген атауға ие болған. Олар қорегін кешкілікті және түнгі салқында аулайды, күннің қызуына шыдай алмайды, күзде дымқыл топыраққа үйме-үйме жұмыртқа салады.
Бауыраяқты моллюскалардың кейбіреуі тағамға (Қытайда және т.б. елдерде теңізқұлақты) пайдаланылса, көпшілігі түрлі түсті әдемі бақалшағы үшін әр түрлі безендірулерге пайдаланылады.
Мұхиттар мен теңіздерде бақалшақсыз былқылдақденелілер де кездеседі. Оларға жыртқыш басаяқты былқылдақденелі жәндіктер жатады. Мұндай жәндіктердің денесі тек екі бөліктен – бастан және тұлғадан құралады, денесін қозғалысқа келтіретін бұлшықетті аяғы баста болғандықтан, бұлар басаяқты былқылдақденелілер деп аталады. Сегізаяқ, кальмар, каракатицаның басында 8-10 қармалауыштар аяқтың да қызметін атқарады. Бұлар балық пен таңқышаянды жеміне пайдаланып, кейде тіпті бірін-бірі, өзінің қармалауыштарын жейді. Бұрынғы КСРО-да солтүстік және қиыршығыстағы теңіздерде басаяқтылардың 60-тан астам түрі кездеседі, алайда бұлардың денесі онша ірі болмайды. Ал өте тереңде тіршілік ететін кальмарлардың кейбіреуі қармалауыштарымен қоса есептегенде ұзындығы 18 метрге дейін жететіні анықталған, ондай кальмардың салмағы 300 кг тартады екен. Демек, ғаламшарда мекендейтін басаяты былқылдақденелілер – бүкіл омыртқасыз жәндіктердің алыбы екен.
Бақылау сұрақтары:
1. Моллюскалар типінің тіршілік ету ортасы, сыртқы және ішкі құрылысы туралы түсіндіріңіз.
2.Моллюскалар типінің қоректенуі және көбеюінің ерекшеліктеріне кесте жасаңыз.
3.Типтің алуан түрлілігі және олардың маңызы қандай?
Лекция №23-24 Тақырыбы: Буынаяқтылар типі
1.Типке жалпы сипаттама
2. Буынаяқтылар типін жүйелеу
3.Насекомдар класы, алуан түрлілігі, олардың табиғаттағы маңызы
Буынаяқтылар типі жануарлардың ең көп түрлі болып келетін типі, мұндай алуан түрлілігі, олардың тіршілік жағдайларының түрліше болып келетіндігімен байланысты, жануарлар тіршілік ететін қандай жағдай болса да, ол жерде, сөзсіз, буынаяқтылар кездеседі, атмосфераны, түрлі сулардың беттері мен олардың ішін, топырақ беттері мен оның арасын, қарлы жерлер мен мәңгі тұздарды буынаяқтылар жайлаған. Буынаяқтылардың арасында өз бетінше күн көретіндерімен қатар, жануарлар мен өсімдіктердің паразиттері де бар. Буынаяқтыларға сушаян тәрізділер көпаяқтылар және насекомдар жатады.
Буынаяқтылар екі жақта симметриялы және сегменттелген. Олардың буын-буын болып келетін қол аяқтары да метамериялы орналасқан. Буынаяқтылардың сегменттері үш бөлімге бөлінеді: бас, көкірек және құрсақ. Бұлшық еттері көлденең салалы жолақ. Орталық нерв жүйесі алғашында жұп болып, баспалдақ кейіптес келеді. Қан жүру жүйесі ашық, қан жүректің жиырылуы арқылы жүреді, ал жүректің өзі дорзаль түрде (ішектердің үстінде) орналасады және өзінің жұбынан келген кіру саңлаулары – остиялары болады. Зәр шығару органдары есебінде ішектермен байланысқан Мальпиги тамырлары мен орта ішектің оларға ұқсас қосалқылары бар. Буынаяқтылар дара жыныстылар.
Жалпы құрылысы. Буынаяқтылардың ата-тегі буылтық құрттар болып есептелінеді, олармен буынаяқтыларды байланыстыратындар мыналар: бұлардың екеуініңде денелерін кутикула жауып тұрады, сегменттелген, жүру үшін арнаулы органдары болады және ішкі органдарының жүйелерінің орналасу жағынан да ұқсас келген жеке органдарының құрылысы жағынан да ұқсастығы бар.
Сырт жамылғысы: Буынаяқтылардың сыртқы жамылғысы кутикуладан және оны астарлап жататын гиподермалық клетканың қабатынан тұрады. Кутикула хитин деп аталатын заттан құралады. Буынаяқтылардың кутикуласы тек жамылғы болып қана қоймайды, сонымен бірге сыртқы скелеті ( қаңқасы ) болып та саналадады, оған бұлшықеттер жабысып бекиді.
Денесінің сыртқы бөлшектенуі: Буынаяқтылар денесінің сегменттері әдетте үш бөлім құрайды – бас, көкірек және құрсақ, бірақ денесінің жіктелуі түрліше болуы мүмкін: құрсағы көкірегінен айрықша бөлініп тұрмауы мүмкін (көпаяқтыларда), екінші жағынан, денесінің бөлімдері екінші кезекте бір-бірімен тұтасып кетуі мүмкін.
Аяқ-қолдары. Буынаяқтылардың аяқ-қолдары өз сегментіне қозғалмалы түрде жанасқан және бір-бірімен буын-буындалып мүшеленген, мұндай бөлшектеніп жіктелген аяқ-қолдар күрделірек қозғалыстар жасай алады. Буынаяқтылардың жеке топтарының өздеріне тән пішінде біткен және олардың өздеріне лайық түрде жіктелген аяқ – қолдары болады.
Бұлшық еттері. Бунаяқтылардың бұлшық еттер тек бөлек-бөлек мышица тіндеріне бөлінген. Сонымен бірге бұынаяқтылардың бұлшыеті көлденең салалы жолақ, міне сондықтан ол тез жиырыла алады.
Нерв жүйесі. Буынаяқтыларының орталық нерв жүйесінің құрылысы өзінің алғашқы түрінде ол жұп болып келіп, гиподерманың (сыртқы жамылғының ) ішкі жағындағы дененің құрсағының бойымен бір-бірімен жарыса – паралель жатқан, екі стволдан құралады. Дененің әрбір сегментіне келгенде ствол жуандайды, нерв түйіні пайда болады. Ұзына бойлық стволдың бірінен кейін бірі жатқан екі түйінді жалғастыратын бөлімі коннективалар деп, көлденең жатқан белдеушелер – комиссуралар деп аталады. Коннективалардың алдыңғы жақтағы жұбы өңештің алдыңғы бөлімін екі жағынан бірдей орап алады, сонда түйіндердің бірнеше жұбы жұбы ішектердің ішінде жатады да, орталық нерв жүйесінің басқа қалған бөлімдері – ішектердің астында жатады. Түйіндердің бірінші жұбы жұтқыншақ үсті түйіндері , яки ми деп, ал ішектер астындағы түйіндер - құрсақ тізбегі деп аталады.
Орталық нерв жүйесінен шеттік нервтер кетеді, олар сыртқы теріге, бұлшықеттергежәне сезім органдарына таралады, бұлардың барлығыда сыртқы жамылғыментығыз байланыста жатады. Ал ішкі органдар мысалы: ішек және қосалқылары, қан жүру жүйесі, тыныс алу органдары вицеральдық немесе симпатикалық деп аталатын ерекше нерв жүйесі арқылы нерв қозуын алады. Симпатикалық жүйе нерв түйіндерінен құралады.
Сезім органдары. Буынаяқтылардың сезім органдары тітіркендіруді қабылдайтын гиподермалық клеткадан құралған. Бұл клетка бір жағынан хитиннен пайда болған бір мүшемен байланысты болады да екінші жағынан – нерв талшықтары арқылы орталық нерв жүйесімен байланысты болады. Буынаяқтылардың көру органдарын екі ктигорияға бөледі: күрделі яки фасеткалы көздер ғана өздігінен көре алатын сыртқы заттардың пішіндерін және қозғалысын қабылдай алатын органдар деп есептеледі. Жай көздер тек жарықты сезетін органдар деп қана саналады.
Ас қорыту жүйесі. Буынаяқтылардың ішек каналының пішіні түтік түрінде болады және ілгері жағында жұтқыншақ немесе ауыз тесігі жатады да, артқы жағында – аналь тесігі жатады. Жұтқыншақ тесігі денесінің алдыңғы жағының құрсақ жақ бетінде болады, артқы тесігі денесінің артқы ұшында немесе денесінің артқы ұшының құрсақ жақ бетінде болады. Буынаяқтылардың ішектерінің үш бөлімі болады, алдыңғы ішек пен артқы ішек эктодерманың ішке жиырылып кеткен жері ретінде өседі де, осымен кутикуладан астсры болады. Орта ішек эктодермадан өсіп шығады.
Буынаяқтылырдың орта және артқы ішегі без қызметін атқаратын (мальпиги түтіктері) өсінділер түзеді.
Қан жүру жүйесі. Буынаяқтылардың сөлден (лимфадан) және гемоциттерден (қан клеткаларынан) құралатын қанының біразы, дербес қабырғасы бар, түтіктер арқылы жүреді де, біразы синустармен, яки лакундармен жүреді. Буынаяқтылардың қан жүру жүйесі ашық.
Күштірек дамыған қан жүру жүйесі жүректі құрайтын арқадағы қан тамырларын ан және одан ілгері қарай, кейін қарай сегменттерге бөлініп жан-жаққа кететін артерия қан тамырларынан тұрады. Жүректен шыққан қан артерия бұталары арқылы дененің барлық бөлімдеріне барып, сол жерлерде лакундарға құйылады. Қанның ағысын жүрек қақпашаларының жүйесі бағыттап отырады.
Дененің ішкі қуысы. Буынаяқтыларда дененің екінші кезектегі қуысы, яғни целом алғашқы қуыспен қосылып кетеді де, дененің тұрақты қуысын құрайды.
Тыныс алу органдары. Буынаяқтылар суда немесе құрғақшылықта тіршілік етуіне қарай олардың тыныс алу органдары түрліше болады.Суда тіршілік ететіндерінде тыныс органы ретінде желбезектер болады, желбезек денеден өсіп шыққан жұқа жамылғысы бар беткейі үлкен өсінді жамылғының нәзіктігі және беткейдің үлкендігі қан мен айналадағы судың арасында газ алмасуын жеңілдетеді. Сушаян тәрізділер, семсерқұйрықтылар және насекомдардың судағы личинкалары желбезекпен тыныс алады.
Буынаяқтылардың атмосфера ауасымен дем алуы үшін дененің ішіне қарай жымырылып жатқан жамылғы учаскелері қызмет етеді, бұларға кеңірдектер мен өкпелер жатады, кеңірдектер түтік түрінде болады және әдетте бұтақтанып келеді.
Буынаяқтылардың өкпесінің әдеттегі пішіні – жапырақты өкпе, өкпенің бұл түрдегі құрылысы өрмекші тәрізділерге тән болады.
Зәр шығару органдары. Буынаяқтылардың зәр шығару органдарына мыналар жатады: 1) ортаңғы ішектің не артқы ішектің мальпиги түтігі деп аталатын, түтік тәрізді тұйық өсіндісі; 2)бастың не көкіректің аяқ-қолдарының түп жағы мен байланысты бездері антенналық, максиллярлық және коксальдық.
Өніп-өсу органдары. Буынаяқтылар әдетте дара жынысты болады, тек сушаян тәрізділердің біраздарында ғана гермафродитизм кездеседі. Ішкі жыныс органдары – аталық без, аналық без, аналық және олардың жолдары – аталықтарында да, аналықтарында да дененің ішінде ұқсас орындарда жатады. Жыныс өзектерімен қосалқы мүшелер байланысты. Олар: аталық ұрық түтігі мен простатикалық безі, аналығының ұрық аталық ұрық түтігі мен простатикалық безі, аналығының ұрық қабылдағышы.
Аталықта көбінесе шағылыс аппараты болады, ол кейде өте күрделі келеді және оның құрамына сыртқы жыныс тесігінің айналасына біткен өсімдіктер жүйесімен әдетте, жыныс тесікті болатын есік кіреді. Аналығы жұмыртқаларын қатты жерлерге салатындығына байланысты, кейде оның күрделі құрылған жұмыртқа салғышы болады. Буынаяқтылардың көбінің сыртқы жыныс аппараты жыныс аяқшалары - гоноподалар деп аталады.
Ішкі жыныс аппараты алғашында жұп, егер аталық без немесе аналық без жұп болмаса без жұп болмаса без жұп бездің қосылуынан пайда болады.
Дамуы. Буынаяқтылардың эмбриондық дамуы өте түрліше болып келеді. Әдетте буынаяқтылардың жұмыртқасы сары уызға бай болады, міне осыған байланысты, бөліну беткейлік болады, бөлінуден шыққан бластодерма, сары уызбен толы бластоцельді қоршап жатады.
Постэмбриональдық өсу дәуірінде личинкалық фазалардан өтпейтін тікелей өсуді (эпиморфоз) және личинкалық фазалардан өтетін – метаморфозды көруге болады. Эмбриональдық және постэмбриональдық дамудың ұзақтығы өте өзгеріп отырады.
2.Класқа бөлу
1-тип тармағы. Желбезек тыныстылар
І класс. Трилобиттер
ІІ класс. Сушаян тәрізділер
2-тип тармағы. Хелицералылар
І класс. Меростомалылар
ІІ класс. Өрмекші тәрізділер
3-тип тармағы. Кеңірдекпен тыныс алушылар
І класс. Алғашқы кеңірдектілер
ІІ класс. Көпаяқтылар
ІІІ класс. Насекомдар
3.Ауыл шаруашылық дақылдарына насекомдармен қатар жануарлар дүниесінің басқа топтарының (нематодтар, кенелер, жалаңаш шырыштар, кемірушілер) өкілдері де зиян келтіреді. Солардың ішінде түрлерінің саны жағынан өте көбі-насекомдар класы.
Практикалық маңызына байланысты насекомдар пайдалы және зиянды болып екі топқа бөлінеді. Пайдалы насекомдарға зиянды организмдерді құртатын жыртқыш және паразиттік тіршілік ететін (энтомофагтар) түрлері, топырақ пен орман зақымдануын қамтамассыз ететіндер, сонымен қатар аса бағалы азық-түлік (бал) және өндіріс шикі заттарын (балауыз, жібек бояу т.б.) беретіндер жатады. Ал ауыл шаруашылық дақылдарын, басқада пайдалы өсімдіктерді және орман ағаштарын зақымдайтын өсімдік қоректілер (фитофагтар), адамға және үй жануарларына қауіпті аурулар жұқтыратын әр түрлі қан сорғыш жәндіктер жатады.
Бақылау сұрақтары:
1. Типке жалпы сипаттама беріңіз.
2. Буынаяқтылар типін жүйелеу туралы түсіндіріңіз.
3.Насекомдар класы, алуан түрлілігі, олардың табиғаттағы маңызы туралы әңгімелеңіз.
Лекция №25-26 Тақырыбы: Хордалылар типі
Жоспары:
1.Хордалылар типіне жалпы сипаттама
2.Ланцетниктер класы
3 Балықтар класына шолу.
Омыртқалылар зоологиясын анығырақ айтқанда — хордалылар зоологиясы деп атайды. Басқа жануарлармен салыстырғанда хордалынардың үлкен маңызы бар. Бұлар ең жоғары ұйымдасқан күрделі құрылысты алуан түрлі тіршілік ететін жануарлар. Олардың 40 мыңға жуық түрі бар. Хордалылар құрлықты, суды, ауаны, және топырақ қабатын мекендейді. Сондықтан оларды бүкіл жер шарына түгелдей тараған деуге болады. Хордалылардың күрделенуі бір ғана олардың құрылысындағы және физиологиялық әрекетіндегі ерекшеліктерінің түрліше екендігінде емес, сол сияқты алардың тіршілік ету ортасымен өзара қарым-қатынасының да күрделене түсуінің нәтижесінде болады.
Омыртқалылардың халық шаруашылығының түрлі салаларын дамытуда үлкен практикалық маңызы бар. Өйткені үй малдарының барлығы хордалыларға жатады. Олардың ішінде азық үшін өсіретіндері де, тері-жүн беретіндері де, көлік және спорттық мақсатқа да пайдаланатын түрлері де бар.
Табиғатта тіршілік ететін көптеген тағы түрлері үй малдарының жаңа пайдал тұқымдарын шығарудағы табиғи резерв болып табылады. Сондай-ақ жабайы омыртқалыларды жоспарлы түрде аулай отырып ет, май, бағалы терілер сияқты шаруашылыққа қажетті өнімдер аламыз.
Хордалылардың пайдалы түрлерімен қатар зиянды түрлері де бар. Олардың көптеген түрлері ауылшаруашылық зиянкестері. Оларға сарышұнақтар, тышқандар, дала тышқандары, қасқыр т.б. жатады. Хордалылардың өзі ауру қоздырушы болмағанымен, кейбір түрлері алуан түрлі қауіпті ауруларды (оба, бурцелез, энцифалит т.б.) тасымалдаушы болып саналады.
Омыртқалылар қаншама күрделі көп түрлі болғанымен, толық, әрі жан-жақты зерттелген жануарлар. Хордалылардың түрлері сипаты мен мақсаты түрліше ғылыми зерттеулердің әрқашанда қажетті материалы болып келген. Осы зерттеулердің нәтижесінде систематиканың салыстырмалы анатомияның гистологияның, экологияның, зоогеофафиның, және т.б. көптеген күрделі жалпы мәселелері шешілді.
Зоологияның негізгі мақсаты — омыртқалылардың ұйымдастыру заңдылықтары мен тіршілік әрскеттерін зерттеп қана қоймай жануарлар дүниесін халық шаруашығында пайдаланудың жоспарлы ғылыми негізін жасау болып табылады.
Ходалылар типіне: ланцетниктер, дөңгелек ауыздылар, балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер жатады. Хордалылардың алуан түрлі болуына қарамастан олардың құрылысы мен дамуында көптеген ортақ белгілері болады.
Хордалылардың басқа жануарлардан басты айырмашылығы мыналар: хордасы немесе арқа желісінің болуы. Омыртқаның қызметін атқаратын серпімді бунақталмаған иілгіш денесінің ұзына бойы созылған сым тәрізді желіні хорда деп атайды. Ол ішінде вакуолі көп ерекше тканнен құралады. Хорда ұрықтық ішек түтігінің арқа жағынан бөлініп пайда болады. Сондықтан хорданы энтодерма қабатынан түзілген деп есептейді. Хорда төменгі сатыдағы хордалыларда өмір бойы сақталса, ал жоғарғы сатыдағы хордалыларда ұрық дәуірінде болады да, ересек жануарларда омыртқа жотасымен алмасады.
Орталық нерв системасы хорданың үстіңгі бөліміне орналасқан. Бұл түтіктің ішкі қуысын невроцел деп атайды. Хордалыларда ұрықтың нерв түтігін эктодерма бастамасының арқа бөлімінен пайда болады. Ас қорыту түтігінің алдыңғы бөлімін, сыртқы ортамен екі қатар саңылаулар арқылы атысады, оларды желбезек санылаулары деп атайды. Желбезек саңылаулары суда тіршілік ететін төменгі сатыдағы хордалыларда өмір бойы сақталады. Басқа хордалыларда ұрықтық даму кезінде болады. Хордалылардың өзіне тәні ерекшеліктері.
Хордалыларда тікентерілілер сияқты екінші ауызды жануарлар. Дене қуысы — екінші қуысы (целом). Бұның өзі оларды тікентерілілер мен буылтық құрттарға тегі жағынан жақын екенін көрсетеді. Көптеген оргаңдардың метомерлі орналасуы төменгі сатыдағы хордалыларда және ұрықтарда айқын байқалады. Құрылысының күрделенуіне байланысты, жоғарғы сатыдағы хордалылардан метомерия айқын байқалмайды хордалылардың денесін бунақталмаған, екі жақты симметриялы болады.
Хордалылардың систематикасы. Хордалылар 3 тип тармағына бөлінеді: личинка — хордалылар немесе оболочниктер (Urochordata немесе Tunicata), бас сүйексіздер (Асrаnіа), бас сүйектілер немесе омыртқалы жануарлар (Vertebrata немесе Craniata) тип тармақтары деп аталады.
2. Бұл тип тармағына бас хордалылар (cephalochordata) деп аталатын бір ғана класс жатады. Бұлардың хордалылары нерв түтігінен ұзынырақ, алға шығып тұратын болғандықтан - бас хордалылар деп аталған. Бұл класқа жататындардың негізгі белгілері мыналар: хордалары бас миынан да алға шығып созылып жатады, желбезек ерінің айналасында (атриалъдық) қуысы болады. Басы денесінен айқын бөлінген. Сезім мүшелері нашар дамыған. Бас ми деп нерв түтігінің алғашқы бөлімін атағанмен де оны қаптап тұратын бас сүйегі болмайды.
Ланцетник бас сүйексіздердің өкілі - (Branchiostoma Lanceolatum).
Сыртқы түрі. Ланцетник - ұзындығы 5-8 см болатын, екі бүйірінен қысыңқы, сопақ, балық пішіндес, мөлдір келген жәндік. Құйрығының артқы бөлімі найзаның ұшына немесе ланцетникке ұқсас болатындықтан — ланцетник деп аталған. Арқа қанаты құйрық қанатына келіп түйісіп, одан ары тұтасқан түрінде желбезек қуысына шейін созылады. Дененің құрсақ жақ бүйірінде орналасқан екі метаплевральдық қатпар болады. Олар артқа қарай атриальдық тескікке дейін созылады. Денесінің алдыңғы бауыр жағында 10-12 жұп қармалағышпен қоршалған ас жолы басталатын ауызалды тесігі болады.
Тері капшығы. Ланцетниктің тері қапшығы екі қабаттан тұрады: сыртқысын -эпидермис, ішкісін -кутис деп атайды. Жоғарғы дәрежеде дамыған жануарлардың эпидермисінен айырмашылығы ланцетниктің эпидермисі бір қабаттан тұрады да, оның сыртын жұқа кутикула қаптап жатады. Эпидермистің көпшілік клеткалары - цилиндр пішінді, бірқатары бокал тәрізді безді клеткалар ал бірқатар клеткаларында сезімтал түктері болады.
Ет системасы. Басқа хордалылар сияқты бұлардың еті де денесіне біркелкі орналаспаған. Ет өсіресе арқа бөлімінде көп болады. Ет системасы ұзына бойы бөлінген екі-миомерлер деп аталатын бунақтарға бөлінеді. Миомерлері бірінен-бірі миосепта деп аталатын дәнекер ткандермен шектеліп (белініп) тұрады. Сондықтан бунақтардың жіктері сырттан қарағанда айқын көрініп тұрады.
Хордасы негізінен қаңқа қызметін атқарады. Хорда ланцетниктің арқа жағында бүкіл денесін бойлап созылып жатады. Хорданың негізгі денесі талшықты дискалардан тұрады.
Нерв системасы. Ланцетниктерде орталық нерв системасы деп аталатын бүкіл дене бойына хордамен қатарласып созылып жатқан нерв түтігі болады. Нерв түтігінін бас жақ бөлімінің ішкі қуысы кең, ал арқа бөліміндегі қуыс тар болады. Бұл қуысты - невроцель деп атайды. Бүкіл нерв түтігі бойымен, невроцельдің жиегіне, жарық сезгіш - гecce көзшелері орналасақан. Әрбір көзшенің өзі екі түрлі клеткадан тұрады. Біріншісі - жарық сезгіш клетка, ал екіншісі - пигментті клетка. Ланцетник миының барлығы дерлік жарық сезгіш келеді. Сөйтіп әрбір ет сегментіне екі пар нерв келеді. Біреуі - құрсақ, екіншісі - арқа нерві. Арқа нервтері атқаратын қызметіне қарағанда аралас қозғалтқыш — сезгіш, ал құрсақ нервтері таза қозғалыс қызметін атқаратын нерв болып саналады.
Сезім органдары - өте қарапайым. Олар Гессе көзшелері арқылы жарықтарды, ажырата алады. Сонымен қатар денесінде - эпидермисте бытырап жатқан сезгіш клеткалары болады.
Ac қорыту және тыныс органдары. Ауыз алдындағы қармалағыш түктерінің түп жағында ауыз орналасқан. Ауызбен жұтқыншақты бөліп тұратын, етті сфинкер болады. Жұтқыншағы кең, ол жүзге жуық желбезек саңылауларын аралап өтеді. Жұтқыншақтың құрсақ жағындағы ішкі бетінде өзекшесі болады. Бұл өзекше безді және кірпікшелі клеткалармен эндостильмен қапталып тұрады. Ауыз маңына таянғанда өзекше екі айырық болып, жұтқыншақтың үстіңгі бөліміне қарай созылады. Ішегі жіктелмеген, бүкіл дене бойына созылған түтіктен тұрады. Ішектің алдыңғы бөлімінің құрсақ жағынан бір қуыс және тұйық өсінді шығады. Бұл жоғарғы сатыдағы омыртқалылардың бауырының қызметіне ұқсас қызмет атқарады. Сондықтан бұл өсіндіні бауыр өсіндісі деп аталады. Бұл айтылғандардан ланцетниктер пассивті түрде қоректенеді және тыныс алады деген қорытынды шығады. Бұлардың тыныс алуы және қоректенуі ауыз бөліміндегі — жұтқыншағындағы және ішегіндегі кірпікшелі эпителийлерінің қозғалып тұруына байланысты.
Қан айналу системасы - карапайым бірнеше қан тамырларынан ғана тұрады қаны түссіз, жүрегі болмайды.
Зәр шығару жүйесі - жұтқыншақ маңайына орналасқан көптеген (90 пар) нефридия түтікшелерінен тұрады. Нефридия түтікшелерінің бір ұшы желбезек маңындағы қуыспен жалғасады да, екінші ұшы целом қуысына еніп тұрады. Осы қуысқа еніп тұратын ұшында бірнеше тесіктер бар. Бұл тесіктердің іші қуыс, сырты түйреуіштің басы сияқты клеткалармен - соленоцидтармен қапталған..
Жыныс бездері. Аталық және аналық жыныс бездері сырт жағынан ұқсас болғандықтан оларды бір-бірінен ажырату мүмкін смес. Олар көптеген (25 пар) шap тәрізді целом қуысынын желбезек бөліміне орналасқан денешіктерден тұрады. Жетілген жыныс клеткалары уақытша пайда болған жыныс жолы арқылы желбезек қуысына келіп одан атриопор арқылы сыртқы суға шығарылады. Яғни ланцетниктің ұрықтануы сыртта болады.
Көбеюі және дамуы. Ланцетниктредің кебеюін және дамуын бірінші peт А.О. Ковалевский зерттеген. Ұрықтанған жұмыртқалары өте қысқа мерзімде дамиды. Кешке ұрықтанған жұмыртқа түн ортасында гастролалық даму кезеңіне жетіп үлгереді. Жұмыртқаның бөліне бастаған мезгілінен 36 сағаттан соң ұрықтың ауызы және алғашқы желбезек сақылауы қалыптасады.
3.Балықтардың ерекшеліктеріне; біріншіден, балықтардың қозғалмалы жақтарының болуы; екіншіден, көкірегінде және құрсағында қозғалыс органы қос қанаттарының үшіншіден, иіс сезімі және тану тесіктері жұп болуы; төртіншіден, желбезектерінің жапырақшаларының экотодермадан пайда болуы; бесіншіден, балықтардың денесінің қабыршақтарымен қапталуы т.б. жатады.
Балықтар қоректерін активті түрде іздеп тауып ұстайды, тез қозғалып ортаны бағдарлап әрі оған беімделе алады.
Қазір балықтардың 20 мыңға жуық түрі белгілі.
Балықтардың түрінің көп болуы оларға жалпы сипаттама беруге қиындықтар туғызады. Сондықтан да балықтарға толық сипаттама беру үшін оларды екі топқа бөліп қарастырамыз: бірінші- шеміршекті балықтар; екінші -сүйекті балықтар.
Шеміршекті балықтар — осы заманда тіршілік ететін балықтардың ішіндегі скелеті шеміршектен тұратын қарапайым құрылысты организмдер болып есептеледі. Желбезек тесіктерінің жалпақ перделермен бөлінеді де, олар көпшілік жағдайда денесінің сыртқы бетіне келіп ашылады. Желбезек қақапақшалары болмайды. Сыртқы қабыршақтарының құрылысы күрделі емес. Жүзу торсылдақтары жоқ.
Шеміршекті балықтар екі класс тармағына бөлінеді, 1-тақта желбезектілер және 2-бүтін бастылар, немесе химерліктер.
Скелеттері өмір бойы шеміршекті болады. Скелеті омыртқа жотасынан және бас сүйегінен тұрады. Омыртқаларың дене және құйрық омыртқалары деп екіге бөледі. Бас сүйегі ми сауытының, сезім органдарының капсуласынан және рострумнан құралған.
Ac қорыту органдары. Ауыз қуысын қоршап тұратын жақтарында ірі тістері болады. Ауыз қуысы желбезек саңылауларын аралап өтіп жұтқыншаққа жалғасады. Қысқа өңеші доға тәрізді иілген қарынға ашылады, ал қарыннан ары қарай қысқа аш ішек кетеді. Тоқ ішегі жуандау ішінде спиральды қатпаршалары болады. Қатпаршалар ішектің ішкі ас қорыту бетін ұлғайтады, астың жайлап қозғалуына, толық қорытылуына әсер етеді. Екі бөлімнен тұратын бауырында өті болады. Көкбауыр қарынның иілген жағында жатады.
Тыныс органдары. Әрбір желбезек саңылауларының бір ұшы жұтқыншаққа, ал екінші ұшы денесінің сыртына ашылады. Желбезек тесіктерінің әрқайсысының аралықтары жалпақ желбезек перделерімен бөлінген. Желбезек перделердің қалың қабатында шеміршекті желбезек доғалары жатады.
Қан айналу системасы. Шеміршекті балықтардың жүрегі екі камерадан жүрекше мен қарыншадан тұрады.
Нерв системасы. Миы едәуір үлкен болады. Ол ортаңғы, аралық, алдыңғы, мишық және сопақша мидан тұрады. Миынан 11 жүп нерв тарайтындығы және олардың ми бөлімдерінің қалыптасу тәртібі жоғары дәрежеде дамыған омыртқалылардікі сияқты. Сүйекті балықтардың миынан 10 жұп нерв тарайды,
Сезім органдары. Шеміршекті балықтардың тұйық бітетін қос иіс қапшықтары болады. Көзінің өзіндік ерекшілігін аңғару қиын емес. Өйткені көзінің қасаң қабығы жалпақ, ал хрусталигі шар тәрізді, жоғарғы және төменгі қабақтары болмайды.
Есту органы ішкі құлақтан ғана тұрады. Бүйір сызығы айқын байқалады. Зәр шығару органының қызметін мезанефрос деп аталатын алғашқы бүйрек атқарады. Бүйректерден шыққан зәр заты қос Вольфов каналшалары арқылы клоакаға келіп құйылады.
Бұлардың көпшілігінде аналық жыныс бездері жұп болады. Жұп жұмыртқа жолдары аналық без бездерімен жалғаспай-ақ дене қуысындағы соларға жақынырақ маңайға ашылады. Аналықтың зәр шығару және жыныс жолдары дербес болады. Бір пар аталық безі бүйрек каналдарымен және оның алдыңғы бөлімдерімен байланысқан. Бұл каналшалар бүйрек заттарынан өтіп, Вольфов каналдарына барып құйылады. Вольфов каналшалары аталық балықтарда зәр және жыныс жолының қызметін атқарады. Бүйректердің артқы бөлімі зәр шығару органының қызметін атқарады да, алдыңғы бөлімі аталық жыныс бездерінің қосалқысы болып есептеледі.
Балықтар класының көпшілігі сүйекті балықтар тобына жатады.Сүйекті балықтар барлық су қоймаларында дерлік тараған. Осы кездегі сүйекті балықтар төрт класс тармағына бөлінеді: Шеміршекті- сүйектер,қауырсың қанаттылар,қос тыныстылар және саусақ қанаттылар.
Сыртқы құрылысы
Балықтардың денесі екі бүйірінен қысыңқы келген, ұршық тәрізді болады. Басы сүйірленіп тұтасып келіп, кеудеге жалғасады, ал кеудесі арт жағына қарай бірте-бірте сүйірлене келе құйрық бөліміне айналады. Құйрық пен құрсақтың шекарасында артқы аналь тесігі, ал оның арт жағында жыныс және зәр шығаратын тесіктер болады. Кеуде қанаттары екі бүйірінде желбезек саңылауларының артқы жағына өте жақын жерге орналасады. Құрсақ қанаттары денесінің алдыңғы жағына жақынырақ орналасқан. Дара қанаттары арқасындағы екі қанаттан, құйрық және аналь тесігінің тұсындағы қанаттардан тұрады. Балықтардың құйрық қанаттары кең, ашалы келеді. Құрылысы осындай құйрықты гомоцеркальды құйрық қанаты деп атайды Басының тұмсық жағына сүйекті жақтары мен қоршалған аузы орналасады. Көздері кішкентай болады, ал олардың алдыңғы жағында, басының үстіңгі бетінде, танау тесіктері тұрады. Әрбір танау тесігі тері тектес көлденең тұрған пердемен екі (алдынғы және артқы) бөлімге бөлінеді. Басының артқы және бүйір жағында жалпақ желбезек қақпақтары болады. Желбезектер осы қақпақтардың астында орналасқан.
Балықтардың жүзу кезіндегі түрлі қимылдары, олардың қанаттарының түрліше қозғалуына байланысты. Балықтардың ілгері қарай қозғалуында құйрық қанаты басты органы болып есептеледі және ол денесін басқару қызметінде атқарады. Қос қанаттарының жәрдемімен балықтар су ішінде денесін бұрып отырады. Сонымен бірге қос канаттары денесін су ішінде табиғи қалыпта ұстауға жәрдемдеседі. Егер де қос қанаттарын денесіне таяп байласақ олар бауырын судың бетіне қаратып қалқып су бетіне шығады. Арқа және құрсақ қанаттары активті қозғалыстарға қатыспағанмен балық денесінің орнықты болуына олардың үлкен әсері тиеді.
Ішкі құрылысы.
Омыртқа желісі. Амфицельді сүйекті омыртқалардан тұрады. Ол кеуде, құйрық болып екі бөлімге бөлінеді. Кеуде бөлімінің жоғарғы доғасы қосылып, жұлын каналын құрайдықұйрық бөлімінде ондай құбылыс байқалмайды.
Бас сүйегі. Сүйекті балықтардың бас сүйегінің едәуір бөлімдері сүйектерден құралған. Бас сүйегі тері (dermocranium) және шеміршек (chondrocranium) тектес сүйектерден пайда болған.
Ми сауыты шеміршекті сүйектерден тұрады. Ми сауытының артқы бөлімі қарақұс тесігін көмкере орналаскан төрт шүйде сүйектерінен құралған. Қарақұс тесігінің төменгі жағында негізгі шүйде сүйегі, осы тесіктің екі бүйірінде, парлы бүйір сүйегі, ал жоғарғы жағынан жоғарғы шүйде сүйегі қоршап жатады. Есіту капсуласының маңында бас сүйегінің екі жағына бес-бестен орналасқан құлақ сүйегі болады.
Көз маңайында дара сына тәрізді негізгі сүйек көз ұясының төменгі артқы бұрышын құрайды. Қос қанат сына тәрізді және көз сынасы тәрізді сүйектер бар. Бұл сүйектер көз қуысының жоғарғы артқы және орта бөлімдерін қалыптастырады.
Иіс бөлімін дара аралық иіс сүйегі және жұп бүйір иіс сүйектері құрайды. Сөйтіп, шеміршек арқылы сүйектену ми сауытының артқы, бүйір бөлімдерін аздап та болса оның астыңғы бөлімін құрайды. Ми қақпағын құрауға қатыспайды.
Бас сүйегінің қақпақ жағы, оның бүйір, астыңғы бөлімінің сүйектері тері тектес сүйектерден пайда болған. Бас сүйегінің қақпағының алдыңғы бөлімдері жұп мұрын сүйектерінен, маңдай сүйектерінен және одан әрірек шүйде жағына таман жұп төбе сүйектерінен құралады. Оның төменгі жағында — барлық бас сүйегінің түбін — парасфеноид және оның алдыңғы жағында жатқан өре сүйегі (сошник) құрайды.
Тіл асты сүйектер мен желбезек доғаларынан висцеральдық скелет құрылады. Акулаларда болмайтын желбезектер қақпағы сүйекті балықтарда болады. Сүйекті балықтардың алғашқы ретте пайда болған жақтары қоректі азықтарын ұстау қызметін атқармайды. Қоректі қабылдау әрекетін және басқа да болатын күрделі қозғалыстарды жақ аралық сүйегімен жоғарғы жақтан құралған екінші ретте дамыған жақтары атқарады. Төменгі жақ құрамы шаршы сүйекпен ұштасатын шеміршекті буындасу сүйегінен, екі үлкен тіс сүйегінен және кішкене бұрыш сүйегінен тұрады.
Желбезек қақпағы гиомандибуляре сүйегіне бекіп тұрады. Желбезек шатыры жалпақ келген үстірт төрт (қақпақ, қақпақ алды, қақпақ асты және қақпақ аралық) сүйектен құралған.
Қауырсын қанатты балықтарға ғана тән, тіл асты доғасының төменгі бөлімінің артқы жиектеріне бекіген бірнеше ұзын сүйекшелер — желбезек торсылдағының қауырсыңдары болады. Алабұға бас сүйегінің бұл схемадан ерекшелігі — біріншіден, ми сауытының үстіңгі және шеміршек сүйектері бірігіп кеткен, екіншіден, көз аралық пердесі болмайды.
Аяқ скелеті. Кеуде қанаттарының скелетінде базалиялар болмайды, ол тек қана сүйекті радиалиядан және қанаттың сүйекті қауырсындарынан құралады. Радиалиялар бірден барып иық белдеуіне жалғасады. Алдыңғы аяқ белдеуі басқа сүйекті балықтардікі сияқты нашар дамыған және ол кішірек «жауырын» мен коракоид деген сүйекшелерден тұрады. Бұл алғашқы ретте пайда болған шеміршек тектес сүйектерден қалыптасқан белдеуге тері тектес сүйектерден тұратын екінші рет пайда болған белдеу келіп бекиді. Бұл белдеудің сүйектерінің ішіндегі ең ірісі, орақ тәрізді — клейтрум деп аталатын сүйек. Ол сүйек ұсақ сүйектер арқылы бас сүйегінің сауытымен жалғасады.
Сүйекті балықтардың алдыңғы жұп қанаттарының базалиясы, ал артқы парында радиалиясы да болмайды. Бұл сүйекті балықтардың аяқ скелеттерінің шеміршекті балықтардан ерекшелігі болып есептеледі.
Ет системасы. Кеудесі мен құйрық бөлімінің ет системасы, минога мен акулалардікі сияқты миосепталармен бөлініп бұтақталған миомерлерден құралады. Жеке миомерлер воронка тәрізді болып бір-біріне еніп тұрады, Қанаттарының еттері жекеленіп, жіктелген.
Нерв системасы. Миы кейбір қарапайым белгілері бойынша, шеміршекті, шеміршекті-сүйекті балықтардың миына қарағанда әлдеқайда қарапайым болады. Біріншіден, сүйекті, балықтардың миының көлемі кішірек келеді. Екіншіден, олардың алдыңғы миы кішірек және сүйекті балықтардың, көпшілігінде ол үстіңгі жағынан нерв заттары жоқ эпителиймен қапталған. Жарты шарлардың қуыстары перде арақылы бөлінбеген. Керісінше ортаңғы ми мен мишық басқаларына қарағанда көлемді болады. Алдыңғы мидан кішірек иіс бөлімдері тарайды.
Бұларға алдыңғы мидың жұп сіңірлері келіп енеді. Аралық ми өте кішкене және алдыңғы мидан айқын бөлінбеген. Аралық мидың қақпағынан эпифиз бөлінеді. Ортаңғы миы басқа сүйекті балықтардікі сияқты, басқа ми бөлімдерімен салыстырғанда өте үлкен болады. Ал мишығы да өте үлкен және сүйекті балықтардағыдай бір сызықтың бойында және ортаңғы миға жанасып жатады.
Бас миынан 10 пар нерв таралады (I—X). ХІІ-пары бас сауытынан тысқары жерден шығады.
Көру органдары. Көздерінің құрылысы, балықтардың көпшілігінікі сияқты дөңгелек, хрусталигі және жалпақ қасаң (роговица) қабығы болады, сондықтан да көздің алдыңғы камерасы кішкене келеді. Бұл қабықтың екі жағы көз ұясында болып, ал алдыңғы жағының ортасы ашық қалады. Осы қалпында ол хрусталикке екі жағынан тиер-тимес болып тұрады. Көздің белокты қабығы шеміршекті болады. Балықтардың, көз алмасының қан тамырлы қабатынан оның қуысына орақ тәрізді өсінді келеді. Бұл жіңішке дәнекер тканьнен қалыптасқан қатпар деуге болады. Мұның өзі көздің тамырлы қабатының көру нерві енетін жерінен басталып, көздің торлы қабатын басып өтіп, көз хрусталигіне барып бекиді. Көз алмасының күміс түсті қабығы белокты қабықтың астыңғы жағында орналасқан.
Есіту органдары. Сүйек капсуласының ішіне орналасқан бір ғана ішкі құлақтан тұрады. Басқа омыртқалылардікі сияқты, бұларда да иірімді жарғақтар скелеттің иірімді қуысының ішінде жатады. Бұл екеуінің ортасындағы қуыста сұйық зат (перилимфа) болады. Сөйтіп, иірімді жарғақтар сұйық заттың ішінде тұрады. Мүйіз тәрізді әрбір жартылай шеңбер каналдың бір ұшы кеңейіп барып, тұйықталып бітеді. Бұл тұйықты ампула деп атайды. Дөңгелек қапшықтан тұйық болып бітетін— эндолимфа жолы және қуыс өскін (улитка) шығады. Иірімді жарғақтардың ішіндегі эндолимфада бірнеше ұсақ отолиттермен бірге сүйекті балықтарда есіту тастары, яғни ірі отолиттер де болады.
Дәм сезу органы. Алабұғалардың дәм сезу органдары микроскоп арқылы ғана көрінетін ұсақ, дәм айыратын бүршікшелерден құралады. Жеке дәм айыратын бүршікшелер — бір-біріне жақын жатқан дәм айыратын клеткалардан және олардың арасындағы тірек клеткалардан құралады. Әрбір сезгіш клетканы нерв талшықтары қоршап тұрады. Сүйекті балықтардың бәрінде де дәм айыру бүршікшелері тек ауызда ғана орналасып қоймай, сонымен қатар бүкіл сыртқы тері қабатында да болады.
Иіс органдары — екі тесікті (танау) жұп қапшықтардан құралады.
Ас қорыту органдары. Ауыз қуысы мен жұтқыншақ айқын бөлінбеген. Сондықтан да ауыз бен жұтқыншақ қуысын бірге қосып, ауыз жұтқыншақ қуысы деп атайды. Алабұғаның аузында бірнеше ұсақ тістері бар. Тістері жоғарғы жақ, жақаралық тіс сүйектеріне орналасумен қатар, таңдай сүйектеріне, өре сүйекке және тіл асты шеңберінде де орналасады. Тістердің барлығының формасы бірдей болады. Ұш жағы сүйір, конус тәрізді. Тістерімен керекті затын ұстайды, бірақ оны майдалап, ұсақтай алмайды. Алабұғалар басқа жыртқыш балықтар сияқты қоректік затын бүтіндей жұтады. Тілі болмайды. Жұтқыншақ қысқа өңешке келіп жалғасады. Өңеш үлкен және өте созылмалы қарынға барып жалғасады. Одан нағыз ішек басталады. Ішектің алдыңғы бөлімі иіріліп барып шумақ шығарады. Одан кейін ішек ешқандай шумақталмастан денесінің арт жағына қарай созылып барып дербес тесік болып сыртқа ашылады. Бірақ ішектің басталған жерінде тұйық, кейде пилорикалық деп аталатын өсінділер пайда болады. Бұл өсінділер шеміршекті балықтардағы спираль тәрізді қақпақшалар сияқты ішектен тамақты жүруін баяулатады және ішектің ас қорыту бетін арттырады. Тұйық өсіндінің саны түрлі балықтарда түрліше болады. Мәселен алабұғада—3, ласосьта — 40, скумбрияда — 200 жуық.
Бірнеше бөліктен тұратын бауырында өті болады. Өт—өт жолы арқылы ішектің баулық тәрізді алдыңғы бөліміне ашылады.
Ұйқы безі айқын байқалмай ұсақ түйір түрінде шажырқайда шашырап жатады.
Жүзу торсылдағы құрсақ қуысының арқа жақ бөліміне орналасады. Торсылдақты іші газға (көмір қышқыл газына, оттегіне және негізінен азотқа) толған жұқа қабықты қапшық деуге болады. Торсылдақ негізінде гидростатикалық аппарат болып есептеледі. Ол кеңейген кезде балықтың меншікті салмағы азаяды, қысылған кезде меншікті салмағы артады. Торсылдақтың ішіндегі газ қысымының артып немесе кеміп отыруы — торсылдақтың қабырғаларында көптеген ұсақ қан тамыларының болуына байланысты.
Кейбір жерлерінде қан тамырлары ұсақ капиллярға тарамдалады.
Осы ұсақ қан тамыршалары арқылы, торсылдақ ішіндегі оттегін қабылдап, немесе газ алмасу нәтижесінде пайда болған керексіз заттарды сыртқа шығарып отырады. Осындай процестің нәтижесінде балық торсылдақтарының көлемі бірде ұлғайып, бірде кішірейіп отырады. Бұған қарағанда торсылдақ кейбір балықтарда аздап болса да тыныс алу процесіне қатысады.
Тыныс алу органдары. Алабұғалардың: басқа балықтардікі сияқты, төрт пар жетілген желбезектері болады. Сонымен қатар желбезек қақпағының ішкі жағында жалған желбезек деп аталатын жетілмеген желбезегі болады. Сүйекті балықтардың желбезек аралық перделері болмайды, желбезек талшықтары желбезек шеңберлеріне ғана бекиді. Желбезек қуысын сыртқы жағынан желбезек қақпағы жауып тұрады.
Сүйекті балықтар — желбезек қақпақшаларын қозғалту арқылы тыныс алады. Балық желбезегі қақпағын ептеп көтере бастағанда, желбезек қақпақшасының жиегіндегі жұқа тері перде сыртындағы судың қысымының әсерінен желбезек саңылауларына жабысады. Мұның нәтижесінде желбезек қақпағының астында бос қуыс пайда болады және ауыз-жұтқыншақ қуысына қарай су өтеді. Желбезек қақпағы төмен орнына түскенде, су қысылып барып, желбезек саңылауларынан сыртқа шығады.
Қан айналу органдары. Алабұғалардың жүрегі үш камерадан тұрады: вена колтығы, жүрекше және қарынша. Сөйтіп, алабұғаның акуладан айырмасы, алабұғада артерия конусы болмайды. Оның орнына алабұғада қолқа түйіні болады. Бұл құрсақ қолқасының басталған жері. Мұның артерия конусынан өзгешелігі — қабырғасы тура ет тканьдерінен құралған. Сондықтан да ол жүрек секілді өз бетінше қызмет ете алмайды. Тіл асты жартылай желбезектің шала дамуының салдарынан, оған қан әкелетін артерия жойылып кеткен. Сөйтіп қан әкелуші желбезек артерияларының төрт пары ғана сақталған. Осыған сәйкес сүйекті балықтарда қан әкететін желбезек артерияларының төрт-ақ пары болады. Бұлар арқа қолқасының түбіне келіп құяды. Арқа қолқасы алдынан және арт жағынан са бақталып бір-бірімен қосылуынан пайда болады. Осының нәтижесінде артериялық бас шеңбері пайда болады. Бұл сүйекті балықтардың басқа балықтардан ерекшелігі болып есептелінеді.
Алдыңғы қолқасы бас бөлімін қанмен қамтамасыз етсе, арқа қолқасы денесінің артына қарай барып басқа органдарды қанмен қамтамасыз етеді.
Вена. Акуланың вена жүйесімен салыстырғанда бұлардың мынадай өзгешелігі бар:
1) бүйір веналары болмайды;
2) сүйекті балықтардың көпшілігінде, тек қана сол жағындағы артқы кардиналь венасы тікелей келіп кювьер өзегіне жалғасады,
3) құйрық венасы бауыр кақпа венасымен бірігіп кетеді.
Зәр шығару органдары. Омыртқа жотасының екі жағында торсылдақтарының үстіңгі жағына орналасқан лента тәрізді мезонефрикалық бүйректерден тұрады. Бүйректерінің ішкі жиектерін қуалай орналасқан вольфов каналшаларына ұқсас, зәр түтікшелері болады. Зәр түтікшелері сыртқа ашылатын жерде бір-бірімен қосылып, бір ғана каналға айналады. Кейбір түрлерінде қуығы болады, оған зәр шығару каналы арқа жағынан келіп ашылады.
Жыныс органдарының құрылысы — шеміршекті балықтардан гөрі өзгеше болады. Қос аталық және аналық жыныс бездерінің ішінде қуысы болады да, олар ерекше каналдар арқылы зәр тесігінен басқа тесік арқылы зәр-жыныс каналына келіп ашылады. Сөйтіп, шеміршекті балықтардай, ұрғашыларында жұмыртқа жолының қызметін атқаратын – мюллеров каналдары болмайды. Еркектерінде жыныс бездерінің бүйрек пен байланысы жоқ, ал вольфов каналдары зәр шығару каналының қызметін атқарады.
Уылдықтары ұсақ, оның сыртында жұқа мөлдір қабығы болады. Ұрықтану аналық организмінен тыс, су ішінде болады. Тек қана аздаған түрлерінде ұрықтану іште және «тірі жұмыртқа» туушылық байқалады. Мысалы, Американың субтропиктік суларында мекендейтін тісті карп тәрізділері және аквариумдарда өсіретін – гамбузия балығы тірі шабақ туып, көбейеді.
Бақылау сұрақтары:
1. Хордалылар типіне жалпы сипаттама беріңіз.
2.Ланцетниктер класына нелер жатады?
3.Балықтар класына шолу жасаңыз.
Лекция №27 Тақырыбы: Қос мекенділер класы
Жоспары:
1.Кластың тіршілік ету ортасына байланысты сыртқы және ішкі құрылысының, қимылының ерекшіліктері
2.Жүйке жүйесі және сезім мүшелері
3.Көбеюі мен дамуы
4.Қос мекенділердің алуан түрлілігі
1.Құрлықта тіршілік етуші алғашкы омыртқалылар қосмекенділер болған. Олар пайда болғанға дейін жерде судың омыртқалылары — балықтар тіршілік еткен. Қазбадан табылған ертедегі балықтардың арасынан саусақ қанатты балықтар белгілі. Ендеше девон дәуірі кездерінде (шамамен 400-500 млн. жыл бұрын) алғашқы қосмекенділер (стегоцефальдар) саусақ қанатты балықтардың ертедегі тегінен шыққан деп болжайды. Қосмекенділер құрлыққа шығуымен қатар сумен де байланысын жоғалтпады және толышмен құрлық жануарларына айналған жоқ. Қосмекенділер гректің "амфибиос" деген сөзінен олардың өз тіршілігінде тек құрлықпен ғана емес, сонымен бірге сулы ортамен де байланысты екендігін көрсетеді. Бұл байланыс олардың тіршілік әрекеттерінен көбею, даму және дене құрылыс ерекшеліктерінен айқын көрінеді. Ересек өкілдері сазды көлеңкелі жерлерде, көбіне тұщы су қоймаларының жағалауында тіршілік етеді. Қосмекенділер тұзды суларда өмір сүре алмайды.
Құрылысы: Ересек түрлерінің денесі бас, дене және екі жұп аяқтан тұрады. Құйрық және қосмекенділерде стегоцефальдарда болған, өйткені олар үнемі суда тіршілік еткен. Ал қазіргі тіршілік ететін қосмекенділердің құйрықтылар деп аталатын (тритондар, саламандралар) отрядында құйрық сақталған, өйткені олардың ересек өкілдері де көпшілік уақытын суда өткізеді. Қазіргі қосмекенділердің көпшілігінде әсіресе құйрықсыздар отрядының өкілдерінде (көлбақа, құрбақа және басқалары) артқы аяғымен секіріп (жүрудің) қозғалудың нәтижесінде құйрықтары жойылған. Жер астында тіршілік ететін көптеген түрлерінде (аяқсыздар отряды немесе құртша) аяқ та, құйрық та жойылған (құрша, цейлон балықжыланы т.б.) Қосмекенділер жартылай құрлықта тіршілік етуіне байланысты балықтармен салыстырғанда жақсы жетілген. Бас-мойын бөлімінің бір ғана омыртқасы арқылы дене омыртқасымен жалғасады. Соның нәтижесінде бас қозғалмалы болып, азықтарын тез ұстауға мүмкіндік туғызады.
Тері жабындысы. Барлық қосмекенділердің терісін және оның сыртынан жауып тұратын сүйекті немеее мүйізді қабыршақтары жоқ - жалаңаш болады. Сүйекті қабыршақтар тек кана стегоцефальдарда болған. Олардың денесінің салмағы судан шыққанда артып, суға түссе жеңілденген. Сондыктан құрлықта өмір сүрген қосмекенділер үшін сүйекті қабыршақтардың болмауы үлкен жеңілдік. Қабыршақтардың жойылуымен, қорғанудың қажеттілігіне байланысты эпидермисінде бездер өте көп. Тері бездерінің секреттері теріні құрғап кетуден және сыртқы ортаның факторларының зиянды әсерінен қорғайды. Көптеген түрлерінін терісінде улы бездері болады. Оның қызметі қосмекенділерді жыртқыш жануарлардан қорғайды. Қосмекенділер құрлықта тіршілік ететін жануарлар сияқты құрғақшылыққа қарсы тұру қабілеттілігі әлі жете дамымаған. Сондықтан олар сазды көлеңкелі жерде, судың ылғалды жағасында жүреді, сонымен бірге бақалар мезгіл-мезгіл суға түсіп, терісін сулап отырады.
Қаңқасы. Қосмекенділердің құрлықта тіршілік етуіне байланысты қаңқасының барлық бөлімдерінде өзгерістер бар. Жер бетіндегі тіршілігіне сәйкес ми сауыты (көпшілігінде) өмір бойы шеміршекті күйінде қалады. Бас жамылғы сүйектер аз кездеседі. Басты үстіңгі жағынан төбе және маңдай сүйектері қоршап жатады. Тіл асты доғасының, желбезек доғасының өзгеріске ұшырауы тіл асты пластинкалардың тууына себебін тигізеді.
Омыртқа жотасы — мойын, дене, сегізкез және құйрық бөлімдерінен тұрады. Мойын бөлімі бір ғана омыртқадан тұрады, дене омырткалары 7-100-ге дейін болады. Мысалы, ең азы — 7, ал аяқсыздарда 100-ден асады. Сегізкөз бөлімінің омыртқасы біреу ғана, ал аяқсыздарда тіпті болмайды. Құйрық бөлімі құйрықты қосмекенділерде айқын бөлінген, ал құйрықсыздарда уростил деген бір ғана сүйекшеден тұрады. Қабырғалары нашар дамыған немесе жойылып кеткен. Нағыз қабырға тек қана аяқсыздарда болады, құйрықтылар нашар дамыған, ал құйрықсыздарда қабырға мүлдем болмайды. Қабырғалардың болмауына сәйкес олардың көкірек қуысы болмайды.
Аяқ қаңқалары құрлықта тіршілік ететін омыртқалылардың аяқ қаңқасына ұқсайды. Алдыңғы аяқтары тоқпан жілік, қары (кәрі) жілік, ол екі сүйектен тұрады: Шыбық сүйегі мен шынтақ сүйектерінен құралады, алдыңғы аяқтарындақол басы сүйектерінен тұрады. Артқы аяқтарында ортан жілік, ол жамбас белдеуіне жалғасады, асықты жілік, ал асықты жілік үлкен асықты жіліктен және асық жілік шыбығынан тұрады, артқы аяқтарында - табан сүйектерінен тұрады. Қосмекенділердің алдыңғы және артқы аяқтары алғашқы көздерде бес саусақты болған, ал қазіргілерінде саусақ аз болуы ықтимал. Құйрықсыз қосмекенділердің артқы аяқтары ұзын болып келеді, өйткені олар суда жүзіп жүру үшін қажет және саусақтарының арасы жүзгіш жарғақтармен қосылған.
Иық және жамбас белдеулері балықтардікі мен салыстырғанда әлдеқайда жақсы дамыған. Иық белдеуі негізінен мына сүйектерден құралады: жауырыннан, бұғанадан, каракоидтан. Осы айтылған иық белдеуінің үш сүйегінің ұштары тоқпан жіліктің басына келіп жалғасады. Қосмекенділерде дамыған қабырғалардың болмауына байланысты, көкірек қуысы болмайды. Жамбас белдеуі үш сүйектен қалыптасқан. Ұзын мықын сүйегі (подвздошной), шап сүйегі (лобковый), шонданай сүйегі (седалешной). Осы сүйектердің ұштары түйісіп, жамбас шұңқырын құрайды. Жамбас белдеуі өзінің ұшымен сегізкөз омыртқасымен жалғасады. Сондықтан қосмекенділердің артқы аяғы, балықтардың бауыр жүзгіш қанаттарынан гөрі бекіністері мен сүйеніштері әлдеқайда мықты болады.
Ет жүйесі. Балықтардың ет жүйесімен салыстырғанда қосмекенділердің ет жүйесі ерекшелеу. Өйткені бірінші рет омыртқалы жануарларда аяқтарының пайда болып, соның көмегімен жер бетінде қозғалуында. Сондықтан алдыңғы, артқы аяқтарында күшті еттер дамиды және қозғалысына байланысты еттер жіктелген. Ал балықтардың еттеріндегі сегметті бөліну оларда сақталмаған. Қорыта айтқанда осы қосмекенділерде пайда болған ет жүйесі, эволюцияның даму барысында күрделеніп, жікке бөлініп жоғарғы омыртқалы жануарлар — бауырымен жорғалаушылардың, құстардың және сүтқоректілердің ет жүйесінің негізін қалайды.
Ас қорыту жүйесі. Қосмекенділердің негізгі қорегі жануар тектес болады, оның ішінде омыртқасыздар басым болып келеді. Бақалар өздерінің жалпақ та, жабысқақ тілімен қозғалып жүрген омыртқасыздарды тез ұстап алады. Барлық қосмекенділердің тілінің ұстіңгі бетінен, желім сияқты шырын бөлінеді. Осы шырынның жәрдемімен ұсақ жануарларды ұстап қорек етеді.
Тістері ұсақ біркелкі үстіңгі жақ сүйектеріне, ал кейбір түрлерінде төменгі жақ сүйектеріне орналасқан. Кейбір түрлеріде (құрбақаларда) тістері бслмайды. Ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан басталып жұтқыншақ қуысына жалғасады. Жұтқыншақ арт жағынан тарылып өңешке айналады. Ауыз—жұтқыншақ қуысына жалғасады. Ауыз-жұтқыншақ қуысына сілекей бездерінің де жолдары ашылады. Ішектің үстінде жабысып ұйқы безі жатады. Бауыры үлкен, оның үстінде өт орналасқан. Өт түтігіне, ұйқы безінің жолы да келіп ашылады. Өңеш қарынмен жалғасады, қарын ішекпен тура ішекпен жалғасады.
Тік шек айқын ажыратылған, ол клоакаға ашылады. Клоака арқылы нәжістен басқа зәр және жыныс өнімдері сыртқа шығарылады.
Тыныс алу жүйесі. Ересек кезінде олар өкпесі мен терісі арқылы тыныс алады. Өкпесі — крегесі ұсақ, жұқа ұя тәрізді қуыстардан екі қалтаға ұқсайды. Өкпесінің толық жетілмеуіне байланысты тері арқылы тыныс алады. Тері арқылы тыныс алу тері артерияларының капиллярлары арқылы іске асады. Мысалы, жасыл бақалардың терісі арқылы канның тотығуына қажетті оттегінің 51 проценті енсе, қалған 49 проценті өкпе арқылы өтеді. Организмнен бөлінетін көмірқышқыл газының 86 проценті тері арқылы, қалған 14 проценті өкпе арқылы бөлінеді. Демек терінің тыныс алуда маңызы зор. Бақаның мұрын қуысы хоана арқылы ауыз қуысымен қатынасады. Тыныс алуда танау тесіктерінің ролі зор. Ол арқылы бақа тыныс алатын ауаны ішке тартады және сыртқа шығарады. Бақаның танау тесігі ашылып, жабылып тұрады. Бақаның көкірек клеткасы және қабырғалары болмайды. Ауа бақаның өкпесіне, басқа жануарлардағы сияқты көкірек клеткасының кеңеюі арқылы кірмейді, танау тесігі арқылы кіреді.
Қосмекенділердің суда тіршілік ететін личинкалары сыртқы желбезек және терісі арқылы тыныс алады. Үнемі суда тіршілік ететін құйрықты қосмекенділерде желбезек өмір бойы сақталады, ал көптеген түрлерінде кейінірек желбезек жойылып кетеді. Сайып келгенде тыныс алу жүйесіне келгенде қосмекенділер балықтарға жақын.
Қан айналу жүйесі. Эволюциялық дамудың барысында омыртқалы жануарлардың ішінде құрлыққа шығуына байлайысты қосмекенділерде ең бірінші рет өкпе пайда болады. Осыған сәйкес қан айналыс жүйесінде елеулі өзгерістер туады. Барлық қосмекенділердің жүрегі балықтардың жүрегі сияқты екі бөлімнен емес үш бөлімнен: бір қарыншадан, сол жүрекшеден және оң жүрекшеден тұрады. Өкпеде оттегіне қаныққан және көмір қышқыл газы азайған қан өкпе веналары арқылы сол жақ жүрекшеге келіп құйылады. Мұндай қандарды вена қан тамырлары әкелсе де, оны артерия қаны деп атау ұйғарылған. Бүкіл денеге оттегін таратып, көмір қышқыл газына қаныққан қан веналар арқылы оң жақ жүрекшеге келіп құйылады. Мұндай қанды вена қаны деп атауға (мақұлданған) ұйғарылған.
Жүрекшелердің жиырылуының нәтижесінде барлық қан құлақшаға құйылады. Құлақшада артерия мен вена қандары толық араласпайды, өйткені қарыншаның ішкі бетіндегі әртүрлі өсінділер қандардың толық араласуына мүмкіндік бермейді. Сондықтан жүрекше жиырылып болғаннан кейін қарыншаның оң жақ бөлігінде вена қандары, сол жағында - артерия қандары, ал ортасында — аралас қандар тұрады.
Жүрекшенің оң жақ бөлігінен артериялық конус шығады, одан төрт жұп артериялық доғалар тарайды. Бірінші жұп артерия таза артериялық қанды бас бөліміне апарады, оны ұйқы артериясы дейді. Екінші және үшінші жұп артериялар дененің барлық жеріне таратылған үлкен тамырлар жүйесін ортасын құрайды. Төртінші жұп артерия — ол қанды өкпеге апарады, әрбір өкпе артериясынан бірден ұлкен қан тамыры шығып, теріге барып, теріде веноздық қан оттегіне қанығып денеге тарайды. Сондықтан бұл қан тамырларын өкпе-тері артериялары деп атайды. Сайып келгенде, қомекенділерде балықтардікі сияқты бір ғана қан айналыс шеңбері емес, екі қан айналыс шеңбері бар. Үлкен қан айналыс шеңбері — жүректен шыққан қан артериялар мен капиллярлар арқылы бүкіл дененің бөліктеріне тарап, одан капиллярлар мен веналар арқылы оң жақ жүрекшеге келіп құяды. Кіші кан айналым шеңбері - жүректен шыққан қан өкпе артериясы мен капиллярлар арқылы өкпеге барады, одан капиллярлар және екпе венасы сол жақ жүрекшеге келіп құяды.
Қосмекенділерде бұл екі шеңбер жылы қанды омыртқалардағы сияқты толық бөлінбеген. Вена қаны да, артерия қаны да жүректің жалғыз қарыншасы арқылы өтеді. Қан тамырлар арқылы қан баяу қозғалады және қанда оттегі аз аралас қанмен қамтамасыз етеді. Сол себептен зат алмасудың дәрежесі жоғары болмай, олардың денесінде жылу аз болады. Бұлар да балықтар сияқты, суық қанды жануарларға жатады. Олардың денесінің температурасы қоршаған ортаның температурасымен тығыз байланысты. Қосмекенділердің тіршілігінің маусымдық, тәуліктік ерекшеліктері және географиялық таралуы осыған байланысты. Олардың түрлері тек тропикалық жерлерде ғана көп болады.
2.Нерв жүйесі. Қосмекенділердің алуан түрлі ортада тіршілік етуше, күрделі және өзгергіштік тіршілік ортасына байланысты миының құрылысы балықтардікімен салыстырғанда, алдыңғы миы үлкендеу және ол ми жарты шарларына бөлінген. Ортаңғы миы онша үлкен емес, ал мишығы өте аз болады. Мидың бұл бөлімінің нашар дамуы қосмекенділердің қозғалысының күрделі болмай жай баяу қимылдауына байланысты. Жұлын нервтері иық және жамбас белдеулерінде нерв торларын құрайды. Омыртқа жотасының екі жағында орналасқан симпатикалық нерв жүйесі жақсы дамыған.
Сезу мүшелерінің ішінде белгілі бір дәрежеде өзгеріске ұшыраған мүше ол (құлақ) есту мүшесі. Ол балықтарға қарағанда қосмекенділердің есту мүшелер: жақсы дамыған. Қосмекенділерде тек қатна ішкі құлағы емес, ортаңғы құлағы мен дабыл жорғағы да бар. Ортаңғы құлақ қуысынын төменгі ауыз-жұтқыншақ қуысына ашылатын бөлімі евстахиев түтігі деп аталады. Қосмекенділердің көздері балықтардың көзіне қарағанда өткір келеді, бірақ олар құрлықта судағыдай алыстан көре алмайды. Көздерін құрғап кетуден және бөгде заттар түсуден, күшті жарықтан сақтап тұратын қозғалмалы қабағы бар. Көздің мөлдір қабығының пішіні балықтардікіндей тегіс болмай - дөңес болып, хрусталигі дөңгелек болмай - линза пішіндес болады. Бұл ерекшеліктер қосмекенділердің алысырақтан көрінуіне мүмкіндік береді.
Су жануарлары ылғалдылықтың өзгеруін білмейді. Суға қарағанда құрлықта температураның өзгерісі де күшті. Бақаның терісінде сезгіш нерв ұштары болады. Олар жылуды және суықты, құрғақ пен ылғалдылықты сезеді, суда еріген неше түрлі заттарды -сезгіш келеді.
Қосмекенділерде жұп иіс сезу капсулалары болады, олар сыртқы ортамен бір жұп танау тесігімен қатынасады. Иіс сезімімек ішкі танау тесігі хоандар кетеді, олар ауыз-жүтқыншақ қуысымен жалғасып тыныс алуға да қатысады. Қосмекенділер иіс сезу мүшесін ауада ғана пайдаланады, ал суда жүргенде танауын жауып жүреді.
Балықтарға тән бүйір сызық, қосмекенділердің тек личинкаларына ғана тән. Бүйір сызық тіршілігі үнемі - суда өсетін қосмекенділердің кейбір құйрықты және құйрықсыз түрлерінің ересектерінде өмір бойы сақталады.
Зәр шығару жүйесі. Олардың зәр шығару мүшелері жас ерекшеліктерше қарай құрылысы өзгергіш келеді. Мысалы, ұрықтың алғашқы даму кезінде пронефрос, ал ересек кезінде мезонефрос зәр шығару мүшелердің қызметін атқарады. Зәр заты алдымен клоакаға, одан кейін қуыққа жиналады. Жиналған зәр заты қайтадан клоакаға содан кейін сыртқа шығады. Ыдыраған заттардың аздаған бөліктері тері арқылы да бөлінеді.
3.Көбеюі. Еркектің жыныс бездері (семенники) бүйректің жанында жатады. Тұқым безінің үстінде белгілі бір пішіні жоқ, сары түсті майлы дене жатады. Бұлар ұрықтың, оның ішінде дамитын сперматозоидтың қорегі болып саналады. Жыныс бездерінің жолдары бүйректің алдыңғы бөлімі арқылы өтіп, вольфов каналына жалғасады, сөйтіп ұрық зәр шығару жолы арқылы клоакаға жиналып, одан әрі сыртқа шығады. Бұдан еркектердің зәр шығару мен ұрық жолының қызметін бір ғана канал — вольфов каналы аткаратынын көруте болады.
Аналық безі жұп, оның үстінде майды дене жатады. Уылдырық шашатын мерзімде аналық жыныс бездерінің мөлшері артады. Жетілген жұмыртқалар дене қуысына түсіп, одан воронка тәрізді бір жұп жұмыртқа жолына — мюллеров каналдарына өтеді. Уылдырық мюллеров каналдары арқылы сыртқа шығады. Жұмыртқа жолы ұзын, оның алдыңғы бөлімі - клоакаға ашылады.
Ұрықтану көпшілік жағдайда сыртта судың ішінде өтеді. Көпшілік қосмекенділердің ұрықтану кезінде еркегі ұрғашысына асынып, алдыңғы аяғымен ұрғашысының құрсағын қасып, уылдырықтың суға түсуіне себеп тигізеді де, сол сәтте еркегі уылдырықты ұрықтандырады. Кейбір түрлерінде (тритондарда) еркегі спермаларын арнайы қапшықшада (сперматофорда) жинап, содан кейін ұрғашысы клоакасының шетімен жинап өзінің ұрық жолына кіргізіп алады. Бұл жағдайда ұрықтану ұрғашысының ішінде болады. Көпшілігінде жыныс диморфизмі жақсы дамыған (түсі – реңі, алдыңғы аяғында сүйелінің болуы т.б. белгілері), кейбір түрлерінің еркегі ерекше қатты дыбыс береді, ол дыбыс қапшығы — резонаторлардың арқасында шығады.
Дамуы. Қосмекенділердің сумен байланыстылыга көбею кезінде өте айқын көрінеді. Олар уылдырықтарын суға салады, уылдырықтардың дамуы суда өтеді. Ұрықтанғаннан кейін уылдырықтың мөлдір қабықтары ісінеді де, біріне-бірі жабысады да, үлкен түйір пайда болады. 2-3 аптадан соң уылдырықтан бақаның личинкасы - итшабақ шығады. Итшабақ өз өмірінің алғашқы күндерінде жүзбейді (аяқтары болмайды) және қоректенбейді, өйткені онын әлі ауызы болмайды. Бірнеше күннен кейін мүйіз жақтары бар ауыз пайда болады. Судың астындағы өсімдіктерді кеміреді. Ең алғаш алдыңғы аяқтары негізделеді, бірақ ол сыртында көрінбейді, сондықтан сыртқа бірінші рет артқы аяқтары шығады. Итшабақ өзінің алғашқы кездерінде ұзын құйрықты, басының екі жағында сыртқы желбезектері болады. Бұл кезде итшабақ балыққа өте ұқсас келеді. Оның дене пішіні балықтың денесі тәрізді, желбезектері бар, жүрегі екі бөлімнен, қозғалу кызметін құйрығы атқарады, оның тіпті бүйір сызығы да бар. Сөйтіп бақа өзінің дамуында қосмекенділердің балықтан шығу тарихын қысқаша түрде қайталайды.
Дамудың барысында желбезек саңылаулары аздап бітеле бастайды, мұнымен бір мезгілде өкпелері дамиды (ішек өсінділерінен). Өкпелердің дамуына қарай қан айналыс жүйесі де өзгереді. Қан айналысының екінші шеңбері түзіледі. Перде жүрек құлақшасын екі жартыға бөледі, енді жүрек үш бөлімнен тұрады. Аяқтары өсіп жетіледі. Итшабақ аяқтарының көмегімен бақаша жүзе бастайды. Құйрығы барған сайын кішірейе береді. Ақыр соңында, өте кішкентай бақалар жағаға жорғалап шығады, құйрығының қалдығы біраздан кейін ол да жоғалады. Итшабақ кішкентай бақаға айналады. Ол кезінде шөп тектес заттармен қоректенсе, енді олар жануар тектес азықтармен қоректенеді. Итшабақтың дамуы судың температурасына байланысты 2-3 айға созылады. Өмір сүру ұзақтығы табиғатта онша ұзақ емес, өйткені табиғаттың қолайлы жағдайынан уылдырықтың даму кезінде шығын көп болады. Сол сияқты жыртқыштардан және паразиттерден де азап шегетінін айту керек. Табиғатта олар онша көп жасамайды, ал қолда террариумда 10-15 жыл өмір сүреді. Мысалы, құрбақа — 20 жыл, бақа — 10 жыл тіршілік етеді.
4.Қосмекенділердің систематикасы
Қазіргі қосмекенділер үш отрядқа бөлінеді: құйрықты (шамамен 300 түрі), аяқсыздар (шамамен 60 түрі), құйрықсыздар (шамамен 2000 түрі). Қазақстанда шамамен 12 түрі кездеседі.
Құйрықты қосмекенділер отряды. Бұл отрядқа саламандрлар, тритондар, протейлер (олар желбезегі бар, көздері жоқ, үңгір су қоймаларында кездеседі), сирендер (желбезегі бар, бірақ артқы аяқтары жоқ) жатады. Көпшілік құйрықты қосмекенділер Солтүстік Америкада таралған. Олардың денесі бас, дене және құйрық бөлімдеріне бөлінген. Өмірінің көпшілік уақытын суда еткізед. Алдыңғы артқы аяқтарының ұзындығы бірдей. Бізде кәдімгі тритон және жалпы тритондар кездеседі. Бұлар жайларында шағын ақпайтын, ақса өте баяу ағатын өсімдігі мол суларды мекендейді, Күзге қарай тритондар судан шығып, ағаштың түбіне, тастың астына, жердің жарығына кіріп паналайды. Қыста құрғақ түбірлердің, құлаған ағаштардың астына қыстап шығады. Көктемде қайтадан су қоймаларына оралады. Көбеюі мен личинкаларының дамуы суда өтеді.
Аяқсыз қосмекенділер отряды. Жер астында тіршілік етуіне және жерді қазуына байланысты, дене құрылысы өзгерген құрттар тәрізді кішкентай топ жануарлар. Көпшілік түрлерінің денесі жауын құрттарына (сақиналы) ұқсайды. Аяқтары жоқ, терісінде тері бездері көп болады. Құртша (червяк) деп аталатын бір ғана тұқымдасы бар. Ол Оңтүстік Америкада таралған, ұзындығы 40 см болады. Дымқыл жерлерді 50 см-ге дейін қазып, сол жерде тіршілік етеді. Аяқсыздар індерге, түбірдің түбіне 10-20 шақты жұмыртқа салып көбейеді. Жұмыртқадан шыққан личинкалар, суға барып дамуын аяқтайды. Ұры атануы іште болады.
Құйрықсыз қосмекенділер отряды. Сан жағынан көп, құрылысы күрделі, құрлықта да тіршілік етуге бейімделген жануарлар тобы жатады. Бұл отрядқа көлбақа, тоспа бақасы, құрбақа, жерлянка, квакш, чесночницы т.б. жатады. Құйрықсыздардың көпшілігі тропикалық елдерде көп кездеседі. Олардын әрқашан жақсы дамыған алдыңғы, артқы аяқтары болады. Артқы аяқтары алдыңғысына қарағанда күшті дамыған, сондықтан жер бетінен секіріп жүреді. Олардың ішінде құрлықта, ағаштың басында, суда және қазып інде тіршілік ететіндері бар. Құйрықсыздар терісі қалындау, сондықтан олардың өкпесі жақсы дамыған. Деседе олар тек дымқыл жерлерде ғана тіршілік етеді. Сыртқы ортада ұрықтанады. Қосмекенділердің көбеюіндегі ерекшелік - олардың көбею кезінде суға келіп жұмыртқасын салуы және суда личинканың дамуы өтеді
Бақылау сұрақтары:
1. Кластың тіршілік ету ортасына байланысты сыртқы және ішкі құрылысының, қимылының ерекшіліктерін түсіндіріңіз.
2.Жүйке жүйесі және сезім мүшелеріне тоқталыңыз.
3.Көбеюі мен дамуы туралы түсіндіріңіз.
4.Қос мекенділердің алуан түрлілігі туралы шығарма жазыңыз.
Лекция №28 Тақырыбы: Бауырымен жорғалаушылар класы
Жоспары:
1.Кластың тіршілік ортасы, құрылысы, көбеюі
2.Кластың алуан түрлілігі, олардың практикалық маңызы
3.Шығу тегі мен экологиясы
Хордалылар типіне жататын бауырымен жорғалаушылардың 8000 –нан астам түрлері белгілі. Бұл класқа жататын жануарлардың аяқтары қысқа немесе болмағандықтан, бауырын жерге тигізіп, жорғалап немесе ирелеңдеп жүреді, сондықтан класс осылай аталады.
Ас қорыту жүйесі. Ас қорыту жолының үлкен бөлімдерге бөлінуіне және жаңа бөлімдердің пайда болуына байланысты қосмекенділердікімен салыстырғанда әлдеқайда күрделі. Бауырымен жорғалаушылардың тісі болады. Олар жоғарғы жақ және төменгі жақ сүйектеріне орналасқан. Тістердің негізі қызметі азықтарын тістеп ұстау. Ауыз бездері қосмекенділердікімен салыстырғанда күшті жетілген. Тасбақа мен крокодилдердің мұрын жұтқыншақ жолы ауыз қуысынан тандай сүйектері арқылы бөлінген. Ауыз қуысының таңдай сүйектері арқылы бөлінген. Ауыз қуысының түп жағында атылып шығуға бейімделген тіл орналасқан. Тілінің (формасы) пішіні әртүрлі болады, ол қоректік заттарды ұстау тәсілімен сипатталады. Мысалы, жыландар мен кесірткелерде тілі жіңішке, ұшы екі айыр болады. Жұтқыншақ, өңеш және қарын жақсы дамыған. Бауыр мен ұйқы безі жақсы жетілген. Бауырдағы өт жолы да ұйқы безінің ашылатын жеріне келіп ашылады. Аш ішек тоқ ішекке қарағанда ұзындау, ал тоқ ішек клоакаға жалғасады. Қазіргі бауырымен жорғалаушылардың басым көпшілігі жануар тектес азықтармен қоректенеді. Ұсақ насекомдармен (кесірткелер) ірі сүтқоректілерге дейін (крокодилдер мен Сарбас жылан – удав) жейді. Өсімдік тектес азықтармен қоректенетін (тасбақалар) аз кездеседі.
Нерв жүйесі. Бауырымен жорғалаушылардың нерв жүйесі қосмекенділерге қарағанда күрделі құрылысты болады. Бауырымен жорғалаушылардың күрделі өмірімен байланысты алдыңғы ми сыңарлары сүр заттарының үстіңгі қабаты ми қабығына айнала бастады. Бұлардың жылдам қозғалуына байланысты мишығы күшті дамыған. Ми жарты шарлары үлкен, олардың мидың сүр затынан тұратын қыртысы болады, бірақ қыртысы әлі де жақсы жетілмеген. Жұлын құрылысы күрделенген ұзын болып келеді.
Тыныс алу жүйесі. Бауырымен жорғалаушылар тек қана өкпемен тыныс алады. Терісінде мүйізді қабаттың пайда болуына байланысты құрғақ тері қосымша тыныс алу мүшесінің қызметін атқара алмайды. Өкпенің құрылысы күшті қызмет етуге байланысты күрделіленген, қосмекенділердікіне қарағанда жетілген. Өкпесінің пішіні қапшық тәрізді оның іші өте ұсақ ұяшықтарға бөлінген. Көмекей қуысы оймақ тәрізді көмекейден ұзын кеңірдек кетеді. Кеңірдек екі бронхаға тарамдалып, өкпеге жалғасады. Тыныс алу және шығару көкірек қуысының кеңейіп, тарылуы нәтижесінде орындалады.
Көбеюі. Жыныс бездері дене қуысында омыртқа жотасының екі жақ бүйірінде орналасқан. Аталық бездері мен аналық жұмыртқалары жұп. Еркектерінде шағылысу мүшесі (копулятивті) болады. Жыныс диморфизмі еркектері мен ұрғашыларында сыртқы реңі (окраска) немесе үлкен-кішілігімен ажыратылады. Еркектерінің екі дөңгелек ұрық безі (два семенника), екі ұрық безінің қосалқы (придатка семенника), екі ұрық өткізгіші (вольфов каналы) және шағылыс мүшесі болады. Ұрғашыларында екі аналық жұмыртқа және клоакаға барып қосылатын екі жұмыртқа жолы (мюллеров каналы) болады. Ұрықтану тек қана ұрғашысының ішінде өтеді. Бауырымен жорғалаушылар жұмыртқа салу арқылы көбейеді. Олардың жұмыртқалары қоректік сары уызға бай, ұрық осы уыздың есебінен өсіп жетіледі, содан кейін ересек түріне ұқсас бала жарып шығады. Жетілген аналық жұмыртқа жолының воронка тәрізді ұшына түседі. Ұрғашы және еркектің гаметалары жұмыртқа жолының жоғарғы жағында қосылып ұрық (зигота) түзейді. Ұрық жұмыртқа жолымен жылжи отырып, оның орта кезінде белокты қабыққа оралады, ал ұрық қолының артқы жағында известі сіңген қатты қабығы пайда болады.
Жыландар мен кесірткелердің кейбір түрлерінде ұрғашылары партеногенетикалық жолдармен көбейетіні байқалып жүр. Мұндай жолдармен көбейетін бауырымен жорғалаушылардың түрлерінде еркегі болмайды. Көбеюдің мүндай жолдары толығымен жер бетінде тіршілік етуіне тығыз байланысты.
Дамуы. Тура дамиды. Бауырымен жорғалаушыларда личинка болмайды. Олардың кейбір түрлерінде ұрық ұрғашысының жыныс жолдарында дамып, жұмыртқа сыртқа шыққанда бірден ішінен жетілген бала шығады, демек мұндай түрлер үшін (жұмыртқадан жетіліп туу) жұмыртқа тірі туушылық (яицеживородящие) тән сипат алады. Мысалы, жұмыртқадан жетіліп туу таулы аудандарда, солтүстік суық жерлерде тіршілік ететін бауырымен жорғалаушылардың арасында кең таралған (медянка, тірі туатын кесіртке, тибетская кргулоголовка, теңіз жыландары т.б.). Бауырымен жорғалаушылардың арасында көгалілік тіршілігін судың ішінде өткізсе де (крокодилдер, көптеген тасбақалар, кейбір жыландар) жұмыртқа салу мен дамуы тек қана құрлықта өтеді.
Сезім мүшелері. Жер бетінде тіршілік етуіне, әртүрлі тіршілік жағдайларына сәйкес сезім мүшелері дамыған. Сезім мүшелерінің ішінде жақсы дамыған көз. Тек жыландар мен геккондарда ғана қабағы мөлдір өсіп кеткені білінбейді. Иіс мүшелері де жақсы жетілген, тыныс алу жолының төменгі жағында арнайы иіс сезу жолы бар. Иіс жолының жұтқыншаққа ашылатын төменгі бөлімі мұрын жұтқыншақ жолын құрады. Бұған қосымша якобсон мүшесі болады. Бұл ауыз ішіндегі тамақ иісін айырады. Жыландар тілін ауызынан шығарып, кейбір заттарға тигізеді, сол кезде иісі бар заттың ұсақ түйірі тіліне жабысады да, қайтадан тілмен бірге ауызға кіреді. Осы сәтте якобсон мүшесі оның иісін ажыратып, затты айырып береді.
Есту мүшесі қосмекенділердікі сияқты ішкі және ортаңғы құлақтан тұрады. Ортаңғы құлақтың қуысына бір есту сүйегі — үзеңгі (стремя) болады. Сезу және иіс мүшелерін пайдаланып жыландар (кобра, эфа, оқжылан, қалқан тұмсық, қарашұбар жылан) өздерінің азықтарын іздейді. Ал көз және есту арқылы кесірткелер (кесел, геккондар т.б.) жемдерін ұстайды. Ал кейбір бауырымен жорғалаушылар мысық сияқты аңдып отырып тап береді. Оларға қара жылан, құмжыланды (удавчик) жатқызуға болады.
Денесінің сыртқы көрінісіне қарай кесіртке тәрізділер, жылан тәрізділер, тасбақа тәрізділер болын үшке бөлінеді. Құрлықта тіршілік етуіне сәйкес қаңқалары түгелімен сүйектенген. Омыртқа жотасы, қосмекенділерге қарағанда қозғалмалы болып, бес бөлікке бөлінген: мойын, арқа, бел, сегізкөз, құйрық. Кесірткелердің мойын омыртқасының саны 8. Олардың ішінде екі омыртқаның құрылысы ерекше. Бірінші мойын омыртқасын (аназ) ауыз омыртқа, екіншісін -эпистрофея деп атайды. Мойынның мұндай құрылысы оның қозғалмалы болуына әсерін тигізеді.
Бел - көкірек бөлімінің омыртақалары 22 болады (кесірткелерде). Бұлардың барлығында да қабырғалар бекиді, оның ішінде бес қабырға төс сүйегіне бекиді. Соның нәтижесінде көптеген бауырмен жорғалаушыларға тән көкірек қуысы пайда болады. Жыландарда төс сүйегі болмағандықтан көкірек қуысы да болмайды. Сегізкөз екі омыртқадан тұрады, бұлардың көлденең өсінділеріне жамбас сүйектері бекиді. Құйрық бөлімінде (тасбақадан басқасында) омыртқалар көп. Аяқтарының сүйектері қосмекенділермен салыстырғанда жақсы дамыған. Сүйектер бір-бірімен қозғалмалы буындар арқылы байланысқан.
Иық белдеуі. Үш сүйектен қалыптасқан: каракоид, жауырын және жауырын үсті шеміршек.
Жамбас белдеу. Жамбас белдеуі мықын сүйектен, шонданай сүйегінен және шап сүйегінен тұрады.
Ет жүйесі. Оларда мойын бөлімінің пайда болуы бес саусақты аяқтың дамуы, жалпы дененің бөліктерге жіктелуі мен осының бәрі ет жүйесінің күрделенуіне себепші болады. Әсіресе, тыныс алуды реттеуге қатысатын аралық еттердің пайда болуы бауырымен жорғалаушылардың тіршілігіндегі ерекшелік.
Қан айналысы. Қосмекеңділердікі сияқты жүрегі үш камералы, бірақ қарыншаның төменгі жағынан қарыншаны бөлетін өскін пайда болады. Крокодилдерге бұл жерде толық жетіліп, қарыншаны қақ бөліп, төрт камера болады (екі жүрекше, екі құлақша). Басқаларында қарынша толық екіге бөлінбеген. Сондықтан қосмекенділердікі сияқты жүректен бір ғана қан тамыры емес, бауырымен жорғалаушыларда үш қан тамыры кетеді. Сол жақ жүрекшеге артерия қаны келіп құяды - ол өпкеден келеді. Оң жақ жүрекшеге вена келіп құйылады — ол бүкіл денеден жиналып келеді. Өкпе артериясы вена қанымен келіп құяды. Содан кейін екі жүрекшедегі қан қарыншасында араласады. Қан қарыншада пайда болған өскіннің (перде) арқасында қосмекенділердікіндей толық араласпай, аздап қана араласады. Сайын келгенде бауырымен жорғалаушылардың мүшелері негізінен аралас қанмен қамтамасыз етіледі, бірақ қосмекенділерге қарағанда қан құрамында оттегі көп мөлшерде кездеседі де зат алмасу процесін шапшандатады. Бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер сияқты суыққанды жануарлар қатарына жатады. Олардың денесінің температурасы қоршаған ортаның (ауаның) температурасына байланысты болады. Салқын күндері кесірткелер мен жыландар аз қозғалады, ал суықта шалажансар болып қалады. Керісінше, ыстық күндері олардың тіршілік әрекеті артады.
Зәр шығару жүйесі. Бауырымен жорғалаушыларда зәр шығару жүйесі күрделі дамыған. Жамбас бүйректерінен немесе метанефростан (metanephros) тұрады. Балықтар мен қосмекенділердің ересектерінде дене бүйректері немесе мезанефрос (алғашқы бүйрек) деп аталатын бүйректер қызмет етеді. Ал дене бүйректері бауырымең жорғалаушыларда ұрық жұмыртқадан шыққанша, кейде жұмыртқадан шыққан соң біраз жұмыс істейді. Жамбас бүйрегі дамып қалыптасқан соң, дене бүйрегі қызметін тоқтатады (редукцияланады). Жамбас бүйрегі жетілген соң зәр шығару түтігі пайда болады. Арқа жағынан келіп сол және оң зәр шығару түтіктері клоакаға келіп құйылады. Құрсақ жағынан клоакаға қуық ашылады. Крокодилдердің, жыландардың және кейбір кесірткелердің қуығы жетілмеген.
2.Систематикалық шолу
Дүние жүзінде бауырымен жорғалаушылардың ғылымға 6600 түрі белгілі: алашқы кесірткелер — 1, тасбақалар — 230, крокодилдер - 22, кесірткелер - 3900, жыландар - 2500. Саны жағынан омыртқалылардың ішінде құстардан кейінгі екінші орында бауырымен жорғалаушылар.
Класс тармағы алғашкы кесірткелер
Ертеде тіршілік еткен және топтың өкілі — Гаттерия. Ол қазіргі кезде тек қана Жаңа Зеландия аралдарында сақталынып қалған. Гаттерия түнде тіршілік ететін жануар. Ол сырт жағынан қарағанда үлкен кесірткеге ұқсайды. Дене түрқы 60 см. Денесі (басы мен кеуде бөлімі) ұсақ дән тәрізді қабыршақпек қапталған. Олар мұхит құстары альбатростардың індерін пайдаланады, бірак гаттегилер олардың балапандарына, жұмыртқаларына тимейді. Гаттерилер насекомдармен, құрттармен және ұлулармен қоректенеді. Көктемде және ноябрь айларында көбейеді.
Жұмыртқаларын жерді қазып, шұңқырға салып, содан кейін топырақпен жауып тастайды. 8-17 жұмыртқа салады. Жұмыртқаның дамуы климаттық жағдайға байланысты ұзақ дамиды. Жалпы жұмыртқаның дамуы 12-14 айға созылады. Жыныстық жетілуі 20 жылға созылады. Жаңа Зеландия аралына адамдардың келуіне байланысты гаттерияларды өлтіріп, жойып жіберуге жақындады. Оларды сақтап қалу үшін арнайы қорғайтын заң шығып құрып кету қаупін жойды.
Класс тармағы Тасбақалар
Басқа бауырымен жорғалаушылардың негізгі айырмашылығы тасбақаның денесі арқа (карапакс) және бауыр (пластрон) жағынан қатты сүйекті сауытпен қапталған. Қауіп төнгенде басын, мойнын, аяқтарын, құйрығын осы сауыттың ішіне жиырып алады. Олардың тісі болмайды. Жақ сүйектерінің шеттері өткір болып келеді де, тістің қызметін атқарады.
Қазақстанда тасбақаның екі түрі таралған. Жайық, Ырғыз, Торғай өзендерінің бойында суда тіршілік ететін тасбақалар (болотная черепаха) және Каспий аймағында. Оңтүстік Қазақстан даласында таралған тасбақа бар (среднеазиатская черепаха). Тасбақалардың суды мекендейтіндердің құйрығы ұзын, арқа және бауыр қалқандары қозғалмалы болады, аяқтары жүзуге бейімделген, саусақтарының арасыңда жүзу жарғақтары болады. Қорегі жануарлар тектес азықтар (омыртқасыз жануарлар). Құрлықтағы тасбақалардың арқа қалқаны өте дөңес келеді және ауырлау болады. Құрлықта кездесетін түрлерінің ішіндегі ірілері - піл тасбақалары. Тасбақаның ірі түрлерін тамаққа пайдаланады, мүйізді қалқандарынан неше түрлі бұйымдар жасайды.
Класс тармағы Крокодилдср
Крокодилдер жоғары сатыдағы құрылысты жануарлар тобы. Олардың түріне қарағанда зор кесірткені еске түсіреді. Құрылысы жағынан басқалардан ерекшелеу. Денесі мүйіз қабыршақnармен емес, сүйектеніп кеткен калқандармен қапталған. Жүрек қарыншалары толығымен екіге бөлінген, демек крокодилдердің жүрегі төрт камералы болады, тістері сұтқоректілердің тістері сияқты, алъвеолта орналасқан (жыландар мен кесірткелерде тіс ұялары болмайды). Крокодилдер тамаша жүзгіштер. Олардың артқы аяқтарында жүзу жарғағы болады. Крокодилдер - балықпен қоректенеді, жағада құстарға және андарға шабуыл жасайтын жыртқыштар, Олардың кейбіреуі адамға да қауіпті. Крокодилдердін терісі ірі бұйымдар — чемодандар, портфельдер, және әйелдерге түрлі бұйымдар жасауда пайдаланылады. Қазіргі уақытта олардың саны азайып, табиғаттың "Қызыл кітабына" тіркелген
Класc тармағы Қабыршақтылар
Бауырымен жорғалаушылардың ішінде түрлерге мейлінше бай және жер бетінде кең тараған осы класс тармағы. Қабыршақтыларға кесірткелер, жыландар жатады. Олар Қазақстан жерінде де көп кездеседі. Кесірткелерге қозғалмалы қабақтың болуы тән, ал жыланның қабақтары мөлдір өзара бірігіп кеткен. Кесірткелердің аяқтары бар, ал жыландарда аяқтары болмайды. Барлығына ортақ белгілер: дене пішіні әртүрлі болатын мүйізді қабыршақтарымен қапталған. Тістері жақ сүйектеріне бекіген. Олардың биоценоздағы ролі зор.
Кесірткелер отряды (Lacertilia). Олардың денесі сопақша, құйрығы ұзын, мойыны денесінен айқын белінген. Аяғы редукцияға ұшыраған, мүлдем болмайтын түрлері де бар (веретеница). Көпшілік түрлерінің құйрықтарын үзіп, қалдыратын автотомия қабілеті бар. Кесірткелер отрадына геккондар, агамалар, ешкіемерлер (кесел), нағыз кесірткелер туыстыққа жататын кесірткелер. Тіршілік ортасы әралуан: ашық дала, шөлді аймақ, орман іші, таулы жерлер т.б. Ұсақ түрлері насекомдармен және басқа омыртқасыздармен қоректенеді, ал ірілеуі (қесел т.б.) ірі жануарларға шабуыл шабуыл жасайды, кейбіреулері өсімдіктермен қоректенеді.
Жыландар отряды Өзіңдік ерекшелігі бар омыртқалы жануарлар. Жыландардың денесі мүйізді қабыршақтармен қапталған. Олардың кесірткелерден негізгі айырмашынығы аяқтары болмайды, тері бездері жоқ, төс сүйегі де болмайды. Омыртқаларында кішкене өсіндісі болады, ол омырта тізбегіне ерекше мықтылық беріп оның тез қозғалуын қамтамасыз етеді. Кабағы түссіз мөлдір көзді жауып тұрады, ол көзді әртүрді жарақаттаудан сақтайды. Сондықтан да ол қабақ қақпай қадала қарайды. Ортаңғы құлақ пен дабыл жарғағы болмайды. Мүшелерінің кейбіреуі ұзарған (бауыры, жыныс бездері т.б.), ал қалғандары кішірейген немесе жойылған (сол жақ өкпесі т.б.). Қуығы болмайды.
3.Ертеректе ғалымдар "жексұрын" деген атпен бақаларды және тритондарды зерттесе, сол атпен кесіртке, жылан, тасбақаларды да қоса зерттеп келеді. Деседе, олардың сыртқы және ішкі құрылыстарын, тіршілік ортасын мұқият зерттей келе, олар жеке өз алдына топ болу керектігін анықтады.
Эволюцияның барысында бауырымен жорғалаушылардың құрлыққа шығуы жануарлар дүниесіндегі дамудың тарихи кезеңі. Құрлықта кең таралу мақсатында, бұл жануарларда алғы шарттардың бәрі жасалынды.
Қосмекенділердің ата-тегі су жануарлары болғандықтан олар сумен байланысын әлі үзбеген. Құрлықты толығымен меңгеру омыртқалылар эволюциясының келесі сатысында ғана жүзеге асады. Бұл саты бауырымен жорғалаушылар. Олар нағыз жер бетінде тіршілік етуге бейімделген. Әрине бауырымен жорғалаушылардың барлығы да судан біржолата шығып кетті десек, ол ағаттық болған болар еді. Көптеген бауырымен жорғалаушылар өзіне қажетті мекенді, қоректік заттарды судан табады. Оларға крокодилдер, кейбір жыландар мен тасбақалар жатады. Бірақ олар суда тіршілік еткенмен, құрлықта көбейеді. Сол сияқты жыландардың, кесірткелердің екінші рет аяқтарынан айырылуы, ол да ортаға бейімделгіштіктің салдары. Олай болса, эволюцияның барысында жануарлар, дүниесінде "екінші белгісі" ретінде бейімделу қабілеті пайда болды. Оны палеонтологияның, эмбриологияның және экологияның көптеген мәліметтері дәлелдеп отыр
Бауырымен жорғалаушылар құрлықта жұмыртқа салып көбейетін, нағыз құрлықта тіршілік етуге бейімделген жануарлар. Олар өте жылы аймақтарда тіршілік етедІ, сондықтан тропикалық аймақтан алыстаған сайын, олардың саны азая береді. Олардың кең аймақта таралуына негізгі себеп - температура, өйткені бұл суыққанды жануарлар тек ауа райы жылы болғанда ғана белсенді тіршілік етеді. Салқын болса інге кіріп жасырынады немесе жазғы ұйқыға кетеді. Бауырымен жорғалаушылар жануар тектес азықпен қоректенеді. Олар кесірткелер, насекомдар, моллюскалар, қосмекенділерді қорек етеді. Жыландар көптеген кеміргіштерді жейді, сонымен бірге үй жануарлары мен адамдарға да қауіп туғызады. Құрлықтағы тасбақалар жеміс-жидекті жеп бақтарға, судағы тасбақалар балықгы жеп аздап залалын тигізеді. Көптеген бауырымен жорғалаушылардың (жылан, тасбақа, ірі кесірткелер) етін адамдар тамаққа пайдаланады. Крокодилдерді, жыландарды, тасбақаларды терісі және мүйізді сауыты үшін аулайды. АҚШ-та және Кубада крокодилдерді өсіретін фермалар бар. Терме, Бадхызда, Ташкеште және Бішкекте жылан өсіретін арнаулы питомниктер бар.
Қазіргі кезде жер жүзінде бауырымен жорғалаушылардың шамамен 6000 түрі белгілі, олардың 125 түрі ТМД-да кездесетін болса, оның 52 түрі Қазақстанда таралған. Денесінің сыртқы көрінісіне қарай олар — жылан, кесіртке және тасбақа тәрізділер болып бөлінеді.
Жыланның жер жүзінде 2500-дей түрі бар. ТМД-да 56, Қазақстанда 18 түрі таралған. Олардың 3-і улы, қалғаны өлкемізде усыз жыландар. Улы жыландар кәдімгі сұр жылан (обыкновенная гадюка), дала сұр жыланы (степная гадюка), боз жылан (щитомордник). Усыз жыландарға оқ жынан, қара шұбар жылан, су жыланы (уж), құм жыла (удавчик) т.б. жатады.
Ерте заманнан бері жылан адам баласы үшін өте қауіпті де қатерлі болып келеді. Жылан биологиясын білмейтін кез келген адам оны көрген бетте сескеніп қалады да, дереу өлтіруді ойлайды. Соңғы жылдары, ғалымдардың зерттеуі бойынша жылан уының медицина үшін пайдасы зор екені анықталды.
Бауырымен жорғалаушылардың ішінде жылдан-жылға саны азайып құрып бара жатқандары жыландар. Адамдардың жек көргендігі былай тұрсын, олар батпақты ылғалды жерлерді құрғатқаннан, өсімдіктердің өзгеруінен, жыландардың негізгі қорегі ұсақ кеміргіштерді, улы химикаттармен өлтіруінен көп азап шегіде. Медицинада уын пайдалану үшін оларды ұстайды. Олардан бірнеше рет у алу үшін арнайы жасалған серпентарилерде (питомниктер) ұстайды. Әрине, үнемі ұстай бергесін де олардың санына әсерін тигізеді.
Бақылау сұрақтары:
1. Кластың тіршілік ортасы, құрылысы, көбеюі туралы «Венн диаграммасы» арқылы салыстырыңыз.
2.Кластың алуан түрлілігі, олардың практикалық маңызы туралы әңгімелеңіз.
3.Шығу тегі мен экологиясы туралы түсіндіріңіз.
Лекция №29 Тақырыбы: Құстар класы
Жоспары:
1.Класқа жалпы сипаттама
2.Құстардың жүйеленуі
3.Құстардың экологисы және экологиялық топтары.
4.Құстардың адам өміріндегі, табиғаттағы ролі
1.Құстар жоғарғы сатыдағы омыртқалылардың ұшуға бейімделген ерекше маманданған бұтағы деуге болады. Құстар генетикалық жағынан рептилилерге жақын, оның прогрессивті бұтағы. Құстарды рептилилерден ажыратуға болатын белгілері:
а) құстардың орталық нерв системалары жақсы жетілген, сондықтан олар әр түрлі жағдайларға бейімделіп, мінез-қылықтарын өзгертеді.
б) денесінде зат алмасу процесінің жылдамдығы мен дене жылуының реттелуінің дұрыс болуына байланысты температураның жоғарғы және тұрақты болуына әкеліп соққан.
в) ауа кеңістігінде ұшу қабілеті көпшілігінің қозғалу, не өрмелеу қабілетін жоймаған.
г) көбеюі біршама жетілген (жұмыртқаларын басуы және балапандарын қоректендіруі).
Қазіргі уақытта құстардың 31 отрядқа топтасатын 8000 аса түрі бар. Құстар морфологиялық жағынан денесінің қауырсынмен қапталуымен алдыңғы аяқтарының қанатқа айналғанымен, сүйектерінің ішінде қуыс болумен, ми сауытының шүйдесінің болуымен жүрегінің төрт камералы оның оң жағында бір ғана орта доғасының болуымен сипатталады. Құстардың тісі болмайды, олардың қызметін мүйізді тұмсықтары атқарады.
Құстардың дене құрылысы. Тері жамылғысы және оның туындылары.
Құстардың терісі жұқа, оның сыртқы эпидермис қабаты нашар жетілген. Тері қабатында ешқандай бездері және сүйекті туындылары болмайды, тек қана құйрық түбірінің үстіңгі жағында құйымшақ безі болады. Оның шығарған секрет заттары қауырсындарды майлап, оған су жұқпайтын етеді. Құйымшақ безі су құстарында жақсы дамыған, құрлықта тіршілік ететін құстарда болмайды.
Құстардың көпшілік түрлерінің денесі бір тегіс қауырсынмен қапталып тұрмайды. Қауырсыны бар жерін птерилия, ал денесінің қауырсыны жоқ жерін немесе сирек кездесетін жерін аптерия деп атайды. Құс қауырсындары құрылысына және атқаратын қызметіне қарай түрліше болады. Денесінің сыртын қалыпты қауырсын жауып тұрады. Ол негізгі қаламнан және оның екі жағында симметриялы орналасқан азды-көпті пластинка опахаладан тұрады. Қауырсынның теріге еніп тұратын бөлімін қалам қауырсын дейді. Қауырсын сабағының жоғарғы пәр бекіген бөлімі сабағы деп аталады. Пәр ұзын бірінші дәрежедегі мұртшалардан және оған орнаған кішкене екінші дәрежедегі мұртшалардан қалыптасады. Екінші дәрежедегі кіші мұртшалардың ұсақ, көптеген ілмешектері болады. Осы ілмешектер өзара байланысып бір серіппелі тақташа желпеуіш құрайды.
Қауырсындарды орналасу жеріне қарай бірнеше топтарға бөледі. Мысалы, екі қанатының артқы жиектеріне орналасқан ұзын қауырсындарды - қақпа қауырсындар, құйрығындағы ұзын қанаттарын бағыттаушы қауырсындар қанатының үстін жауып жататын қауырсындарды - қанат үстін жабушы, құйрық үсті қауырсындар деп аталады.
Қалыпты қауырсындардың астыңғы жағында ұсақ - мамық қауырсындар орналасады. Кейбір мамық қауырсындардың сабағы ете жіңішке болады, сондықтан мұртшалары сабақтың жоғарғы жағында бір шоқ болып орналасады. Мұндай мамық қауырсындарды - нағыз мамық қауырсындар деп атайды. Мамық қауырсындардың арасында, мұртшалары жоқ жіпше тәрізді қауырсындар да кездеседі. Қауырсындары үздіксіз түлеп отырады. Көпшілік құстар жылына 1-3 ке дейін түлейді.
Ет системасы. Құстардың бұлшық еттері олардың тіршілік әрекетіне байланысты бірнеше ерекшелігімен сипатталады. Біріншіден балықтарға, амфибийлерге және рептилилерге қарағанда құстардың бұлшық еттері біршама жіктеліп барып күрделенеді. Ол ұшу көзіндегі күрделі қозғалысқа жүруге, өрмелеуге, тамағын табуға мүмкіндік береді. Екіншіден аяқтарын қозғалуға икемделген көлемді бұлшық еттер дене скелетіне орналасып, екінші сіңір ұштарымен аяқтарға бекінген. Үшіншіден, негізгі қимылын қанаттары атқаратын болғандықтан, қанаттарын қозғалатын ірі бұлшықеттер денесінің арқа жағына орналаспай, қанаттарды қозғайтындай болып көкірек бөліміне, төс сүйегінің екі жағына орналасқан. Артқы аяқтарын қозғайтын 35-ке жуық күрделі бұлшық еттері болады.
Скелетінің ұшуға бейімделуіне және құрлықта жүруіне байланысты өзіндік ерекшеліктері бар: біріншіден алдыңғы аяқтарының, иық және жамбас белдеуінің өзіндік өзгерісінің болуы; екіншіден, барлық скелетінің жеңіл, әрі мықты болуы. Сүйектерінің жеңіл болуы көптеген сүйектерінде қуыстың болуынан, ал беріктігі даму кезеңінің ерте мерзімінде бірқатар сүйектерінің жымдасып, бірігіп кетуінен болады. Тіпті ересек құстардан сүйектерінің жігін байқау мүмкін емес.
Омыртқа жотасы - мойын, кеуде, бел, сегізкөз және құйымшақ-құйрық белімдерінен қалыптасады. Бел омыртқалары ересек құстарда күрделі құрылысты сегізкөз құрамына енеді. Бас күрделі қимылдар жасайтындықтан мойын омыртқалары ұзын және тез қозғала алады. Құстардың мойын омыртқаларын гетероцельдік омыртқалар деп атайды. Себебі, мойын омыртқалары бір-біріне ер сияқты жалғасады. Мұның өзі олардың тез қимыл жасауын қамтамасыз етеді. Құстардың мойын омыртқаларының саны 11-ден 25-ке дейін болады. Бас сүйегімен жалғасатын алғашқы екі омыртқасы амниоттардың омыртқаларының құрылысына ұқсас болып келеді, оларды атлант және эпистрофей деп атайды.
Кеуде омыртқалары (3-10) бір-бірімен сегіз және құйымшақ омыртқаларымен бірігіп кеткен. Оларда болатын қабырғалар төс сүйегіне қозғалмалы болып бекіген. Қабырға көкірек және арқа бөлімдері болып екі бөліктен тұрады. Олардың қосылған жері, қозғалмалы бекініп, денесінің артына қарай сүйір бұрыш жасайды. Қабырғалардың мұндай құрылыста болуы арнаулы бұлшықеттерінің жиырылуының нәтижесінде төс сүйегін омыртқа жотасына бірде жақындатып немесе қашықтатып отырады. Соның нәтижесінде көкірек көлемі өзгеріп отырады, мұның тыныс алуда маңызы зор.
Бел омыртқалары өзара бір-бірімен, мықын сүйектерімен және сегізкөз омыртқаларымен тұтасып бірігіп кеткен. Құйрық омыртқаларының да бірқатары сегіз-құйымшақ омыртқаларымен қосылып кеткен. Соның нәтижесінде (10-22) тек қана құстарға тән күрделі сегізкөз-құйымшақ қалыптасады, жая омыртқалары құстарда рептелилердегідей екеу болады. Құстар жер бетімен жүргенде денесінің салмағы артқы екі аяғына түседі. сондықтан күрделі сегізкөз организмге тірек қызметін атқарады. Құстарда бос қозғалмалы құйрық омыртқалар 6-9 болады. Құйрық омыртқалары бірден құйыршық сүйегіне айналады - мұны құйрық сүйек немесе пигостиль деп атайды. Пигостиль біріккен бірнеше құйыршық омыртқаларынан тұрады. Құйыршық сүйектері құйрық қанаттары бекитін тірегі болып есептеледі.
Құстардың бас сүйегі. Желке бөлімі төрт сүйектен құралады (негізгі, екі бүйір және жоғарғы шүйде сүйектері). Желке бұдыры біреу ғана болады. Есту капсуласы үш құлақ сүйегінен қалыптасады. Ересек құстарда бұл сүйектер бірігіп кетеді. Бас сүйегінің түбі негізгі сына тәрізді, алдыңғы сына тәрізді, таңдай және қанат тәрізді сүйектерден қалыптасады. Бас сүйегінен үстіңгі жағынан - қос танау, тебе, маңдай және кеуілжір сүйектер қаптап тұрады. Жоғарғы жағы - жақ аралық және жоғарғы жақ сүйектерінен тұрады. Жоғарғы жақ сүйегіне арт жағынан - бет және шаршы бет сүйектері жалғасады. Бұл соңғы екі сүйек шаршы сүйектермен қосылады, соның нәтижесінде құстарға тен төменгі самай доғасын құрайды. Мұның өзі көз ұясы мен самай ұясын бөліп тұрады. Төменгі жағы буынды сүйектен және тері тектес - тіс пластинкасы, бұрыш және жақтың имек өсінді сүйектерінен қалыптасады. Есту сүйекшесі рептилилердікі сияқты бір сүйектен тұрады.
Қанаттары және иық белдеуі - ұшуғы бейімделуге байланысты ерекшеліктер болады. Иық белдеуі жауырыннан, каракоидтан және бұғанадан құралады. Бұлардың жоғарғы жақ бастары түйісіп келіп тоқпан жілік бекитін ойықты қалыптастырады. Жауырынның тұрқы ұзын, түрі қылыш тәрізді иіліп келеді. Каракоид өте жақсы дамыған, оның бір ұшы теспен ұштасады да, екінші ұшы буын арқылы тоқпан жілікпен жалғасады. Құстардың оң және сол жақтағы буғаналары бірігіп кетеді, мұны "айыр" сүйек деп атайды. Ол иық белдеуіне серпімділік қасиет береді.
Қанат скелеті бес саусақты жануарлардікі сияқты бірнеше сүйектерден құралады.
Артқы аяқтары және оның белдеуі. Жамбас белдеуіне күрделі сегізкөз бен мықынның үлкен қалақша сүйектерінің ұзына бойыналысып барып орналасқандығы үлкен тірек болып саналады. Мықын сүйектерімен өте ірі шонданай сүйектері бірігіп кеткен. Шап сүйектері өте жіңішке шыбық тәрізді болады. Олар шонданай сүйегінің сырт жағына орналасқан. Жамбас сүйектерінің ұштары түйісіп келіп, ортан жіліктің ұршық басы бекитін ойықты құрайды, оң және сол жамбас сүйектерінің құрсақ жағына қараған ұштары бір-біріне қосылмай сыртына қарай алшақтап тұрады. Мұндай жамбасты ашық жамбас деп атайды.
Артқы аяқтары - ортан жілік, асықты жілік, сирақ пен саусақтардан тұрады. Бұл үш бөлімнің бірінші бөлімі- ортан жілік деген бір үлкен сүйектен, екінші бөлімі-асықты жілік және оның шыбығынан, үшінші- сирақ және саусақтардан тұрады. Құстардың саусақтарының саны көпілігінде төртеу, үшеу болуы сирек кездеседі, ал Африка түйеқұсында екеу болады.
Құстардың ішкі құрылысы.
Ас қорыту органдары. Осы заманда тіршілік ететін құстардың тісі болмайды. Олардың қызметін қоректерін қармап ұстауға көмектесетін, сырты мүйізді затпен қапталған қатты тұмсығы атқарады. Әрбір құстардың қоректену тәсіліне және қабылдайтын азықтарының түріне қарай тұмсығының формасы да түрліше болады. Мысалы, жыртқыш құстардың тұмсығы төмен қарай иілген, тұмсығының көпшілік жері қалың мүйізді затпен қапталған. Дәнмен қоректенетін құстардың тұмсығы дәнді шоқырып теріп жеуге икемделудің нәтижесінде біз тұмсықты болып келеді.
Құстардың ауыз қуысынан түп жағына тілі бекиді. Оның формасы алуан түрлі болып келеді. Мысалы, жыртқыш құстардың тілі қысқа, ері қатты болса, қаздардың тілі - етті, жалпақ, тоқылдақтардың тілі - өте ұзын, жіңішке болады. Оның үстіндегі желім тәрізді заты қоректік заттарын тез жабыстырып алады.
Сілекей бөздері түрлі құстарда түрліше дамыған. Кейбір құстардың сілекей бөздері жоқтың қасында. Сұр қарлығаш өздерінің сілекей бөздерінен шыққан сілекейінен ұя жасайды.
Кейбір құстардың еңешінде азықтық заттарын уақытша сақтайтын және аздап қорытылатын кеңістік болады, оны - жемсау деп атайды. Көгершіндер балапандарын шығарған кезде, жемсауының ішкі қабатын “сүт” деп аталатын майлы бөртпе тәрізді зат шығарады, онымен олар балапандарын қоректендіреді.
Өңеш қабырғасы жұқа безді қарынға барып жалғасады. Безді қарынның ішінде қоректік заттарды қорытатын ас қорыту шырыны болады. Безді қарыннан қоректік заттар қабырғасы қалың етті қарынға барып түседі. Бұл қарынның ішкі беті мүйізді қабыршақпен қапталған. Бұл қарында қоректік ірі заттар үгіледі. Ірі қоректік заттарды үгуге, біріншіден - етті қарынның қабыршағы себепші болса, екіншіден - құстың жұтқан ұсақ тастары да әсер етеді. Құстардың аш ішегі едеуір ұзын болады. Он екі елі ішектің иінінде ұйқы безі орналасқан. Тоқ ішек пен тік ішектің аралығы жіктелмеген оларды бір-бірінен ажырату қиын.
Тыныс алу органдарының - өзіндік ерекшелігі және ауада ұшуға ыңғайлылығы, басқа ішкі органдарға қарағанда анағұрлым күштірек және өте айқын көзге түседі. Кемекей саңылауы кеңірдекпен жалғасады, оның жоғарғы бөлімін көмекей деп атайды. Көмекей бір оймақ тәрізді және екі ожау тәрізді шеміршектен тұрады.
Дыбыс шығару қызметін төменгі көмекейдің атқаруы тек қана құстарға тән ерекшелік. Төменгі кемекей кеңірдектің екі өкпеге тарамдалатын жеріне орналасады, оған тірек болатын сүйек тектес сақина бар.
Көмекей қуысына оның сыртқы жағынан келетін сыртқы дыбыс жарғақтары болады. Ал осы жерде кеңірдектің төменгі тарамдалған жерінен ішкі дыбыс жарғақтары да келіп түйіседі. Дыбыс жарғақтары бекіген арнаулы еттердің жиырылуынан яғни тітіркенуінен олардың формалары мен қалыптасуы өзгереді де дыбыс түрліше құбылып шығады.
Құстардың өкпесі тығыз көпіршікті дене тәрізді болып көккірек қуысының арқа жақ қабырғасына бекиді. Бронхылары өкпе ішіне еніп, бірнеше ұсақ тарамдарға бөлінеді. Олардың кейбір салалары өкпені тесіп етіп, ауа қапшықшалармен жалғасады.
Бронхылардың тарамдары жұқа қабы бар ауа қапшықтарын құрайды. Мұндай ауа қапшықтарының көлемі өкпенің көлемінен бірнеше есе үлкен болады. Ауа қапшықтары түрлі ішкі органдарының аралығында орналасады. Ауа қапшықтарының ең басты маңызының бірі құстар ұшқанда олардың тыныс алу механизмін реттейді. Жерде отырғанда құстарда кеуде қуыстарының үлкейіп және кішірейуі арқылы тыныс алады.
Сезім органдары. Құстардың есту органдары ішкі және ортаңғы құлақтан тұрады. Бірақ, құстардың құлақ қуысы рептилилердікінен гөрі күрделі. Евстахиев түтігі жұтқыншақ қуысына жалпы бір тесікпен келіп жалғасады. Есіту сүйегі біреу болады, дабыл жарғағы тері жамылғысының астында, сыртқы құлаққа ұқсас ояздау жерге орналасқан. Кейбір түн құстарында бұл ояз жердің қуысы үлкен, оның айналасында дыбысты күшейтуге бейімделген жұқа тері қабаты болады. Құстар жақсы естиді. Құстардың құлағы, көзімен бірге негізге сезім органдары болып саналады.
Құстардың көру органы да жақсы дамыған: әсіресе түн құстарының және қыран құстардың көз алмалары үлкен. Көзі кірпік еттерінің әсерімен көз хрусталигінің формасын өзгерту арқылы және көз алмасымен оны қоршап тұрған белокты қабығының формасын өзгертетін сақиналы бұлшық еттердің ерекетінен көретін болады. Құстарда төменгі және жоғарғы қабақтардың болуымен бірге бүкіл көзін жауып тұратын үшінші қабағы да болады. Құстардың кейбір түрлерінде иіс органы жақсы дамыған (Жаңа Зиландияның Киви дейтін құсында).
Нерв системасы. Рептилилермен салыстырғанда құстардың орталық нерв системасы біршама күрделі. Миы үлкен, әсіресе алдыңғы ми сыңарлары басқа ми бөлімдеріне айрықша үлкен. Алдыңғы миының көпшілік бөлімі жолақ денеден құралған. Бас миының көру бөлімі және мишығы соншалықты үлкен, керісінше иіс бөлімі өте кішкене болады. Аралық миы мен эпифизі нашар дамыған. Мишықтың үлкендігінен ортаңғы мидың көру бөлімі бір бүйіріне таман ауысып орналасқан. Мишық үстіңгі жағынан алдыңғы ми сыңарларымен түйіседі де, арт жағынан сопақша миды бүркөп жауып жатады. Құстардың бас нервтері он екі пар болады. Жұлыны иық және бел маңайында жалпақ болады.
Зәр шығару органдары. Құстардың ұрықтарында мезонепрос - дене бүйрегі болса, ересектерінде метанепрос - мықын бүйрек деп аталатын бүйрегі болады. Денесімен салыстырғанда, құстардың бүйрегінің көлемі, рептилилер мен сүт қоректілердің бүйрегінвн де үлкен болады. құстар бүйрегінің үлкен болуы, олардың денесінде зат алмасу процесінің актив жүруіне байланысты. Несебі зәр шығару системасы арқылы тез ағып етеді.
Жыныс органдары. Құстардың жыныс жүйесінде өздеріне тән ерекшеліктер болады. Олар іштей ұрықтанады. Ұрықтану құстардың мекиендерінің жұмыртқа жолының ішінде жүреді. Аталықтарында жұп аталық безі, жұп тұқым жолы болады. Ал мекиендерінің жыныс мүшелері, яғни аналық безі де, жұмыртқа жолы да, сыңар жолы да тек сол жағында ғана болады. Оң жағындағы жыныс мүшелері жойылған.
2.Қазіргі уақытта құстардың 31 отрядқа топтасатын 8000 аса түрі бар.
1 класс тармағы - нағыз құстар
1 отряд үсті - қырсыз тестілер немесе түйеқұс тәрізділер. Бұл отряд үстіне 4 отряд кіреді.
1- Африка түйеқұстары.
2- Америка түйеқұстары немесе нанду
3- Австралия түйеқұстары немесе қазуарлар.
4- Қанатсыздар немесе кивилер.
2 отряд үсті. Пингвиндер.
1- отряд. Пингвиндер.
3 отряд үсті. Қырлы тесті құстар. Бұл отряд үсті өзіне 20 отрядты біріктіреді.
1- Гагар тәрізділер.
2- Паганкалар.
3- Ескек аяқтылар.
4- Дегелек тәрізділер
5- Қаз тәрізділер
6- Күндізгі жыртқыштар.
7- Тауық тәрізділер.
8- Тырналар
9-Сутартарлықтар.
10 -Дуадақтар.
11-Балшықшылар
12-Чистиктер
13-Көгершіндер.
14- Көкетер.
15-Тотылар.
16-Ешкіемерлер
17- Ұзын қанаттылар.
18- Тоқылдақ тәрізділер
19-Жапалақтар.
20- Торғай тәрізділер.
3.Құстардың экологисы және экологиялық топтары.
Жер шарында құстар тарамаған жер өте сирек кездеседі. Құстардың бір қатары теңіз деңгейінен төмен жерде, ал енді бірқатары теңіз деңгейінен әлдеқайда биік жерлерде де кездеседі. Құстардың ұшу қабілеті басқа омыртқалылардың таралуына кедергі болатын жағдайлардан тез етуіне мүмкіндік береді. Екіншіден жыл мезгілінің қолайсыздығына қарай тіршілік өткен мекенін тастап, қолайлы жағдай бар белігіне баруға толық мүмкіншілігі бар.
Құстардың тарауына ауа температурасы да үлкен әсер өтеді. Насекоммен қоректенетін құстардың таралуының шегі солтүстікте температура жағдайына тікелей байланысты. Өйткені, төменгі температурада насекомдар өте аз болады, сонымен қатар жыл маусымының ондай қысқа мерзімінде құстар балапандарын толық жетілгенге дейін қоректендіріп үлгіре алмайды.
Құстардың таралуына дымқылдықтың да аздап та болса әсері бар. Құрғақшылықтың әсерінен су қоймаларының, батпақтың ауданы кішірейіп үйрек, жылқышы, батпақты жер тауығына қорек болатын жануарлар мен өсімдіктер құрып көтеді. Ұзақ уақыт бұлт басып, температура төмендеп, дымқылдықтың артуы құстарға қорек болатын көптеген жануарлар мен өсімдіктердің қалыпты тіршілігіне нұқсан келтіреді.
Құстар тіршілігі үшін жарықтың да маңызы зор. Өйткені, құстардың көпшілігі күндіз белсенді түрде тіршілік өтеді. Күннің қысқаруы көптеген құстардың тіршілігін қиындатады, олар тіршілігіне қажетті қорегін қамти алмайды.
Жарықтың белгілі бір мөлшерден артық болуы құстарға қолайсыздық етпейді. Қиыр Солтүстікте жаз көзінде бірнеше ай бойы күннің батпауы түнде жемін аулайтын құстардың тіршіліген нұқсан келтірмейді, олар тез арада күндіз тіршілік етуге ауысып көтеді. Ондай құстарға ақ жапалақ, қаршыға жапалақ, қауырсын аяқты байғұз, т.б. жатады. Түнде тіршілік етуге бейімделген құстардың түрі көп емес, оларға жататындар - жапалақтар, үкілер, байғұздар, кивилер.
Осы кезде тіршілік өтетін құстар ағашты, бұталы, батпақты сулы орталарда мекен өтеді. Бірақ сүтқоректілерге қарағанда, құстардың бейімделген орталары оншама көп емес. Мысалы, құстардың ішінде тек қана суда тіршілік өтетін немесе топырақтың қалың қабатында тіршілік етуге бейімделген түрлері болмайды.
I. Бұталы орман құстары. Құстардың бұл тобына олардың өте көптеген түрлері. жатады. Бұл ортада көберекі мамандалған құстардың тобы - ағашта өрмелеушілер болып саналады. Олар қоректерін ағаштан немесе бұталардан алып, осы жерге ұялайды. Көбнесе ұяларын ағаштардың бұтағына салмай, діңіндегі қуыс жерлеріне салады. Қоректерін ағаштан табатын болғандықтан, олар ағаш бойымен тез өрмелей алады. Олардың аяқтары қуатты және иілген тырнақтары болады. Олардың аяқтары қуатты және иілген тырнақтары болады. Көпшілігінің екі саусағы алдына қарай, қалған екі саусағы артына қарай бағытталған. Ағаш бойымен өрмелегенде, серпімді құйрық қауырсындары тірек қызметін атқарады, мысалы тоқылдақтар. Ал тотылар тұмсығымен бұтақтарды қармап қозғалады. Қоректену сипатына қарай бұталы-орман құстары: насеком жемділер, жеміс тұқым жемділер, нектар жемділер деп белінеді.
II. Батпақты шалғындықтың құстары. Бұл құстар су қоймаларының суы тайыз, ағашсыз, аздап та болса батпақты, топырағы дымқыл жағалауларда мекендейді. Қорегінің көпшілігін тайыз батпақты сулардың түбінен табады. Бұл топқа жататын құстардың аяғы қауырсынсыз ұзын, саусақтары жіңішке, олардың арасын жалғастырып тұратын жарғақтары болмайды.
1). Шалшық суларда жүретін сирақты құстарға дене мөлшері ірі және орташа болып келетін аяқтары өте ұзын - тырналар, құтандар, дегелектер жатады. Олар батпақты-шалғындықтардың, мүкті-батпақтарды, қалың қамыстарда мекендейді. Кейбір түрлері ағаштың басына ұялайды. Топырақтың бетінен немесе судан ұсақ жәндіктерін теріп жейді.
2). Өрмелеп қозғалатын батпақты жер құстары - көлемдері орташа және шағын болады да, батпақты жерде немесе шалғындықтың қалың шөптөсін жерлерін мекен өтеді. Бұған әртүрлі батпақты жер тауықтары, тартарлар, поганыштар, сұлтан тауығы және т.б. жатады. Алдында айтылған құстардан бұл типке жататын құстардың ерекшелігі - қалың шөптің арасында жасырынып жүріп тіршілік өтеді. Нашар ұшады, жауларынан құтылу үшін қалың шөптің арасына кіріп кетеді.
3). Тайыз судың балшықшылары - ұсақ әдетте тұмсықтары ұзындау келетін құстар. Тайыз жерлерде ұсақ тастардың үстінен немесе астынан және судың түбінен қоректерін теріп жейді. Бұлардың көпшілігінің аяғы ұзын келеді.
III. Шөлді дала құстары. Бұларға - түйеқұстар, дуадақтар, және т.б. жатады. Бұл типке жататын құстар өсімдігі аз, әрі сирек ашық даланы мекен өтеді. Осы тіршілік жағдайында пайда болған ерекшеліктеріне қарай бұл топқа жататын құстар жүрдек және тез ұшатын құстар деп екіге белінеді.
Жүрдек құстарға аяқтары ұзын, тез жүгіре алатын ірі құстар жатады. Бұлар қорегін ұшпай, жер бетімен жүріп іздейді.
Тез ұшатын құстарга шіл және қылқұйрықтар жатады. Дене мөлшері орташа, аяғы қысқа, қанаты өте ұзын, сүйір болатын құстар. Қауіп тенгенде жерге бауырын тесеп жата қалады.
IV. Су құстары. Бұған 8 отрядтың өкілдері: пингвиндер, чистик тәрізділер, шағалалар, түтік тұмсықтылар, гагар тәрізділер, ескекаяқтылар, қазтәрізділер енеді.
Сүңгуірлер - өмірінің көпшілігін суда өткізетін, сулы ортада тіршілік етуге бейімделген құстардың тобы. Қорегінің бір қатарын судың ішінен ал енді бірқатарын судың түбінен табады. Бұлар балықтармен, шаян тәрізділер және моллюскалармен қоректенеді. Сулы ортаға жақсы бейімделген пингвиндер мүлдем ұша алмайды. Бірақ өте жақсы сүңгиді. Құрлыққа тек ұя салу, балапан басу көзінде ғана шығады.
Ауада - суда кездесетін құстар тобына шағалалар, крачкалар, түтік тұмсықтылар жатады. Сүңгуірлерден ерекшелігі жақсы ұшады, әрі жақсы жүзеді, құрлықта жақсы жүре алады.
Жерді және суды мекендеуші - құстар тобына: үйректер, аққұлар, қаздер жатады.
V. Жыртқыш құстардың белгілі мекен өтетін экологиялық ортасы болмайды. Олар түрлі ортада тоғайда, тауда, далада, батпақты жерлерде мекен ете береді. Олардың бірнеше түрі белгілі: өлексе жеушілер (тазқара), бүркіт пен ақсарылар, жапалақтар, құладындар, қаршығалар, және сұңқарлар.
4.Құстардың маңызы.
Адамның шаруашылық әрекеттерінде құстардың алуан түрлі және үлкен маңызы бар. Көптеген түрлерін үйретіп, үй құсына айналдырған, бұл ерекетті осы кезге дейін жетілдіріп келеді. Ет, жұмыртқа, мамық алу, байланыс мақсатына, өсемдік үшін құстардың жаңа тұқымдарын шығарады. Жабайы құстардың - ауыл, орман, балық шаруашылығында, аң аулау кәсібінде және денсаулық сақтауда зор маңызы бар. Құстардың экономикалық маңызы өте күрделі, оны механикалық шеше салатын мәселе емес. Бір түрге жататын құстың өзі бір жағдайда пайдалы болса, екінші бір жағдайда зиянды болып саналады. Шаруашылықтың бір түріне пайдалы болған құс, шаруашылықтың екінші саласына зиянын тигізуі мүмкін. Көпшілік құстар егін, бау бақша, ыңғайлы және далалы жердегі өсімдіктердің зиянкестері - омыртқасыз организмдерді қырып, пайдасын тигізеді.
Кейбір құстардың пайдасымен қатар зияныны да айтарлықтай. Мысалы, ақ тұмсық, қара қарғалар көктемде себілген тұқымды қазып жесе, жазда қиярды, қарбызды, картоп қауынды шоқып бүлдіреді, Соным қатар ауыл шаруашылығының зиянкес насекомдарын да көп пайдасын тигізеді. Сол сияқты суық торғайлар да балапаны ұшқанша насекомдармен олардың личинкаларымен, жұлдыз құрттарымен қоректендірсе, олар ұшқасын, күзде дәнді дақыпдармен қоректеніп, жеңіл әрі жылы болады. Жабайы құстардың жұмыртқасын пайдалану ертеден келе жатыр.
Үй құстары. Үй құстарын өсіру ауыл шаруашылығын өркендетудің үлкен бір саласының бірі. Негізгі үй құстары: тауықтар, үйректер, қаздар және т.б. өсіріледі. Көгершіндердің осы кездегі сан түрлі тұқымдары жабайы Көгершіндерден шығарылған. Көгершін өсірудің үш тұқымдасына сәйкес үш түрлі бағытта: әсемдік, почташы еті үшін өсіріледі. Әсемдік үшін өсірілетін Көгершіндердің түсі ала, әсем көрсетіп тұратын қауырсынмен жабылған дене пішіні болады. Бұған дұтыштар немесе алтын көгершіндер, трубачтар, үнді және тоты тәрізді көгершіндер жатады.
Етті тұқымдасқа кинг, исполинск, көгершіндері жатады. Бұлар ірі, салмағы 600 - 900 г болатын көгершіндер. Жақсы тұқымы жылына 14 - 16 балапан өсіреді. Олардың салмағы жарты жылда 500 - 700 г жетеді.
Почта көгершіндері негізгі екі топқа белінеді - шығыс және Белгия тұқымдары. Бұлар "ауа почтасын" тасу жөнінде өсіріледі. Шығыс Көгершіні ауада ұшқанда жерді өте жақсы бағдарлайды, бірақ денесі ауыр болғандықтан онша ұзаққа ұша алмайды. Белгия көгершіні - жеңіл тұқымдармен шағылыстыру арқылы алынған. Жерді жақсы бағдарлайды және ұмытпайды. Сонымен бірге алыс жерлерге ұша алады.
Бақылау сұрақтары:
1.Кластың тіршілік ортасы, құрылысы, көбеюін «Венн диаграммасы» арқылы салыстырыңыз.
2.Кластың алуан түрлілігі, олардың практикалық маңызы туралы әңгімелеңіз.
3.Шығу тегі мен экологиясы туралы түсіндіріңіз.
Лекция №30 Тақырыбы: Сүт қоректілер класы
Жоспары:
1.Кластың жалпы сипаттамасы
2.Сүтқоректілердің шығу тегі және классификациясы
3.Сүт қоректілердің табиғаттағы және адам өміріндегі ролі, оларды қорғау
1.Жалпы сипаттама. Сүтқоректілер омыртқалы жануарлардың ішіндегі ең жоғарғы даму сатысында тұрған жануарлар. Олардың ерекшеліктері мынадай.
1. Оларда орталық нерв жүйесі жақсы дамыған. Оның ішіндегі жоғарғы нерв әрекетінің орталығы - үлкен ми жарты шарлары жақсы дамыған (сұр қыртысы). Соның нәтижесінде орта жағдайына байланысты бейімделуі жақсы жетілген:
2. Сүтқоректілер тірі туады. Баласын сүтімен қоректендіреді. Бұл сүтқоректілердің әртүрлі жағдайда көбеюіне мүмкіндік береді және төлдерінің өніп-өсуіне қолайлы жағлайдар туады.
3. Дене температуасының тұрақтылығына байланысты, жылу реттелуі жоғары дамыған. Сүтқоректілердің денесінін температурасы шамамен 37-48°С. Дененің температурсының бұлай болуы, бір жағынан химиялық терморегуляцияның дамуы болса (организмнің жылу бөлуі), екінші жағынан физикалық терморегуляцияның жылуды реттеудегі күшінің (терлеу, терінің қан айналысының өзгеру сипатында) дамуына байланысты. Денедегі жылуды реттеуде тері астындағы майдың, қаптап тұрған түктердің маңызы өте зор.
Сүтқоректілердің морфологиялық ерекшеліктері:
Сүтқоректілердің терісінде түрлі бездері бар. Мысалы, тер бездері — тер шығарады, суды сыртқа шығарады, жылуды реттейді, терморегуляция қызметін атқарады, май безі — одан бөлінген шырын жүндерін, терінің үстін майлап, олардың сынбауына, кеуіп кетпеуіне ұзақ уақыт қызмет жасауына мүмкіндік береді. Иіс безі бір-бірімен қатынас үшін, қорқыту үшін. Сүт безі - (аналық) балаларын сүтпен асырау үшін қажет.
Сүтқоректілердің барлығының дерлік денесінің сыртын қаптап тұратын түк болады (волос). Кейбір түрлерінде (кит, дельфин т.б.) түк тіпті болмайды, болса рудимент түрінде сақталған (екінші рет жойылған). Түк жабындысы әр түрлі түктен тұрады. Оның негізгілеріне: Малдың түк (түбіт), қылшық, сезгіш түк (вибрис) т.б. жатады.
Осындай ерекшеліктері әр түрлі жағдайларға қарамастан сүткоректілердің кеңінен таралуына мүмкіндік береді. Сол таралу жағдайына қарай оларды бірнеше экологиялық топтарға бөледі: көпшілік сүтқоректілер жер бетінде тіршілік етеді (үй малдары, қасқыр, марал, елік т.б.), суда (кит тәрізділер - дельфиндер мен кашалоттар), сирендер - Стеллер жартылай суда - ескек аяқтылар - тюлендер, морждар; камшат, құндыз, ондатр, нутра т.б. ағаш басында (маймылдар, тиіндер т.б.), ауада (жарқанаттар), жер астында - (көртышқан, бұзаубас, соқыртышқан т.б.).
Бұл класқа омыртқалылармен салыстырып қарағанда көптеген өзіндік белгісі бар жануарлар жатады. Терінің үсті азды-көпті жүнмен жабылған. Жүнмен терінің негізгі маңызы организмді сыртқы ортаның зиянды әсерінен сақтаумен қатар, дененің температурасын тұрақты мөлшерде сақтау.
Терінің астында, қалындығы әр түрлі болатын май қабаты бар. Бұл май суық жаққа немесе теңізде тіршілік ететін сүтқоректілерде қалың, мысалы, көк киттің тірі майының қалындығы 30 см дейін. Май қорек жеткіліксіз болғанда жұмсалатын денедегі қоректік заттың қоры да болып есептеледі. Сондықтан қыста ұйықтап жатқан кейбір жануарлардың (күзде) майы көп болады.
Сүтқоректілердің терісінде түрлі бездер көп болады. Ол бездердің клеткалары бөліп шығаратын заттар шырын деген ортақ атпен аталады. Бездердің өздері бірнеше топқа бөлінеді және секреттерін белгілі түтік арқылы шығарады. Секреттің химиялық құрамы әр түрлі болады. Мысалы, тер бездері -тер шығарады, ал сүт бездері - сүт шығарады т.б. Сүт безі тек сүтқоректілерде ғана болады. Кейбір бездер түтіксіз болғандықтан секреттері қанға қосылады.
Сүтқоректілерде денені қозғалысқа келтіретін әртүрлі бұлшық еттер болады, олар сүйектерге бекиді. Басқа омыртқалылардан сүтқоректілердің тағы бір ерекшелігі дене кеуде және құрсақ қуысына бөлінген, ол екеуінің арасынан көкірек құрсақ пердесі немесе диафрагма бөліп тұрады. Сүтқоректілердің денесін құрайтын әртүрлі мүшелер өздерінің атқаратын қызметіне байланысты бірнеше жүйеге бөлінеді: сүйек, ет, ас қорыту, зәр шығару, қан айналу, нерв жүйесі және тағы басқалар.
Сүтқоректілердің сыртқы құрлысы
Қаңқасы. Ересек сүтқоректілерде қаңқасы сүйекті болады. Хорда тек эмбрионалдық даму кезеңінде айқын білінеді. Омыртқа жотасы - мойын, арқа, бел, сегізкөз, құйрық омыртқаларынан құралады. Мойын омыртқаларының саны әрқашан тұрақты болады. Алдыңғы екі мойын омыртқасын - ауыз омыртқа (атлант) және эпистрофей деп аталады. Мойын омыртқасы жеті омыртқадан тұрады. Бірақ сүтқоректілердің мойынының ұзындығы бірдей емес. Мысалы, тұяқтылардың мойыны ұзын, кемірушілердің мойыны қысқа болады. Демек, олардың мойынының ұзындығының түрліше болуы сүтқоректілердің мойын омыртқаларының санына байланысты емес, жеке омыртқалылардың денесінің ұзын және қысқа болуына байланысты.
Арқа омыртқалары көпшілігінде 12-15 болады, ал кейбіреуінде 24 арқа омыртқасы болады. Бел омыртқаларының саны 2-ден 9-ға дейін болады. Сегізкөз көпшілігінде бір-бірімен бірігіп өсіп кеткен 3-4 омыртқадан тұрады. Құйрық омыртқаларының саны тұрақты болмайды. Мысалы, Гиббонда - 3 болса, кесірткеде 49-ға жетеді.
Ми сауыты. Миының үлкен болуына байланысты, сүтқоректілердің ми сауыты да үлкен болады. Жоғарғы жақ, 2 жақ аралық және жоғарғы жақ сүйектерінен тұрады. Төменгі жақ сүйегі бір жұп тіс сүйегінен қалыптасады. Буындасу сүйегі, есту сүйекшесі - балғаға айналады, шаршы сүйек есту сүйекшесінің екінші бір түрі төске айналады. Бұл екі есту сүйекшелері және үшінші есту сүйекшесі - үзеңгі ортаңғы құлақ қуысының ішіне орналасады. Ортаңғы құлақтың сыртқы бөлімі және есіту жолы - дабыл сүйегінен тұрады.
Сүтқоректілердің иық белдеуі негізінен жауырын мен бұғанадан тұрады. Каракоидты сүйектер барлық сүтқоректілерде рудиментті түрде кездеседі. Жамбас белдеуі жер бетінде тіршілік ететін жануарларға тән шонданай (седалищными), шап (лобковыми) жвне мықын (подвздошными) үш сүйектен тұрады. Осы үш сүйек тұтасып барып - жамбас сүйегін құрайды. Барлық жер бетіндегі қозғалатын сүтқоректілердің аяқтары бес саусақтан болып келеді. Мысалы, жер бетінде жүретін түрлерінде аяқтары ұзын болса, ал суда тіршілік ететіндерінде керісінше қысқа болады.
Нерв жүйесі. Сүтқоректілердің нерв жүйесі өте күрделі. Олардың миы үлкен, әсіресе алдыңғы ми сыңарлары мен мишыктың көлемді болуына байланысты, ал олар сүтқоректілердің неше түрлі қимылдар жасауына мүмкіндік береді. Алдыңғы ми сауыттарының қыртысы тегіс болмай, көптеген сайлар болады да оның беттік ауданын ұлғайтып тұрады. Баста 12 жұп нерв жүйесі бар.
Сезім мүшелері. Сүтқоректілердің тіршілік әрекетіне қарай жақсы дамыған. Иіс сезу мүшесі өте жақсы жетілген және тіршілігінде үлкен қызмет атқарады. Осы мүшелердің көмегімен олар жауларын сезеді, тамағын бірін-бірі іздеп табады.
Есту мүшелері жақсы жетілген. Оларға сыртқұ құлақ (құлақ қалқаны), ортаңғы және ішкі құлақ енеді. Ортаңғы құлақ қуысында үш сүйек болады. Балға дабыл жарғағына тиіп тұрады, оған қозғалмалы болып төс бекіген. Төс өз тарапынан қозғалмалы болып үзеңгімен байланысқан. Ішкі құлақтың қарылысындағы бір көңіл аударатын нәрсе, улитканың каналында керіліп жатқан мыңдаған жіңішке талшық - кортьев мүшесінің болуы. Дыбысты қабылдаған кезде осы талшықтар оны күшейтіп, жануарлардың нәзік дыбысты естуін қамтамасыз етеді.
Көру мүшесі. Сүтқоректілердің көздері омыртқалылардың көз құрылысына ұқсас. Оларда жоғарғы және төменгі қабағы жақсы дамыған. Аңдарда көздің көру қабілеті құстардікінен нашар.
Сүтқоректілердің дене қуысының айырмашылығы сол, ол диафрагма арқыны бөлінген кеуде қуысы және құрсақ қуысынан тұрады. Кеуде қуысында жүрек пен өкпе жатса, ал құрсақ қуысында - қарын, ішек, бауыр, бүйрек тағы басқа мүшелер болады.
Ас қорыту мүшелері - күрделі және бірнеше бөлімнен тұрады. Ол ауыз қуысынан басталады. Қоректік заттар үстіңгі және астыңғы жақтарға орналасқан тістерден және сілекей бездерінің әсерінен механикалық және химиялық өзгерістерге түседі. Сүтқоректілердің тістері — күрек тістер, шошақ тістері жалған азулар және азу тістер деп бөлінеді. Жыртқыштардың шошақ тістері өте жақсы жетілген және олардың ұшы өткір болады. Олардың азу тістері өте үлкен және өткір болады да, олар жыртқыш азулар деп аталады. Кемірушілердің күрек тістері өте жақсы жетілген.
Төмендегі жақ сүйегінің арасында етті тіл орналасқан. Ауыз қуысының арт жағында жұтқыншақ орналаскан. Жұтқыншақтың төменгі бөлімінде өңеш тесігі жалғасады. Ауыз қуысында сілекей бездерінің түтіктері ашылып көмірсутек қосылыстардың крахмал мен қантқа ыдырауына себебін тигізеді.
Қарын басқа ас қорыту мүшелерінен айқын бөлінген және көптеген сөл шығаратын бездері болады. Қарынның көлемі мен құрылысы қоректік заттардың түріне қарай әрбір түрде түрліше болады.
Күйіс қайтаратын сүтқоректілердің қарны өте күрделі құрылысты. Мысалы, сиырдың қарны төрт бөлімнен тұрады: 1) үлкен қарын; 2) жұмыршақ қарын; 3) жалбыршақ қарын; 4) ұлтабар немесе безді қарын. Үлкен қарынға түскен қоректік зат сілекейдің және бактериялардың әрекетінен ашиды. Қорек заты қарыннан оның перистальтикалық қозғалысының әсерінен жұмыршақ қарынға, одан күйіс қайырғанда — ауызға келіп түседі. Ауызда тамақтық зат ұсақталып, сілекеймен араласады. Пайда болған жартылай сұйық зат жалбыршақ қарынға, одан ұлтабарға барады. Нағыз ішек - аш ішек, тоқ ішек және тік ішек деп үшке бөлінеді. Өсімдік тектес азықтармен қоректенетін жануарларда ішек өте ұзын, ал жануар тектес азықтармен қоректенетіндеріне қысқа болады.
Сүтқоректілердің астың қорытылуында бауырдан бөлінетін өттің, сол сияқты ұйқы безінің және ішек қабырғасында орналасқан бездердің әсері зор.
Тыныс алу мүшелері. Сүтқоректілердің тыныс алу мүшесі тыныс алатын көмекей, кеңірдек, бронхылар және өкпе. Кеңірдек көмекейден басталып жұтқыншаққа ашылады. Ауа танау тесіктері арқылы кіріп жылынады және әртүрлі қатты заттар қосылысынан тазартылады. Таңдайдың жақсы жетілуіне байланысты ауа жүретін жол ауыз қуысынан жекеленген, көкірек қуысында кеңірдек екі бронхыға бөлініп өкпеге енеді. Бронхылар өкпенің ішінде көптеген ұсақ тарамдарға бөлініп, жұқа қабырғалы кепіршіктер — альвеолдарды түзеді. Альвеолдар ұяшықтарына капиллярлардың ұшы келіп тұрады. Осы капиллярлар арқылы газ алмасу процесі жүзеге асады. Сүтқоректілердің тыныс алуына және шығаруына көкірек қуысының кеңейіп, ауа қабылдап немесе тарылып өкпеден газдың шығуына себепші қабырғаларды көтеретін қабырға аралық еттермен көк еттің (диафрагманың) үлкен әсері бар.
Қан айналу жүйесі. Сүтқоректілердің қан айналу жүйесі зат алмасу процесінің өркендеуіне байланысты төрт бөлімнен екі жүрекшеден, екі қарыншадан тұрады. Жүректің оң және сол жақ жартысы бір-бірінен толық бөлінген. Сондықтан, сүтқоректілердің артерия қаңдары вена қаңдарынан толық бөлінген. Демек, олардың барлық дене мүшелері оттегіне қаныққан бай артерия қаңдарын қабылдайды. Жүректің атқаратын қызметінің көлеміне қарай тамырлары жақсы дамыған. Басқа омыртқалы жануарлармен салыстырғанда жүректің қызметін нервпен қамтамасыз ету жоғарғы дәрежеде дамыған. Дененің барлық бөліктері қоректік заттармен және оттегімен жабдықталған және диссимиляция қалдықтарынан да тез босайды.
Олардың эритроциттерінің құрылысы өзінше сипат алады. Эритроциттері кішкентай ядролары болмайды. Сондықтан олар өте көп мөлшерде кездеседі (1 куб мм миллиондап болады). Соның арқасында эритороциттердің бет көлемі артып оттегін сіңіретін жалпы аумағы артады.
Сүтқоректілердің қаны суық жануарлардікіне қарағанда тез ұйиды. Ол жануарлардың жарақаттанған кезінде қанның көп ақпай, тез тоқтауына әсерін тигізеді.
Қан айналу жүйесі кіші және үлкен қан айналым шеңберінен тұрады. Қан жасап шығарушы мүше - көкбауыр (талак) болады.
Зәр шығару мүшелері. Сүтқоректілердің бүйрегі мықын бүйрегі деп аталады. Қосмекенділерге, балықтарға тән дене бүйрегі эмбрионалдық даму кезінде болады да, кейін жойылып кетеді. Сүтқоректілердің метанефридиалық бүйрегі бұршақ пішінді болады. Ол бел маңайындағы омыртқалар жотасының екі қапталында орналаскан. Бүйректің ішкі жақтарынан несеп ағаралар шығын, қуыққа ашылады. Қуықтан несеп түтігі арқылы сыртқа шығады. Клоакалы сүтқоректілердің несеп жолы несеп - жыныс қуысына барып, одан қуыққа келеді. Қуықтың несеп арнаулы несеп каналы арқылы сыртқа шығады. Зәр шығару қызметін аздап та болса тер безі атқарады.
Көбеюі. Сүтқоректілердің көбеюі басқа жануарлардың көбею мүшелерінен ерекше болады. Ең негізгі бір сипаты артқа ішектен жыныс жолдарының толық бөлінуі.
Аталық жыныс мүшелері. Сүтқоректілердір аталық жыныс бездері алғаш дене қуысында болады да, есейген шағында төмен түсіп, шап бөлімінде сыртқа шығып тұрған ен (мошонка) қалтасының ішіне орналасады. Аталық жыныс безіне беттесе орналасқан — ен сабағы болады. Ен сабағы аталық жыныс безінің өнімін сыртқа шығаратын көптеген каналдардан тұрады. Ол шағылыс мүшесінің түп жағынан келіп несеп шығаратын немесе тұқым шығаратын каналмен жалғасады.
Шағылыс мүшесінің түп жағында бір жүп бездері болады. Бұны предстательдік без деп атайды. Бұл бездің де жолы тұқым-несеп каналының ұшына ашылады. Аталық жыныс бездерінің геперматозоидтары жүзіп жүретін сұйықтықтарды осы без бөліп шығарады. Предстатрльдік және тұкым көпіршік бездерінен бөлінген секреттер сперматозоидтардың қозғалысын шапшандатады.
Аналық жыныс мүшелері. Дене қуысында орналасқан жұп аналық жыныс безінен, бір жұп жұмыртқа жолынан, жұмыртқа жолының жоғарғы иіліп жатқан бөлімі фаллопиев түтігінен, жатын мен қынаптан тұрады. Сүтқоректілердің жатындары бәрінде бірдей болмайды. Кейбір сүтқоректілерде жатын жұп болып, оның оң және сол бөлімі жатын қынабына дербес тесік арқылы ашылады. Мұндай жатынды қос жатын деп атайды.
Кейбір кемірушілердің, жарқанаттардың және жыртқыштардың жатыны төменгі жағынан қысылып - екі айыр жатын құрайды. Кит тәрізділердің, тұяқтылардың және кейбір жыртқыштардың жаныдарының оң және сол жағының көпшілік бөлімінің қосылып кетуінің салдарынан — екі мүйізді жатын пайда болады. Пирматтардың, жарқанаттардың, адамдардың екі жатыны да қосылып дара қарапайым болады.
Сүтқоректілердің кейбіреулері - полигамды болады, демек бір еркегі табынның қожасы болып, сол тобындағы барлық ұрғашы жануарларды ұрықтандырады (мысалы, ақбөкендер, жылқылар т.б.). Екінші біреулер - моногамды болады, демек олар жұптасып тіршілік етеді (мысалы, түлкілер, қасқырлар т.б.). Әрине, олар бір маусымда ғана жұптасуы немесе өмірінің ұзақ жылдарында жұптасып тіршілік етуі ықтимал.
Ұрық орны. Барлық сүтқоректілер қағанақтыларға (амниотаға) жатады. Өйткені ұрықтың даму барысында оларды ұрық қабығы пайда болады. Қазіргі сүтқоректілер балаларын тірі туып, сүтпен асырайды. Төменгі сатыдағы (ехидна, үйрек тұмсық), қалталылар, нашар дамыған, әлі жетілмеген балаларын туады.
Планцентарлы сүтқоректілерде сероздың бет жағында өсінділер пайда болады да, ол борпылдақ дене хорионға айналады. Хорионның бір бөлігі жатынның жұмсақ ұлпаларымен жабыса өсіп күрделі мүше ұрық орны немесе плацента пайда болады. Хорионда да, жатынның жұмсақ ұлпаларында да қан тамырлары өте жақсы дамыған. Осы арада ана мен ұрықтың қан тамырлары өзара ұштасады, бірақ әрқайсысы жеке-жеке жатады. Соның нәтижесінде ұрықтың мүшелеріндегі газ алмасуы, қоректенуі және ыңырау өнімдерінің бөлініп шығуы орындалады. Осы ананың денесінен ұрықтың мүшелеріне жету осмос қысымы арқылы орындалады.
Дамуы. Ұрық іші суға толы амнионмен қоршалған. Соның арқасында ұрық аналық ішінде қандай жер болса да дұрыс бірқалыпты дамиды. Ұрықтың дамуы тек қана ұрық орнының пайда болуына емес, оның организмінің ұзақ уақыт ұрықты ішінде сақтауына бейімделуінде болып отыр. Ананың ішінде ұрық ұзақ уақыт жатқанда, ұрықтың барлық мүшелері жетіліп қалыптасады.
Кейбір сүтқоректілердің балалары туа сала өз бетімен жүріп аяқтанып кетеді, ал кейбіреулерінікі соқыр және жәрдемсіз болып туады. Барлық жануарларда анасы сүтінен қоректендіріп, аналарының қамқорлығында болады. Нерв жүйелерінің жақсы жетілуіне байланысты балаларына қамқорлық жасау сүтқоректілерде жақсы жетілген. Сондықтан да бұл кластың өкілдері балықтар мен қосмекенділермен салыстырғанда, сан жағынан аз бала табады. Ірі сүтқоректілер бір-ақ бала табады.
2.Қазір дүние жүзінде 4500 сүтқоректілердің түрі бар. Соның 3320 түрі ТМД-да болса, Қазақстанда 178 түрі қолайлы орын тапқан.
Сүтқоректілер класының өкілдері үш класс тармағына бөлінеді.
1-класс тармағы, Жұмыртқа салушы сүтқоректі немесе алғашқы аңдар.
2-класс тармағы. Қалталы сүтқоректілер немесе төменгі сатыдағы аңдар.
3-класс тармағы. Жоғарғы сатыдағы сүтқоректілер немесе плаценталылар.
1-класс тамағы. Жұмыртқа салушы немесе алғашқы аңдар. Жұмыртқа салушы сүтқоректілердің дене құрылысы өте қарапайым. Олар бауырымен жорғалайтын жәндіктерден алғашқы пайда болған сүтқоректілерге өте ұқсас, сондықтан да бұл бұларды алғашқы сүтқоректілер деп атаймыз. Оның өкілдері үйректұмсық пен ехинда. Бұлардың ішінде үйректұмсык, кебею үшін жұмыртқа салып, сосын оны құстар сияқты басып, бала шығарады. Ехинда да осылай көбейеді, бірақ ол жұмыртқасын өзінің бауырында болатын ерекше қалтасына салып басып шығарады. Олар бір жұмыртқа салады, ал екі жұмыртқа сирек кездеседі. Жұмыртқасының ұзындығы 1-1,5 см басқа сүтқоректілерден айырмасы, зәр шығару мүшелері мен ас қорыту жүйесі бір тесікке клоакаға ашылады. Емшек болмайды, сондықтан сүт безінен шыққан сүт жүн арқылы ағып, жүнді жалаған балаларының ауызына барады. Денесінің температурасы төмен және ол тұрақты емес (2б-35°С).
Алғашқы сүтқоректілер Австралияда және Тасмания мен Гвинея аралдарында кездеседі. Бұлар кішкентай сүтқоректілер (үйректұмсықтың үлкендігі, құйрығын қосып есептегенде 60 см шамасындай). Үйректұмсық су жағасында, інде тіршілік етіп, насекомдармен қоректенеді. Оның терісінің бетін жауып тұратын жүні кірпідей қатты болады.
Үйректұмсықтар өзен жағалауындағы тіршілік етеді және уақытының көбін суда жүзіп өткізеді. Мүйіз қабатты ұзын, жалпақ тұмсығы үйректің тұмсығына ұқсайды. Ересек үйректұмсықтылардың тістері жоқ. Олар жас кезінде шыға бастайды да, кейін оның орнына мүйізді пластинка пайда болады. Үйректұмсық осы пластинкасымен моллюскалардың қатты қабыршақтарын да оңай уатады. Судағы тіршілікке байланысты саусакатарының аралығында жүзу жарғақтары болады. Сондықтан аяқтары жалпақ, қалақ тәрізді суда жақсы жүзуге бейімделген. Ал құйрығы болса суда жүзгенде бағыт беріп отырады. Үйректұмсықтардың жүні қатты және тығыз, сондықтан суды да өткізбейді. Құлақтарының калқаны болмайды, ал құлақтарының тесіктері суға сүңгігенде жабылып қалады. Сөйтіп, үйректұмсықтардың барлық құрылысы сула өмір сүруіне икемделген.
Ехидналар ойлы-қырлы, бұталы жерлерде мекендейді. Мөлшері 1-1,5 см болатын екі жұмыртқа салады. Оны ұрғашысы құрсағындағы тері қалтасына салып қояды. Қалтасының ішіндегі температура 33-35° шамасында болады. Ұрық жұмыртқадан шығып, қалтаның ішінде дамып, ұзындығы 8 см-ге жеткенде қалтадан сыртқа шығады.
Олар Австарлияны мекендейді. Бұлардың аяқтарында ұзын өткір тұяқтары болады, солардың жәрдемімен ін қазып, сол індерінде тіршілік етеді. Ұзын тұмсығы қатты, мүйізді сауытпен қапталған. Насекомдармен қоректенеді. Насекомдарды жабысқан тілімен жердің жарығынан, тастардың арасынан тауып алады.
Қалталылар класс тармағы
Қалталылар класс тармағының жұмыртқа салушыларымен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың плацентасы нашар жетілген, көпшілігінде плацента тіпті болмайды. Соның нәтижесінде ұрықтың құрсақтағы даму мезгілі қысқа болады да жетілмеген әлсіз бала туады. Көпшілік түрлерінің ұрғасының құрсағында тері қалтасы болады. Қалтаның ішінде жаңа туған балаларын салады, осы қалтаның ішінде балаларын емізетін емшектері де ашылады. Жаңа туған бала әлі емшекті сора алмайды, Емшектің ұшы ауыз қуысына енген соң ісініп, ауыз қуысын толтырады. Сүттің ауызға құйылуын сүт бездерінің маңайындағы ерекше еттер жиырылып - жазылу арқылы орындалады. Олардың балалары жатыннан гөрі қалталарында ұзағырақ болады. Мысалы, ұзындығы 2 м болатын алып кенгурудың ұрығы жатында 39 күн болса, қалтасында 7 айдан артық уақыт жатады.
Ұрғашыларының жұмыртқа жолдары жұп күйінде сақталады, сондықтан қынабында екеу болады. Еркегінің жыныс мүшесі тек қана шағылысу қызметін емес, зәр шығару қызметін атқарады. Ұрғашыларының қынабы екеу болғандықтан, осыған сәйкес еркектерінің де шағылыс мүшесінің ұшы екі айырық болады.
Қалталылар бір кезде дүние жүзінде кеңірек тараған. Планцентарлы сүтқоректілердің шығуына байланысты оларды ығыстыра бастаған. Соның салдарынан олар тек Австралияда және оған жақын аралдарда тарап сақталып қалған. Қалталылардың бірнеше түрі Оңтүстік Америкада, бір ғана түрі Солтүстік Америкада тіршілік етеді.
Қалталылардың көпшілік түрі ағаш басында: қалталы тиіндер, қалталы қарақас, қалталы аюлар. Қалталы көртышқаңдар жер астындағы індерде тіршілік етеді. Бұлардың кейбіреулері ашық далалы жерлерді мекендейді. Олар таулы жерлерде, орманда кездеседі. Жейтін тамағының құрамына қарай өсімдік тектес қоректілер (кенгуру, қалталы аю т.б.), жыртқыштар (калталы қасқыр, опоссум т.б.). Кенгурулардың терісі жұмсақ жылы болады, еті де дәмді. Сондықтан оларды еті мен терісі үшін аулайды.
Плацентарлы класс тармағы
Плацентарлы сүтқоректілер дүние жүзінің барлық жеріне таралған, тек Австралияда ғана болмайды. Оларға барлық үй малдары жатады. Плацентарлылардың ең жоғарғы тобы маймылдар - олардың шыққан адам да жатады.
Жоғарғы сатыдағы сүтқоректілерде жұмыртқа салушы және қалталы сүтқоректілермен салыстырғанда барлық тіршілік жағдайы күрделенген. Алдыңғы ми және ми сыңарлары жақсы жетіліп нерв жүйесі жақсы дамыған, соған сәйкес әртүрлі тіршілік жағдайына бейімделу қабілеті артты. Сол сияқты жақсы жетілген қимыл, тыныс, қан, ас қорыту тағы баскэ жүйелерін айтуға болады. Дене температурасы тұрақты, зат алмасу процесі үдемелі түрде жүреді. Плацентарлыға тән сипат ұрықтың қолайлы жағдайда дамуы, тірі тууы. Оларда ұрықтарына деген қамқорлық (сүттен қоректендіру, жауларынан қорғау т.б.) басқа жануарлар тобында жоқ планцентарлы сүтқоректілерде жоғарғы сатыда дамыған.
Қазіргі кезде тіршілік ететін плацентті сүтқоректілерге қысқаша сипаттама беріледі.
3.Сүтқоректілер омыртқалылардың ішіңдегі түр жағынан ең көп жануарлар. Сондықтан олар барлық жерлерде кездеседі. Себебі барлық жердің халықтары сүтқоректі жануарлардың етін, майын, тамаққа және жүнін, терісін шаруашылықта қолданады. Сүтқоректілердің кейбір түрлері малдары, жабайы аңдар, олардың ішінде ауыл шаруашылығына зиян келтіретіндері де бар.
Үй малдары, негізінде, жабайы жануарлардан шыққан, бірақ олар адамның көмегінсіз өсіп-өніп тіршілік ете алмайтын күйге келді. Адамның әсер еткені сондай, олар ауыл шаруашылық қажетіне неше түрлі жаңа тұқымдар беріп, көбейіп кеткен. Негізгі үй жануарлары мүйізді ірі қара (сиырлар, қодастар, буйволдар), ұсақ малдар (қойлар, ешкілер) және жылқы, түйе, шошқалар. Біздің ТМД-да елуден артығырақ ірі қара мал тұқымдары (породалар) бар. Мысалы, біздің Қазақстанда сүтті дала қызыл сиыры. Бұл Қазақстанда 33 проценттей орын алады. Ол етті бірақ сүті аз, қазақтың ақбас сиыры 25 процент орын алады. Сүтті де, етті де жақсы беретін Әулиеата сиыры 12-13% срын алады. Дала қазыл сиырдың ұрғашысының салмағы 500 кт-дай, жылына 3200 л сүт бере алады (жеке сиыр ғана). Сүттің майлылығы 3,7%-ке дейін жетеді.
Сұрыптау жұмысының нәтижесінде 150-ден артығырақ қойдың жаңа тұқымы алынды. Олардың азық-түлік (ет, сүт, май) және тері мен жүн алынады. Жүннен мата, киіз, байпақ т.б. заттар жасайды. Терісінен тон, аяқ киім т.б. киімдер тігіледі. Ал кейбір қойлардың тұқымдары бағалы тері сеңсең, елтірі береді.
Қойлардың жүні сапасына қарай үш топка бөлінеді: биязы жүнді, ұяң жүнді, қылшық жүнді. Биязы жүнді қойлардың жүні бірыңғай ұзын және жіңішке, ылғай түбіт, яки жабағы жүн болып келеді. Тері бездерінен шыққан шайыр жүннің талдарын бір-бірімен жабыстырып тастайды. Соның нәтижесінде жабағы пайда болады.
Қазақстандағы осындай биязы жүнді қойлар Қазақстанның жіңішке жүнді меринос, жіңішке жүнді арқар меринос және Солтүстік Қазақстан мериносы болып жіктеледі.
Ұяң немесе жартылай қылшық жүнді қойлардың да жүні бірыңғай болып келеді, бірақ биязы жүнді Қазақстан қойының жүніндей жіңішке емес және биязы жүні аз болады. Осындай жүні бар, ет салмағына да жақсы және майлы құйрықты, біздің Қазақстанда жаңадан қойдың бір асыл тұқымы шығарылады. Ол дегерес қой тұқымы (дегересская порода).
Қойдың осындай асыл тұқымын шығаруда Алматы зоотехникалық малдәрігерлің институтының ғалымдары: Қ.Сабденов, Т.Садықұлов, А.Байжұманов т.б. көп еңбегі сіңірді. Осындай қой тұқымын шығаруда Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтының ғалым қызметкерлері көп еңбек сіңірді.
Қазіргі халық шаруашылығында жылқының да маңызы өте зор. Жылқылар ауыл шаруашылығының жұмысықа пайдаланылады және еті, сүті жақсы тамақ болады. Сүттен қымыз, теріден түрлі бұйымдар жасайды. Жылқының да 100-ден аса асыл тұқымдары (породалары) бар. Жылқының тұқымы тигізетін пайдасына сәйкес жеңіл жетістік, салт мінетін және ауыр жүк тартатын деп үш топқа бөлінеді.
Салт мінетін Түркменияда ақалтеке, ал Қазақстанда Қостанай жылқылары бар. Салт мінетін жылқылардың ішінде Дон жылқысы таңдаулы болып есептеледі. Бұл аттың тұқымы өте жақсы үйірмен далада жайылып жүре алады және әскери істе де, жүк тасыған да, басқа ауыл шаруашылығында да шыдамды.
Жылқының жеңіл жетістік тұқымдары да көп, мысалы, Орлов жылқысы, ал Қазақстанда орыс шошка және қазақ жылқылары жетістік жұмысты жақсы атқарады. Ауыр жүк тартатын жылқы тұқымы Владимир облысының колхоздарында шығарылған, владимирлік ауыр жүк тартатын жылқы. Бұл жылықының күштілігі сондай, мысалы, Владимирлік ауыр жүк тартатын жылқы тұқымы 22,9 т дейін алып жүре алады.
Қазақстанда аң аулау кәсіпшілігі және аң шаруашылығы жақсы жолға қойылған. Біздің еліміз аңға бай, аңның терісін дайындауда ол жер жүзінде бірінші орын алады. Қазір республикамызда ірі-ірі аң шаруашылықтары мен аң фермалары құрылып, халық аса қажет етіп отырған товарлар дәмді ет пен бағалы аң терілері көп өндіріле бастады. Мысалы, тек біздің республикамызда 275 тіркелген аң шаруашылығы арнаулы 7 ондарт және 2 ақбөкен шаруашылығы, арнаулы 27 заказник және белгілі бір географиялық аудаңдардағы жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, оның ішінде бірте-бірте саны азайып бара жатқан және сирек кездесетін өсімдіктер мен аң-құстар сақтайтын жеті қорық бар.
Табиғатты қорғаудың халықаралық одағы жер бетінен аңдардың 106 түрінің, құстардың 139 түрінің оралмастай жойылып кеткендігін анықтап отыр. Тек өткен ғасырдың ішівде сүтқоректілер мен құстардың 70 түрі құрып кетсе, ал XX ғасырда 70 жылдың ішінде, жоғарыдағы айтылған санға жануарлардың тағы 40 түрі қосылған.
Шын мағынасында сирек кездесетін және құрып бара жатқан жануарлардың қорғау мәселесін біздің мемлекетіміз бірінші күннен бастап маңызды істің бірі деп қарап келді. Соның нәтижесінде көптеген жұмыстар жасалынып, құруға жақын тұрған түрлерінің санын көбейтіп, халық шаруашылығына көптеген пайда келтірді. Мысалы, біздің елімізде бұғынның, бұланның, камшаттың, акбөкеннің т.б. санын көбейтуге мүмкіндік туды. Қазір осы жануарлар елімізге бағалы тері, дәмді ет, медицинаға шикізат панта мен мүйіздер т.б. беруде. Қысқасы, табиғаттың адамға берері мол. Совет Одағында В.И.Ленин 1920ж. табиғатты қорғау туралы қаулы-қарарға қол қойды. Үкіметтің заң жобаларына сәйкес, бағалы және сирек кездесетін аңдардың санын көбейту бағытында көптеген жұмыстар жасалынуда. Республикамызда қолда бар байлықты сақтау үшін қорықтар, зақазниктер т.б. ұйымдар құрылды. Сирек кездесетін аңдар (бұлғын, сусар, камшат) ерекше рұқсатпен ауланады. Бұларды аулау үшін ең алдымен өсімін жыл сайын жоспарлап отырады. Сирек кездесетін аңдардың тек санын біліп қана қоймай, биологиясын зерттеп, оларға тезірек көбейетін жағдай туғызады. Сирек кездесетін аңдарға қысты күні жем беріп және биотехникалық жұмыстар жүргізеді.
Кейбір бағалы аңдарды кеңірек тарату мақсатында бір жерден екінші жерге апарып жерсіндіру жұмысына жүргізеді. Мысалы, жақсы тері беретін ондатрлар, саз камшаты (нутрия) және жыртқыштар отрядына жататын Америка қара күзені, жанат т.б. Қазақстанның көптеген аудаңдарында жерсіндіріліп жақсы көндігуде.
Сонымен бірге сәнді терісі үшін күміс қара түлкіні, көгілдір түлкіні, қара күзенді (норка), саз камшатын колхоз бен совхоздардың аң фермаларында өсіріледі. Ауыл шаруашылығының бұл жаңа саласы табысты өркендеп келеді, Ал аң фермаларындағы түлкілер жабайы аңнан, үй жануарларына айналдырылып барады. Фермаларда жыл сайын аңдардың саны көбейтілуде. Қазір де біздің респубдикамызда онға жуық ферма жұмыс істейді. Олар жылына 1,5-2 миллион сомдық аңдардың елтірісін мемлекетке өткізіп отырады: Сондықтан да аң шаруашылығы халық шаруашылышның бір маңызды саласы болып табылады.
Республикамыда бірқатар сүтқоректілер ауыл шаруашылығына зиянын тигізеді. Мысалы, саршұнақ, қаптесер, тоқалтіс, аламан, егеуқұйрық сияқты зиянкестер кемірушілердің әрекеті салдарынан дәнді дақылдар өнімі жыл сайын шамамен 6-8% кемиді екен. Сонымен қатар, зиянкес кеміргіштер жеміс бағына, бау-бақшаға, қоймадағы астықта, орман алқабына, екпе ағаштарға және мал азығы дақылдарына да едауір залалын тигізеді. Ал көптеген кеміргіштер жұқпалы ауруларды таратады.
Қазақстан территориясында кеміргіштердің жетіспеген астам түрі кездеседі. Оның ішінде отыздан астамы зиянкестерге жатады (кемірушілер отрядының сипаттамасы қараңыз).
Қорыта келгенде сүтқоректілердің экономикалық маңызы өте зор және алуан түрлі.
Сүтқоректілер немесе аңдар класының өкілдері адамдар өміріне өте маңызды. Тұяқтыларды өсіру мал шаруашылығының негізін қалайды, жыртқыштар мен кеміргіштер аң шаруашылығында пайдаланынады. Қазір респулбикамьпда қоректілердің 60-тан астам түрі кәсіптік маңызда ауланып, халық шаруашылығына айтарлықтай үлес қосуда. Мысалы, Қазақстанда 1955 жылдан бері 4 млн. астам ақбөкен ауланып, одан 70 000 тонна ет өндірілсе, соңғы 40 жыл ішінде республикамызда 32 млн. жуық ондатр терісі дайындалған екен. Жалпы алғанда Қазақстан жыл сайын тек еліміздегі аң терісі өнімінің 14-16% беріп, аң шаруашылығының бұл саласында РСФСР-ден кейінгі екінші орынды алады.
Дәмді ет беретін ақбөкен, таутеке, бұлан, елік, марал және жабайы шошқа сияқты жануарлар кәсіптік мақсатта ауланып, тиісті қажеттерге жаратылады. Сол сияқты кәсіптік маңызы бар - кеміргіштер, қояндар, жыртқыштар, су жануарларын кит тәрізділер мен тюленьдер жатады.
Тиімді аңшылық шаруашылығы тек кәсіптік маңызы бар аңдарды аулаумен шектелмейді. Оларды көбейту мақсатында биотехникалық шараларды жүргізеді: азықтық жәңе панасы тиетін өсімдіктерді отырғызу, қосымша азықтандыру, су тасығанда немесе басқа да дүлей табиғаттың апатынан сақтау, құтқару, жерсіндіру және қайта жерсіндіру, тұз жануарларының ауруларымен және паразиттерімен күресу. Осы аталған жұмыстарды жүргізуді дұрыс ұйымдастырғанда ғана аңшылық шаруашылығының жұмысы алға баспақ. Республикамызда аңшылық шаруашылығының жұмысын дұрыс жүргізу мен ұйымдастыру жауапкершілігі мемлекет тарапынан ҚР экология және биоресурстар министрлігіне жүктелген. Ол өзінің өкілеттілігіне қарай республика территориясында аң аулаудан әдісің, мерзімін және аулайтын аң түрін белгілейді, жалпы ҚазССР-нің 1981 жылғы 1 августа күшіне енген "Жануарлар дүниесін қорғау және пайдалану туралы" заңының дұрыс орыңдалуын қадағалайды.
Бақылау сұрақтары:
1. Сүтқоректілер омыртқалы жануарлардың ішіндегі ең жоғарғы даму сатысында тұрған жануарлар. Олардың ерекшеліктері қандай?
2. Сүтқоректілердің сыртқы құрлысы қандай?
3. Сүтқоректілердің тыныс алу мүшесі туралы түсіндіріңіз.
ГЛОСАРИЙ
Ботаника (гр. botn — шөп, өсімдік) — өсімдіктер туралы ғылымдар жиынтығы, биологияның бір саласы; өсімдіктер туралы ғылым. Ботаника жеке өсімдіктер мен олардың бірлестігінің өзара және қоршаған ортамен байланысын, жер бетіне таралуын, шығу тегі мен эволюциясын, салалану заңдылығын (жіктелімін) зерттейді.
Вирус (лат. vīrus - «у») – тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі.
Бактериялар (гр. bakterion -таяқша) — тек микроскопта ғана көрінетін аса ұсақ жасушалар және олар көптеген әр алуан аурулар туғызады бірақ көбінесе нейтралды қызметті атқарады. Бактерия - бір жасушалы организм
Қылқан жапырақтылар— сүректі ағаш және бұта түрінде өсетін ашық тұқымды өсімдіктер класы.
Лалагүл тұқымдасы (Lіlіaceac) — дара жарнақтылар класына жататын көп жылдық түйнек жуашықты, кейде тамырсабақты шөптесін, бұташық өсімдіктер.
Гүлдi өсiмдiктеp , жaбық тұқымдылap (Magnoliophyta немесе Angiospermae) – өсiмдiктеpдiң ең жoғapғы тoбы
Бұршақ тұқымдасы (лат. Fabáceae, немес Fabaceae s.l., немесе Leguminósae, немесе Papilionaceae) – қос жарнақтылар класына жататын бұта, шала бұта, шырмауық, кейде ағаш, көп жылдық және бір жылдық шөптесін өсімдіктер.
Раушангүлділер- Ғаламшарымызда раушангүлділердің 3000-нан астам түрі бар деп есептеледі. Республикамызда олардың 35 түрі өседі: мойыл, шетен, алмұрт, алма ағаштар және т. б. Раушан, итмұрын - бұталы өсімдіктер.
Орамжапырақ тұқымдасы, крестгүлділер тұқымдасы (Crucіferae, Brassіcaceae) – қосжарнақты, бір, екі және көп жылдық шөптесін, бұта, жартылай бұта өсімдіктер.
Папоротник (Polypodiophyta) — палеозой дәуірінде өскен риниофиттер мен жалаңаш тұқымдылар аралығындағы жоғары сатыдағы өсімдіктердің бір тобы.
Мүк- Bryophyta споралы өсімдіктер класының бір бөлімі. Мүк тәрiздiлер бөлiмi түрлерiнiң саны жағынан гүлдi өсiмдiктерден кейiнгi екiншi орында. Дүние жүзi бойынша олардың 22000-нан 27000-ға дейiн түрлерi кездеседi.
Экология- адамның тіршілік ортасы мен онымен қарым- қатынастары, табиғат және қоғам туралы ғылым.
Адам экологиясы- адам мен оны қоршаған ортасының жеке, табиғаттың экономикалық, әлеуметтік қарым- қатынастарының ғылыми негіздегі заңдылықтарын зерттейтін кешенді дисциплина.
Қоршаған орта- адамды қоршап тұрған және оның өмір сүруіне объективті әсер ете алатын, оның түрлі қажеттілігін (биологиялық, мәдени және басқадай) қанағаттандыра алатын объектілер бірлестігі.
Табиғи қоршаған орта- адамның өмір сүру іс- әрекетіне және оның қажеттілігін қанағаттандыратын, тірі және өлі табиғат объектілерінің, өзін қоршаған ортасының бөліктері.
Вернадский В.И. – XX ғасырдың 20- жылдарында биосфера туралы тамаша ілім қалыптастырған орыстың (совет) белгілі геологы.
Биосфера- Жер қабатының «тірі денелер», сондай- ақ «денелер» сияқты ұғымдарды ұстап тұратын бөлігі.
Геосфера- Жердің тірі емес бөліктері атмосфераны, гидросфераны және литосфераны біріктіретін географиялық бөлігі.
Биогеоценоз- тірі ағзалар мен қоршаған ортадағы өлі компаненттердің белгілі бір географиялық территорияда өзара байланыстағы, ішінде біртекті және табиғи шектеулі биосфераның ең кіші құрылымдық бірлігі.
Биоценоз- белгілі территориядағы немесе акваториялардағы түрлердің түрлі (жануарлардың, өсімдіктердің, микроорганизмдердің) дараларының өзара және қоршаған ортамен байланысып жатқан бірлестігі.
Экожүйе- бір-бірімен заңдылықты қарым-қатынаста болшатын, зат алмасу мен энергия мөлшерінің таралуымен байланысты, тіршілік ортасындағы әртүрлі ағзалардың және өмір сүру талаптарының бірлестігі.
Антропогенді ландшафт – адам әрекетінен түлеп қайта түзілген ландшафт
Антропогендік фактор – ландшафтылардың пайда болуындағы адам әрекеті
Ареал – жер бетінің жануарлар мен өсімдіктерініңбелгілі бір түрлері тіршілік ететін ауданы
Ауа айналымы – жер бетіндегі ауаның әр түрлі қызуы және ондағы қысым айырмашылығы салдарынан пайда болатын ауа ағыстарының жүйесі
Батолит – жер қыртысының беткі қабатына қатқан интрузивті жыеыс
Биогенді кешен –аумақтық табиғат кешендерінің топырақ жамылғысы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі
Биоклиматтық белгі – белгілі бір климатпен үйлескен биоценоздардың жай-күйі
Бионика – тірі ағзалар құрылысының заңдылықтары туралы ғылым
Биотикалық фактор – ландшафтардың пайда болуына тірі ағза тіршілігі әрекетінің тигізетін әсері
Галофиттер – тұзды топыраққа өсетін өсімдіктер.
Гамада – тасты шөлдердің араб тілінде аталуы
Геодезия – жердің пішіні мен көлемін зерттейтін, оның бетін план мен картада бейнелеу үшін жергілікті жерде өлшеу жұмыстарын жүргізумен айналысатын ғылым
Гербицид – арамшөптерді жою үшін қолданылатын химиялық қосылыс
Гидрофизика – өзен, көл жер асты суының, теңіз, мұхит суының физикалық құбылыстарын, прцестерін зерттейтін ғылым.
Гравитациялық қозғалыс – заттардың салмақ күші әсерінен орын алмастыруы
Гумидті ландшафт – климаты жылы және ылғалды жердегі ландшафт
Дефляция – топырақ пен тау жыныстарының жер әсерінен үгілуі
Дендро бағы – жеке бір жерде не ботаника бағының бір бөлігінде ағаш өсімдіктердің әр алуан түрлерін өсіретін арнайы бақ
Депрессия – жер бетінің немесе жер қыртысының ойыс жері
Дренаж – жер асты суының деңгейін төмен түсіру үшін қазылатын канал.
Жер беті жыныстарының аэрациясы – жер беті жыныстары мен ауаның төменгі қабатындағы зат алмасуы
Зоомасса – аумақтық табиғат кешендеріндегі жануарлар дүниесінен түзілген масса
Инсоляция – күн радиациясының жер бетіне сәуле болып түсуі
Инсоляциялық беткей – күнгей беткей
Карбонатты шөгінді – құрамында көмір қышқылының қоспалары болатын жыныстар.
Күннің тік радиациясы – күннен жер бетіне тік түсетін сәуле.
Плиталы жазық – шөгінді жамылғысы қалың жазық
Регрессия – теңіз, көл деңгейінің қайтуы, ландшафтының құнарсыздану бағытындағы өзгерісі.
Шық нүктесі – ауадағы су буының су тамшысына айналатын температура шегі
Сапрофог – шіріп ыдырағын органикалық заттармен коектенетін тірі ағзалар
Синеклиза – жыныс қабаттары ойысты болып келетін аймақ
Хемосинтез – кейбір ұсақ ағзалардың коректену тәсілі
Эффузия – жер бетіне шыққан сұйық лаваның жайыла суынып, тасқын жамылғы түрінде қатаюы
Радиациялық жылу – күн сәулесінің жылуы
«Педагогика, психология және бастауыш оқыту әдістемесі» кафедрасының
«Жаратылыстану негіздері»
пәнінен сабақ беруге арналған мамандандырылған
ДӘРІСХАНАЛАР ТІЗІМІ
№
|
Дәрісхана нөмірі
|
Дәрісхананың сипаттамасы
|
Дәрісханадағы пәнді оқыту қолданылатын құрал жабдықтар
|
1
|
211
|
"Жаратылыстану негіздері"дәрісханасы
Жалпы ауданы-
Оқытушы парасы-1
Оқытушы орындығы-
Парта саны-
Орындықтар саны
|
Интерактивті тақта, компьютер, пәнге арналған оқулықтар, кеппе шөптер, ылғылды препараттар, мульяждар, коллекциялар, таблицалар
|
Оқытушы Л.Д.Жамансариева
ОӘК-дегі өзгерістер мен толықтырулар енгізу
ПАРАҒЫ
Рр/с
|
Бөлім
|
Өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы негіз(каф.мәжіліс хаттама N
|
Өзгерістер мен толықтырулар енгізген күні
|
Каф. меңгерушісінің қолы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |