Гуманитарлық-педагогикалық институты



бет7/13
Дата18.10.2023
өлшемі463,12 Kb.
#118732
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
ЖЫНЫСТЫҚ ЖОЛМЕН КӨБЕЮІ
Жыныстық көбеюдің мәні өсімдікте арнайы маманданған клеткалардың — гаметалардың (п) түзілуімен, олардың екеу-екеуден жұптасып қосылуымен (капуляция) және зиготаның түзілуімен (2п), одан жаңа өсімдіктің пайда болуымен байланысты.
Гамета дегеніміз ядросында хромосомдардьщ саны гаплоидты болатын жыныстық клетка. Өзара қосылатьш гаметалардың бір-бірінен құрылысы жағынан (формасы, мөл- шері, қозғалғыштығы), міндетгі түрде физиологиясы жағынан, яғни жыныстық және тұқым қуалаушылық қасиеттері жағынан айырмашылығы болады. Гаметалардың қосы- луының нәтижесінде пайда болған организмде аналық пен аталықтың тұқым қуалаушылық қасиеггері бірігеді. Егер қосылатын гаметалар формасы, мөлшері және қозғалғыш- тығы жағынан бірдей болса, онда оларды изогаметалар, ал жыныстық процесті — изогамиялық деп атайды.
Гаметалар гаметангиялар деп аталынатын органдарда жетіледі. Аталық гаметалары антеридилерде, аналық гаметалары - төменгі сатыдағы өсімдіктерде оогонилерде, ал жоғарғы сатыдағы өсімдіктерде архегонилерде жетіледі. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің гаметангиларымен спорангилары бір клеткалы болады, ал жоғарғы сатыдағы өсімдіктерде олар көп клеткалы.
Балдырлар мен саңырауқүлақтардың кейбір топтарында тұрақты түрде жыныс процестері болғанымен жыныс органдары болмайды. Олардың зиготасы маманданбаған клеткалардың немесе олардың бір мүшелерінің қосылуы арқылы пайда болады. Жыныстық процестің мүндай түрін зигогамиялық, немесе тіркесу арқылы (конъюгациялык) көбею деп атайды . Егер гамета түзбейтін екі бір клеткалы особьтар қосылатын болса, онда мұндай жыныстық процесті хологамия деп атайды.
Өсімдіктердің өмірлік циклінде, жыныссыз және жыныстық жолдармен көбеюінің кезектесіп келіп отыратын, белгілі бір қалыптасқан жүйесі және өзара байланысы болады. Олар өсімдіктердің әртүрлі табиғи топтарында әртүрлі өтеді.
Көбею кезіндегі ядролық фазаларының алмасуына талдау жасаудың негізіңде мынадай жағдай дәлелденді. Спорофит (спорофаза) дегеніміз хромосомдар саны жұп болып келетін (2п) клеткалардан тұратын жыныстық спораларды және олар түзілетін спорангиларды беретін особыы айгады. Жыныстық көбеюге арналған споралар түзілгенде мейоз про- цесі жүреді, сондықтанда олар барлық уақытга гаплоидты (п). Жыныстық көбеюге арналған споралардан гаметофиттер (гаметофаза) жетіледі, ал оларда жыныстық клеткаларды беретін, яғни гаметаларды беретін көбею органдары паңда болады. Гаметофитгің барлық клеткалары, оның ішінде гаметаларыда гаплоидгы (п) болады. Жыныстық процестің нәти- жесінде (гаметалар қосылғанда) зигота түзіледі (2п) . Бұл жерде жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің барлығьна тән, ал көптеген төменгі сатьдағы өсімдіктерде бірқатар ауытқуларға үшырайтъш .

Бақылау сұрақтары:


1. Өсімдіктердің вегетативті жолмен көбеюін түсіндіріңіз.
2.Өсімдіктердің жынысты көбеюі дегеніміз не?
3.Өсімдіктердің жыныссыз көбеюі дегеніміз не?

Дәріс 10. Тақырып: Өсімдік әлемінің алуандығы және олардың Жер бетінде таралуы


1. Систематика ұғымы, оныі мәні
2. Өсімдіктер дүниесінің жоғарғы таксондарының орналасу реттілігі
3. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің ерекшеліктері және систематикасы

Систематика деген ғылым біздің планетамызда кезде- сетін өсімдіктердің түрлерін сипаттап жазып, оларды туыс- тық топтарға біріктірумен және осы топтардың жүздеген миллион жылдарға созылған эволюциясына жауап бере- тіндей жүйеде орналастыруымен айналысады.


Систематиктердің жұмысының қиындығы табиғаттағы түрлердің санының ересен көптігімен және олардың тау- сылмас алуан түрлілігімен есептелінеді. Қазіргі кездерде өмір сүретін өсімдіктердің жалпы саны шамамен 500-мыңға жетеді. Т аксондар (систем атикалы қ бірліктер). Өсімдіктерді же- келеген систематикалық топтарға біріктіру (классифика- циялау), жалпыға бірдей қабылданған таксондар деп ата- лынатын систематикалық бірліктің негізінде жүзеге асады: түр (species) — морфологиялық жағынан ұқсас особьтардың жиынтығы;
туыс (genus) — жақын түрлердің жиынтығы; түқымдас (familia) — жақын туыстардың жиынтығы; k, атар (ordo) — жақын тұқымдастардың жиынтығы; класс (classis) — жақын қатарлардың жиынтығы; бөлім (divisio) — жақын кластардың жиынтығы.
Осы келтірілген негізгі таксондардан басқа, аралық қосымша таксондарда бар. Оларға туыс тармағы, түқымдас тармағы және т.б. жатады.
Түрлердің ішінде жартылай түр (subspecies) және түр тармағы (varietas), ал мәдени өсімдіктерде — сортгар (cultivar) болады.
Сорт дегеніміз адамның селекциялық жүргізген жүмы- сының жемісі. Оның шаруашылықта белгілі бір сапалық артықшылығы болады және ол қасиеті келесі үрпағына беріліп отырады.
Өсімдіктер дүниесін арнайы бекітілген таксондардың рамкасынан тыс төменгі және жоғарғы сатыдағы деп бөледі. Туыстық жағынан жақындығы бар бірнеше бөлімдерді өсімдіктер дүниесінің жартылай тармағына біріктіреді.
Өсімдіктер дүниесінің жоғарғы таксондарының орналасу реттілігі
Төменгі сатыдағы өсімдіктер
l . Өсімдіктер дүниесінің клеткаға дейінгі тармағы
1. Вирустар бөлімі
II. Өсімдіктер дүниесінің талломды, ядроға дейінгі тар мағы
2. Дробянкалар бөлімі
3. Көк-жасыл балдырлар бөлімі
III. Өсімдіктер дүниесінің талломды, ядролы, пластидті тармағы (төменгі сатыдағы автотрофты өсімдіктер)
4. Жалтырауық сары балдырлар бөлімі
5. Сары-жасыл, немесе әртүрлі талшықты балдырлар бөлімі
6. Диатомды балдырлар бөлімі
7. Пирофитті балдырлар бөлімі
8. Эвгленалы балдырлар бөлімі
9. Қоңыр балдырлар бөлімі
10. Қызыл балдырлар бөлімі
11. Жасыл балдырлар бөлімі
12. Хара балдырлар бөлімі
13. Қыналар бөлімі
IV Өсімдіктер дүниесінің талломды, ядролы, пластид- тері жоқ (төменгі сатьщағы гетеротрофты өсімдіктер) тармағы
14. Кілегейлілер бөлімі
15. Саңырауқұлақтар бөлімі
Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер
V Өсімдіктер дүниесінің өркенге дейінгі архегониялылар тармағы
16. Риниофиттер бөлімі
17 Псилот тәрізділер бөлімі
18. Мүк тәрізділер бөлімі
VI. Өсімдіктер дүниесінің өркенді архегониялылар тармағы
19. Плауын тәрізділер бөлімі
20. Қырықбуын тәрізділер бөлімі
21. Папоротник төрізділер бөлімі
22. Жалаңаш тұқымдылар бөлімі
VII. Өсімдіктер дүниесінің өркенді аналықтылар тар мағы
23. Жабық тұқымдылар бөлімі — (магнолиялар)
Бинарлық атау. Өсімдіктердің түрлері екі сөзбен аталадьі (белгіленеді): оның біріншісі осы түр жататъш туысты білдіртеді, ал екіншісі түрдің атауы (эпитеті). Екінші сөзден кейін, осы түрді ашқан және оған ат берген ғалымның фамилиясы қойылады (қысқартылған түрде, немесе толығымен). Мысалы, қатты бидайдың ғылыми атауы — Triticum durum L. Мүндай биологиялық номенклатураны ғылымға алғашқы ендірген атақты. швед ғалымы К. Линней (1707—1778) болған.
3.Төменгі сатыдағы өсімдіктердің вегетативтік денесін таллом деп атайды. Таллом бір клеткалы, калониялы, клеткаланбаған көп клеткалы болады. Олар ұлпаларға және органдарға (мүшелерге) бөлінбейді. Жыныстық жолмен көбею органдары (мүшелері) – оогонийлері және антиридийлері бірклеткалы болады. Түрлер саны көптігінен бірінші орынды иеленіп кең таралған.
Төменгі сатыдағы өсімдіктер органикалық және минералды заттармен қоректенеді. Органикалық заттармен гетеротрофты организмдер (бактериялар, саңырауқұлақ, кілегейлілер). Минералдық заттармен автотрофты организмдер (балдыр, қыналар) қоректенеді.Төменгі сатыдағы өсімдіктерде тамыры болмайды, оның орнына ризоид деген арнайы мүшесі болады.

Бақылау сұрақтары:


1.Өсімдік әлемінің Жер бетінде дамуы туралы түсіндіріңіз.
2.Өсімдіктер жүйесі және таксономиялық бірліктер дегеніміз не?
3.Төменгі сатыдағы өсімдіктерді ата, сипаттама беріңіз.
Дәріс 11-12. Тақырып: Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер
1.Риниофиттер бөлімі
2.Псилот тәрізділер бөлімі
3.Плаундар бөлімі
4.Папоротник тәрізділер бөлімі
7. Ашық тұқымдылар, немесе қарағайлар бөлімі
8. Жабық тұқымдылар немесе магнолиофиттер бөлімі

Плаун тәрізділер өте ертеде пайда болған өсімдіктердің бірі. Олар эволюқияның ұсақжапырақтылар линиясын түзеді. Қазіргі кездегі өкілдері көпжылдық мәңгі жасыл шөптесін өсімдіктер, ал жойылып кеткен түрлерінің ішінде ағаштарыда болған.


Құрьлысы. Спорофитінің жер беті бүтақтары болады, оны ұсақ, кейде тіптен қабыршақ тәрізді жапырақтары (микропиллия) қаптап жауып тұрады. Олар нашар дифференқи- яланған, 1—2 тарамдалмаған жүйкелері болады. Буындары мен буынаралықтары нашар жетілген. Спорофиттің жер асты бөлігі тамырсабақ түріңде берілген, одан көптеген қосалқы (прңдаточные) тамырлары кетеді. Жерасты және жербеті өстері жоғарғы үштары арқылы бұтақтанады. Өстің жоғарғы үшында спорангилері жиналын масақ түзеді, сиректеу олар сабақта спора жетілетін аона түзеді. Спорангилерді жекелей алын қарар болсақ, олар жапырақтардың (спорофиллдердің) үстінгі жағында орналасады. Споралардың мөлшері (размері) бірдей немесе әрқилы болын келеді. Басқаша айтқанда тең споралы да және әртүрлі споралы да түрлері болады.
Гаметофиттері жердің астында жетіледі, ұзындығы 2—20 мм-ден аспайды, сапротрафты қоректенеді. Ұрықтануы сумен байланысты.
Классификақиясы. Бұл бөлім екі кластан тұрады: плаундар класы және полушниктер класы (Isoetopsida).
ПЛАУНДАР КЛАСЫ
Бұл класқа тең споралы плаун тәрізділер жатады Плаундар класына мынадай үш қатар жатады: астероксилондар қатары, плаундар қатары, - дендроңдар қатары (Pfotolepidodendrales). Бұлардьң біріншісі мен үшіншісі түгелдей жойылып кеткен өсімдіктер. Ал плаундар қатары ертеде жойылын кеткен фикустар тұқымдасынан (Drepanophycaceae) және осы кластар да қазіргі кезге дейін жеткен плаундар түқымдасынан (Lycopodiaceae) тұрады.
Плаундардьң спорофиттері көпжылдық шөгггесін өсімдіктер. Сабағы мен тамырының камбиі болмайды. Жапырақтарыньң тілшелері болмайды. Спораларыньң мөлшері бірдей. Гаметофитгері қосжынысты, 1—15 жылдың арасында пісіп жетіледі. Көптеген түрлері жойылын кеткен. Қазіргі кездегі флорада кластың екі туысы бар. Оның ең көбі және кең таралғаны плаун. Плаундардьң шаруашылық- тағы маңызы шамалы. Оларды мал жемейді. Плаундардан дәрі алынады. Плауңдардың спорасы ертеден медиқинада қолданылып келген, оның құрамындағы май ешуақытта кеппейді. Оларды жас баланың тақымына себетін ұнтақ (детская присыпка) ретінде пайдаланады. Кейде мұндай спораларды қалыпқа құйылған затгың қабырғаларын жылтырату және олардың сырт формасын әдемі корсету мақсатында паңдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет